Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі icon

Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



НазваниеФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
страница1/5
Дата03.05.2013
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
  1   2   3   4   5

Ф-ОБ-001/033


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


ИНЖЕНЕРЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ


ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ КАФЕДРАСЫ


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ


«Кентау экскаватор зауытының модернизациядан өткен механикалық цехті электр энергиясымен жабдықтау» тақырыбына


050718- Электрэнергетика


Орындаған студент____________ Бейсенова М.Қ.


Ғылыми жетекшісі

аға оқытушы____________ Байсалов М.Ш.


Қорғауға жіберілді ”

Хаттама № ____

“____” _________ 2009ж

Кафедра меңгерушісі,

техн.ғ.к.,доцент ________________ Абдикулова З.Қ.


Түркістан, 2009


Мазмұны.

Кіріспе.

  1. Кентау экскаватор зауытының механикалық цехындағы техникалық қондырғылардың техникалық типтері.




    1. Тұтынушыларды энергиямен қамтамассыз етудің құрамы. Электр энергиясын тұтынушылардың мінездемесі және электрмен қамтамассыз етудің категориясын анықтау.

    2. Ток күшінің түрі мен кернеу мөлшерін анықтау. Электр жеткізу схемасының негізділігі және оны таңдау.

    3. Жеке қуаттар бойынша жүктелетін жарық есебі.

    4. Электр жүктеменің есебі.

    5. Реактивті қуаттың компенсациясы ( өтемі ).

  1. Күштілік трансформатордың қуаттылығын анықтау және қосалқы электр жабдықтарын таңдау.



    1. Қуатты трансформатордың саны мен қуат күштілігін таңдау.

    2. КТП 630/10кВ конструктивті орындалуы.

    3. Таратушы желінің қорғанысының есебі.

    4. Магистральдық желі қорғанысының есебі.

    5. 0,4кВ бетіндегі негізгі басқарушы автоматын таңдау.

  1. Қысқаша тұйықталудың тоғының есептемесі.




    1. К – 1 нүктесіндегі қысқаша тұйықталу тоғының есептемесі.

    2. КТП – 10/0,4кВ – ты қоректендіретін кабельдерді таңдау

    3. Негізгі басқарушы автоматтың 10кВ К – 2 нүктесіндегі қысқаша тұйықталу тоғының есептемесі.

    4. Механикалық цехтің подстансасындағы 0,4кВ шинасындағы қысқаша тұйықталу тоғының есептемесі.

    5. 10кВ жүктемесін сөндіру автоматын және жоғарғы кернеулі сақтандырғышты таңдау.

    6. 0,4кВ құрастырмалы шиналарды таңдау.

    7. Қорғаныс жерге жалғаудың есептемесі.

  1. Механикалық цехтің жұмысын ұйымдастыру және цехтің экономикалық көрсеткіштері.




    1. Механикалық цехтің жұмысын ұйымдастыру.

^ Цехтегі еңбек жұмыстарын ұйымдастыру.

Жұмыс уақытының теңгерлемесінің есептемесінің есептемесі.

Механикалық цехтің электр қондырғыларының жалпы мінездемесі.

Алдын – ала жөндеу жұмыстарының планды – жоспарлау графигі.

^ Алдын – ала жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік системасы.

Пайдаланатын және жөндеу жұмыстарын атқаратын жұмысшылардың санының есептемесі.

^ Негізгі жалақының және қосымша фондтарының есептемесі.

1кВт сағат электр энергия тарифының есептемес.

4.2. Механикалық цехтегі жұмысшылардың өмір қауіпсіздігін ұйымдастыру жұмыстары.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.


Кіріспе.


1953 жылы Кентау қаласының батыс өңірінде «Ащысайтүстіметалл» жөндеу жұмыстары зауытының құрылысы басталды.

1957 жылы электржөндеу, темір – ұсталық, модельді, құю цехтерінің корпустарының құрылысы аяқталды. 1959 жылдың қаңтар айында құрал – саймандар цехі жұмысқа дайын болды.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 22.10.1958 жылғы №910 Қаулысы негізінде Ащысайтүстіметалл комбинатының сегізінші километрдегі ОҚО халық шаруашылығының Кеңесі, экскавтор өндіруші зауытын Кентау Экскаватор зауыты деп өзгертті.

Зауыттың бірінші басшысы болып М.Калинин атындағы Шымкент қаласындағы пресс – автоматтар зауытының бас инженері Гайдабура Иван Иванович тағайындалды.

1959 жылдың 10 қаңтарында алғашқы штаттық қызметкерлер жұмысқа кірісіп, ИТР және жұмысшыларды экскаватор зауытына қабылдау жұмыстары басталды. Бір топ жас мамандар Шымкент қаласының пресс – автоматтар зауытына әртүрлі мамандыққа оқуға жіберілді.

1959 жылдың ақпан айында монтаждау, құру, жөндеу, станок пен жабдықтарды іске қосу жұмыстарын бастады, ал Ш.Сүлейменованың электромонтаждау бригадасы күштеп ажыратуды орнату, электрқұрылғыларының монтажын, оның жөндеу жұмыстары мен іске қосу жұмыстарын бастады.

1959 жылдың наурыз айында таржелілі темір жолы зауытты Түркістан теміржол станциясымен байланыстырды.

Кәсіподақтың зауыт комитеті партиялық және комсомол бюросы секілді қоғамдық ұйымдарды ұйымдастырып, өз жұмыстарын бастады. Оларды А.Ибаходжаев, А.Таймбетова және С.В.Лукьянченколар басқарды.

1959 жылдың 24 наурызында зауыт өндіріс стадиясына кірісті. Цехтерде экскаватор бөлшектерінің дайындалуы басталды. Ал 26 маусымда экскаваторшы Ангуров Г.Д жинақтау цехінен шынжыр табанды жүрістегі Қазақстандағы Э – 303 маркілі алғашқы экскаваторды жасап шығарды. Жыл соңына дейін осындай машиналардың 30-ы шығарылды.

Дәл осы жылы екі цех ғимаратының құрылысы аяқталды. Олар: металлконструкторлы, транспорт цехінің ғимараты, зауыт асханасы мен материалдық қойма.

1960 жылы құю цехінің шабушы укасткісінің ғимараты құрылды.

1963 жылы жылына 30 мың тонна құрыш беретін болат құятын цехтің жоспарлау және жерлік жұмыстары бастау алды және бұл жұмыстар 1971 жылы аяқталды.

1966 жылы кислородты және копрессорлы цехтер іске қосылды.

Зауыт жеті жылдық жоспарын ұтымды орындады және 1964 жылдан бастап рентабельді кәсіпорын ретінде танылды.

1965 жылдың ақпан айында Қазақ ССР Министрлер Кеңесі зауыттың реконструкциялау бойынша алғашқы ғимаратын бекітті.

Ол едәуір заманауи машиналар шығаруға, цехтердің күштерінің ұдғаюына, жаңа техника мен технологияларды енгізуге, өндіріс процессінің механизациясы мен автоматизациясын шығаруға бағытталды.

1970 жылы зауыттың реконструкциясының екінші этабы басталды. Енді кәсіпорын жылына 1800 экскаватор, 30 мың тонна құрышты листтің запастық бөлшектері мен байланыс орындарында 13 млн рубльге шығаруды жоспарлады.

Зауыттың жалпы алаңы 33,2 га, оның ішінде өндірістік алаңы - 15,6 га болды.

Осы жылдар ішінде зауыт ұжымы экскаватордың конструкциясын жетілдіруде белсене жұмыс жасады.

1964 жылы шынжыр табанды экскавктордың алғашқы модернизациясы жасалды, оның нәтижесінде оған Э303А индексі берілді.

1970 жылы машина қайта модернизацияланады. Шынжыр табанды экскаватордың жұмыс жабдықтарын күштірегіне ауыстырып, экскаваторда 0,4 километр көлемді ковш орнатуға мүмкіндік беріп, байланыс бөліктері күшейтілді.

1974 жылы тағы бір модернизация жүргізіліп, шынжырлы табанды экскаваторға 1-ші категориялы сапамен ЭО – 3111В индексі берілді.

Эксплутационшылардың тілегі мен халық шаруашылығының заманауи машиналарға деген талаптарын ескере отырып, зауыт 1975 жылы шынжырлы табанды экскаваторға ЭО – 3311Г маркілі экскаваторды жасап шығарды.

Экскаватор ҚазССР-нің «Халық шаруашылығының жетістігі» көрмесі мен ВДНХ СССР-нің құрылыс павилонында бірнеше рет көрмеге қойылып, күміс деңгейлі дипломмен және үш қола (бронза) медалімен марапатталды.

Зауыт конструкторлары салалық ғылыми зерттеу институтымен бірлесе, гидроприводпен Э-3333 пневмодөңгелекті жүрістегі телескопиялық жұмыс жабдығымен 3-ші размерлі топты экскаватор моделін жасап шығарды.

Оның конструкциясына көптеген прогрессивті техникалық шешімдер қолданылған. ЭО – 3333 экскаваторы ВДНХ СССР-де көрмеге шығып, алтын күміс және алты қола медаль алқаға ие болған.

1988 жылдың қаңтар айынан бастап зауыт ЭО – 3122 маркілі трактор типіндегі шынжырлы табанды жүрістегі гидравликалық экскаваторды шығара бастады.

Негізгі өніммен қатар зауыт тағы басқа өнімдер шығарады. Олар: К – 701 тракторының базасында П – 4/85 жүкартылымдардың кірпішөндіретін агрегат, күшжинағыш комбайндарға арналған редукторлар, ауылшаруашылық машиналарына арналған бөлшектер мен халық тұтынатын таурлардың 20 атауы.

1988 жылы зауытта СССР бойынша алғаш рет Камаз 5511 автоматының шасси базасында тескопиялық жұмыс құрылғысымен

ЭО – 3532 маркілі экскаваторлар жасалынып шығарылып,

ВДНХ СССР-де алтын медальмен 1-ші деңгейлі дипломмен марапатталды.

Зауыт ұжымы өндіріліп шығарылатын өнімнің жетілдірілуіне жұмыс жасайды. Жаңа машиналар алдыңғыларынан жаңа өндірілген сапасымен үлкен үнемділігімен ерекшеленіп, және ең күшті әлемдік үлгілер қатарынан орын алады.

Жылдан жылға олардың сапасы жақсарады.

Кәсіпорында Республикамызда бірінші болып, өнімнің сапасының комплекстік жүйесі мен алғашқы сапа жөніндегі коференция біздің зауыт базасында алғашқы рет жүргізілді.

1987 жылдың қаңтар айынан бастап зауытта өнімнің мемлекеттік қабылдамасы енгізілген.

Жоғарғы өндірістік көрсеткіштер үшін ССР-дің құрылғанына 50 жыл толуына орай Қазақстан Компартиясы мен ҚазССР-дің Министрлер Кеңесінің 1972 жылғы 8 желтоқсандағы шешімімен (Қаулысымен) зауытқа ССР-дің 50 жылдығы аты берілді.

Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуында үлкен жұмыстар жасалған, бұл жұмыстардың нәтижесі зауыттың Минстройдормашта ең алдыңғы кәсіпорындар қатарынан «Жоғарғы мәдениетті кәсіпорын және еңбек ұйымдастырушысы» атты жоғарғы атаққа ие болуға мүмкіндік берді.

Зауытта жұмысшылардың квалификациясы мен білімдерін жоғарылатуға барлық жағдайлар жасалған. Мақсатты тағайындалымға өндірістік – техникалық курстар құрылған.

Жұмыс кадрлары 600 орындық кәсіптік базалық училище дайындайды.

Зауыттың комсомолдық ұйымы Қазақстанның ЛКСМ ЦК «Құрмет Кітабына» енгізілген. Оның қатарында 800 – ден астам адам бар.

Көптеген жұмыстар ұжымдағы шығармашылықты арттыруға, әрдайым кәсіптік шеберліктің байқаулары өткізіледі.

«Ең үздік жас жұмысшы», «Мамандық бойынша ең үздік» атағына сайыстар жарияланған. Коммунистік еңбекке шақырып, өндірістің алдыңғы қатарлы қызметкерлерінің тиімді тәжірибиелері алдыңғы қатардан орын алуда.

Заманауи бағыттардағы өндірістің эстетикасы мен мәдениет үлгісіне үлкен көңіл бөлінеді. Зауыт территориясында көрік беретін жасыл желектер мен гүлдер көптеп отырғызылған.

Зауытта жоғарғы өнім шығаратын еңбекке әрекет ететін жақсы жағдайлар жасауға үлкен көңіл бөлінеді.

1964 жылдан бастап зауытшыларға араналып 83 мың кв/м тұрғын алаңымен 20 көп қабатты үйлер салынған. 400 орындық жатақханасы бар, 5 бала-бақшасы, «Надежда» балалар аула клубы бар.

Жаз мезгілінде экскаватор зауытының жұмысшыларының балалары «Ақ бұлақ» сауықтыру лагерінде демалады. Зауытшыларға екі демалыс орны, Сырдария өзені мен Қызыл – Көл бойындағы жерлерде қызмет көрсетіледі.

Зауыт еңбекшілері квалификациялық көмекті денсаулықпунктінде, зауыттың медсанбөлімінде, және 100 орындық санаториялық – профилакторияда алады.

Спорт сүйер қауымға да жақсы жағдайлар жасалған. 10 мың көрерменге арналған зауыт стадионы, жақсы жағдайда жабдықталған спорт зал және қалашық алаңы мен шахматтық клубы бар.

Құймырлы жердің 280 га алып жатқан көмекші шаруашылықтың дамуына үлкен көңіл бөлінеді.

Әртүрлі жылдары зауытты Гайдабура И.И., Паршин А., Куралбаев К.И., Тен Л.У., Столбов А.А., Мамбетов Ж.М. басқарған.

Зауыт Бауман атындағы Мәскеу Техникалық училищесінің (1968 – 1985ж.ж.) түлегі Құралбаев Қалдыбектің басшылығында көптеген жетістіктерге жеткен. Дәл осы кезеңде зауытта 2 реконструкция жасалған, әлеуметтік – тұрмыстық және мәдени ошақтарының барлық объектілері толығымен салынған. Оның есімі қазіргі таңда Кентау қаласының бір көшесі мен орталық стадионға берілген.

27 халықтың ұлт өкілдері өндірістің әртүрлі учаскілеріне қызмет еткен.

Отанымыз Кентау қаласындағы экскаваторқұрушылардың ерен еңбектерін ерекше бағалады; 80 –нен астам жұмысшылар мен ИТР қызметкерлері ССР-дің медальдарі мен алқаларымен марапатталған.

Нарық экономикасына енумен Кентау Экскаватор Зауыты 1993 жылдың 12 қазанынан бастап «Экскаватор» АҚ (Акционерлік Қоғамы) деп аталды.

Соңғы жылдарда зауытта экскаваторладың бірнеше жаңа үлгілері жасалынып шығарылған. Олар: «Урал» автокөлігінің шоссе базасындағы, ЭО – 3532, МТЗ – 80/82 трактор базасындағы ЭО – 2626, ЭО – 3323 жабдықтарымен жабдықталады.

Қазақстан Республикасында болып жатқан үлкен жетістіктер болашаққа үлкен сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді.

Үздіксіз жұмыс атқарумен номенклатураның кеңейтілуінің арқасында зауыттар Қазақстанның ең алдыңғы қатарлы электротехникалық өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарынан орын алды. Зауыттардың тәжірибиелі инженерлі – техникалық жұмысшылары тапсырыс берушілердің талаптарына байланысты өнім ассортиментін кеңейтіп, өнімнің конструкциясын жеткілікті етеді.

Трансформатор эксплуатациясының тәжірибиесі көрсеткендей, қызмет ету уақыты 25 жылдан кем емес.

Зауыт Итальяндық «Сазрапш» және «Еиготас» фирмаларының жаңа жоғарғы технологиясы құрылғыларымен жабдықталады.


1. Кентау экскаватор зауытының механикалық цехындағы техникалық қондырғылардың техникалық типтері.


^ 1.1.ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ЭНЕРГИЯМЕН ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰРАМЫ. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУДІҢ КАТЕГОРИЯСЫН АНЫҚТАУ.


Кесте 1.


Электр энергиясын тұтынушыларының құрамы.





жоспар бойынша


Құралдың атауы


Рн.мах


Мөлшері

дана


Ред.

кВТ


Робщ.

кВТ

1

2

3

4

5

6


1,22

2,33

3,6,30-32

4,5

7,9

8,10

11,12,13

14

15-17

18,19

20

21,35,36

23,28,29

24,25

26,27

34

38

37

39

СТ




ПВ – 25% -тен Мосттық кран

Сыдырмалы – егеуші

Көлбеу – фрезерлі

Аралаушы

Қашаушы

Ажарлатушы

Электролизді ванналар

Түзеткіш агрегат

Кедергілік электро пештер

Қалпақты электропештер

Электродты тұзды ванна

Желдеткіш

Қырнаулы – винткескіш

Координатты – жонғыш

Айнала – тегістегіш

Плазматрон

Жоғарғы жиілікті орнату

Көшірмелі – тігу

Лазерлік құрылым

Сәуле беру тақтасы


Цех бойынша барлығы:



35,7

41,3


2

2

5

2

2

2

3

1

3

2

1

3

3

2

2

1

1

1

1

1


40


19,7

5,5

13,12

7,75

13,1

15,12

8

28

40

65

20

18,5

30,85

22,3

26,3

28

80

7

4

30,8


-


39,4

11

65,6

15,5

26,2

30,24

24

28

120

130

20

18,5

92,55

44,6

52,6

28

80

7

4

30,8


905


Құрал саймандар цехінде әртүрлі металл өңдеуші станоктар орнатылған, ал сол станоктарды орындарынан қозғалтып, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, Q = 10т. мосттық кран орнатылған. Қажетті жағдайда цехтің ішін желдетіп тұру үшін арнайы желдеткіш орнатылған.

Құрал саймандар цехі көмегі жағынан машина құрылыс зауытының ең бір маңызды цехтер қатарынан орын алады.

Цех – зауыттың негізгі және көмекші құрал жабдықтарын жасап шығаруға және жөндеуге арналған құралдар мен бөлшектерді дайындап шығаруға арналған. [ 4 ]

Электржеткізуді нық сенімділікпен қамтамасыз ету үшін институттың техникалық нұсқаулығын басшылыққа аламыз «Тяжпромэлектрпроект» № 315 – 74 пункт 3,3.

«Электрқабылдағыштарды екінші санатқа шағармау қажет ... келесілерді ескеру қажет, екі сменде қалыпты жағдайда жұмыс жасайтын өндірісте цехтің кез – келген трансформаторының қуат көзінен ажырау салдарынан белгілі бір электржеткізуші учаскедегі кей жағдайдағы авариялық үзілістер бір аппараттың істен шығуы немесе цехтің электржүйесінің бір бағытының істен шығуы, белгіленген тәртіп бойынша жұмысшылардың жұмыстарын массалық түрде тоқтатып тастап немесе өндірістің ірі көлемде шығарылатын өнімін қысқартып тастай алмайды. Яғни, мұндай ақаулар өндіріске аса үлкен кедергілер келтірмейді. Бұл секілді авариялық жағдайлар қалып қойған жұмыстар қатарын қосымша жүктеме жұмыстарын арту есебінен өтелуі мүмкін. Сол себепті де машина құрылыс және соған сәйкес металл өңдеу зауыттары секілді көптеген екі сменде жұмыс жасайтын күрделі бөлімді өндірістердегі электрқабылдағыштың негізгі массасы ІІІ санатты электрқабылдағышқа жатқызылады».

Осы ережені басшылыққа ала отырып, жобалаушы цехтің екі сменде жұмыс жасайтынын ескере отырып, электржеткізудің тек ІІІ - санатын ғана қабылдаймыз. ІІІ – санаттағы электржүйесін тұтынуда бір ғана (трансформатор) қуат көзінен орыындалып, электржүйесіндегі жөндеу жұмыстарына немесе электржүйесінің бір бөлшегін ауыстыруға жұмсалатын қажетті үзілістер бір тәуліктен аспауы қажет.


^ 1.2. ТОК КҮШІНІҢ ТҮРІ МЕН КЕРНЕУ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ. ЭЛЕКТР ЖЕТКІЗУ СХЕМАСЫНЫҢ НЕГІЗДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАҢДАУ.


Қазіргі уақытта өнеркәсіпте үзілісті және тұрақты берілетін ток

күштері қолданылады.

Үзілісті ток келесідей жеңілдіктерді қамтиды:

    1. 1. Бір шамадан келесіге оңай ауысып, үлкен кеңістікке оңай таралады;

    2. 2. Үзілісті ток күшіне арналып жасалған электржабдықтарының құны төмен болады;

    3. 3. Аппарат конструкциясының қарапайымдылығы;

    4. 4. Ұзақ мерзімде қызмет көрсетеді;

    5. 5. Жұмыста ыңғайлылығы;

    6. 6. Үзілісті ток күшін қолдану үлкен шығынды қажет етпейді, сонымен қатар көп қызмет көрсетуші персоналды да.



Үзілісті ток күшін пайдаланудағы қиындықтарға электрқорғаушы күшінің жылдамдығын баяулықпен реттеу қиындығы жатады.[5]

Тұрақты ток күшін пайдалану үшін арнайы өзгертуші құрал орнатылуы қажет.

Тұрақты ток күшінің қорғағыштары конфигурациясы негізінде күрделі келеді, және эксплуатацияда көптеген жұмыс күшінің жұмылдырылуын қажет етеді.

Жоғарыда көрсетілген барлық фактілерді ескере отырып, жобалаушы құрал жабдықтар цехін электрмен қамтамасыз ету үшін 50Гц жиілікті үшфазалық үзілісті ток күшін қабылдаймыз.

Электродвигательдерді қосуда ең бір кең таралғаны жарық беруші құрылғылардың қуаты 380/220В болып отыр.

Жарық беру құрылғылары мен электродвигательдерді бірге іске қосу үшін жер мен ток өткізгіш аралығындағы ең төмен кернеу 220В болады.

Сондай – ақ, цех желілеріндегі электроэнергияны жоғалту мүмкіндігін азайту мақсатында 380В кернеу күшін қолданған дұрыс.

Жобалаушы құрал-жабдықтар цехінде көбінесе үзілісті ток желісінде жұмыс жасайтын (100кВт дейінгі) қуаттылығы бар электроқабылдағыштар орнатылғандықтан, цехті электрмен қамту үшін

f = 50Гц үзілісті ток күшінің 10кВ кернеулігін таңдаймыз.

Дұрыс құралған схема қолданыста қарапайымдылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуі тиіс. Ол оның құрылысына жұмсалатын түсті металл шығынын, электроэнергияға жұмсалатын капитал шығындарын үнемдеуі қажет.

Әр бір ток күшін беретін желілік қосылымдар радиальды және магистральді схемалар бойынша орындалуы мүмкін.

Радиальды желілер жеке дара бір – бірінен алшақ орналасқан қуаттылығы күшті электроқабылдағыштарды немесе жеке күштілігі бар үлкен қуат көзін қажет ететін электрқабылдағыштарды ток көзіне қосатын радиальды қабылдағыштар ток көзіне қосуға қолданылады.

Радиальды схема жеке ток күшін қолданушылардың жоғарғы ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, себебі кіші ақаулар орын алған жағдайда, жұмыс барысын тек қана бір немесе бірнеше электрқабылдағыштар ғана тоқтатады.

Электржеткізудің магистральды схемасы аз мөлшердегі қуат күшімен жұмыс атқаратын электрқабылдағыштар өндіріс орнындағы алаңдарда орнатылған жағдайда пайдаланылады.

Магистральды схеманың радиальды схемамен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:

Қосылыстан шығатын желілер санының азаю салдарынан оған орнатылатын қорғаныс аппараттары мен коммутациялық аппараттар саны да азаяды;[1,6]

Ток көзімен қамтамасыз ететін желілердің жалпы аралығы қысқарады.

Күшті желілерде магистральды және радикальды схемалар ашық түрде сирек қолданылады.

Радиальды және магистральды желілердің даралық айырмашылығын ескере отырып, берілген құрал – саймандар цех үшін электрмен қамтамасыз етудің аралас схемасын қабылдаймыз.

^ 1.3. ЖЕКЕ ҚУАТТАРЫН БОЙЫНША ЖҮКТЕЛЕТІН ЖАРЫҚ ЕСЕБІ.


Дәнекерлі – механикалық бөлім үшін нақтылы есеп береміз. Басқа

есептер аналогиялық, сол себепті қорытындысын кестеге енгіземіз.

Жай көлемі:





    1. А * В * Н = 48 * 30 * 10 ( 1.1 )



алаңы:


S = А * В = 48 * 30 = ( 1.2 )




Газоразрядты лампалар кезінде Кз коэффициент запасының кеңес беріле көрсетілген жарық беру әсерін таңдаймыз.


Еmin = 300 лк, k3 = 1,5



Есептік биіктігі:


Нр = Н – (һс + һраб) = 10 – (0,8 + 1) = 8,2 ( 1.3 )


ондағы: һс - шам асылуының биіктігі;

һраб - жұмыс үстінің биіктігі;



УПДДРЛ типті ДРЛ лампаны шам орнатамыз.

Жұмыс үстімен қабырғалардың және төбенің сәулелер коэффициенті.


= 50%, = 30%, = 10%.



Бұл шамның типіне, белгілі Еmin, kз, сәулелік коэффициенттер

бойынша есептік биіктік пен жайдың алаңы S сыбағалы қуатын аламыз Еmin = 100 лк.[6]


Руд 100 = Вт/ ( 1.4 )


300лк қайта есептейміз:


Руд = 3 · 6,2 = Вт/м ( 1.5 )


Белгіленген қуат күшін анықтаймыз:


Руст = Руд · S= 18,6 · 1440 = 26784 Вт ( 1.6 )


Есеп қорытындыларын кестеге енгіземіз:

Кесте 2.


Қорытындылар кесте




Жоспар бойынша


Бөлімшелер

аты


М2


Нр

м


Еmin


K3

Сәулелік

коэффициент



Шам

түрі


Руд

Вт/м2


Руст

кВТ










1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Дәнекерлі – механикалық бөлім

1440

8,2

300

1,5

50

30

10

Уппддрл

18,6

26,9

2

Гальваникалық

бөлім

43

4,0

200

1,5

50

30

10

ПВЛМ

15,8

0,6

3

Термикалық бөлім

96

4,0

200

1,8

50

30

10

ПВЛМ

15,4

1,5

4

Лазерлік өңдеу жайы

36

3,5

200

1,8

50

30

10

ЛСП02

18,9

0,6

5

Плазматрондық бөлім

36

3,5

200

1,8

50

30

10

ПСП02

17

0,6

6

КТП бөлімі

72

4,0

150

1,5

50

30

10

ПВЛМ

9,3

0,6




Цех бойынша барлығы:




























30,8



^ 1.4. ЭЛЕКТР ЖҮКТЕМЕНІҢ ЕСЕБІ.


Электржеткізу жүйесінің электрлік жүктілігі – күшті

трансформаторлардың қуаты мен санын таңдау үшін анықталады. Сонымен қатар, компенсирлейтін құрылғылардың қосылу нүктесі мен қуат күшін анықтау үшін, қалыпты деңгейде қыздырылу деңгейінің шартымен ток жүргізуші элементтердің ток күшінің ауытқуы мен жоғалу қаупін және оны қорғауды таңдау есебінен анықталады.

Өнеркәсіптік құрылғыларда электрлік салмақта анықтайтын нұсқаулықтарда, электрқұрылғыларының жобасын құруда инструкциялық нұсқаулар 1986, № 6 3-17 электрлік салмақтар масимум коэффициенті (реттелген диаграммалар әдісі) арқылы анықталуы қажет. Мұнымен қатар, цехтік подстанцияларға арналған трансформаторлардың қуаттық күштерін, әсіресе жұмыс үсті сменде орташа күшпен анықтаған жөн.[12,20]

Есептеу тәртібі келесідей:

Цех жоспарына сәйкес ШРА немесе ШР-ға электр салмағын есептеудің 1,2,3,4 және 5 бағаналары толтырылады.

Берілген құрылғыға келесі коэффициент жазылады: Ки cosφ, tgφ. Олар 7,8 және 9 бағаналарға енгізіледі.

Орташа сменді салмақтар келесі формуламен анықталады:


Рсм = Рн · , кВт ( 1.7 )


Q= Рсм · , кВАр ( 1.8 )


қорытындылар 10, 11 бағаналарға енгізіледі.

Тең режимдегі бірнеше топтағы электрқабылдағыштар үшін
  1   2   3   4   5



Похожие:

Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Кпя-ның қызметі
Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
«Трансформатор» АҚ-ның жаңартылған механикалық цехын электр энергиясымен қамтамасыз ету: есептік зерттеу
Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
«Арысқұм мұнай кенінің бұрғылау, қондырғысының жаңартылған қосалқы элементтерін электр энергиясымен қамтамасыз ету»
Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconФ-об-001/003 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconФ-об-001/003 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті қашықтықтан білім беру институты Агротехнология кафедрасы Мамандығы : 050801 «Агрономия»
Азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан
Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім жєне ғылым министрлігі
Е. В. Тарленің “Наполеон” жєне “Нашествие Наполеона на Россию” еңбектеріндегі Наполеон туралы көзқарастары
Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconФ-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған....
Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің Шымкент институты Тарих факультеті
Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов