Жоспары icon

Жоспары



НазваниеЖоспары
страница3/4
Дата03.05.2013
Размер0.61 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4

1) қылмыс жасаган түлғаға қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімін есептеудің ережесі қолданылуы тиіс;

2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің бітуі тиіс;

3) ескіру мерзімін қолдануға жатпайды, егер түлға ол біткенге дейін жаңа қылмыс жсаса;

27 А. Квачевский Об уголовном прелсдеопании, лознании и предварительном исследовании преступлений по судебным уставом 1864 года - Сиб., 1866.,ч. 1 .с. 333 ; также : Викторский С.И. Русский уголовный процесс ,-М., 1911, с. 173

де жүріс -түрысын есепке алудың өзіндік маңызы бар. Жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру ерікгі сипатта болуы керек. Жәбірленушіге келтірілген зиянның есебін толтыру кез-келген жолмен ( ақшалай өтемақы , материалдық зиянды заттай өтеу, мерзімде немесе көрсетілген мерзімде зиянды өтеуге жеткілікті кепілдіктер беру және т/б ) моральдық, жеке және мүліктік зиянды өтеуді білдіреді. Бірнеше жәбірленуші болган жағдайда, кінәлі барлыгымен татуласы және әрбір жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеуі тиіс.

4. Қылмысты есі-дүрыс емес жағдайда жасау.

Есі - дүрыс еместіктің түсінігі және оның белгілері ҚК 16 бабында көрсетілген. ҚХ 16 бабының 1 бөлімінде : "осы кодексте көзделген қогамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі-дүрыс емес күйде болған, ягни созылмалы психикалық ауру салдарынан, психикасының уақытша бүзылуы, ақылының кемдігі немесе психиканың өзге де дертік есі дүрыс емес салдарынан өзінің іс -әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қогамдык қауіптілігін үғына алмаган адам, қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс," деп айтылган.

Заң есі дүрыс еместіктің екі белгісін белгілейді : 1) медициналық белгі ; 2) заңи белгі.

Түлғаны есі дүрыс емес деп тану үшін медициналық және заңи белгілердің жиынтығы болуы кажет. Тек медициналық немесе заңи белгілердің біреуінің ғана болуы түлғаны есі дүрыс емес деп тану үшін негіз болмайды.

Есі дүрыс еместіктің медициналық белгілері ҚК 16 бабында көрсетілген төрт психикалық қызметтің бүзылуы аурулардың біреуінің болуын болжайды :

а) созылмалы психикалық ауруы;

б) уақытша психикасының бүзулуы;

в) кемақылдылық;

г) психикасының өзге дертке үшырауы

Писхикалық аурудың болуы қылмыстық заңмен көрсетілген іс - әрекетті жасаган түлғаның есі дүрыс еместігі туралы мәселені алдын ала шешпейді. Психикалық аурудың интенсивті дәрежесі әр -түрлі болуы мүмкін және кейде адам өзінің іс -әрекетінің магынасын үғына алуға қабілетсіз жагдайына жетпеуі мүмкін. Сондықтан медициналык белгілер есі дүрыс еместіктің заңи белгілерімен толықтырылады. Тек медициналық белгілер мен заңи белгілердің үштасуы есі дүрыс еместікті қүрайды. Бүл белгілердің біреуінің болмауы түлғаны есі дүрыс емс деп танудың мүмкіндігін жояды.

ҚК 16 бабына сәйкес заңи белгі: интелекгуалдық және еріктілік белгілерден түрады.

Интелектуалдық белгілер, заңда "өзінің іс - әрекетінін (әрекетсіздігінің ) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін үғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам" деген сөздермен көрсетілген.

Есі дүрыс еместіктің интелктуалдық белгісі - психикалық ауру салдарынан ақыл есінің бүзылуын білдіреді.

Заңи белгінің еріктілік белгісі адамның өзінің іс- әрекетін (әрекетсіздігін) басқаруга қабілетсіздігінен түрады. ҚК 16 бабында бүл белгі "немесе оған ие бола алмаған " деген сөздермен көрініс тапқан.

Есі дүрыс еместіктің заңи бе.ІІ ісі үшін оның белгілерінің біреуі не интелектуалдық не еріктіілік белгісінің болуы жеткілікті. Сонымен, адамды есі дүрыс емес деп тану үшін бір уақытта есі дүрыс еместіктің екі белгісі- медициналық белгінің бір белгісі және заңи белгінің бір белгісі болуы қажет.

Қылмыстық заңда көрсетілген қоғамга қауіпті іс-әрекетті есі дүрыс емес күйде жасаган адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады және жазалануға жатпайды. Себебі ол қылмыс субъектісі ретінде таныла алмайды. Мүндай адамға соттың тағайындауы бойынша ҚК 7 бөлімінде көсертілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қоланылуы мүмкін.

Қарастырып отырған негіз бойынша іс қысқартылуға жатады, егер түлғаның өзі және оның қылмыстық іс -әрекеті қоғамға онша қауіпті болмаса. Ал егер, оның өзі және әрекеті қогамға қауіпті болган жағдайда, оның тагдыры басқаша шешіледі. Ягни оған медициналық сипаттагы мәжбүрлеу шара қолдану үшін қаулы шығару арқылы сотқа жібереді.

5. Қылмыстық жауаптылыққа тартылу жасына толмауы.

Бүл негіз ҚР ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 10 тармағында көрініс тапқан.

ҚК 15 бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылу жасы он алты, ал кейбір қылмыстардың түрлері үшін он төрт жас болып белгіленген. Бүл қылмыс субъектісінің бір белгісі болып табылады.

Егер кәмелетке толмаған адам ҚК 15 бабының немесе 2 бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтагы қылмысты жасау кезінде өзінің іс - әрекетінің ( әрекетсіздігінің ) іс жүзіндегі сипаты

мен қогамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.

Жас оспірім жастағы адамдар өзінің жасына байланысты өздері жасаған іс - әрекеттерінің әрекетсіздіктерінің қауіптілігін толық түрде үғына алмайтын немесе оган ие бола алмайтын болса, онда олар қылмыс субъектісі болып танылмайды және жасаған қогамға қауіпті іс - әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. 6 . Қылмыс жасаган адамның қайтыс болуы

Қылмыстық зан тек қылмыс жасаған адамның жеке жауапкершілігін көздейді. Қылмыс жасаган кінәлі адам қайтыс болган жағдайларда қылмыстық қүдалау аяқталады ,ал іс бойынша өндіріс қысқартылуға жатады. Бүл жағдайды, тінті, революцияға дейінгі орыс заңгерлері коні.І аударган болатын.

Шнәлі адамның қайтыс болуына байланысты қүдалаудың да алатын орны жоқ деп, Викторский С.И. жазды, бірақта кейде қайтыс болган адам қылмысқа қатысушы немесе басты кінәлі адам болса, онда қылмысты осы түлга жасагандыгын не жасамағандыгын

<ч о

анықтау үшін тергеу жалғастырылады.

Қылмыс жасаған адамның қайтыс болуы қылмыстык істі қысқартудың негізі ретінде ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 11 тармағында қарастырылған. Көрсетілген негіз бойынша қылмыстық іс адамга айыптау тағылганнан кейін де және тагылмағанға дейін де қысқартылуы мүмкін екендігі теорияда да және тәжірбиеде де мойындалган. Бірақта екі жагдайда да тергеуші немесе анықтау органы қайтыс болған адамның кінәлігін дәлелдейтін дәлелдемелер жинауға міндетті. Тек қайтыс болған адамның кінәлігі, оның қылмыс

28Викторский . Указ. Сог.,172

жасауға қатыстылығы жөніндегі қорытынды ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 11 тармагы бойынша істі қысқартудың негізділігіне және заңдылығына негіз бола алады. Қайтыс болган адамның кінәлігі немесе оның қылмыс жасауға қатыстылыгы дәлелденбеген кезде, оган қатысты айыптау ақтайтын негіздердің бірі бойынша қысқартылы тиіс. Топпен жасалған қылмыстарды тергеу кезінде айыпталушылардың

( сезіктілердің) біреуі қайтыс болған жағдайда,оған қатысты ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 11 тармағында корсетілген негіз бойынша істі ішінара қысқарту туралы қаулы шыгарылады . Ал қалган адамдарға қатысты іс бойынша өндіріас жалғастырылады.

ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 11 тармағында айыпталуышының қайтыс болуына байланысты қысқартылган іс бойынша ондіріс.егер қайтыс болған адамды актау үшін қажет болса, қайта жаңғыртылуы мүмкін екендігі туралы көрсетілген

7. ҚР ҚК көрсетілген қылмыстық істі қысқартуға әкеп согатын ережелердің болуы

ҚІЖК 38 бабынын 1 бөлігіне сәйкес ҚР ҚК көздеген ақтамайтын өзге де жагдайалар бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық іс қысқартулуы мүмкін. Бүл жагдайларга ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарының ескертулерінде арнайы көсертілген жагдайлар жатады. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың мүмкін негіздері тек ҚК 16 тарауында көсертілген.

ҚК 372 бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді жасаған әскери қызметші, егер бөлімді өз бетімен тастап кетуі ауыр жагдайалардың

себесптерінен болса және егер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Мүндай жағдайаларға әскери қызметшінің ата-анасы немесе жақын туыстары аяқ астынан қатты ауырып, егер оны ауру жатқан жерге тез жетуін талап ететін жағдйлар, өрт, стихиялық апаттың салдарынан зардап шеккен жақын туыстарына тез арада көмек көрсету керек болган жагдайлар болуы мүмкін.

ҚК 373 бабының 1 бөлігінде көзделген қашқындықты жасаган әскери қызметші, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себептерінен болса және егер ол әскери одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

ҚК 375 бабының 1 бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметшіні қылмысты жеңілдететін мән -жайларда,сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бүзған ( 376 6.1.) қарауыл ( вахта) қызметін атқарудың жаргылық ережерерін бүзған ( 377 6. 1 б) , ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бүзған (378 б.1б), когамдық тәртіпті қорғау және қогамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоніндегі қызметті атқарудың ережелерін бүзған ( 379 б. 1б) әскери қызметші, егер ол бүл әрекеттерді алгаш рет жасаса және қылмысты жеңілдететін мән - жайларда, кылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

ҚК 381 бабына сәйкес бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауы елеулі түрде зиян келтірген әрекетті алгаш рет жасаса, қылмысты жеңілдететін мән - жайларда, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

8. Шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

ҚК 65 бабында шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың жаңа түрі корсетілген. Жауаптылықтан босатудың бүл түрін қолдану үшін мына негіздер танылады :

1) қылмысты бірінші рет жасау;

2) қылмыс кішігірім немесе орташа ауырлықта болуы тиіс;

3) айыбын (кінәсін) мойындап оз еркімен келу;

4) қылмысты ашуға жәрдемдесу ;

5) келтірілген зиянды озгеше қалпына келтіру Заң шыгарушы қылмыстық жауаптылықтан босатуды біріктіріп нақтылайды. Шын өкіну бүл " жасалған іс- әрекеттің салдарын іс жүзіндегі зиянды болдырмауға, жоюға немесе азайтуға не болмаса қылмысты ашуға қүқық қорғау органдарына көмек көрсетуге бағытталған" қылмыстық іс әрекет жасаған түлғаның қылмыс

жасаганнан кеиінп позитивтік жүріс түрысы.

Заң қажетті шарттардың бірі ретінде айыбын кінәсін мойындап келуді бегілейді. Кінәсін мойындап оз еркімен келу кінәлінің өз еркімен өзі жасаған қылмыс туралы отінішімен қүқық қоргау органдарына келуінен түрады.

Қылмысты ашуға жәрдемдесу тергеу органдарына жасалган іс әрекетінің барлық мән жайларын анықтауға, қылмысқа қатысушышарды әшкерелеуге, қылмыс жасау қүралын беруге, қылмыс жолымен алынган заттарды қайтаруға бағытталған белсенді көмектесуін білдіреді.

29Никулин . Деятельное раскаяние и его значение для органов внутренних дел в борьбе с приступностью. Москва.1985.с.23.

Қылмыстық жауаптылықтан босатудың соңғы бір қажетті шарты келтірілген зиянның орнын толтыру болып табылады.Келтірілген зиянды өтеу еркін сипатта болуы тиіс.

Ол бүлінген мүлікті қалпына келтіру, оны жөндеу немесе ақшалай өтемазы беру түрінде болуы мүмкін. Сонымен бірге, материалдық зиян ғана емес, моральдік зиян да өттелуге жатады. Мысалы, жала жабу немесе қорлау кезінде жария түрде жәбірленушіден кешірім сүрау.

ҚК 65 бабының 2 болігінде жеке адамдарға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаган адам, егр ол үйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық ( қылмыстық үйым) жасаган қылмыстарды болғызбауға ,ашуға немесе тергеуге, үйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық ( қылмыстық үйым ) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе,қылмыстық жауаптылықтан босатулуы мүмкін екендігі көрсетілген.

Басқа санатагы қылмысты жасаган реттерде гана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

9. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

ҚК 68 бабы қылмыс белгілері бар әрекетті жасаған адамды, егер істі сот караган кезде жағдайдың озгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін екендігі туралы корсетеді.

Бүл өзгерулердің қүрамы кінәлінің тілегіне және еркіне байланысты емес, субъективтік жағдайларға байланысты.

ҚК 68 бабының 2 болігінде бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-қүлқына байланысты істі сотта қарау барысында ол қогамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы анықталса,сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін екендігі туралы қарастырылган.Бүл баптың екінші бөлігіндегі норманы қолдану кезінде қылмыс жасаганнан кейінгі кінәлінің жеке басының мінездемесіне назар аударылады. Кiнәлінің жеке басының озгеруіне әсер ететін жағдайрлар әскерге шақыру, лауазымынан босату сияқтылар жатады.

10 Қажетті қорғану шегінен асу жагдайына байланысты қылмыстық істі қысқарту.

Қажетті қорғану жағдайында келтірілген зиян қылмыстық іс әрекетті жоятын қоғамға пайдалы жағдай ретінде қарастырылады. Бірақта, заң, қажетті қорғану шегінен асумен байланысты іс -әрекеттің жазалануын жоққа шығармайды. ҚК 32 бабының 3 бөлігіне сәйкес қажетті қорғану шегінен шығуы деп нәтижесінде қолсүғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіретін, қолсүғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне корінеі сай келмеуі танылады.

ҚК 66 бабына сәйкес қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үйрейлену, қорқу немесе саскалақтау салдарынан қажетті қоргану шегінен асқан адамды, сот істің мән - жайын ескере отырып, қылымстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.Босатудың бүл түрін қолдану коғамға қауіпті қолсүғүшылықтан қоргаушының жүріс -түрысын тиянақты бағалауды талап етеді.

3 тарау. Қылмыстық істі қысқартудың процессуалдық

тәртібі. 3.1. Қылмыстық істі ақталатын және ақталмайтын негіздер

бойынша қысқартудың процессуалдық тәртібі Күші жүріп түрған қылмыстық іс жүргізу заңы алдын ала тергеуді аяқтаудың келсі түрлерін қарастырады :

-айыптау қорытындысын толтыру ;

медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа қылмыстық істі жіберу туралы қаулыны толтыру ;

-қылмыстық істі қысқарту туралы қауылыны толтыру.

Кез-келген бүл процессуалдык шешімдерді қабылдауды бір уақыттагы техникалық әрекет ретінде түсінуге болмайды.Қүқық қоргау органдарының қылмыстық іс жүргізу теориясы мен тәжірбиесінде алдын ала тергеуді аяқтау түсінігіне тек шешімнің өзін ғана емес, сонымен бірге, мазмүны бар шешімді қабылдау мен қатар жүретін жүмыстың қажет кезеңдері де кіреді. Қылмыстық істі қысқартуға қолданылатын бүл негізгі ережелер алдын ала тергеудің осы түрінің мазмүнын қүрайтын келесі процессуалдық әрекеттерді нақтылайды :

-қылмыстық іс материалдарын жүйелеу және ойдағыдай рәсімдеу;

-істі қысқарту үшін негіз ретінде, заңмен көрсетілген жагдайлардың біреуінің болуына байланысты тергеуді жалғастыру мүмкін еместігі туралы екені анық қорытынды жасау үшін, олардың жеткіліктігі түрғысынан алғанда,іс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығын талдау және бағалау ;

-қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жасау ;

-істі қысқарту туралы шешімнен туындайтын ( айыпталушыга немесе сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасының күшін жою ; мүліктен

әрестті алып тастау. Алынған заттарды қайтару және т.б. ) бірқатар процессуалдық сүрауларды шешу ;

-қылмыстық істі қысқарту туралы айыпталушыга, сезікгіге және басқада процессуалдық мүдделі түлғаларға хабарлау ;

қылымстық істі қысқарту туралы шешімді қабылдаумен байланысты келіп түскен арыздарды шешу. 30

Қылмыстық істі қысқарту сотпен, прокурормен,тергеушімен және анықтама органымен жүзеге асырылып, тиісінше қаульшен рәсімделеді.Онда іс бойынша туындаған сүрақтар түпкілікті шешілуге тиіс. Қаулы негізді және заңды болуы тиіс.

Қаулы негізді деп саналады, егер ол келесі талаптарға жауап берсе:

1) процессуалдық актілерде қалыптасқан түжырымдар істегі дәлелдемелермен расталса ;

2) іс бойынша барлық дәлелдемелер есепке алынса ;

3) бүл дәлелдемелер жиынтығымен алынса :

4) түжырымдар іс жүзіндегі жағдайлармен қарама-қайшылықта жатпаса ;

5) бүл дәлелдемелер негізінде тек бір ғана түжырым жасауға болса;

6) процессуалдық актінің карар бөлімі сипаттама бөліміне толықтай сәйкес келсе.

30Подробно см : Дубинский А.Я. Прскращение уголовного дела в стадии предварительного расследования. Киев . 19 7 5. С. 8

Жалпы алғанда,қарастырып отырған процессуалдық шешімнің негізділігі мен дәлелдігі онын фктілік және қисындылық жагын көрсетеді.

Сонымен катар, қылмыстық істі қысқарту туралы шешімді қабылдау кезінде қылмыстық іс жүргізуші орган басшылыққа алган қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларына дүрыс және дәл сілтеме жасаудың да маңызы зор.

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы заңды болуы қажет. Заңды дүрыс қолдану ҚК Жалпы болімінін барлык ережелерін қатаң сақтаудың және әрекетті дәл саралауды білдіреді. Қылмыстық істі қысқарту кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын орындау -бүл іс бойынша өндірісті дүрыс жүзеге асырудың қажетті кепілдігі.

Қабылданатын процессуалдык шешімнің заңдылығы мен негізділігі, елеулі дәрежеде қылмыстык істі жүргізуші органның қүқықтық мәдениет деңгейіне, біліктілігіне және тәжірбиесіне байланысты болады.

Қылмыстық істі қысқарту туралы шешім тіисті қаулыда көрсетіледі. Мүнда істің мәні мен қысқартудың негізі көрініс табады. Қаулы үш бөлімнен түрады. Олар : кіріспе болім, сипаттама бөлім және қарар бөлім.

Қіріспе бөлімде келесі мәліметтер болуы тиіс :

1) қүжатты толтыру уақыты -күні ,айы,жылы ;

2) процессуалдық қүжатты толтыру орны ( елді - мекеннің атуы)

3) қүжатты толтырған түлғаның аты -жоні және лауазымы (әскери немесе арнайы атағы не болмаса,оған берілген сыныптык шені корсетіле отырылып ).

Сипаттама бөлімде істі қозғауғауға болған негіз және себеп болган жағдйлар , қылмыс жасауга іс бойынша айыпталған немесе сезіктелген түлгалар мәліметтерді көрсете отырып, оны тергеудің нәтижелері,оның мәні,қылмыстық - қүқықтық саралау және қолданылған бүлтартпау шаралары корсетіледі.

Қаулының қарар бөлімінде істі кысқарту үшін негізболған ҚІЖК бабына бөліміне тармагына сілтемесімен істі қысқарту туралы шешім көрсетіледі.сондай -ақ бүлтартпау шарасының күшін жою туралы, мүлікке қойылған аресттің күшін жою туралы, уақытша лауызымынан шектеудің күшін жою туралы және заттай дәлелдемелердің тағдыры туралы көрсетіледі.

ҚІЖК 269 бабының 8 бөлігіне сәйкес заң бойынша істі қысқарту тек айыпталушының немесе сезіктінің келісімі бойынша гана жол берілетін жагдайда осындай келісімнін болуы туралы қаулыда тікелей көрсетілуі тиіс.

Қылмыстық істі ҚІЖК 37 бабының 1 болігінің 1,2 тармагында және 3 бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қысқарту кезінде қысқартылған іске қатысты түлганың кінәсіздігіне күмән келтіретін жобаны қаулыға қосуға жол берілмейді.

Қылмыстық істі кысқарту туралы қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі.

Тергеуші ҚІЖК 38 бабы бойынша қылмыстық істі қысқартқан жағдайда міндетті түрде прокурордың келісімін алу керек.

Тергеуші істі қысқартқаннан кейін қысқарту және қысқартудың негізі туралы сезіктіге, айыпталушыларға, олардың қоргаушыларына, жәбірленушіге және онын өкіліне,азаматтық талапкерге,азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне,сондай-ақ отініші бойынша іс

қозғалған түлғаға немесе үйымға хабарлайды.Бүл түлгаларға іс матералдарымен танысу қүқығы және қысқарту туралы қаулыға шагымдану тәртібі түсіндіріледі. Осы түлғалардың өтініші бойынша істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі беріледі.

3.2. Қылмыстық істі қысқартудағы процессуалдық кепілдіктер

Жалпы процессуалдық кепілдіктер ретінде іскеқатысушылардың заңда белгіленген қүқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін түсінеміз. Бүл мүмкіндіктер ҚР Конституциясынан бстау алады.

ҚІЖК 51 бабының 2 бөлігіне сәйкес сезіктелушіге, айыпталушыга қылмыстық іс қысқартылганға деііін қысқартудың негізін және соны негіз бойынша оныи кысқартуға қарсы қарсылық білдіруүкарсы қарсылық білдіру қүқығы түсіндіріледі. қарсылық білдіру бүл ақтайматын негіздер бойынша іс қысқартылатын жағдайда орын алуы мүмкін.

ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 1,2,3,5,7,8 тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қылмыстық қүдалау органының қаулысы шыққан түлга және сондай -ақ сотпен ақталған түлға кінәсіз деп саналады және ҚР Конституциясында кепілдік берілген қүқықтары мен бостандықтары қандай да болмасын шектеуге жол берілмейді. Сот, қылмыстық қүдалау органы жогарыда корсетілген түлғаларды ақтау жөнінде және қылмыстық істі жүргізуші органның заңсыз әрекеті нәтижесінде оған келтірілген зиянды өтеуге барлық заңмен корсетілген шараларды қолдануға тиіс. Бүдан көріп түрғанымыздай түлғаның келтірілген зиянды өтеттіруге қүқыгы бар.

ҚІЖК 270 бабына сәйкес тергеуші кылмыстық істі қысқарту туралы және қысқартудың негізі туралы сезіктіге, айыпталушыға, оның қорғаушыларына жәбірленушіге және оның өкілдеріне, азаматтық талапкерге,азаматтық жауапкерге және оның өкіліне,сондай -ақ іс өтініші бойынша қозгаған түлғаға немесе үйымға жазбаша түрде хабарлайды.Бүл түлғаларға іспен танысу күқығын және оны қысқарту туралы қаулыға шагымдану тәртібін түсіндіреді. Ал осы түлғалардың өтініші бойынша істі қысқарту туралы қаулының кошірмесім береді. Бүлда кепілдіктің бір түрі болып табылады.

Сонымен қатар, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыға шағым беру де процессуалдық кепілдіке кіреді. Бүл норма ҚІЖК 271 бабында көрсетілген.Қылмыстық іс жүргізуші органның қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы сезіктімен, айыпталушымен, оның қорғаушысымен, азаматтық талапкермен,азаматтық жауапкермен және оның өкілімен, сондай-ақ өтініші бойынша қозгалган түлгамен немесе мемлекеттік органның өкілімен немесе үйыммен анықтауға және тергеуге қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға шагымдалуы мүмкін.
1   2   3   4



Похожие:

Жоспары iconДокументы
1. /_з_н-_з_ тану Саба_ жоспары 5 сынып.doc
2. /Саба_...

Жоспары icon«Буратино» жасағының жұмыс жоспары

Жоспары iconЖаңақоныс негізгі мектебі Жазғы демалысты ұйымдастыру жоспары

Жоспары icon1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған іс шаралар жоспары

Жоспары iconЖаңақоныс ауылдық кітапханасының 2014 жылы өткізілетін іс-шаралар жоспары

Жоспары iconДокументы
1. /жоспары .docx
Жоспары iconДокументы
1. /О?у жоспары.doc
Жоспары iconДокументы
1. /ЖОСПАРЫ.docx
Жоспары iconДокументы
1. /?Б ЖОСПАРЫ.doc
Жоспары iconДокументы
1. /Ж_мыс жоспары/Титул план работы на 2014 год каз.docx
2. /Ж_мыс...

Жоспары iconДокументы
1. /Саба? жоспары..docx
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов