Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік icon

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік



НазваниеБілім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік
страница1/3
Дата08.05.2013
Размер390.46 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>
  1   2   3

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.01.2013 15:51:49


Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік
аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрығы

(2012.04.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.25.12. № 590 Бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен бүкіл мәтін бойынша «білім департаментінің директоры» деген сөздер «білім басқармасының бастығы» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен «департаменттері», «департаменттерінің», «департаментімен» деген сөздер «басқармалары», «басқармаларының», «басқармаларымен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

125 бұйрығымен

бекітілген

 

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен атауы өзгертілді  (бұр.ред.қара)

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың,

оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің

үлгі ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін анықтайды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:

1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл мұғалімнің жалпы білім беретін бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;

2) білім алушыларды аралық аттестаттау - оқушының бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейінгі бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

4) экстерн - денсаулығына байланысты жалпы білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ және шетелде уақытша тұратын, сондай-ақ жалпы орта білім беру ұйымдарында оқуын уақытылы аяқтамаған тұлғалар.

 

 

^ 2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық аттестаттауды өткізудің тәртібі

 

3. Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жарты жылдық) бағаларының негізінде аттестатталады.

1-сынып оқушылары психологиялық-медициналық-педагогтік консультацияның ұсынымдары және ата-аналарының келісімі (немесе өзге де заңды өкілдердің) бойынша қалдырылған оқушыларды қоспағанда қайта оқу жылына қалдырылмайды.

Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:

негізгі мектепте (9-сыныптан кейін - оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;

жалпы орта (бейіндік) мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.

6. 2-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушылардың оқу үлгеріміне ағымдағы бақылауды әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері өткізеді.

7. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді.

8. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады және білім беру ұйымының бұйрығымен ресімделеді.

9. Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады «3», «4», «5» бағалар алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.

10. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі.

Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-аналарының келісімі (және өзге де заңды өкілдердің) және медициналық-педагогтік консультацияның ұсынымдары бойынша теңестіріп оқытатын сыныптарға ауыстырылады.

 

 

^ 3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

 

11. Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:

- ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ);

- жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдірген бітірушілер, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) нысанында өтеді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының, халықаралық мектептердің бітірушілері осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру шкаласы негізінде берілген ҰБТ сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады.

ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер орта мектеп курсы үшін қорытынды аттестаттауды қорытынды емтихан нысанында өткізеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 44 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді; ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13. Халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылар, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың бітірушілері, ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді.

14. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды құрамы білім беру ұйымдарының басшыларымен бекітілетін қорытынды емтихандарды өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) өткізеді.

Білім беру ұйымдарының басшысы қалыптастыратын және басқаратын Комиссия құрамына білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері кіреді.

Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы керек.

Комиссия емтихандардың басталуынан бір ай бұрын құрылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

15. ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушылары қорытынды аттестаттаудан өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және қорытынды емтихандарды өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді.

17. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушылары жіберіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2010.09.07. № 369 Бұйрығымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

18. Жалпы білім беретін мектептердегі 5-11 (12)-сыныптар білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.

5-11 (12)-сыныптардағы тоқсандық, жарты жылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.

Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікке енгізуге жататын барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған 9 (10)-сынып бітірушілеріне негізгі орта білім туралы үздік куәлік беріледі.

10 (11) және 11 (12)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары «5» болған 11 (12)-сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер ҰБТ-да бір балл жетпеуіне байланысты жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын растамаған жағдайда, оған жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

19. 1-2 пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10)-сыныптардың білім алушыларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды аттестаттау өткенге дейін қосымша бақылау жұмыстарын (жазбаша және тест тапсырмалары нысанында) орындауға рұқсат етіледі.

20. Білім алушылардың денсаулық жағдайларына байланысты еңбек және дене тәрбиесі сабақтарынан босату оларды келесі сыныпқа көшіру мен қорытынды аттестаттауға жіберілуіне әсер етпейді.

21. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:

- бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушыларына білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі;

- үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10)-сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;

- үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 11 (12)-сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің жоғарғы деңгейінің толық курсын өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

22. 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын қайта қорытынды аттестаттаудан өткізу үшін білім беру ұйымдарында тиісті пәндер бойынша емтихан комиссиясы құрылады.

23. Жазғы тапсырмалар мен қайта тапсырылатын емтихандардың материалдары (жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) білім беру ұйымында әзірленеді.

Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық орындаған және емтихандарды қайта тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі.

24. Барлық пәндерден үлгеретін білім алушылар мемлекеттік аттестаттаудан облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының бұйрықтарымен, республикалық білім беру ұйымдарының білім алушылары Министрліктің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

1) денсаулық жағдайына байланысты;

2) І және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар;

3) Қазақстан Республикасының командасы атынан халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысатын кандидаттардың жазғы жиынына қатысушылар.

25. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрық мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған білім алушының тұрғылықты жеріндегі емхананың медициналық-әлеуметтік сараптамасының (бұдан әрі - МӘС) қорытындысы;

2) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі және мектептің қолдау хаты;

3) үлгерім табелдері.

2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы басшысының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталады.

26. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10)-сыныптың білім алушылары өтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі.

27. Міндетті емтихан жұмыстарының тақырыптары мен мәтіндерін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары дайындайды.

28. Оқу курсын аяқтаған және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылуына байланысты қорытынды емтихандарын тапсырмаған кешкі (кезекті) оқу орындарының білім алушылары әскери қызметін аяқтағаннан кейін бір кезең ішінде жалпы орта білім курсы бойынша емтихандар тапсырады.

29. Комиссия мүшелерінің көпшілік дауыстарының шешімімен оның төрағасы келіспеген жағдайда мәселені аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері шешеді.

30. Білім алушы жазбаша жұмысына қойылған бағалармен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейін келесі күнгі 13 сағат ішінде республикалық білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған Министрліктің, аудандық (қалалық) бөлімдері, облыстық (қалалық) білім басқармалары жанынан құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануына құқығы бар.

31. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға оқушылар шетелге оқуға кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және пәндер бойынша оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихан нысанында өткізіледі.

32. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені медициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.

 

 

  1   2   3



Похожие:

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік iconЖүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік iconЖоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі
Сі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны...
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың...
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік iconДәрігер- интерндердің 2011-2012 оқу жылындағы жарты жылдық аттестациясының қорытынды есебі
Оқу жылында интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінде 315 дәрігер- интерн білім алуда. Оның ішінде: 194 дәрігер –...
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік iconАҚпараттық хат
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе 2013 жылдың сәуір айының...
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты инновациялық педагогикалық білім орталығының
Білімдендіру бағдарламалары байқауы Инновациялық педагогикалық білім орталығымен және Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі,...
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
И. Исеновтың авторлық жұмысы. Оның негізіне 2006 жылғы қыркүйектің 3 жұлдызындағы 266 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым...
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
Р. Байдалының авторлық жұмысы. Оның негізіне 2005 жылғы мамырдың 5 жұлдызындағы 289 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым...
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
Р. Байдалының авторлық жұмысы. Оның негізіне 2005 жылғы мамырдың 5 жұлдызындағы 289 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым...
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
И. Исеновтың авторлық жұмысы. Оның негізіне 2006 жылғы қыркүйектің 3 жұлдызындағы 266 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов