«Деректану теориясы» icon

«Деректану теориясы»



Название«Деректану теориясы»
страница6/19
Дата08.05.2013
Размер3.03 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

3.Орындалатын тапсырмалардың түрлерiне қарай баллдарды бөлу:

Сабақ түрлерi:

-семинар сабақтарындағы жауаптар мен ОЖ СӨЖ - өте жақсы. - 1 балл

жақсы - 0,7 балл

қанағат. - 0,5 балл

қанағат-сыз. – минус 0,5 балл

- лекция қатысы (конспектілеген жағдайда) – 0,2 балл.

- қосымшалар – 0,3-0,5 балл;

- баяндамалар дайындау –1,5 балл;

- реферат жазу – 1 балл;

- жедел бақылау жұмысы – 0,3 балл;

- үйде орындалатын тапсырмалар - 0,3 балл;

- сөздiк жасау - 0,2 балл;

- сөзжұмбақтар құрастыру - 0,3 балл;

- бақылау жұмысы – 0,3 балл;

- БАҚ, арнайы әдебиетпен жұмыс - 0,2 балл;

- студенттiк ғылыми конференцияға дайындық - 1 балл.

- аудиториялық сабаққа себепсіз қатыспағандар – 0,5 балл шегеріледі.

Студенттер орындаған жұмыстар бойынша есеп - семинар сабақтарында немесе ОЖ СӨЖ сабақтарында берiледi (сабақ кестесiне сай).


^ 4.Аралық бақылау оқытушының қалауымен тест, жазбаша,пiкiрлесу, белгiлi бiр тақырыптардың ұғымдарымен жұмыс жасау түрлерiнде өткiзiледi.


Емтихан нәтижелерi бойынша рейтингтiк баллдарды бөлу:

^ Студенттер жауаптарының бағалануы %

Баллдары

Бағалары

90-100

37-40

5 (өте жақсы )

75-89

31-36

4 (жақсы )

50-74

20-30

3 (қанағат.)

0-49

0-19

2(қанағат.)


«Теориялық деректану» пәнi бойынша қорытынды баға:

^ Студенттердiң рейтингтiк

жалпы балдары

Бағалары

90-100

5 (өте жақсы )

75-89

4 (жақсы )

50-74

3 (қанақат.)

0-49

2 (қанағат.-сыз)


^ Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:

Баллдар(%)

Бағаның әріптік жүйесі

Баллдың

сандық

баламасы

Баға

95-100

90-94

А

А-

4.0 3.67

Өте жақсы

85-89

80-84

75-79

В+

в

в-

3.33

3.0

2.67

Жақсы

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

с+

с

с-

2.33

2.0

1.67

1.33

1.0

Қанағаттанарлық

0-49

Ғ

0

Қанагаттанарлықсыз



Қорытынды бақылаудың қорытынды сұрақтары.

  1. Шежірелердің тарихи деректік сипаты.

  2. Шежіренің түрлері. Жалпы шолу.

  3. Хан сұлтандар шежіресі.

  4. Қожалар шежіресі.

  5. Қазақ шежіресі..

  6. Заңдық деректерге жалпы шолу және олардың анықтамалары.

  7. Түркі дәуірінің құқықтық жүйесі.

  8. Қазақ хандығының заңдары.

  9. Іс қағаз құжаттары, оларды зерттеудің жалпы принціптері.

  10. Іс қағаз құжаттарын жіктеу және топтастыру.

  11. Естеліктер, күнделіктер, жеке адам хаттарының жалпы сипаты: жиналуы, есепке алынуы, зерттелуі.

  12. Мемуарларды деректанулық зерттеудің тәсілдері.

  13. Күнделіктерді деректанулық зерттеудің жолдары.

  14. Жеке адамдардың хаттарын деректанулық зерттеудің тәсілдері.

  15. Қазақ баспасөзінің тарихи сипаты.

  16. Баспасөз материялдарының деректік мәні, оларды деректанулық талдаудың паринціптері.

  17. Ресейдің отарлау мақсатында жүргізген ережелері мен заңдары.

  18. Қарамола Ережесі.

  19. Кеңес өкіметінің заң акттілері мен нормативтік қаулыларының негізгі түрлері.

  20. Актілік материялдарды деректанулық талдау.

  21. Санақ деректерінің ерекшеліктері, оларды талдаудың негізгі жолдары.

  22. Өнеркәсіп санағы.

  23. Жұмысшы мен зиялылар санағы.

  24. Ауыл шаруашылығының санағы.

  25. Демографиялық жалпы санақ.

  26. Теориялық деректану пәні. Зерттеу обьектісі.

  27. Мақсаты және міндеттері.

  28. Дерек ұғымы.

  29. Деректердің жіктелуі.

  30. Деректанулық сын.

  31. Деректермен жұмыс істеудің методикалық принціптері мен сатылары.

  32. Жазба деректерді деректанулық сыни талдаудың негізгі сатылары.

  33. Ауыз әдебиеті түсініктемесі.

  34. Ауыз әдебиетінің жанрлары.

  35. Қосымұлы Қадірғалы би «Шежірелер жинағы».

  36. Зерттеушінің деректермен жұмыс тәртібі.

  37. Хайдар Дулати «Тарих -и-Рашиди».

  38. Әбілғазы «Түрік шежіресі».

  39. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы моғол деректері. Лубсан данзан «Алтын тобық» жылнамасы.

  40. Өтеміс қажы «Шыңғыс наме»

  41. Актілік материялдарды деректанулық талдау.

  42. Деректану ғылымының қалыптасуы мен дамуы.

  43. Мұрағат құжаттары.

  44. Деректану ғылымы: методологиялық негіздері.

  45. Руналық жазулар ( Орхон, Оғыз-қыпшақ жазбалары).

  46. Рим және византия авторларының Қазақстан тарихы жайындағы жазбалары.

  47. ІХ-ХІІІ ғ.ғ. Қазақстан тарихы жайындағы араб деректері.

  48. Қазақстан тарихы жайындағы еуропалық деректер.


Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

  1. Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

  2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том.-А: Атамұра, 2002.

  3. Абиль Е.А. История государствоа и право Казахстана. Қараганда, 2005.

  4. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.

  5. Қазақтың көне тарихы (Дайындаған М.Қани) А, Дәуір, 1993.

  6. Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И.Д. Ковальченко. 2-е изд. –М.: Высшая школа, 1981.

  7. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.в. Методологические проблемы исторического познания. М., 1981.

  8. Голиков А.Г., Круглова Т.А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.

  9. Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С.О.Шмидт. ред.) Наука М, 1969.

  10. Историческая наука. Вопросы методологии. М 1986.

  11. Исторические записки. Т.1. М., 1995.

  12. Исторические исследования в России. М., 1996.

  13. Источниковедения истории СССР. Под. Ред. И.Д. Ковальченко. М., 1973.

  14. Ермұханов Б.Б. Қазақстан: тарихи-публисцистикалық көзқарас. –А, Ғылым, 2000.

  15. Газулов А.И. Очерки по истории отечественной статистики. М. 1972.

  16. Тәтімов М. Қазақ әлемі (Қазақтың саны қанша? Қазақ қашан, қайдан қуылған және атылған?) А. Атамұра. 1993.

  17. История Казахстана: народы и культуры. (Масанов Н.Э. и др.) А., Дайк-Пресс, 2001.


Қосымша әдебиеттер

  1. Әбілғазы Баһадүр Түрік шежіресі А, Ана тілі, 1991.

  2. Маданов Х Кіші жүз шежіресі, А: Атамұра-Қазақстан, 1993.

  3. Мұқанов С.Қазақ қауымы: (Тарихтық және зтнографиялық шолу).- А: Ана тілі, 1995.

  4. Мәшқұр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ шежіресі А. 1993.

  5. Мұхамеджан Тынышбайұлы Қазақ руларының шежіресі (үш тараудан құралған жинақ) Қаламгер, Целиноград-1991.

  6. Қадырғали Жалайыр Шежірелер жинағы А: Қазақстан, 1997.

  7. Шәкәрім қажы. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. Жұлдыз, 1991.

  8. Гумелев Л.Н. Көне түріктер. А: Жалын, 1994.

  9. Аманжолов К., Тасболатов А. Қазақстанның әскери тарихы.- А: Білім, 1999.

  10. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий.- А: А-А, Рауан, 1992.

  11. Кенжеахметұлы Сейіт. Жеті қазына.(бірінші кітап) А: Ана тілі, 2002.

  12. Үш пайғамбар (Құрастырған, А.Нысаналы) А, Дәуір, 1993.

  13. Зиманов С. Өсеров Н. Қазақ әдет ғұрып заңдарына шариаттың әсері А. Жеті жарғы, 1998.

  14. Қонаев Д.А. Өтті дәурен осылай. –А, Дәуір, 1993.

  15. Бөкейханов Ә. Таңдамалы.-А: 1995.(Хаттар, естеліктер).

  16. Әуезов М.О. Воспоминаниях современников. – А-А. 1972.

  17. Қозыбаев М. Жұлдызым менің (естелік) А, Арыс, 2001.

  18. Айқап журналы «Қазақ энциклопедиясы» А, 1995.

  19. Қазақ газеті «Қазақ энциклопедиясы» А, 1998 .

  20. Абай. Энциклопедия. (Бас ред. Р.Н. Нұрғалиев) Атамұра, А, 1995.

  21. Уәлиханов Шоқан. Таңдамалы. 2-бас.- А: Жазушы,1985.(Сот реформасы жайында хат).

  22. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. А. 1995.


Курстың саясаты:

-Сабаққа кешікпей қатысу.

-Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.

-Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.

-Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)

-Сабақ үстінде артық сөйлемеу.

-Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.

-Сабаққа тиісті киіммен келу.

^ Курстың этикасы:

-Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)

-Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.

-Оқу процесіне белсенді қатысу.

-Курстастарыңа, оқытушыға іззетті, ашық бол.

-Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.

-Әрбір сабаққа міндетті дайындық:

-Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.

-Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.

-Сабақты жіберген жағдайда барлық өтілген тапсырмаларды орындауға жауаптысыз.

-Егерде жіберілген сағаттар саны дәлелсіз болса (ауырмасаңыз немесе басқа да дәлелді себептердің анықтамасы болмаса) кредит сағат санының курс бойынша екі есеге артса, біз сізді курстан қалдырамыз.

-Сіз барлық топтың оқуына септігіңізді тигізуге тиістісіз.

-Сіз өзіңіздің оқуыңызға ден қойып жақсы білім алуға талапты болуға тиістісіз.

Оқу жылы барысында өзіңізге тиісті міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауға тиістісіз.

-Оқу процесіне сіздің тек келіп кетуіңіз емес, сапалы қатынасыңыз маңызды екенін естен шығармаңыз.


Қостанай мемлекетік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы


«Деректану теориясы» пәнінен

Лекция сабақтарының әдістемелік нұсқаулары


Қостанай, 2010.


Кіріспе лекция

Кілтті сөздер

Дерек, сын, тарихи синтез, әдіс, әдіснама, деректану пәні.

Талқыланатын сұрақтар

1. Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеті.

2.Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының алғышарттары және ортақ

заңдылықтары.

3. Деректанудың қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдері.


Мақсаты: Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеттері, тарихына тоқталу.


^ 1. Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеті.

Деректану, тарихнамамен қатар тарихшыларды теориялық методологиялық дайындауда негізгі фундаментальдық пәндердің қатарына жатады. Деректанудың фундаментальдығы тарих ғылымының тарих обьектісіндегі-өткен қоғам ретіндегі тарихшыға тікелей берілген емес, ол тарихи деректерді таным арқылы тану арқылы тарих ғылымының субьектісі ретінде қаралады.

Деректану тарихи зерттеудің практикалығынан туындаған. Алғашқы кезде жазба деректер зерттеліп, деректанудың қолданбалы фактілік жағы ескерірілді, ол деректерді тануда нақты тарихи фактілерге жүгінді.

Жаңа деректердің ғылыми айналымға түсуіне байланысты, тарихи деректер және сол тарихи деректердің оқиғалары, процестері әр деректе, әр қырынан көрсетіледі. Деректің оқиғаларды қалай баяндауына байланысты, эмперикалық және апробиралық практикалық жолмен алынған деректер жазба деректерді әдістемелік зерттеу нақты фактілік матиралдарды алуда зерттеу обьектісіне айналды. Жазба деректер заттай деректерден тармақталып бөліне бастады (археологиялық).

^ Курстың мақсаты – деректердің тарих ғылымындағы табиғатын зерттеу, белгілі әлеуметтік жағдайдағы оның туындау себептерін, осы жағдайдағы деректердің гносологиялық табиғатын тарихи танымның зерттеу обьектісіне айналдыру.

Курстың мақсаты жұмыстары.

  • Деректерді таңдау, сыни анализ жасау және зерттеу жұмыстарын жүргізу.

  • Тарихи зерттеуде деректілік-ақпараттық базалық негізін жасау.

  • Тарихи зерттеуде терминалогиялық аппаратты негіздеу.

  • Деректерде анализ жасауда әдістеме жүйесін білу және оның тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.

  • Аймақтық тарихи деректерді зерттеумен танысу. Дерктану пәні архивпен және қосалқы тарихи пәнімен тығыз байланысты.

^ 2.Деректанулық ұғымдар мен терминдер туралы.

Дерек термині бүгінгі күні екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі: Дерек-хабар-ошар, мәлімет, мағлұмат сөздерінің сининимі ретінде. Екіншісі дерек көзі шежірк, жылнама, ретінде жиі қолданып жүр. Тарихи деректер өзінің саны, көлеміжағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан.

Демек, «деректану» түсінік ретінде нақты уақиғалар туралы зерттеушіге жеткен деректерді,(хабар, мағлұмат, мәліметтерді), немесе сол деректерді жеткізген дерек көздерін (шежіре, жылнама)зерттеу, талдау мағынасын білдіреді.

Өткен ғасырдың басында «дерек» бір ғана мағынада – хабар, мағлұмат, мағынасында пайданылған. Дерек түсінігі трансформацияланып, қосымша мәнге ие болған.

Бақылау сұрақтары

1. Теориялық деректану пәні дегеніміз не?

2. Деректанудың алдына қойған міндеттерін атаңыз?

3. Зерттеу міндетттерін жүзеге асырғанда деректануға қандай қосалқы тарихи пәндер көмектеседі?

Әдебиет

1. Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том.-А: Атамұра, 2002.

3. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ

университеті, 2002.-302 б.

4. Қазақтың көне тарихы (Дайындаған М.Қани) А, Дәуір, 1993.

5. Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И.Д. Ковальченко. 2-е изд. –М.: Высшая

школа, 1981.

6. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.в. Методологические проблемы

исторического познания. М., 1981.

7. Голиков А.Г., Круглова Т.А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.

8. Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С.О.Шмидт.

ред.) Наука М, 1969.


Деректану теориясы

Кілтті сөздер

Дерек, әдіс, әдіснама, деректердің cыныпталуы

Талқыланатын сұрақтар

1. Деректану проблемалары мен методологиясы.

2. Тарихи деректерді сыныптау.


Мақсаты: Деректану проблемалары, методологиясы және оның жіктелуіне тоқталу.

1. Деректану проблемалары мен методологиясы.

Қазіргі таңда тарихи деректердің саны, көлемі, түрі жағынан әртүрлі. Сондықтан тарихшыға оларды бір-бірінен ажырату үшін не оларды жіктеп, не топтау керек. Осыларды топтау, жіктеуде әркім әр түрлі пікір айтады.

Жіктеу – обьективті зарттеуші өлшемдерге негіхделуі керек. Олар обьективті деректердің өзінен шығуы керек. Онда деректерде шындықтың орын алуы, бейнелену заңдары орын алуы тиіс.

Сондықтан жіктеу тек таза техникалық емес, әдіснамалық мәселе. Ол зерттеу тәсілі қызметтерін атқарады. Жалпы, Кеңес үкіметіне дейін ғалымдар тарихи деректерді зерттегенде олардың әлеуметтік тарихын ескермеді. Көбінесе 2 топқа бөлді.

Мысалы, француз Шарль Сеньобус: «Өткеннің ізі тікелей, өткеннің қосымша ізі» дейді. Лапо-Данилевский: «Мәдениеттің қалдығы» дейді. Сонымен қатар, «фактілерді суреттеу, айту» дейді. Кеңес дәуіріндегі жіктеуді ұсынамыз. Кеңес үкметінің алғашқы жылдарында өткен бұрынғы деректанушылардың пікірін қолдады. 1925-40 жж. Тарихшылар мемлекет, идеология, қоғамдық қозғалыс тарихи тақырыптар бойынша жіктеді. 40-50 жж. Академик Тихомиров деректерді 5 топқа бөлді: заттай, лингвистикалық, этнографиялық, ауызша, жазбаша. Тихомиров жазба деректерді 2-ге бөлді. Яғни, құжаттық және баяндаушы деп. Ол деректерді шығу тегіне қарай бөлді. ХХ съезден кейін деректерді типологиялық жіктеу қалыптасады.

Типтік жіктелу – деректердің мазмұны мен формасының сәйкестік принципіне негізделген. Ақпаратты алу, сақтау тәсілдерімен ерекшеленеді.

Типтік жіктелудің 7 түрі бар. Олар: жазба, лингвистикалық, заттай фото-кино құжаттар, этнографиялық - фоно құжаттар, фольклорлық.

Жоғарыда айтқан жіктеу пайда болу мазмұны, формасы ескеріледі. Бұл жіктеу барысында нақты жіктеу жоқ.

Ковальченконың деректану оқулығында мынадай типтерге бөледі: заттай, көркемсурет, графикалық тип, жазба, фото құжат.

Деректерді пайда болу тегі, сыртқы ерекшелігі қарай үлкен немесе шағын топтарға бөледі.

  • заттай деректер археологиялық ескерткіштерінен бастап қазіргі дамыған техника-машиналарға дейін;

  • көркемсурет сурет өнерінің барлық саласы;

  • сөздік деректер күнделікті сөйлеу мәдениетінен бастап, халықтың шығармашылық ескерткіштері;

  • жазба деректер тұрмыста, мінез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;

Жалпы, көптеген тарихи деректер бір типке жатпайды., бұлар аралас типтерді құрайды.

Мысалы, бір деректер бірнеше типтерге жатуы да мүмкін. Жазба деректер өте көп мөлшерде кездесетіндіктен, оларды әр түрге бөледі. Бұндағы негізгі принцип оның формасы мен мазмұнының мақсаты бірлігі осындай жағдайды ескергенде Н.У.Пушкарев жазба деректерді екіге бөледі:

Құжаттық:

  • картографтық

  • статистикалық

  • актілік

  • концелярлық

Баяндаушы:

  • жеке (хаттар, күнделік, заманхат);

  • көркем (очерк, роман, лирика, проза);

  • тарихи (повесть, жылнамалар, әдебиеттер);

  • ғылыми (тарихи, философиялық, әлеуметтік еңбектер).

Жоғарыда айтылған дерек түрлері ең соңғысы емес.

Бақылау сұрақтары

1. Деректану проблемалары мен методологиясы жөнінде не білесің?

2. Тарихи деректерді сыныптау дегеніміз не?

3.Жазба деректүрлерінің эволюцияға ұшырауының факторлары?


Әдебиет

  1. Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

  2. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.

  3. Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И.Д. Ковальченко. 2-е изд. –М.: Высшая школа, 1981.

  4. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.в. Методологические проблемы исторического познания. М., 1981.

  5. Голиков А.Г., Круглова Т.А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.

  6. Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С.О.Шмидт. ред.) Наука М, 1969.


Деректану методы

Кілтті сөздер

Деректанулық сын, деректі аналитикалық сынау, деректің пайда болу негіздерін сынау, деректің мазмұнын сынау.

Талқыланатын сұрақтар

1. Деректанулық «сын».

2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.

3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».

4.Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы.

Мақсаты: Деректанулық сынды, олар мен жұмыс істеудің методикалық принціптері мен сатыралымен танысып, жазба деректердің сыни талдаудың сатыларымен жұмыс істей білуге үйрету


^ 1. Деректанулық «сын».

Деректерде бейнеленген тарихи оқиғаларды қалпына келтіретін тәсілдерді деректанулық «сын» дейді

Ресей тарихы бойынша тарихи деректер бірінші болып сыннан өткізген В.Н.Татишев . Ол қажетті дүниені қажетсізден айыра білу Мықты тарихшылардың Еңбектерін өзіне сын көзбен қарауды ұсынады.

  • Автор өзі айтып отырған оқиғаға қатысқан ба?

  • Егер қатысса сол кезде өмір сүрді ме?

  • Автор неге сүйеніп жазды?

  • Көп жыл өткен соң сол іске қатысқандығын жазып алды ма?

  • Авторы кім? өз отаны кім? әлде шетелдік пе?

Л Шлецер 1735-1809 жылдары тарихи сынды үш топқа бөлу арқылы жіктеген:

1.Кіші сын (сөзді сынау) түпнұсқаны анықтау.

2.Грамматикалық және тарихи талдау. Автордың қандай сөзді пайдаланғанын және не айтпақ болғанын анықтау. Жоғарғы сын. (дерек автордың пікірі дұрыс па, рас өтірік пе, көз жеткізу. Бұнда автордың оқиғаны қаншалықты білетіндігін анықтау. В.О. Ключевский ғылыми талдауды екіге бөледі: Философиалық сын (ежелгі қол жазбаны дұрыс оқи білу). Фактілі сын жазудың көзқарасын анықтау дейді.

Жазба дерктерді ғылыми сынның негізгі ережелері белгілі деректанушы А.С. Лапо-Данилевскийдің еңбектерінде жан-жақты көрсетілген. Ол екі кезеңнен тұрады. І-кезең-«сыртқы сын» және ІІ-кезең «ішкі сын».

Тарихи деректерге мұндай көзқарас алдыңғы парагровта айтылған белгілі француз ғалымдары Ш.Лангуа мен Ш.Сеньбосқа да тән болды. Олардың Москвадан 1889 жылғы шыққан «Ведение в изучение истории» деген еңбегінде шынайылықта айқындау «автордың көңіл күүйін анықтау арқылы жүреді»-дейді.

^ 2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.

Ғылыми еңбектерде, деректану бойынша жүргізілген кәзіргі зерттеулерде деректанулық талдау жүйелі теориялық негіздемеге ие болды. Методика нақты зерттеу тәсілі деген ұғым болса, метод жалпы зерттеу деген ұғымды білдіреді. Сондықтан методтың ауқымы кең, оған методика да енеді. Ол негізгі үш құрамдас бөлімнен тұрады:

-Нақты методология-басқаша айтсақ, метод теориясы, осының негізінде ғылыми таным принціптері жасалады;

-Методика-зерттеудің нақты ережелері мен тәсілдері;

-Техника-зерттеуге қажетті құрал-жабдықтардың жиынтығы.

Үш құрамдас бөлім- методика, методология және техника бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен, методология жетекші орын алады.

Методология мен методиканың ғылыми таным тәсілінің ажырамас құрамдас бөлігі екендігінен шыға отырып, тарихи деректану методикасын айқындауға болады. Бұл методика мынадай принціптерге негізделген:

^ Обьективтік принціп - тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтармен, күрделіліктермен, санқырлылықтармен қоса жан-жақты зерттеу. Барлық деректерге толық талдау жасау. Бір-бірімен байланысты деректерді кешенді зерттеу.

^ Партиялық принціп - ол деректерді зерттеудің өзекті мәселесі етіп, әлеуметтік талдауды алады: деректің қандай ұлттың, әлеуметтік топтың не таптың мүддесін қорғағандығын анықтайды, деректе сол әлеуметтік топтардың, ұлттардың не таптардың мүддесінің қаншалықты ашық, толық дәл көрсетілгендігін анықтайды.

^ Тарихи принціп – ол дерекке тек нақты тарихи тұрғыдан қарау емес, сонымен қатарпайда болуы мен сақталуына әсер еткен оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді зерттеу.

^ 3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».

Деректі сынаудың бұл кезеңі мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру формасын айқындалуын, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты-тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсат мен міндеттерін анықтаудан тұрады.

^ Деректердің сақталу формалары. Кез келген тарихи дерек белгілі бір материялды формада өмір сүреді. Мазмұны жағынан бірдей мәтіннің өзі әр түрлі формада кездесуі мүмкін. Деректің сапалы да тез өңделуі көптеген факторларға байланысты, сондай факторлардың бірі ол деректің сақтау формасы: қолжазба ма жоқ тасқа басылған ба, мұрағат материялдары ма, жоқ публикация ма?

^ Мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық проблемесы. Деректің мазмұнымен танысу барысында мәтінді қалпына келтіру және оның дәл мәнін ашуға байланысты көптеген қиындықтар пайда болады. Олар негізінен мәтіндегі кейбір сөздердің дұрыс оқылмауы немесе өшіп қалуына байланысты. Кей жағдайда мәтінді мазмұны бойынша немесе басқа мәтіндермен салыстыру арқылы қалпына келтіруге болады. Кәзіргі кезде мәтіннің өшіп қалған жерлерін немесе бүлінген жерлерін жаңадан пайда болған фотоанализ тәсілімен қалпына келтіру қолға алынуда.

^ Деректің пайда болған уақытын анықтау. Барлық деректерде бірдей оның жазылған уақыты көрсетіле бермейді., кейде мәтінде көрсетілген уақыттың өзі де дұрыс болмауы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда деректің жазылған уақыты туралы мәліметті сол мәтіннің өзінен, оның мазмұнынан табуға болады: деректе аталған тарихи тұлғалардың атынан, оның лауазымынан. Атақ дәрежесінен.

^ Деректің пайда болған жерін анықтау. Жоғарыда айтылған мәтінді оқу және уақытын анықтау үшін пайданылған тәсілдердің көбі, оның пайда болған жерін анықтау үшін де қолданылады. Сонымен қатар тарихшы тарихи географиялық гнегізіннде жасалған тарихи карталарды да пайдаланады. Тарихшыға қойылатын талаптың ең бастысы өзі зерттеп жүрген жерін көз алдына елестетуі. Сонымен қатар тарихи әкімшілік-территориялық өзгерістерді де жақсы білгені жөн.

^ Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын білу оны тарихи зерттеулергеи пайдалану міндетті шарт емес. Деректегі сақталынған ақпараттың сипаты оның авторымен емес, мазмұнымен айқындалады. Тарихшыны жасырын атпен, бірнеше атпен немесе тіптен атсыз жазылған деректерр де қызықтырады. Көптеген жағдайда тарихшылар өз еңбектерінде заң жобаларын, заң актілерін, үкімен қаулы-қарарларын, ағымдағы іс қағаздарын кеңінен пайдаланса да олардың авторын білуге ұмтылмайды. Дегенмен, бұдан дерек авторының аты керегі жоқ деген ұғым тумау керек.

^ 4.Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы.

Деректегі ақпараттың ғылыми маңызын бағалау кезінде оның шындыққа қатынасымен қатар, тарихшымен байланысын да айқында қажет. Бірінші жағдайда дерекпен шындықтың байланысына шынайылық проблемасы, екінші жағдайда «дерек және тарихшыға» өкілеттілік проблемасы пайда болады.

Шынайылық проблемасы.

Өкілеттік проблемасы.


Бақылау сұрақтары

1.Деректанулық сын дегеніміз не?

2.Обеьективтілік, париялық және тарихи принціп дегеніміз не?

3.Деректерді сақталу формасына мысал келтір?

4.Тұпнұсқалық проблемасы жөнінде не білесің?

5.Деректің пайда болған уақытын қалай анықтауға болады?

6.Деректің пайда болған жерін қалай анықтауға болады?

7.дерек авторының не құрастырушының атын қалай анықтауға болады?

8.Тарихи деректің әлеуметтік функциясы дегеніміз не?

9. Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасын қалау жүргізуге болады?

Әдебиет

Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.

Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И.Д. Ковальченко. 2-е изд. –М.: Высшая школа, 1981.

Голиков А.Г., Круглова Т.А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.

Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С.О.Шмидт. ред.) Наука М, 1969.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



Похожие:

«Деректану теориясы» icon«Деректану теориясы»
Р білім және Ғылым министрлігі 22. 06. 2006 ж. Республикалық жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының...
«Деректану теориясы» iconТест сұРАҚтары «Менеджмент теориясы мен тәжірибесі»
«Менеджмент теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша емтихан түріндегі тест өткізу үшін
«Деректану теориясы» icon3-4 1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу
Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі
«Деректану теориясы» icon3-4 1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу
Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі
«Деректану теориясы» iconМинистрлігі. М. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті
«Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
«Деректану теориясы» icon«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнінен тест-сұрақтары
А1, А2, А3 тәжірибенің нәтіжелері. Солардың тек біреуінің пайда болуын өрнек түрінде көрсет
«Деректану теориясы» iconПедагогика” пәні бойынша тест сұрақтары
А дидактика, психология, тарих, мектептану,тәрбие теориясы, мектеп гигиенасы,салыстырмалы педагогика
«Деректану теориясы» iconПрезентация Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
Кеңестік жүйедегі дене тәрбиесі тарихының қалыптасуы, Қазақстан Республикасындағы
«Деректану теориясы» iconТақырыбы: I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері. Ғылыми жетекшісі
«Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
«Деректану теориясы» iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов