Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім icon

Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім



НазваниеЖоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім
Дата08.05.2013
Размер159 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 04.06.2012 10:28:04


Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім

беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесін бекіту туралы”

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 Қаулысы

(2006.28.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiліп отырған Жоғары кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң Yлгі ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

^ Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2005 жылғы 2 наурыздағы

195 қаулысымен

бекітілген

 

^ Жоғары кәсiптiк білімнiң білім беру

бағдарламаларын iске асыратын білім

беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi

 

^ 1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жоғары кәсiптiк білімнiң бiлім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасы жоғары кәсiптiк білімiнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң тәртібін айқындайды.

2. Жоғары кәсiптiк білім жоғары оқу орындарында: университеттерде, академияларда, институттарда және оларға теңестiрiлген ұйымдарда (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) алынады.

3. Жоғары оқу орындарының негiзгi мiндетi - ғылым мен практиканың жетiстіктерi, ұлттық және жалпы адами құндылықтар негiзiнде жеке адамды кәсiби тұрғыдан қалыптастыруға және дамытуға бағытталған жоғары кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын игеруге арналған қажеттi жағдайлар жасау.

4. Жоғары оқу орны өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге және олардың негiзiнде әзiрленген жоғары оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

 

^ 2. Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесi

 

5. Жоғары оқу орындарына қабылдау білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн Жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

6. Жоғары оқу орындарында жоғары кәсiптiк білімi бар кадрларды даярлау жоғары кәсiптiк білімнiң оқытудың мазмұны мен мерзiмдерi әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

7. Жоғары оқу орындарында тиiстi лицензиялар болған кезде жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк, қосымша кәсiптiк білімнiң мамандар даярлау мерзiмдерi мен деңгейi бойынша әртүрлi білім беру бағдарламалары iске асырылуы мүмкiн.

8. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру білім берудiң мемлекеттік жалпыға мiндетті стандарттары негізiнде жоғары оқу орны әзiрлеген оқытудың әрбір нысанына арналған жұмыс бабындағы оқу жоспарларына, бағдарламаларына және оқу сабақтарының кестелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Оқу жылының басталу және аяқталу уақыты оқу процесінің күнтізбелік кестесінде белгіленеді.

Бітіруші курстардан басқа, барлық курстарда оқу жылының ұзақтығы кемінде 30 аптаны құрайды. Емтихан сессияларының ұзақтығы бір оқу жылында кемінде 6 аптаны құрауы тиіс.

ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Жоғары оқу орындарында оқу жұмысының мынадай негiзгі түрлерi белгіленедi: дәрiстер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар, консультациялар, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, өз бетінше жұмыс, оқытушының жетекшiлiгімен студенттің өз бетінше жұмысы, білім алушылардың кәсіптік практикасы, тағылымдама, курстық жобалау (курстық жұмыс), дипломдық жобалау (дипломдық жұмыс), магистрлік диссертация.

Дәрiс сабақтарын, әдетте, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, аға оқытушылар жүргізедi. Жоғары оқу орындары ғылыми қызметкерлер дәрiстер оқуға тартуы мүмкiн.

Оқытушылар мен ассистенттер семинарларды, практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды ғана жүргізе алады.

Жоғары оқу орындары оқу сабақтарының басқа түрлерiн де өткiзе алады. Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшiн ұзақтығы 40 минуттан кем емес академиялық сағат белгiленедi.

11. Оқу сабақтарын ұйымдастыру мақсатында білім алушылар арасынан білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген тәртiппен мамандық бейiнi мен тiлдiк бөлiнуiне сәйкес білім алушылар топтары қалыптастырылады.

12. Жоғары оқу орны оқу процесін мақсатты ұйымдастыру, оқытудың технологияларын, әдiстерiн, нысандары мен құралдарын таңдау жолымен білім алушылардың жоғары кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын игеруi үшiн жағдайлар жасайды.

13. Азаматтарды жеделдетілген оқыту мерзімiмен қысқартылған білiм беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтетiн Жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережесіне сәйкес жоғары оқу орнының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

14. Жеделдетілген оқыту мерзiмiмен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жоғары кәсiптiк білім берудiң мемлекеттік жалпыға мiндетті стандарттарына сәйкес әзiрленген және орта кәсiптiк білімi бар адамдар үшiн, және жоғары кәсіптік білімi бар адамдар үшiн жеке бекітілген жұмыс бабындағы оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.

Жоғары кәсiптiк білімi бар адамдар үшiн жұмыс бабындағы оқу жоспары екiншi жоғары кәсiптiк білім негiзiнен мамандарды кәсiби даярлауды көздейтiнiн ескере отырып, жоғары кәсiптiк білім берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес жасалады.

15. Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында жоғары біліктi мамандар даярлаудың маңызды бөлігi жоғары кәсiптiк білім берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкес өткiзілетiн білім алушылардың кәсiптiк практикасы, тағылымдамасы болып табылады.

16. Жоғары оқу орны білім беру бағдарламаларының, оның iшiнде жеделдетiлген оқыту мерзiмiмен қысқартылғандарының игерiлу сапасын білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүргізiлетiн білім алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүзеге асыру жолымен бағалайды.

17. Жоғары кәсiптiк білімдi аяқтамаған азаматтарға жоғары оқу орны нысанын білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілейтiн анықтаманы бередi.

 

3. Білім беру процесінің субъектiлерi

 

18. Жоғары оқу орындарында білім алушыларға студенттер, магистранттар, курсанттар, тыңдаушылар жатады.

19. Жоғары оқу орындарында білім алушылар "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған құқықтар мен мiндеттерге ие болады.

20. Жоғары оқу орнының педагогикалық қызметкерлерi мен оларға теңестiрілген адамдары лауазымдарының тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленедi.

21. Меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орнының ғылыми-педагог қызметкерлерi лауазымдарына орналасу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

22. Жоғары оқу орнының қызметкерлерi "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген құқықтар мен мiндеттерге ие болады.

 

4. Жоғары оқу орны құрылымдық бөлімшелерінің қызметi

 

23. Бiрыңғай оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешен ретiнде жұмыс iстейтiн жоғары оқу орнының құрамына жоғары оқу орнының құрылымдық бірлiгi немесе заңды тұлға мәртебесi бар оқу, ғылыми, өндiрiстiк және басқа да бөлiмшелер кiруi мүмкiн.

Медициналық жоғары оқу орындары оны қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы болған жағдайда ғана жұмыс iстеуi мүмкiн.

24. Жоғары оқу орынының құрылымдық бөлiмшелерi өз қызметiн осы Ереженiң, жоғары оқу орны жарғысының негізiнде жүзеге асырады, ал олардың санын аталған жоғары оқу орнының мамандықтар жиынтығын, мамандануын, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылар санын негiзге ала отырып ғылыми кеңес белгілейдi.

25. Жоғары оқу орындарының филиалдары білім беру бағдарламаларын жоғары кәсiптiк білім берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарының әлеуметтiк-гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану пәндерi (жалпы білім беретiн пәндер) көлемiнде iске асырады.

26. Білім алушылардың жоғары кәсiптiк білім берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарының жалпы кәсiптiк (базалық) және арнайы (бейiндiк) пәндерi бойынша оқу бағдарламаларын игеруi филиалды құрған жоғары оқу орындарында жалғасады.

ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

27. Факультет жоғары оқу орнының бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар бойынша оқытуды, сондай-ақ факультет мамандықтарына жататын кафедралар мен зертханалардың ғылыми-зерттеу қызметiн басқаруды жүзеге асыратын негізгі оқу, ғылыми және әкiмшiлiк құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.

28. Факультет күндiзгі, кешкi, сырттай, қашықтықтан оқыту нысандары бойынша және экстернат нысанында мамандар даярлауды жүзеге асырады.

Білім алушылардың келтiрiлген контингентi олардың күндiзгi, сырттай және кешкi оқыту нысандары бойынша саны негiзге алына отырып айқындалады. Бұл ретте оқытудың күндiзгі нысанындағы студенттер 1,0, кешкi нысанындағылар 0,5 және сырттай нысанындағылар 0,25 коэффициентiмен есепке алынады.

29. Факультеттiң жұмысын басқаруды, әдетте, ғылыми дәрежесi мен атағы бар факультет басшысы жүзеге асырады. Факультет басшысының лауазымдық мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен айқындалады.

30. Факультет басшысы жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының мүшесi болып табылады.

31. Жоғары оқу орындары факультеттер туралы өз ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi. Факультет басшысының жанынан және оның төрағалық етуiмен факультет кеңесi ұйымдастырылуы мүмкiн.

Факультет кеңесi өз жұмысын жоғары оқу орнының кеңесi бекiткен ережеге сәйкес ұйымдастырады.

32. Кафедра жоғары оқу орнының (факультеттiң, филиалдың) бір немесе бірнеше ұқсас пәндер бойынша оқу, әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмысын, білім алушылар арасында тәрбие жұмысын, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын негiзгi оқу-ғылыми құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.

33. Кафедраның штаты нормативтiк оқу жүктемесiне, профессорлық-оқытушылық құрамының оқу жүктемесiн жоспарлау жөнiндегі қолданыстағы әдiстемелiк ұсынымдары бойынша белгіленедi.

34. Кафедра штатына кафедра жетекшiсi, профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер, тағылымдамадан өтушi оқытушылар, оқу-көмекшi персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми және басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерi кiредi.

ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

35. Кафедраны ғылыми дәрежесi және/немесе ғылыми атағы бар басшы басқарады. Кафедра басшысының лауазымдық мiндеттерi Қазақстан республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен айқындалады.

ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

36. Жоғары оқу орнының білім беру қызметiн тиiстi мамандықтар бойынша лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кафедраның бейiнi бойынша кемінде 10 штаттық оқытушы болған жағдайда кафедра ұйымдастырылады, олардың кемінде 40%-ның ғылыми дәрежелерi мен ғылыми атақтары болуы тиiс.

Өнер, музыка және мәдениет, туризм мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын кафедралар, сондай-ақ медициналық, дене тәрбиесi, сурет салу мен сызу, графика, шет тiлдерi, қазақ тiлі, орыс тілі (тiлдiк емес жоғары оқу орындары үшiн) кафедралары штаттағы оқытушылардың аз санымен ұйымдастырылуы мүмкiн.

37. Бекiтiлген оқу пәндерiнiң циклі бойынша кафедралар жалпы білім беретiн және арнаулы болып бөлiнедi.

38. Жоғары оқу орнында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқа да мүдделi тараптардың арнаулы кафедралары ұйымдастырылуы мүмкiн.

39. Кафедраның жұмысы жоғары кәсiптiк білім берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық даярлауға бағытталуы тиiс.

ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

40. Кафедра жұмыстың жылдық жоспарына сәйкес оқу-әдiстемелiк, ғылыми-зерттеу, тәрбие қызметiн жүзеге асырады.

Кафедраның оқу-әдiстемелiк жұмысы:

1) жоғары кәсiптiк білiм берудiң мемлекеттік жалпыға мiндетті стандарттары негiзiнде олар бойынша мамандарды даярлау мен бiтiртiп шығару жүзеге асырылатын жұмыс оқу жоспарларын, жұмыс бабындағы оқу бағдарламаларын әзiрлеудi;

2) кафедраның оқу пәндерiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асыруды: оқулықтар, оқу құралдарын, есептер, кешендi тапсырмалар жинағын, зертханалық жұмыстарды, пәндердi оқыту жөнiндегі әдiстемелiк ұсынымдарды, сондай-ақ оқытудың барлық нысандары бойынша білімдi ағымдық, аралық және қорытынды бақылау материалдарын әзiрлеудi;

3) оқу сабақтарының барлық түрлерiн кафедра пәндерi бойынша жұмыс бабындағы оқу жоспарына сәйкес жүргізудi, оларды өткізудiң сапасын қамтамасыз етудi;

4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруiн арттыратын қазiргі заманғы білiм беру технологиялары мен оқыту нысандарын әзiрлеудi және пайдалануды;

5) білім алушылардың iздену, талдау және қызмет нәтижесiн тұжырымдау қабiлетiн дамытуға бағытталған өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруды және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудi;

6) білім алушылардың барлық түрдегі кәсіптік практикаларын, тағлымдамадан өтуін, курстық және диплом жобаларын (жұмыстарын), магистрлік диссертацияларын ұйымдастыруды және басшылық жасауды, оларды әдістемелік қамтамасыз етуді;

7) кафедра түлектерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудi;

8) мамандарды даярлауда кәсiпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен iскерлiк ынтымақтастықтың әр түрлi нысандарын дамытуды;

9) кафедраның бейiнiне сәйкес мамандардың біліктiлігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі оқу бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыруды қамтиды.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы:

1) бағыты мен тақырыбы кафедраның бейiнiне сәйкес келуi тиiс және зерделенетін ғылымдардың (пәндердiң) теориялық және практикалық мәселелерiн одан әрi дамыту тұрғысында перспективалы болып табылатын ғылыми зерттеулер жүргізудi;

2) магистратура, клиникалық ординатура, адъюнктура, iзденушiлiк, аспирантура, докторантура негізiнде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыруды;

3) кафедра бейiнi бойынша диссертацияларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылауды, рецензиялауды және олар бойынша қорытындылар дайындауды;.

4) білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруды қамтиды.

Кафедраның тәрбие жұмысы:

1) білім алушылардың өз бетінше және құзыреттi түрде шешiм қабылдау және оларды iске асыру дағдыларын қалыптастыруды;

1-1) білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға;

2) білім алушыларды салауатты өмiр салтына, кафедраның қоғамдық iс-шараларына белсендi түрде қатысуға ынталандыруды;

3) кафедраның бейiнi бойынша білім алушылардың ой-өрiсiн кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылықты тұрғыдағы қатынастар қалыптастыруға ықпал ететiн тақырыптық iс-шаралар өткізудi;

4) жалпы орта білім беру ұйымдарының, кәсіптік мектептердің, кәсіптік лицейлердің, колледждердің білім алушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу.

41. Кафедра қызметiнiң мәселелерiн талқылау, тиiстi шешiмдер қабылдау үшiн кафедра отырыстары айына бір рет өткiзiледi.

42. Кафедрада оқу процесiн және ғылыми-зерттеу қызметiн қамтамасыз ететiн оқу зертханалары мен басқа да оқу бөлiмшелерi болуы тиiс. Осы құрылымдардың мiндетi - пәндердiң үлгi және жұмыс бабындағы оқу бағдарламаларымен көзделген білім беру мазмұнын әдiстемелiк және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен оқу сабақтарының барлық түрлерiне кафедра пәндерi бойынша қызмет көрсету.

Мамандандырылған оқу зертханалары бірнеше кафедралар базасында құрылуы мүмкін.

Оқу зертханаларының штаты оның функционалдық қызметiн қамтамасыз ететiн оқу-көмекшi персонал арасынан қалыптасады.

ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 934 Қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

43. Кафедра мамандықтар мен мамандану пәндерi бойынша оқу сабақтарын өткізу, барлық түрдегі оқу және өндiрiстік практикаларды, тағылымдамаларды ұйымдастыру мен өткізу, курстық жобаларды (жұмыстарды), диплом жобаларын (жұмыстарды), магистрлік диссертацияларды дайындау мақсатында өзiнiң бейiнiне сәйкес келетiн кәсiпорындарда және басқа да ұйымдарда оқу бөлiмшесiн ұйымдастыруы мүмкiн.

Кафедраның кәсiпорындардағы және басқа да ұйымдардағы оқу бөлiмшелерi жоғарыда көрсетiлген заңды тұлғалардың әкiмшілігімен келісім бойынша жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен құрылады және таратылады.

44. Кафедра жоғары оқу орны ғылыми кеңесiнiң шешiмi негiзiнде жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен, ал әскери (арнаулы) жоғары оқу орындарында тиiстi орталық атқарушы орган басшысының бұйрығымен ұйымдастырылады және таратылады.

 

^ 5. Жоғары оқу орнын басқару

 

45. Жоғары оқу орнын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге және жоғары оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

46. Жоғары оқу орнын алқалық басқару нысандары ғылыми кеңес, қамқоршылық кеңес, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк кеңестер және жалпы жиналыс болып табылады, олардың мүшелерiн сайлау тәртібін қоса алғанда, олардың жұмысын ұйымдастыру ережесін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.

47. Жоғары оқу орнын жалпы басқаруды ғылыми кеңес жүзеге асырады.

48. Жоғары оқу орнын тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалған басшы жүзеге асырады.

49. Мемлекеттік жоғары оқу орнының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтедi.

50. Жоғары оқу орнының басшысы өзiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретiне сәйкес жоғары оқу орны қызметiнiң барлық мәселелерiн дербес шешедi.

51. Жоғары оқу орнының басшысы жоғары оқу орнының атынан сенiмхатсыз әрекет етедi, барлық органдарда оның мүдделерiн бiлдiредi, заңнамада белгiленген тәртiппен жоғары оқу орындарының мүлкiне билiк етедi, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi, банктiк шоттар ашады және өзге де мәмілелер жасасады, барлық қызметкерлер, оқытушылар мен білім алушылар үшін мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады.

52. Жоғары оқу орнының құрылымдық бөлiмшелерiн жалпы басқаруды сайланбалы өкiлеттi органдар - Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы, жоғары оқу орнының жарғысы белгiлеген тәртiппен ғылыми кеңестер (кеңестер) жүзеге асырады.



Похожие:

Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың...
Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім iconҚазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуіші мен Техникалық
Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 27 маусымдағы №303 бұйрығы
Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім iconАлдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №108 Қаулысы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын бекіту туралы
Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім icon2 1 тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау
Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім iconДипломдық жұмыстың
Жалпы білім беретін мектептерде білім сапасын арттыру, білім беру мазмұнын жетілдіру, оқыту үрдісін жаңа сапалық денгейге көтеру...
Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім iconСемей мемлекеттік педагогикалық институты Білім беру бағдарламаларын интернационализациялау орталығы
Шет тілдерді оқуда қызығушылығы бар адамдарды ағылшын, неміс, қытай тілдерін оқытатын курстарға шақырады
Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім iconФ – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері
Мектептік білім беру ісі
Жоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім iconФ – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері
Мектептік білім беру ісі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов