«Деректану теориясы» icon

«Деректану теориясы»



Название«Деректану теориясы»
страница8/19
Дата08.05.2013
Размер3.03 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Мерзімді басылым – тарихи дерек

^ Кілтті сөздер

Газет, журнал, мақала, репортаж, памплет, сұхбат, очерк, фельетон

Талқыланатын сұрақтар

1.Қазақ баспасөзінің тарихи сипаты.

2.Баспасөз материялдарының деректік мәні, оларды деректанулық талдаудың принціптері.

Мақсаты: Қазақ баспасөзінің тарихи сипатына тоқталып, деректік мәні мен принціптерін қарастыру.

^ 1.Қазақ баспасөзінің тарихи сипаты.

Қазақстанда мерзімді баспасөз XIX ғасырдың 70-80 жылдары пайда болды. Ол қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды. Жұртшылыққа журналистика және онан орын алған идеялар өзіне тән саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан-жақты мәліметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды.

Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 13 баспасөз басылымдары шықты. Олардың ұзақ уақыт шығып тұрғандары "Түркістан уалаяты" (1870-1882 ), "Дала уалаяты" (1888-1902 ) газеттері мен "Айқап" (1911-1915) журналы болды. Қазақ баспасөзінің тарихы осы екі газеттің шығуынан басталады.

"Түркістан уалаяты" газеті әуел баста "Туркестан­ские ведомости" газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастады. Алғашқыда ол айына төрт рет, оның екі нөмірі өзбек тілінде және екі нөмірі қазақ тілінде шықса, кейін келе орыс тіліндегі га­зеттен бөлініп шығып, қазақ жөне өзбек тілдерінде шығарылды. "Түркістан уалая­ты" газеті бетінде қазақ елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлүматтар, оның ішінде қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл жөне Алматы облыстарын қоныстанған қазақтардың сол кездегі тіршілігі, тұрмыс салты кеңірек орын алды (ол кезде бүл облыс-тар Түркістан өлкесінің қүрамыңца болған).

Газет патшаның отаршылдық саясатын күшейте түсу, Ресейге жаңадан қосылған өлкенің жағдайларын, табиғат байлығын орыс буржуазиясының талабына орай зерттеп білу мақсатымен шығарылған.

Бірақ газеттің бейресми бөлімінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталуына байланысты бұл өлкедегі қазақтың шаруашылығындағы өзгерістер туралы мағлұматтар, қазақтың тарихы мен әдебиетінің материалдары көбірек орын алған. "Түркістан уалаяты" тек Түркістан өлкесіне қарайтын аймаққа ғана емес, ол Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, Омбы, Қарқаралы, Семей уездеріне де таралып тұрған "Дала уалаяты" газеті"Акмолинские областные ведомости" газетіне қосымша ретінде 1888 жылдан
1894 жылдың қаңтарына дейін, онан соң дербес газет болып 1902 жылдың 12-сәуіріне дейін қазақ, орыс тілдерінде Омбы қаласында шығып тұрған. Ол Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын билеген Далагенерал губернаторының органы болды. Газеттің ресми бөлімінде патша өкіметінің және жергілікті ұлықтардың бұйрық-жарлықтары басылды, патшаға табыну уағыздалды. Ал бейресми әлімінде қазақтың әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірінің мәселелері көтерілді. Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқын өнер-білімге, отырықшылыққа шақырған демократиялық идеяларын насихаттады. Сонымен қатар газетте қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, орыстың белгілі ақын-жазушыларының кейбір шығармалары, қазақтың әдет-ғұрпын, тұрмысын, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдарының мақалалары жарияланып тұрды. Қазақ әдебиеті мен тілінің мәселелері сөз етілді.

Қазақ халқьшың әлеуметтік-саяси және мәдени емірінде XX ғасырдың бас кезінде болған елеулі уақиғалардың бірі - "Айқап" журналының баспадан шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси жене әдеби журналы болды. "Айқап" өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың ағартушылық идеялары негізіндее дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырып, ілгері дамытқан журнал болы. Оның ре­дакторы демократ-жазушы Мұхаметжан Сералин (1872-1929) болды. Журнал 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Орынбор губерниясының Троицк қаласыңца ай сайын шығып тұрды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде шығып түрған осы мерзімді баспасөз басылымдары түрлі себептермен жабылып қалды.

1917-1920 жылдары шығарылған газеттердің саны 20-дан асты. 1989 жылы Қазақстан бойынша баспадан 450 түрлі газет пен 94 журнал және журнал типіндегі ба­сылымдар шығып тұрды Бұлардың көптеген материалдары құнды тарихи деректер болып саналады.

Мерзімдік басылымдардың негізі — газеттер мен журналдар.

Газет - негізінен күнделікті оқиғалар туралы ха-барлар үйымдастыру мен түрлі ақпараттық материалдар басып шығару мақсатындағы мерзімдік басылым. Ол күн сайын немесе әр аптаның белгілі күндері ғана шығып түрады.

Журнал - түрлі саяси, ғылыми материалдардан кітап түрінде ай сайын (немесе екі айда бір, әлде үш айда бір) шығып түратын мерзімдік басылым.

Мерзімдік басылым органдарының көпшілік қабылдап қолдаған топтастырылуы кездеспейді. Әдетте оларды бір-бірінен төменгіше ажыратады:

-басылып шығу мерзімі бойынша (күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын);

-территориялық белгісі бойынша (астаналық баспа­соз, орталық, аймақтық, жергілікті, баспасөз);

-тілі бойынша (қазақ немесе орыс газеттері мен журнаддары, шетелдік газеттер мен журнаддар);

-басып шығарушылары бойынша (ресми бас-пасөз—мемлекеттік, салалық, жеке меншік баспасөз, қоғамдық уйымдардың баспасөзі);

-басылымның мағынасы мен типтері бойынша (әдеби-қоғамдық журнал, газеттер; ресми-ведомстволық, ғылыми және арнайы; салалық; сатиралық, иллюстративтік;.

Мағынасынша немесе мақсатына қарай топтастырылған баспасөз басылымдарының саны өте көп. Олардың топтастырылуы көп жағдайда белгілі практикалық мақсаттарға байланысты болады. Бірақ ол тұтас және бірыңғай ғылыми жүйеге келтіру бола алмайды, тіпті топтастырудың өзі де емес. Мысалы, жоғарыда көрсетілген мерзімдік баспа органдары түрлерінің кейбіреулерін аталған басылымдардың басқаларына да жатқызуға болады. Ғылыми және арнайы басылымдар иллюстративтік басылым да болып келеді. Сол сияқты көптеген салалық басылымдардың органдары да тым тар шеңбердегі арнайы басылым бола алады.

Мағынасы жан-жақты мерзімдік баспасөз басылымдарының көпшілігі олардың бірыңғай нормативтік жүйесін жасау мүмкіндігін бермейді.

Сондықтан баспасөз органына, оның жеке материалдарына көңіл аударуда ең алдымен басылған материалдардың жалпы белгілерін анықтап, соның негізінде оны басылымның бір түріне жатқызып көру керек.

Деректанулық ерекшеліктеріне сәйкес баспасөз басылымдарын зерттеудің негізігі екі жолы бар: біріншісі — баспасөз органын бірыңғай дерек көзі ретінде жан-жақты зерттеу; екіншісі — баспасөз органынан (оргаңцарынан) тақырып бойынша дерек текстерді (олар осы орган туралы тақырыпта болмаса да) тауып алу және зерттеу. Бұл екі жолды бірінен-бірін ажыратуға жене біріне-бірін қарсы қоюға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Деректанушы тарихшы баспасөз басылымын қараудың бірінші жолында осы органның барлық жеке деректерінің топтарын анықтауға тиісті. Екінші кезекте зерттеуші жеке дерек тексті зерттеп, оны пайдалануда сол баспасөз басылымын (оның сипатын, әрбір жеке дерек тексті қамтыған мақалалардың басылуының себептері мен уақытын) тұтасымен назарынан тыс қалдырмауға міндетті.


^ 2.Баспасөз материялдарының деректік мәні, оларды деректанулық талдаудың принціптері.

Баспасөздің пайда болуы мен дамуы қоғамның практикалық талаптарынан туындайды. Оны әсіресе бүгінгі заманның мысалынан көруге болады. Егер қазан революциясына дейін баспасөз ақпараттың негізгі жене практикалық жүйесі ғана болып саналса, казіргі уақытта онымен бірге радио, теледидар, ақпараттық агенттіктердің барлығы ақпараттар беру институтының толық жүйесін қурайды. Олар ездерінің қоғамдық, саяси жөне әлеуметтік міндеттеріне байланысты жаппай ақпарат құралдары деп аталады. Олардың арасында баспасөз басты роль атқарады.

Баспасөздің жеке бөлініп қаралуы жазба деректердің осы оқулықта арнайы әңгіме болғандығынан емес. Өзінің ерекшелігіне байланысты мерзімді баспасөз зерттеу жұмыстарының дербес объектісі бола алады, ал радио мен теледидар материалдары ерекше деректанулық зерттеуді талап етеді. Сонымен бірге ра­дио 20-жылдардың аяғы 30-жылдардың басынан кең тарай бастаса, теледидардың мұндай сипаты 50-жыддардан басталады. Сондықтан баспасөз материалдары ел тарихының ұзақ уақытының деректері бола­ды. Баспасөз жаппай ақпарат құралдары дамуының құрамында әлеуметтік міндеттерін нөтижелі орындайтын қажетті қоғамдық организм ретінде комплексті түрде қаралады.

Баспасөздің мақсаты — қоғамдық талаптарды қанағаттандыруға көмектесу жөне адамдардың өмірі мен әрекеттері туралы соған сәйкес жан-жақты (өндірістік, әлеуметтік, отбасы-тұрмыстық, рухани т.б.) ақпараттар беру. Осының барлығы баспасөздің тақырыбы мен шындықты қамту шеңберінің сарқылмастығын көрсететіндігі деп санауға болады.

Кеңес өкіметінің газет, журналдары жұртшьшыққа идеологиялық ықпал жасап, әлеуметтік бейімдеу бағытын беруге пайдаланылды. Идеологиялык мақсатқа сәйкес "тәжірибелік" міндеттер үшін ақпараттар қатаң түрде сұрыпталып қана жарияланып тұрды. Алайда, коммунистік идеологияны насихаттаса да сол газет, журналдарда тарихшьшар үшін қажетті ақиқат материалдары, құнды фактілер көптеп кездеседі.

Баспасөз басқару мен тәрбие құралы ғана емес, сонымен бірге осы басшылықтың қорытьндысы тура­лы, халық бұқарасының көңіл-куйі мен ойларының да мәліметтерінің деректері болады.

Кеңес өкіметі заманында баспасөз таптық, партиялық принцип бағытыңда болумен қатар, оқырмаңдардың жасы мен білім ерекшеліктеріне және олардың кәсіби-әлеуметтік қүрылымына да байланы-сты болдьі

Осыған байланысты кеңес баспасөзін төмендегідей түрлерге (типтерге) болуге болады:

1). қоғамның бүқаралық барлық топтарына арналған жалпы саяси басылымдар;

2). белгілі әлеуметтік топтарға (жұмысшыларға, шаруаларға, интеллигенцияға) және қоғамдық ұйымдарға (комсомолға, кесіподақтарға) арналған ба­сылымдар,

3). әр түрлі салаларда еңбек ететін мамаңдар үшін кәсіби-өндірістік басылымдар:

4). белгілі аймақтарга арналған әкімшілік-территориялық басылымдар;

5). тұргындардың жас ерекшеліктеріне байланы­сты (балалар мен жастарға арналған) басылымдар.

Баспасөз өзінің әлеуметтік міндеттерін орыңдай отырып, оның ішінде ең алдымен ақпараттық міндеттерін, деректердің көптеген түрлерін сақтайды, бізге жеткізеді. Баспасөз беттерінде өкімет заңцары, іс қағаздары мен санақ құжаттары, мемуарлар және т.б. басылады.

Жоғарыда көрсетілгеңцей, бұл ақпараттық прессаның мағына құрьлымының да күрделілігін көрсетеді. Оның бір тобы жарияланатын материаддардан құрылса, екінші тобы баспасөздің өз деректерінің негізінде, өзіне тән формалар сипатында құрылады. Олармен жұмыс жүргізудің тәсілі әр түрлі болады: бірінші жағдайда көрсетілген құжаттардың түрлеріне деректанулық талдау өдісі қолданылса, екіншісіңде тарихшылардың журна­листикадан пайдаланатын тәсілі іске асырылады.

Баспасөз материалдарының бірінші тобынан, оның өзіне тән және ресми құжаттардың тарихи дерек ретіндегі маңыздыларын (заң текстері, үкімет ақпараттары, марапаттау туралы жарлықтар, конференциялар мен съездердің стенографиялық есептері мен хаттамалары), сол сияқты қоғамдық үйымдар, ұжымдар немесе бұқараның жеке өкілдері жасаған құжаттарын (құттықтаулар, оқиғалар туралы пікірлер, хаттар, үнлеулер, жиналыс қарарлары т.т.) бөліп алуға болады.

Мерзімді баспасөздің осы екі тобының материалдарын біріктіру — жай ғана мәселе емес. Олардың арасында тығыз байланыс бар. Әдетте қабылданған ресми матери­алдар баспасөз бетінде жариялауға негіз болады. Жарияланған нұсқау — құжаттарды (деректи-валар) халыққа баспасөз өз материалдарымен түсіндіреді, насихаттайды, олар туралы пікірлер береді. Сонымен, тәрбиелік, идеологиялық жөне ұйымдастырушылық мақсаттарға байланысты баспасөзде дерек түрлерінің бірігу процесі орын алады. Осындай органикалық бірігушілік процесінің негізінде тарихи деректің жаңа, дербес түрі қалыптасады.

Дерек ретінде баспасөздің ерекшелігі оның ерекше ақпараттық міндеттері мен құрылымының күрделілігінде емес, ол оның жанрларының әр түрлі болуында.

Оқиғаның баспасөз ақпаратында суреттелуінің шындыққа сөйкес баяндау сипатын шамамен тікелей және жанама түр деп екіге бөлуге болады, ал фактілік материалдар мен автордың комментариясының фактілерді қорытындьшау дәреже қатынасы фактографиялық жөне аналитикалық деп аталады.

Осыған байланысты мерзімдік баспасөз жанрларын шамамен: ақпараттық, аналитикалық және көркем публицистикалық деп үш топқа бөлуге болады. Баспасөздің ақпараттық жанры мақалаға, есеп беру құжатьша (отчетқа), репортажға, сұхбатқа (ин­тервьюге) негізделеді

Бұл топ варианттарының жалпы ерекшелігі оның құрамының күнделілігінде емес, бұнда оқиға мен факті туралы мәліметтердің дәл берілуінде. Бұл топтың ерекшелігі оқиға мен факті туралы берілген түсініктің осындай дәрежесімен анықталады.

Мақала дегеніміз — фактілердің баяндалуы, баға берілмеген кейбір мәліметтердің қысқаша жиынтығы. Есеп беру құжаты оқиғаның толық баяндалуымен объектінің егжей-тегжейлі жете көрсетілуімен (оқиғаға қатынасушылардың саны мен аты-жөні, сөйленген сөздердің мазмұнымен т.т.) сипатталады. Ақпараттың бұл жанры дипшоматиялық келіссөздердің, мемлекет басшылары немесе ресми адамдардың кездесуінің ең маңызды жақтарын қысқаша баяндау үшін пайдаланылады. Онда оқиға мен фактілерге егжей-тегжейлі баға берілмейді. Соған байланысты тарихшылардан тек қана сол фактінің дұрыстығының тексерілуі талап етіледі. Репортажда автордың оқиғаға қатынасы айқын білінеді. Оқиғаны суреттеу репортажыңца автор документаддық дәлелдік пен көрнектіліктің үйлесіміне сүйенеді. Репортаж материалын дерек ретінде пайдалануда тарихшы автордың жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударуға тиісті. Интервью (сұхбат) оқиғаға екі адамның, журна­лист пен оның әңгімелесушісінің, қатысуымен жүргізіледі. Бұл жанр оқиға туралы интервью берушіден алынған қосымша мәліметтерге кебірек сүйенеді. Бірақ фактілердің берілу дәлдігін байқау мен оларға журналистің қатынасын түсінуде қажетті болғандықтан, интервьюдің тексті мұхият талдау керек.

Аналитикалық жанрға корреспонденциялар, рецензиялар, шолулар мен мақалалар жатады. Бұл материалдардың негізгі мақсаты оқиғалар мен фактілерді хабарлау ғана емес, сонымен бірге сол мәселелерге бай­ланысты автордың ой-толғанысын да білдіру болады. Демек, фактінің суреттелуінен гөрі, автордың сол факті төңірегінде өзінше пікір білдіруі бірінші орынға қойылады. Бұл әсіресе мақала жанрына тән. Мақалада баяндалған проблеманың мәнін терең түсіндіруге байла­нысты фактілер автордың пікірімен мысал немесе дәлел ретінде беріледі.

Фактілер өмір тәжірибесі, білімдарлық және идеялық қөзқарастар негізінде пайдаланылатын болғандықтан, автордың ой таразасынан өтіп жазылған мақала күрделі деректанулық жұмысты талап етеді. Мақалаларда фактілер толық және неғұрлым шынайы көрсетіледі, сонымен бірге олардың мәні де түсіндіріледі.

^ Көркем публицистикалық жанрлар (очерк, фелье­тон, памфлет) құжаттық дәлелділікпен, ойдан шығарылған әдеби суреттемемен үйлестіріліп, оқиғаларға автор сезімі арқылы өнделіп беріледі.

Жеке жанрлардың құндылығы туралы дерек ре­тінде тек нақты зерттеуге сәйкес пікір айтуға болады. Кейбір жағдайларда, мысалы, оқиғаның барысын бүрынғы қалпына келтіру үшін, фактілік материалдар қажет. Басқа жағдайларда, атап айтқанда, қоғамдық ойдың тарихын, кейбір дәуірдің көзқарасын таддауда, әсіресе авторлық түсіндіруді зерттеудің мәні зор. Мерзімдік баспасөз материалдарын тарихи дерек ретінде білгірлікпен пайдалануда тарихшылардың баспасөз ерекшеліктерін жетік білуі жақсы негіз болады.

Сонымен, газеттер мен журналдар ақпараттың күшті құралы болумен қатар, қоғамдық сананы қалыптастыруда, қоғамның жекелеген әлеуметтік топтарының пікірлері мен көңіл күйіне әсер ететін құрал болып табылады. Сондықтан баспасөз материалдарына, тарихи жазба дерек ретінде, көңіл аударушы тарихшылар баспасөз органдарының саяси және әлеуметтік бағыт-бағдарына сыни пікір тұрғысынан қарауы керек.

Бақылау сұрақтары

1.Мерзімді басылымның дерек көзі ретіндегі маңыздылығын ата?

2.Мерзімді басылымдарды қалай сыныптауға болады?

3.Мерзімді басылымға қалай деректанулық талдау жасауға болады?

4.Бүркеншек есімдер дегеніміз не?

Әдебиет

Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.


Заңдық актілер

Кілтті сөздер

Әдет-ғұрып, шариат, Шыңғысханның жарғысы, Темірдің білігі, акт, заң, би, декрет.

Талқыланатын сұрақтар

1.Қазақ халқының заңдық деректеріне шалпы шолу.

2.Қарамола Ережесі.

3.Кеңес өкіметінің заң акттілері мен нормативтік қаулыларының негізгі түрлері.

4.Актілік материялдарды деректанулық талдау.

Мақсаты: Заңдық деректерге шолу жасап, негізгі түрлерімен танысу.


1.Қазақ халқының заңдық деректеріне шалпы шолу.

Қазақстан териториясында қола дәүірі кезінде әйгілі билік пайда болды. Жазылмаған заң арқылы қауымды реттеп отырды. Метал өндіріп, қару соғып, соғыстың көбейуіне байланысты, осыны реттеп, тәртіпке келтіретін күшті орталықтанған билік керек болды. Билік заңдары шығарды. Бұл заңдардың деректік мәні зор.

Еліміз тарихында халқымыздың:

  • әдет-ғұрып салт – дәстүр

  • шариат

  • Шыңғыс ханның жарғысы

  • Темірдің билік құрамы

  • Қасым ханның қасқа жолы

  • Есім ханның ескі жолы

  • Тәукенің жеті жарғысы

  • Патша империясы тұсындағы заң құжаттары

  • Кеңес үкіметі тұсындағы Заң актілері

  • Тәуелсіз Қазақстанның Заңдары

деп кезең – кезеңге бөлуге болады. Бұл әрине шартты түрде. Енді біз бұларға тоқталып мағынасын ашсақ.

Акт – термині латынның істелді деген мағынаны білдіреді. Бұған әртүрлі келісім құжаттары, жатады. Заңдық құжаттар екі үлкен топқа бөлуге болады.

  1. Жалпы құқықтық акт (Заңды күші бар жоғарғы билік)

  2. Меншік актілер (Екі тұлғаның арасындағы)

Актілік материалдарға жеке адамдардың бір-бірімен, мемлекеттердің дара және мемлекет пен мекемелердің экономикалық, дипломатиялық, саяси мүдделеріне байланысты шарттары – заң түріндегі келісім құжаттары жатады.

^ Заң құжаттары – белгелі бір дәуірдің әлеуметтік экономикалық, қоғамдық, құқықтық қатынастарын зерттеуге мүмкіндік беретін материал.

Құқық – адамдар арасындағы қатынасты реттейтін мемлекет нұсқаулар мен заңдардың тұтас жинағы. Мемлекеттік құрылымды қорғау сақтаудың тәртіп ережелері.

^ Шариғат – Мұсылмандардың Құран кәрімге сүйеніп негізделген заң нормаларының жиынтығы.

Жарғы – монғолдың ярғу төреші деген сөзінен шыққан. Қазақша «Әділ төрелік» деген білдіреді.

Әдет – «заң» жора, жарғы, жол деген терминдерін пайдаланды.

Бидің билігі... ауызша түрде фольклорлық.

Билер сөзі дерекке жатады.

Жүгіну – 5-6 биден құралады.

Кеңес – 10-20 биден жиылысы.

Мәселені шешу үшін ережеге сүйенеді.


Қасым ханның қасқа жолы.

Қазақ заңдары қазақ халқының ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет – ғұрыптың ережелерден шықты.

  1. Мулік заңы (мал , мүлік, жер дауын шешу ережелері)

  2. Қылмыс заңы (кісі өлтірі, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза)

  3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат)

  4. Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауы Бөкеуіл, тұтқауымдардың міндеті)

Есім ханның Ескі жолы толықтырылып, қосылғандары (хан болсын, ханға лайық заң болсын, батыр болсын, би болсын, би түсетін үй болсын)

Бұл ережелер бұрыннан келе жатқан дәстүр болғандықтан болуы мүмкін.

^ 2.Қарамола Ережесі.

1885 ж. Семей облысы Қарамолла деген жерде Павлодар, Қарқаролы, Семей,Өскемен,Зайсан уездері билері мен құрметті адамдарының төтенше өткізген съезі. Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережелері қабылданған. Бұл құжатты съезде төбе би болып сайланған Абайдың өзі жазып шыққан. Бұл құжат 1886 жылы Қазан университетінің баспасынан (араб әріпімен) шықты.

Құжаттан ел билеудің әдеттік- құқықтық жүйесі мен ислам діні бекіткен заң нормаларын өзгерту.

Заң актілерінің негізгі түрлері:

    • Конституциялар;

    • Заңдар;

    • Кодекстер.

1930 жылдың ортасына дейін декрет, қаулы,қарар атаулары қолданды.

Декрет (латынша қаулы, шешім) Кеңес өкіметінің алғашқы заңдық актісі.

Конституция (латынша-үйлестіру) негізгі қоғамдық және мемлекеттік принциптері қалыптастырады, қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық және саяси негізін сипаттайды.

Алғашқы конституция 1924,1936,1977 жылдары қабылданды.

1936 ж. Қазақстан автономиядан одақтық Республика болып құрылды:

- ер мен әйел теңесті;

- сот істерін жергілікті халықтың тілінде жүргізуге құқық берді;

- Ана тілінде мектеп, мемлекеттік мекеме, мәдени орындарды пайдалануға құқық берді.

1977ж. Одақтың Конституция қабылданды,ал Республика өз конституция-сын,қабылдады. (Айырмашылығы жоқ) Бізде 1978ж.

1936 ж. Конституциядан кейін Заңдар кең түрде дамыды. (Жалпыға бірдей әскери міндет)

Жоғарғы мемлекеттік өкіметтің актілік құжаттары:

    • Ереже;

    • Мәлімдеме;

    • Үндеу;

    • Қаулы;

    • Деклорация;

    • Резолюция.

Кеңес съезінде бекітілген бұл актілер толық заңдық күші бар.

3.Кеңес өкіметінің заң акттілері мен нормативтік қаулыларының негізгі түрлері.

Кеңес өкіметі заңдарының материалдары Кеңес мемлекеті тарихының негізгі кезеңдерін керсетіп, оның принциптерін ашуға мүмкіндік береді. Зандар мемлекеттің қоғамдық-саяси, экономикалық негізін зерттеудің негізгі деректері болып табылады. Олар өкімет еркі мен саясатының реалды өмірде жүзеге асырылуын көрсетеді. Зандар мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қоғамдық" ұйымдар мен жеке адамдардың құқық тәртібінің ережелік нормаларын анықтайды.

Кеңес мемлекетінің тарихы "социалистік" деп аталған қоғамдық құрылыспен тығыз байланысты болды. Кеңес тарихнамасы бойынша, ол үш дәуірмен сипатталады: біріншісі — капитализмнен социализмге өту кезеңі. (30 жылдардың ортасына дейін), екіншісі — "социализмнің толық жөне түпкілікті жеңісінің", үшіншісі — "дамыған социализм" дәуірлері. Бұл дәуірлер мемлекет құрылысындағы ерекшеліктермен (мысалы, КСРО-ның құрылуы) немесе мемлекеттік басқару жұмысы тәсілдерінің өзгеруімен (мысалы, азамат және Ұлы Отан соғыстары уақытыңда) сипатталатын кезеңдерден түрды.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарының зандық актілерін Советтердің бүкілресейлік съезі, Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті (ЦИК) мен РСФСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі (Совнар­ком) қабыддады. Кеңес өкіметі орнағанан кейін, Ресей империясының шет аймақтарыңда Кеңестер съезінің, республикалардың Орталық Атқару Комитеттері мен олардың үкіметінің зандық актілері түріндегі өздерінің заң шығару ісі қалыптасты.

1924 жылғы Конституция бойынша заң шығару жүмысын КСРО Советтерінің съездері, КСРО Орта-лық Атқару Комитет! мен Орталық Атқару Комитетінің Пре­зидиумы, КСРО-ның Халық Комиссарлар Советі және осыларға сәйкес одақтық, автономиялық республикалардың жоғарғы органдары атқарды. 1936 жылғы Конституция негізінде заңдар КССРО-ның Жоғарғы Советімен (соған сейкес одақтық және авто-номиялық республикалардың Жоғарғы Кеңестерімен) қабыдданды. Осы зандардың негізіңде өкіметтің басқа органдары нормативтік актілерін, яғни негізінен зандардың орындалуына арналған құжаттарды, жариялап отырды. Заң шығарудың мұндай тәртібі 1977 жылғы қабылданған Конституцияға дейін сақтадды.

Көрсетілген кезендерде, әсіресе заң актілерінің дайыңдалуы мен жариялануының өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында заң актілерін әскери-революциялық комитеттер, Халық Шаруашылығының Жоғарғы Советі, тіпті оның жеке бөлімдері де жариялап тұрды.

Заң актілерінің негізгі түрлері (конституциялар, зандар, кодекстер) кеңес қоғамының әр дәуіріне тән болды. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінің заң актілеріне көбінесе декреттер жатады. Советтердің бүкілодақтық, бүкілресейлік жөне т.б. съездерінің қаулылары, шешімдері мен қарарлары аталған мемлекеттік өкімет органдарының орын алуымен байланы-сты болды.

30- жылдардың ортасына дейінгі заң актілері "декрет, қаулы, қарар" деген көптеген атаулармен белгілі. 1936 жылғы КСРО Конституциясының қабылдауына байланысты бірыңғай "Заң" деген аталым енгізілді. Атқару өкіметінің құжаттары үшін "қаулы", "жарлық" деген атаулар сақтадды.

Сонымен, осы уақыттан бастап заң шығару ісінде заң актілері мен олардың терминологиясын белгілі бір ізге келтіру жұмысы орын алды.

Заң актілерінің түрлері көп жағдайда өздерінің орындалу міндетіне байланысты құрылымы мен формасы жағынан өзгешелігімен белгілі болды. Сөйтіп, актілік материалдардың бір түрі барлық одақтық және автономиялық республикалардың заң шығару ісіне ортақ бодды.

Кеңес екіметінің заң шығару мәселелерінің негізгі топтарына декреттер мен конституция жатады.

Декреттер /латынша — каулы, шешім/ Кеңес өкіметінің алғашқы зандык актілері болды.

Алғашқы декреттер болшевиктер партиясы бағдарламасының талаптары мен 1917 жылғы партиялық шешімдердің негізінде қабылданды. Олар баспадан листовкалар, прокламациялар, арнайы кітапшалар түрінде шығып түрды.

Кеңес өкіметінің алғашкы айларында заң құжаттарының берілген терминологиясы болмағаны байқалады. Соның салдарынан заң актілерінің декреттік мәні бар саналатындары да "қаулы" депаталған. Мысалы, 1917жылы фабрика немесе басқа ірі кәсіп орындарының нализациялануы туралы Халық Комиссарлар Кеңесінің декреттері "қаулы"деп аталған. Сол сияқты кейбір жағдайларда адамдарды қызметке тағайындау туралы актісі де "декрет" делінген. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы декреттерін Кеңес мемлекетінің жоғарғы органдарының жинақталған зая, актілері деуге болады. Олар: әскери-революциялық комитеттің, Советтер съездерінің, Бүкілресейлік Атқару Комитетінің, Халық Комиссарлары Советінің, Еңбек жене Қорғаныс Кеңесінің қаулылары, үндеулері, декларациялары.

Конституция /латынша - үйлестіру/ негізгі қоғамдық және мемлекеттік үйлестірудің принциптерін қалыптастырады, қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси негізін сипаттайды.

Конституциялар қоғам тарихының жеке кезеңдері туралы неғұрлым жииақталған ақпарат береді. Сонымен бірге Конституциялар, бір жағынан, бұқара халықтың белгілі құқтық нормаларының қалыптасу жылдарыңдағы қоғамдық процестерді қорытыңдыласа, екінші жағынан, әлеуметтік құбылысты дамытатын құрал ретінде белгілі әрекеттер бағдарламасының ролін атқарды. Тарихи дерек ретінде конституциялардың осы ерекшеліктерін пайдалануда зерттеушілердің өте мұқият болғаны жөн. Конституциялардың дайындалуы мен қабылдану мақсатының тарихи жағдайлары, олардың әрқайсысының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктерін негіздейді.

1918 жылы шідде айының 10 күні Бүкілресейлік Советтердің V съезінде қабылданған бірінші Кеңес конституциясы - РСФСР Конституциясы Қазан төңкерісінің жеңісін заң жүзінде бекітіп, оның тексіне "Еңбекшілер мен қаналушы халықтың декларациясы" деп аталатын зандық актіні енгізді.

1918 жылғы Конституция капитализмнен социализмге өтпелі кезеңге сәйкес деп қабылданып, оның ерекшеліктері конституцияның баптарыңда көрсетілді.

Қазақ АССР-ының мемлекеттік қүрылымы 1920 жылы РСФСР Конституциясына сөйкес, жалпыроссиялық үлгіде қүрылды.

Қазақстанның заң актісі — "Қазақ АССР еңбекшілері праволарының декларациясы" Советтердің төтенше съезінде қабылданды. РСФСР-дің "Еңбекшілер мен қанаушы халықтың праволары декларациясының" негізінде қабыдданған бүл қүжатта Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы құрылуының негізгі принциптері негізделді.

Азамат соғысы аяқталған соң, кеңестік республикаларды біріктіру принципінің негізінде 1922 жылы желтоқсанның 30-ы күні КСРО Советтерінің I съе­зде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрыдды. Съезд "КСРО-ның құрылуы туралы декла­рация" және "КСРО-ның құрылуы туралы келісім" қабылдады. Бұл екі заң актісі 1924 жылы қабылданған КСРО Конституциясының негізін қүрды.

1924 жылғы Конституция жалпыодақтық өкімет пен басқарудың жоғарғы органдары қүрылымын және олардың міндетін анықтады. Конституция жаңа одақтық мемлекеттің тек қана ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін қарап, саяси жене экономикалық құрылысының негізін, азаматтардың құқтары мен міндеттерін қараусыз қалдырды.

1936 жылы 5 желтоқсанда Советтердің VIII Бүкілодақтық съезі КСРО-ның жаңа Конституциясын қабылдады. Бұл Конституция "КСРО-да социализм негіздері қүрылды деген "тұжырымды" заң жүзінде бекітті. Социализм негіздерінің құрылуы Кеңес мемлекетінің саяси және экономикалық негізімен қоғамдық - әлеуметтік құрлысында болған өзгерістермен сипатталды. Сайлау жүйесі өзгертіліп, жалпыға бірдей, төте және жасырын дауыс беру енгізді. Түңғыш рет Конституцияға "Азаматтардың негізгі құқтары мен міндеттері" деген тарау енгізідді.

Конституцияда совет еліндегі коммунистік партияның басшылық ролі ерекше аталып көрсетілді. 1936 жылғы Жаңа Конституцияның негізіңде Қазақстан автономиялық республикасы одақтық рес­пуб­лика болып қайта құрылды.

Конституция Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы" жұмысшылармен шаруалардың социа­листмемлекеті, оның саяси негізін еңбекшілер депутаттарының Кеңесі құрады" деп жариялады. Сонымен бірге онда" Қазақ КСР-ның экономикалық негізін социалистік шаруашылықтың жүйесімен өндірістік құралдарға социалисттік меншікке негізделген: мемлекеттік /бүкілхалықтық/ және колхозды - кооперативтік шаруашьшықтар құрады" делінген.

Жалпы одақтық Конституцияға сәйкес Қазақ КСР-ның Конституциясы республиканың барлық азаматтарын тең қүқықты деп жариялап, олардың мін-деттерін анықтады.

Конституция әйелдерді ер адамдармен тең құқықты деп жариялады. Соның негізіңде әйелдердің тең құқықтығын мойындамаушылар /жас қыз баланы тұрмысқа беру, оларға үйлену, қалыңмал алу, бірнеше әйелмен некелесу, әмеңгерлік, әйелдерді оқуға, ауыл шаруашылығы мен өңдіріске, мемлекет басқару жөне қоғамдық-саяси жұмыстарға тартуға қарсыластар/ заңға тартылатын болды.

Конституция сот істерін жергілікті халықтың тілінде жүргізу құқын, азаматтардың мектептерде, мәдени, қоғамық және мемлекеттік мекемелерде ана тілін пайдалану құқын берді. Конституция республикалық жөне одақтық-республикалық наркоматтардың құрамын бекітті, үкіметтің міндеттерін анықтады. Конституция республиканың ел таңбасы /гербін/ мен байрағын бекітті. Кейін келе, 1936 жылғы КСРО Конституциясы, әсіресе оның мемлекет құрылысы, өкіметтің жоғарғы органдары мен оларды басқаруға қатысы бар органдар туралы тараулары көптеген өзгерістер мен то-лықтыруларға үшырады. Соған байланысты КОКП-ның XXIV және XXV съездерінің шешімдері жаңа Конституцияны дайыңдауды талап етті.

1977 жылдың 7 қыркүйегіңде Жоғарғы Кеңестің тоғызыншы кезектен тыс жетінші сессиясы КСРО-ның жаңа Конституциясын бекітті.

Бұл Конституция кеңестердің заң актлерінің бір түрі ретінде тек одақтық қана емес, сонымен бірге ол республиканың да заңы болды. КСРО-ның жаңа Конституциясының негізінде әрбір одақтық жөне автономиялық республикалар өз Конституциясын қабылдады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы жоқтың қасы болды, болғаны да формалды түрде болды

1978 жылы қабылданған Қазақ КСР конститу­циясы да осыңдай сипатта болды. Қазақстанға қосымша берілген кепілдіктің түрі — әйелдер мен ер
адамдардың тең құқықтылығы ғана болған. Әзірбайжан, Грузия КСР-ларының Конституциясын дағымемлекеттік тіл туралы ерекше бап Қазақ КСР-ы Конституциясында орын алмады.

1936 жылғы қабыдданған Конституциядан кейін Кеңес өкіметінің заң шығару жүйесінің кең таралған заң актілерінің түрі зандар болды. Құқықтық тәртіптеу жұмысын заң түрінде қарауды КСРО Жоғарғы Кеңесі түпкілікті түрде толығымен өзінің қарауына алды. Оған мысал ретінде КСРО-ның жалпыға бірдей әскери міндеттері туралы заңын /1967/, КСРО-да халықтық бақылау туралы заңын /1979/, Жануарлар дүниесін қорғау туралы КСРО заңын /1980/ қабылдағанын т.б. келтіруге болады.

Жоғарғы мемлекеттік өкіметтің актілік қүжаттары деп резолюциялар, қаулылар, ережелер, декларациялар, үндеулер мен мәлімдемелерді атауға болады, Оларды одақтық және республикалық органдар қабылдады. Советтердің съездерінде бекітілген мұндай актілердің толық заң күші бодды.

Мемлекет басқару жұмысының маңызды мәселелерін реттейтін жалпы сипаттағы қаулыларды жарлық деп түсінуге болады. Кейбір жағдайда /мысалы, қызметке тағайындау немесе босату туралы/ қаулының жекелеген адамдарға нақты нұсқаулық қатысы болды. Қаулылар күші жойылғанша пайдаланылды. Жарлықтар, қаулымен салыстырғанда, олар-дың орындаушылық, басқарушылық сипаты төмендеу актілер. Жарлықтардың орындалғанша ғана күші бол­ды. Қаулылар Министрлер Кеңесі төрағасының /немесе оның орынбасарының/ және Министрлер Кеңесі істерін басқарушының қойған қолымен, ал жарлықтар — алғашқылардың бірінің қойған қолымен жарияланды.

Кеңес дәуірінде заң шығаратын жоғарғы өкімет органдары мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен қаулылары да жиі жарияланып тұрды. Оған мысал ретінде КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесі не­месе КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы, КСРО Халық Ко­миссарлар Кеңесі мен Бүкілодақтық Комму­нисте /большевиктер/ партиясы Орталық Комитетінің /1941 жытіғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қорғаныс Комитетін қүру туралы"/ қаулысын келтіруге болады.

Бірлескен қаулылар мемлекеттік және халық шаруашылығының белгілі саласын дамыту ушін барлық күшті ұйымдастыру мақсатындағы құжаттар болды. Бірлескен қаулылардың заң күші болмаса да, өктемдік күші басым болды.

Қорытып айтқанда, Кеңес өкіметі өзінің актілерін "заң тәртібі" ретінде қоғамның "шаруашылық жөне мәдени-тәрбиелік проблемасына" айнаддырды. Осы шаралардың жүзеге асырылуы Кеңес Одағы комму­ни­сте партиясының өктемшіл саясатына негізделді.

Қазақ елінің қоғамдық дамуы коммунистік партияның еркімен жургізіліл, оның жоғарғы органдарының шешімдеріне сейкес орыңдалды. Кеңес өкіметі органдарының актілері коммунистік партияның бағдарламасына негізделіп жасалды. Кейін келе партияның жоғарғы органдарының қарарлары КОКП Ор-талық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің жеке немесе бірлесіп қабылдаған қаулылары түрінде өкіметтің атқару органдарымен жүзеге асырылып отырды.

^ Кеңес өкіметінің заң актілерінің жариялануы

Заң актісінің қалыптасу кезеңі оның жариялануымен аяқталады. Заң тексінің баспада ресми жария­лануы заңның күшіне енуі болып саналады, ал жергілікті жерлерде - заң тексі жарияланған ресми басылымының келіп түскен уақытынан басталады.

Кеңес өкіметінің алғашқы заңдарын "Нүсқаулар жинағында" ("Собрание указаний") баспадан шығару ісін халықтық заң комиссариаты (Наркомюст) 1917 жыддың желтоқсан айында бастады. Онда заңдар мен қаулылар хронологиялық тертіппен беріліп, актілер шыққан жылдар ретімен орналастырылды. Мерзімдік басылымдардың ішінен "Нұсқаулар жинағы" заң материалдарының толық басылымы болды. "Нұсқаулар жинағына" сипаты мен типі ұқсас басылымдар Ук­раина ССР-ында, Әзірбайжан ССР-ында жөне басқа да республикаларда шықты.

Орталық Атқару Комитет! (ЦИК), оның Прези­диумы, КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі (СНК) мен Еңбек, Қорғаныс Кеңесінің (СТО) бүкіл деректері мен қаулылары 1924 жылы баспадан "КСРО-ның жұмысшы-шаруа үкіметінің зандары мен жарлықтарыңца" жариялана бастады. Жинақ екі бөлімнен тұрды. Біріншісінде — заңдық сипаттағы актілер, қалғандары: қызметке тағайындау мен марапаттар ту-ралы, акционерлік қоғамдардың уставтарын бекіту ту-ралы жоне т.б. — екінші бөліміңде басылды. "Заңцар жинағының" бірінші бөлімі КСРО халықтарының ал-ты тілінде (орыс, украин, белорус, грузин, армян, түркі-татар) басылып түрды.

1938 жылдың 7 сәуірінен бастап "Заңцар жинағының" орнына "КСРО Жоғанғы Кеңесінің ведом-стер!" басыла бастады. Алғашқы жылдары "Ведомстер" газет түрінде шықса, 1944 жылдан бастап бюллетень-дер түрінде шығарылды. Бүл басылым Одақ ыды-рағанға дейін шығып түрды.

1938-1949 жылдары жоғарғы атқарушы өкімет органының қаулылары мен жарлықтарының арнайы ба­сылымы — "КСРО Үкіметінің қаулылары мен жар-лықтарының жинағы" ("Собрание постановлений и рас­поряжений Правительства СССР") үздіксіз шыгып түрды. Бұл басылым 1951 жыддан бастап мекемелер мен ведом­стволар үшін басылса, 1957 жылдан жұртшылық үшін "КСРО үкіметінің қаулыларының жинағы" деген атпен шығып түрды.

1958 жылдан бастап КСРО-ның заңдары мен КСРО Жоғаргы Кеңесі жөне оның Президиумыныңбасқа акгілері одақтас республикалар тілінде шығатын "Ведомстерде" жарияланып, сонымен қатар актілердің маңыздылары "Известия" газетінде де жарық көрш тұрды.

Халықаралық келісімдер бұқаралық баспасөз бен КСРО Үкіметі және Шетелдер министрлігінің арнайы басылымдарында жарияланды.

Сонымен бірге Кеңес мемлекетінің заңцық жөне басқа да актілеріне байланысты ірі ғылыми басылымдарды да атап көрсеткен жөн. Олардың ішінде бүрын-соңцы жарияланбаған құжаттар қамтылған "Декреты Советской власти" жинағының деректік мәні айрықша.

Конституция дайыңдауға байланысты материал-дар арнайы басылымдарда кеңінен берілді. 1957 жылдан бастап "Документы внешней политики СССР" басылымының көптомдығы шыға бастады. Кеңес өкіметінің сайлау органдарының материаддары көптомдық жинақта басыдцы. Оған Кавказдың, Ор­та Азия мен Қазақстанның бұрын жарияланбаған көптеген қүжаттары енгізілді.

^ 4.Актілік материялдарды деректанулық талдау.

Тарихи деректер болып саналатын заң жөне үкімет актілері белгілі уақыттың тарихи туындысы. Бүл қүжаттардың пайда болуын зерттеу деректердің мағынасын үғуға, жаңа актілік материалдардың пайда болу себептерін түсінуге, оларды жасаушының ролін ашуға мүмкіндік береді.

Заң актілерінің пайда болуью зерттеу торт ке-зеңнен түрады: заң шығару ынтасы - бастама; заң жобасын дайындау мен оны талқылау процесі; заң жобасын заң шығаратын органдарда талқылау мен бе-юту; занды жариялау.

Кеңес өкіметінің дөуірінде "бұрынғы қабылданган заң актілерінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі өзгерістерге сәйкес болмай қалуының негізінде" деген себеппен жаңа заңдар да шығарылып тұрды.

1918 жене 1924 жылдардағы Конституциялардың 30- жылдардың ортасында қоғамда болған өзгерістерді қамти алмағаны — шындық. Сондықтан Бүкілодақтық Советтердің VII съезінің КСРО-ның жаңа Конституциясы (1936) жобасын жасау туралы қаулысын КСРО-ның Конституциясьш дайындаудың ьштасы ретінде қарауға болады.

1918 жылғы РСФСР-дің конституциясы бойынша Бүкілресейлік Кеңестер съезіне, Бүкілресейлік орталық аткару комитетіые, РСФСР-дің Халық комиссарлар Советі мен наркоматтарына заңцық бастама құқығы берілді. Осы тәртіп 1924 жылғы КСРО Кон-ституциясында да сақталды. 1936 жылғы Конституция бойынша зандық ынта құқығы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Одақ кеңесі мен Ұлттар кеңесі палаталарына берілді. 1977 жылғы Конституция бойынща заңдық ынта куқығы КСРО Жоғарғы Кеңесіне, оның Прези­диумы мен тұрақты комиссияларына, КСРО Министрлер Кеңесіне, одақтас республикалардьщ жоғарғы мемлекеттік өкімет органда­рына, орталық қоғамдық ұйымдардың органдарына және т.б. берілді.

Занды шығарудың ынталық кезеңі өкімет орга-нының заң жобасын дайыңцаудың қажеттілігі туралы шешім кабылдауымен аяқталады.

Заңның пайда болуының екінші кезеңіне заң жо­ба­сын жасайтын арнайы комиссияны құру мен жобаны жариялау жұмысы жатады. Зандық актінің жобасы жарияланғаннан соң, оған жалпыхалықтық талқылау ұйымдастырылды. Заң жобасымен танысып, оны талқылаудың барысында еңбекшілердің оған көзқарасын көрсетуші хаттары мен пікірлерінің зерттеушілер үшін үлкен деректік мәні бар.

Заңның пайда болуының келесі кезеңінде жоба өкіметтің жоғарғы органдарында талқыланады.

Заң актілерін талдау процесінде олардың жарияланған нұсқасын, олардың архивтегі түпнұсқасымен салыстырады.

Заңдық актілерді талдауда зерттеуші актінің аты мен түрін анықтайды, қорытынды хаттамасына баға береді (қойылған қол мен бекітілген күнінің т.б. бо-луы), қажет болған күнде мәжіліс хаттамасы бойынша қаулының қабылданған уақыты салыстырылады.

Заңдық актінің пайда болуын зерттеуде алынған мәліметтер деректің мағынасын талдау үшін көлемді материал береді. Осыңдай талдаудың нәтижесіңце жалпы тарихтық қорытыңцыларды негіздеуге қажетті мәліметтер алынады. Зерттеудің мұндай сатысы үшін күн ілгері бірнеше негізгі сұрақтардың белгіленгені жөн. Мысалы, зерттелетін заңның тарихи орны мен андай маңызы, бұрынғы актілермен салыстырғанда, қаңдай жаңалығы бар? Оның қоғам дамуындағы ролі қандай? .

Заң актісінің тарихи орнын анықтау, оның пайда болуын зерттеумен тығыз байланысты. Осылай зерттеу жаңа нормалардың қалыптасу процесі мен олардың формасын көрсетеді.

Заң актісін талдау объективті зандылықтарға негізделуі керек. Зерттеу жұмысының осындай сипатта ұиымдастырылуы жөне оның тарихи процестермен, члрдің нақты проблемаларымен, қоғам дамуының жалцы бағыгымен тығыз байланыста жүргізілуі қажет. Заң актісі қоғамдық-саяси ойдың көрсеткіші мен оның ескерткіш дерегі ретінде қаралуы керек. Заң құжатьгадағы жаңа нормалар мен анықтамалар екі түрлі дерктер болып табылады: біріншісіңце мемлекеттің қоғамдық қатынастары мен саясаты сипатталса, екіншісінде қоғамдық-саяси ойдың деңгейі айқындалады.

Зан актілерін талдауды бір-бірімен байланысты екі бөлікке бөлуге болады: деректерді тарихи тұрғыдан түсіндіру және оның терминдеріне грамматикалық түсінік беру. Тарихи тұрғыдан түсіндіру дегеніміз заңнъщ қоғам дамуының объективті заңдылықтарьша сәйкестігін ашумен бірге, оның әлеуметтік бағытын саралап, пайда болу себептері мен жүзеге асырылу нәтижелерін және т.б. баяндау. Ал терминдерге тілдік тұрғыдан (этимологиялық, лексикалық т.б.) түсіндірме беру зандар туралы берілетін тарихи түсініктерге сөйкес жүргізілуі керек. )қоғам дамуы барысында жекелеген термин мағыналары да өзгеріске түспей (жаңарып деген сияқты) тұрмайтыны белгілі. Сондықтан заңның жүзеге асырылуын зерттеуде терминдердің мағынасын заңның қабылдау кезеңімен тығыз байланыста қарап түсіну керек.

Сонымен, Кеңес өкіметі заң актілері коммунистік тоталитарлық жүйенің құжаттары екендігі түсінікті. Сондықтан оларды деректанулық зерттеуде ғылыми-методологиялық принциптер негізінде жүргізу керек.

Бақылау сұрақтары

1.Қазақ мемлекетіндегі қандай заңдарды білесің?

2.Қарамолла ережесінің авторы кім?

3.Кеңес өкіметі кезіндегі қандай заң түрлерін білесің?

Әдебиет

Абиль Е.А. «История государства и права Казахстана», Қараганды 2005

А.Г. Голиков., Т.А. Круглова «Источниковедение отечественной истории», Москва 1996

Источниковедение теоретические и методические проблемы «Наука» Москва 1969 отвественный редактор С.О. Шмидт

Қазақтың көне тарихы Дайындаған М.Қани., Алматы Жалын, 1993

Үш пайғамбар, кұрастырған А. Нысаналы, Алматы Дәуір 1992

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19



Похожие:

«Деректану теориясы» icon«Деректану теориясы»
Р білім және Ғылым министрлігі 22. 06. 2006 ж. Республикалық жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының...
«Деректану теориясы» iconТест сұРАҚтары «Менеджмент теориясы мен тәжірибесі»
«Менеджмент теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша емтихан түріндегі тест өткізу үшін
«Деректану теориясы» icon3-4 1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу
Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі
«Деректану теориясы» icon3-4 1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу
Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі
«Деректану теориясы» iconМинистрлігі. М. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті
«Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
«Деректану теориясы» icon«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнінен тест-сұрақтары
А1, А2, А3 тәжірибенің нәтіжелері. Солардың тек біреуінің пайда болуын өрнек түрінде көрсет
«Деректану теориясы» iconПедагогика” пәні бойынша тест сұрақтары
А дидактика, психология, тарих, мектептану,тәрбие теориясы, мектеп гигиенасы,салыстырмалы педагогика
«Деректану теориясы» iconПрезентация Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
Кеңестік жүйедегі дене тәрбиесі тарихының қалыптасуы, Қазақстан Республикасындағы
«Деректану теориясы» iconТақырыбы: I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері. Ғылыми жетекшісі
«Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
«Деректану теориясы» iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов