Зарқын Сыздықұлы тайшыбай 70 жаста icon

Зарқын Сыздықұлы тайшыбай 70 жаста



НазваниеЗарқын Сыздықұлы тайшыбай 70 жаста
Дата08.05.2013
Размер185.75 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>








М. Қозыбаев атындағы

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры

Зарқын Сыздықұлы

ТАЙШЫБАЙ

70 жаста


Петропавл, 2012

Ш А Қ Ы Р У Х А Т

Құрметті Аманжол Күзембайұлы

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Сізді көрнекті абылайтанушы, профессор Зарқын Тайшыбайдың 70 жылдығына арналған «АБЫЛАЙТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» деген Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

^ Байланыс телефондары: 8 7152 50-73-71; 8 701 612 0848; 8 701 393 9774. Е-mail: zarkyn-42@mail.ru


Ұйымдастырушылар алқасы





П Р И Г Л А Ш Е Н И Е


Уважаемый/ая...................................................................................


Северо-Казахстанский государственный университет им. М. Козыбаева приглашает Вас на Республиканскую научно-практическую конференцию «АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ АБЛАЕВЕДЕНИЯ», посвященную 70-летию со дня рождения видного аблаеведа, профессора Заркына Тайшыбая.

^ Конференция состоится в г. Петропавловске, в актовом зале СКГУ им. М. Козыбаева 20 апреля 2012 г. Начало работы в 14 часов.

Контактные телефоны: 8 7152 50-73-71; 8 701 612 0848; 8 701 393 9774. Е-mail: zarkyn-42@mail.ru


Оргкомитет


^ ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ


Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы 1942 ж. 31 наурызда Қарағанды облысы Қу (Қарқаралы) ауданында туған. Егіндібұлақ ауылындағы №1 қазақ орта мектебін бітірген соң, колхозда механизатор болып жұмыс істеген. Шығармашылық еңбек жолын 1960 жылы Қу аудандық «Ленин туы» газетінен бастады, аудандық кеңес атқару комитетінде бөлім бастығы, аудандық газет редакторының орынбасары, редактор, облыстық газетте бөлім бастығы қызметін атқарды. Өндірістен қол үзбей жүріп С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, «Журналистика тарихы» кафедрасы бойынша аспитантура тәмамдады.

1992 жылдан бастап, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, журналистика кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

. 2000 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне шақырылды. СҚМУ доценті, докторанты, қазір Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, 2001 жылы осы университетте «Журналистика» мамандығын ашып, сол мамандыққа үзбей басшылық жасап, сабақ беріп келеді. Журналистика мамандықтары бойынша әдістемелік кеңестің жетекшісі. «СҚМУ Хабаршысы редакция алқасының мүшесі. Университеттегі «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

2001 жылдан университетте өзі ұйымдастырған «Этномәдени зерттеулер» ғылыми-зерттеу орталығын қоса басқарады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша докторлық диссертациялық кеңесте З. Тайшыбайдың зерттеулері жоғары бағаланды. Академиктер З. Ахметов, З. Қабдолов, Р. Нұрғалиев, филология ғылымдарының докторлары М. Барманқұлов, Т. Қожакеев, А. Қыраубаева және басқалары диссертанттың «Абайтанудың революцияға дейінгі кейбір қайнар көздері» деген еңбегін «абайтануға қосылған елеулі үлес» ретінде бағалады.

Абайтанудың көкейкесті мәселелері автордың «Абай және баспасөз» (революцияға дейінгі қазақ баспасөзінің материалдары бойынша, Қарағанды, 1997) және «Абайтану арнасында». (Абайтанудың қазіргі көкейкесті мәселелері, Астана, 2006.) монографияларында жаңа қырынан зерттелген. Айталық, қазақ әдебеттану ғылымында тұңғыш рет «Абайдың ақындық лабораториясы» деген ғылыми проблема арнайы қозғалады. Ұлы ойшыл ақынның қоғамдық-ой пікір қалыптастыруына әсері болуға тиіс ақпарат көздері туралы мәселе қойылады. Абайдың өмірбаянының көпке мәлімсіз тұстарын ашатын мұрағат деректері абайтанудың керегесін кеңейтуге септігін тигізгені жөнінде әдебиетші-тарихшы мамандар оң пікірлер білдіргені мәлім. Осындай іргелі зерттеулердің жемісі ретінде З. Тайшыбай Қарағанды және Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттерінде жиырма жылға таяу абайтану дәрістерін алғаш бастап, жүргізіп келеді.

Әдебиет және баспасөз тарихы мәселесі З. Тайшыбай шығармашылығында үнемі қазақ халқының қоғамдық ой-пікірінің тарихымен, ұлт-азаттық қозғалысының тарихымен сабақтас өріліп отырады.

Автордың қаламынан туған «Мағжанның Қызылжары» (22 б.т. «Астана-Полиграфия» баспасы, 2007) монографиясы ақынның өмірі мен қызметін нақты жазба деректермен, мұрағат құжаттарымен байытқан тұңғыш құнды еңбек ретінде бағаланды. Кітапта Мағжан Жұмабаевтың күрескер-ақын болып қалыптасуына Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, М. Әуезов, С. Сәдуақасов сынды Алаш көсемдерінің ықпал еткені жазбе деректермен тиянақталады. Мағжан қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткерлердің ортасынан көрінеді. Осы еңбекте алғаш рет «Мағжанның өмірі мен шығармашылығының елеулі кезеңдері» деген анықтама деректер беріліп, ұлы ақынның өмірбаяны ғылыми түрде нақтыланды.

З. Тайшыбайдың ұстаздық тәжірибесінде 20-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы лайықты орын алады. Бұл саладағы зерттеулері негізінде Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов шығармашылығы жөнінде көптеген мақала жариялады, арнайы курстар мен семинарлар дайындады.

Әуелден баспасөз тарихшысы және теоретигі ретінде қалыптасқан Зарқын Тайшыбайдың революцияға дейінгі қазақ және орыс мерзімді баспасөзінің тарихы, журналистиканың теориясы мен практикасы салалары бойынша жасаған зерттеулері өз алдына бір сала. Мысалы: «Баспасөз тарихы»,оқу құралы, (9,8 б.т., 2003), «Алаш көсемсөзі» (көмекші оқу құралы 14 б.т. 2003)

«Қазақ журналистикасының тарихын оқытудың (1870-2000 жж.) әдістемесін, типтік оқу бағдарламасын және «Орыс журналистикасының тарихы бойынша әдістемелік құрал» жазды. З. Тайшыбай жазған «Журналистиканың құқықтық негіздері» (20 б.т. 2007) Қазақстандағы журналист даярлайтын оқу орындарындағы осы тектес тұңғыш әрі жалғыз оқу құралы. Журналистика мамандығы бойынша жаңа тұрпатты оқулықтар мен оқу құралдарын дайындаған еңбегі Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының Ахмет Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» төсбелгісіне лайық бағаланды.

Профессор З. Тайшыбай ана тілінің жанашыры ретінде танылған, 1989 жылы «Қазақ тілі» қоғамы алғаш ұйымдастырыла бастағанда, осы ұйымның Қарағанды облыстық бөлімшесін басқарды, кейін «Қазақ тілінің жанашыры» төс белгісімен марапатталды. Аудармашы ретінде еліміздің жоғары оқу орындары үшін ғылым мен білімнің әр саласынан жиырмаға тарта оқулық пен оқу құралдарын аударып, ана тілінің мемлекеттік дәрежесін күшейтуге үлес қосты. Аударманың тарихы, теориясы мен практикасы (ЖОО студенттеріне және аудармашыларға арналған, 3,5 б.т., СҚМУ, 2001) және «Аудармашыларға көмекші» (7 б.т. Петропавл, 2004) оқу құралдары тиісті оқытушылар мен мамандардың қажетін өтеп келеді.

Осы күндері 70 жасқа толып отырған ұстаз әрі ғылым қайраткерінің тарихшы ретіндегі еңбегі ғылыми ортада лайықты бағасын алуда. Ол Қазақстан тарихының көкейкесті мәселелері:мен ерте айналысып, бірқатар жемісті нәтижелерге қол жеткізді. «Жақып Ақбаев. Күрескерлік өмірбаяны» (7 б.т. Н.О. Дулатбековпен бірге, Алматы, «Жеті жарғы», 1997) деген монографиясы Алаш көсемдерінің тарихи еңбегі мен азаматтық тұлғасын ашып көрсететін алғашқы еңбектердің бірі болатын. С.-Петербург, Омбы және Алматы мұрағаттарынан іздеп тауып, ғылыми айналымға қосылған құнды деректер ХХ ғасырдың басындағы азаттық күресінің шежіресіне қосылған бағалы үлес еді. Мұнда Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатовтың күрескерлік баянына қатысты тың деректер арқылы Жақып Ақбаевтың қайраткерлік бейнесі ашылған. «Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы» (12 б.т. Ж. Омари және Н. Дулатбековпен бірге. Алматы, «Жеті жарғы» 1997) хрестоматиясы заңгер мамандардың ықыласына ие болды.

Ұлт мәдениеті мен өнерінің жоқшысы ретінде танылған З. Тайшыбайдың «Алтын бесік ән орда» (9 б.т. Қарағанды, 1998. «Болашақ-баспа») кітабында Қазақстанның орталық аймағындағы әншілік дәстүр мен есімі ұмытылып бара жатқан халық композиторлары мен орындаушылардың шеберлігі жақсы зерттелген. Әнші-сазгер әрі ақын Мәди Бәпиұлы өмірі мен атақты этнограф А.В. Затаевичтің қазақ музыка мұрасын жинап, ғылыми-тарихи бағасын берген қымбат еңбегін З. Тайшыбай арнайы зерттеп, көптеген тың деректерді жарыққа шығарды. Өнертанушы ретінде танылған зерттеушінің қаламынан Айтбай, Әміре, Мұсылманқұл, Жақыпбек Елебеков, Қали Байжанов санатындағы ұлы әншілерден бастап, Шамғон Қажығалиев, Қаршыға Ахмедияров, Ришат Абдуллин, Әлібек Дінішев, Ілия Жақанов сияқты өнер шеберлерінің бейнесін ұлықтайтын мақалалар туды. Ол Орталық Қазақстанда сексенінші жылдары-ақ айтыс өнерін жаңғыртушылардың бірі саналады.

Осы жасында ұшқыр қаламын бір сәт те қолынан тастамаған зерттеушінің, жоғарыда аталған ұланғайыр шығармашылығында, әсіресе, ерекше көрінетіні, сөз жоқ, Абылай ханның өмірі мен қызметін зерттеуі. Туған елі мен жерінің тарихына ерте қызыққан Зарқын Тайшыбай өмірінің соңғы 10 жылын абылайтануға арнады. Қазақстанның тәуелсіздік туын тігіп, ғасырлар қойнауындағы қазыналарын аша бастаған кезде-ақ, Ресей мұрағаттарынан бұрын жинаған деректеріне жаңа көзбен қарап, ел есімінде мәңгі жатталып, ұмытылмай сақталып келе жатқан Абылай бабамыздың бейнесін ұрпақтарына жаңғыртып беруде ғалым-зерттеушінің ұшан-теңіз еңбегі бар. Автордың «Абылай хан» (құжаттар мен материалдар жинағы) (32 б.т. «Астана» 2005) кітабы қазақ тілінде 10 мың дана болып басылып, бүкіл елімізге тарады. Кітаптағы деректер, ХҮШ ғасырдағы қазақ тарихын зерттеушілерді қызықтырды, Абылай тақырыбына қалам тартқандардың әрқайсысы бұл еңбекке соқпай кеткен жоқ десе болады.

Профессор З. Тайшыбай Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына лайықты тарту ретінде «Қазақтың ханы – Абылай» (заманы, өмірі, қызметі», (80 б.т. Алматы, «Ел-шежіре», 2011) деген атпен екі томдық тағы бір еңбегін ұсынды. Тарихшы мамандардың лайықты бағасын алып, қазақ тарихының нағыз энциклопедиялық дерек көзі ретінде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында арнайы серия қатарына қосылған бұл кітаптар Зарқын Тайшыбайды білікті ғалым, қажырлы еңбеккер ретінде көрсетті. Осындай деңгейде, қыруар деректерді терең зерттеу үстінде дүниеге келген бұл еңбектер абылайтану ғылымының негізі болып табылады. Ұлт тарихының аса маңызды салаларының бірі болып табылатын, жас ұрпақты Отансүйгіштікке, ерлікке, төзімділікке тәрбиелейтін абылайтану тақырыбы зерттеуші Тайшыбайдың алдағы жоспарларынан ерекше орын алады.

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі алдағы үш жылға белгілеген ғылыми зерттеулер жоспарына М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Зарқын Тайшыбай ұсынған «Абылайтанудың тарихнамалық және тарихи проблемалары» деген тақырыбы «Қазақстанның интеллектуалдық қуат-қазынасы» саласы бойынша қабылданды. Ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарында абылайтанудың көкейкесті мәселелері бойынша көлемді жұмыстар атқару көзделген.

2001 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өзі құрған «Атамекен» этномәдени ғылыми-зерттеу Орталығы аясында З. Тайшыбай еліміздің теріскей аймағының тарихы мен топонимиясын зерттеп, өлкетану тұрғысында бірқатар құнды еңбектер берді. Өлке тарихына байланысты нақты деректерге негізделген мақалаларында ол, бұрыннан қалыптасып, ұшқыр пайымдалған мәселелердің басын ашты, алаш қайраткерлерінің ұлт азаттығы жолындағы күресін жаңа қырынан ашып көрсетті. Ономастика мәселелеріне арналған «Атамекен атаулары». (К. Ахметжанова, К. Оспановпен бірге, Петропавл. 2010. 12 б.т.) деген еңбекте ежелгі Есіл бойының тарихи топонимиясына байланысты көптеген қызықты деректер тұңғыш рет жарық көріп отыр.

З.С. Тайшыбай көптеген ғылыми және педагогикалық кітаптарға жауапты шығарушы, редактор болды. Олардың қатарында «Қазақтың тарихи дастаны». Рақым Б. Алматы, 1997; «Абайдың саяси-құқықтық мұралары және қазіргі заман». 1995; «Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу». Меңлібаев Қ. 1999; «Тарихи өлкетану мәселелері». Смағұлов Ғ. Қарағанды, 1999; «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты тарихи жырлар». Ж. Ахметжанова, Алматы, 2009; «Академик Е.А. Бөкетов, Петропавл, 2006. тағы басқалары бар.

З.С. Тайшыбай «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясын 1989 ж., Алматы., құрастырушылардың бірі, 100-ге тарта сөздік және шолу мақалалардың авторы, энциклопедияның кеңесшісі және сыншысы, Қазақ Совет энциклопедиясына 43 ғылыми мақала жазған.

З.С. Тайшыбай ғылым мен білім беру ісіне қазақ тілін енгізу және оқулықтарды қазақшаға аудару саласында едәуір іс атқарды. Ол жоғарғы оқу орындарына арналған: «Остеохондроз», «Невропотология», «Нерв аурулары», «Физикалық химия», «Өнеркәсіптегі дизайн», т.б. оқулықтарды, сауданы ұйымдастыру және оның экономикасы саласында 9 оқулық және көмекші құралдар сериясын арнайы тапсырыс бойынша 1990-2005 жылдары аударды.

100-ден аса ғылыми мақалалардың авторы.

Зарқын Сыздықұлы тәжірибелі ұстаз, республикадағы журналистік білімді ұйымдастырушыларының бірі ретінде білім берудің халықаралық тәжірибесін игеруден жалыққан емес. Ол «Орталық Азияда журналистік білім беру» атты халықаралық семинардың мүшесі.

2001 жылы АҚШ Мем. Департаментінің шақыруымен «АҚШ-та журналистер даярлау» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың бес университетінде болып, лекция оқыды, семинарлар өткізді, халықаралық конференцияларда қазіргі БАҚ және журналистер даярлау мәселесі бойынша баяндамалар жасады.

«Қазақстан білім беру саласының Құрметті қызметкері»(2000) белгісімен, жаңа тұрпатты оқулықтар жасағаны үшін, Қазақстан Жоғары оқу орындары қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» төс белгісімен (2007), «Қазақ тілінің жанашыры» төс белгісімен (2009), Қазақстан республикасы Білім министрлігінің Грамотасымен (1999), Байланыс және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен (2011), Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен, Республика журналистер одағының Құрмет дипломымен марапатталған, «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағын алған.


Ұйымдастырушылар алқасы

2012 жылғы сәуір


^ ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ


Тайшыбай Заркын Сыздыкулы родился 31 марта 1942 года в Кувском (Каркаралинском) районе Карагандинской области. После окончания Кувской казахской средней школы работал механизатором в колхозе, литработником, зам.редактора, редактором районной газеты, заведующим отделами Карагандинской областной газеты «Орталык Казахстан». Окончил факультет журналистики КазГУ им. С.М. Кирова (ныне Национальный университет им. Аль-Фараби) по специальности «Журналистика» и аспирантуру по кафедре «Истории журналистики».

С 1992 года ст. преподаватель, зав. кафедрой журналистики КарГу им. Е.А. Букетова. С 2000 года доцент, докторант, профессор Северо-Казахстанского государственного университета им. М. Козыбаева. В 2001 году организовал специальность «Журналистика», где успешно ведет преподавательскую работу.

Руководитель Методического совета СКГУ по журналистским специальностям. Член Ученого совета (2001-2008 гг.), ректората (2001- по н/вр) СКГУ, член редколлегии «Вестника СКГУ им. М. Козыбаева», председатель общества «Қазақ тілі».

С 2001 года руководитель научного центра СКГУ «Этнокультурных исследований».

Кандидат филологических наук (1997 г.), доцент (2006) Тема диссертации: «Некоторые дореволюционные источники абаеведения».

Научные интересы:

1. Литературоведение, казахская литература, история литературы, современные актуальные проблемы абаеведения.

Написанные и опубликованные труды:

1. «Абай и печать» (по материалам дореволюционной казахской печати). Монография, 11 п.л. Караганда, 1997 г.

2. «Современные актуальные проблемы абаеведения». Монография, 20 п.л.,. Петропавл, 2006

3. «Мағжанның Қызылжары», монография, 21 п.л., Петропавл, Астана 2007.

4. Занимается исследованиями по истории казахской литературы начала 20 века, ввел курс абаеведения, написал 19 статей о творчестве А. Байтурсынова, М. Ауезова, М. Жумабаева, С. Садуакасова и.др.


П. История дореволюционной казахской и русской периодической печати, актуальные вопросы теории и практики СМИ. Труды:

1. «Баспасөз тарихы» («История периодической печати») 9,8 п.л. 2003 г.

2. «Алаш көсемсөзі» («Публицистика деятелей Алаша»), 14 п.л. 2003 г.

Разработана рабочая учебная программа по истории казахской журналистики (1870-2000 гг.) и методическое пособие по истории Русской журналистики.

3. «История, теория и практика перевода.5 п.л. Петропавловск, изд-во СКГУ, 2001 г.

4. «В помощь переводчикам», 7 п.л. , учебное пособие, 20 п.л. 2007

5. «Журналистиканың құқықтық негіздері»(«Правовые основы журналистики»), учебное пособие, 20 п.л..


Ш. Актуальные проблемы истории Казахстана: Труды

1. «Жақып Ақбаев. Күрескерлік өмірбаяны». Монография, (в соавторстве с Н. Дулатбековым), Алматы, «Жеті жарғы» 1997 ж.

2. «Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы»(«История государства и права») 12 б.т. хрестоматия (совместно с Ж.Омари, Н. Дулатбековым) Алматы, «Жеті жарғы» 1997 ж.

3. «Алтын бесік ән орда» («Традиции песенней культуры центрального Казахстана»). Объем 9 п.л. Караганды, изд-во «Болашак», 1999 г

4. «Аблай хан» (сборник документов и материалов в переводе на казахский язык. 27 п.л. Астана, 2005

5. «Қазақтың ханы – Абылай» (эпоха, жизнь и деятельность» двухтомник, 80 п.л.. Алматы, «Ел-шежіре», 2011,

6. Разработан специальный курс «Аблаеведение».

ІҮ. Вопросы краеведения и ономастики занимают солидное место в творчестве З. Тайшыбая. Им написано, на основе архивных матеиалов, ряд статей, освещающие важнейшие этапы Северного региона и области. Издана книга «Атамекен атаулары», (в соавторстве с К. Оспановым и К. Ахметжановой, Петропал, 12 п.л. 2010).

Является ответственным редактором научных и педагогических изданий: «Казахская историческая поэма». Рахим Б. Алматы, 1997; «Политико-правовое наследие Абая и современность», Караганды, 1995; «Патриотическое воспитание молодежи». Менлибаев К. Караганды, 1999 г; «Историческое краеведение» Смагулов К. Караганды, 1998; «Исторические стихи, связанные с восстанием 1916 года» Ахметжанова Ж.Б., Алматы, 2009; «Академик Е.А. Букетов, Петропавловск, 2006; «Поэзия М. Хангожина», Т. Ахметжанова, 2007;

Он является одним из составителей энциклопедии: «Караганды. Карагандинская область», А., 1989 г., где выступил автором около 100 словарных и обзорных статей и научным консультантом издания. Автор 43 статей в Казахской Советской энциклопедии.

З. Тайшыбай внес значительный вклад во внедрение казахского языка в науку и современное образование. Им переведены учебники для ВУЗов: «Невропатология», «Нервные болезни», «Физическая химия», «Дизайн в промышленности», «Сопротивление материалов», серия учебников по организации и экономике торговли. Является основателем и первым председателем областного общества «Казак тілі» (1989) в Карагандинской области.

Заркын Сыздыкулы опытный педагог и организатор журналистского образования в республике, основал специальность «Журналистика», вторую после КазГУ, организовал кафедру журналистики в КарГУ им. Е.А. Букетова (1993 г.), член международного семинара "Журналистское образование в Центральной Азии".

В 2001 году по приглашению Госдепартамента США посетил 5 университетов по программе «Подготовка журналистов в США», выступал с докладами на международных конференциях по проблемам современных СМИ и подготовки журналистов.

Награжден нагрудным Знаком «Почетный работник образования Казахстана» (2002), нагрудным знаком Ассоциации вузов Казахстана «Саңлақ автор» им. А. Байтурсынова (2007), медалью «Қазақ тілінің жанашыры» (2009), нагрудным знаком «Почетный журналист Казахстана» (2011), Почетными грамотами Министерства образования и науки Республики Казахстан (2000) и Министерства информации и связи (2011), Почетной грамотой Акима Северо-Казахстанской области (2002), Почетным дипломом Союза журналистов Казахстана (2002).

ОРГКОМИТЕТ

апрель, 2012 г.


^ Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайдың

ғылыми және ұстаздық еңбектері

Научные и научно-педагогические труды


1. Рақымжан Дүйсенбаев кім? Cборник научных трудов КазГУ им. С.М. Кирова, серия “Журналистика” №4, 1972, 0,5 п.л.

2. Қорабай Жапановтың публицистикасы. Cборник научных трудов КазГУ им. С.М. Кирова, серия “Журналистика”. №2, 1974, 0,5 п.л.

3. Бейімбет және Қарағанды. “Жұлдыз” №7, 1991 1 п.л.

4. Университетте журналист кадрларын даярлаудың бағыттары. Материалы межвузовской научно-метод. конф. “Концепции развития высшей школы”, Караганда, 1994. 0,3 п.л.

5. Абайға хат жазған Шәймерден Қосшығұлов кім? Сборник КарГУ: “Абайдың саяси құқықтық мұрасы және жаңа кезең” Қарағанды, 1996. 1 п.л.

6. Абай және баспасөз. Вестник КарГУ им. Е.А.Букетова, Караганда, 1996. 0,5 п.л.

7. О структуре современной журналистики. Материалы международной конф. ЮНЕСКО “Проблемы современной журналистики” Алматы, 1996. 0,2 п.л.

8. Абай және баспасөз. Издат. КарГУ им. Е.А. Букетова, Караганда, 1997. 10 п.л.

9. Жақып Ақбаев. Издательство «Жеті жарғы», Алматы, 1997. 7,4 п.л. (в соавторстве с Дулатбековым Н.О.)

10. Хрестоматия по истории государства и права. Издат. Жеті жарғы. Алматы, 1997. Учебное пособие. 10 п.л. (в соавторстве с

Дулатбековым Н.О., Артыкбаевым Ж.О.)

11. Алтын бесік ән орда. Издательство (Болашақ-Баспа). Қарағанды, 1997. 7,4 п.л.

12. Солтүстік Қазақстан облысы тарихының очерктері. Петропавл, 2002. 12 п.л.

13. Аударманың тарихы, теориясы мен тәжірибесі. Изд-во СКГУ, Петропавл, 2002. Учебное пособие. 2,5 п.л.

14. Баспасөз тарихы. (оқу құралы), Изд-во СКГУ , Петропавл, 2003. 9 п.л.

15. Алаш көсемсөзі. (көмекші оқу құралы), Изд-во СКГУ Петропавл, 2003. Учебное пособие. 16 п.л.

16. Абайдың “Ескендір” поэмасы. “Ізденіс-Поиск”. Алматы, 1998, №2. 0,2 п.л.

17. Алғысөз. Ғ. Смағұловтың «Балқантаудың басында» деген зерттеу кітабына. Қарағанды, “Арко” баспасы, 1998. 0,5 п.л.

18. Дулатбеков Н.О. “Русско-казахский словарь юридических терминов”. Рецензия. Алматы, “Жеті жарғы”, 1997. 0,2 п.л.

19. Ответственный редактор. Ибрахим Б. Тарихи жырлар тағылымы. Монография, Ғылым баспасы, 1999. 11 п.л.

20. Ответственный редактор. Газалиев А.М. Памяти отца. Караганда, “Арко”, 1998. 10 п.л.

21. Жақып Ақбаевтың ісі. “Орталық Қазақстан”, 10.10.1999. 0,5 п.л.

22. Ахмет Байтұрсыновтың ісі“Орталық Қазақстан”, 15.11.1999. 0,5 п.л.

23. Сөз өнері дертен тең. /Абай поэзиясы хақында/. «Орталық Қазақстан», 22, 24, 28 тамыз, 2001. 2 п.л.

24. Абайдың нағашылары мен қайын жұрты.»Жұлдыз», №10, 1998, 0,5 п.л.

25. А. Байтұрсынов Қарқаралыда. «Орталық Қазақстан», 25.09.2001 там же. 0,5 п.л.

26. Первые казахские газеты, «Индустриальная Караганда», 10.10.2001. 0,5 п.л.

27. Менің рухым өлмейді. /Ақбаевтың өмірі мен қызметі туралы/. Орталық Қазақстан 28.12.2001. 0,5 п.л.

28. М. Әуезов өмірінің бір кезеңі. 25.09.1999 «Орталық Қазақстан», 0,5 п.л.

29. Ғалымның биік мәртебесі. 30.10. 1999 там же. 0,5 п.л.

30. Чистой воды кристалл. «Казахстанская правда», 23.10.1999. 0,2 п.л.

31. Серкебаев, Мағжан және басқалары. «Орталық Қазақстан», 11.12.1999. 0,3 п.л.

32. Қарқаралы петициясы туралы ақиқат. «Орталық Қазақстан», 24,28- тамыз 2000. 2 п.л.

33. Қазақ музыкасының жанашыры. /А.В. Затаевичтің зерттеушілігі хақында/. 13.08.2000, там же. 0,5 п.л.

34. Большой друг казахской музыки. «Индустр. Караганда», 25.08.2000. 0,5 п.л.

35. Желтоқсан жайында ақиқат. «Солтүстік Қазақстан», 16.12.2000. 0,3 п.л.

36. За гуманизацию образования. Вестник СКГУ, 2001, № 2. 0,25 п.л.

37. Қожаберген батырдың ізін таптым. «Солтүстік Қазақстан», 18 маусым 2001. 0,5 п.л.

38. Қожаберген батыр қол бастап. «Солтүстік Қазақстан», 17 желтоқсан 2001. 0,5 п.л

39. “Атамекен” алысқа ұмтылады. «Егемен Қазақстан», 25.10.2001. 0,25 п.л.

40. Мағжан ақынның іздері. Жұлдыз, 2003 №4. 1 п.л.

41. “Қарқаралы петициясы“ туралы ақиқат. «Ақиқат», 2003 №7-8. 1 п.л.

42. Туған халқының тамыршысы (Сәкен Жүнісовтың шығармашылығы), «Солтүстік Қазақстан», 2004, 1-февраля. 0,5 п.л.

43. Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар.Ғылыми басылым. «Астана» баспасы, 2005. 27 п.л.

44. Абайтану арнасында. «Астана» баспасы, 2005. 18 п.л.

45. Академик Е. Букетов. Изд. СКГУ, 2005. 13 п.л.

46. Нағашым Ер Қазыбек дана өткен. Жұлдыз, 2006, №1. 0,5 п.л.

47. Атыңнан айналайын Қарқаралы. Жұлдыз, 2006, №4. 1 п.л.

48. Абай және революцияға дейінгі мерзімді қазақ баспасөзі. Материалы республиканской научно-практической конф. «Литературное наследие Абая и современность», Петропавл, 2006. 0,5 п.л.

49. «Қансонарда бүркітші шығады аңға». Материалы республиканской научно-практической конф. «Литературное наследие Абая и современность», Петропавл, 2006. 0,5 п.л.

43. «Мағжанның Қызылжары». Монография. Изд. СКГУ, 2006. 21 п.л.

44. «М. Әуезов жазып алған он жол өлең». Материалы международной научно-практической конф. «Шоқан оқулары» Көкшетау, 2006. 0,5 п.л.

45. «Абайдың сандығы қайда?». Материалы республиканской научно-практической конф. «Становление и развитие литературы и искусства в Центральном Казахстане» Қарағанды, 2005. 0,3 п.л.

46. «Мәдидің айдаудағы өмірі». Материалы республиканской научно-практической конф. «К 125-летию великого казахского композитора, поэта и певца Мадия Бапиева», Қарағанды, 2005. 1 п.л.

47. «Аймақтағы оқу-ағарту сінің қалыптасуы». «Солтүстік Қазақстан», 20-тамыз, 2006. 1 п.л.

48. «Петропавлдағы жергілікті биліктің қалыптасуы». «Солтүстік Қазақстан», 15-қыркүйек, 2006. 1 п.л.

49. Ғабит Мүсіреповтің туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық конференция. Секция жетекшісі, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Петропавл, 20.03.2002.

50. «Ғасырлар тоғысындағы журналистика: өзекті мәселелері мен келешегі». «Жуналистика на рубеже веков: проблемы и перспективы». Халықаралық конференция. Секция жетекшісі, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ. Қарағанды, 25-26.04. 2002

51. «Жоғарғы мектептің ІІІ-мыңжылдықтағы өзекті мәселелері». «Актуальные проблемы высшей школы в ІІІ-тысячелетий. Халықаралық конференция. Секция жетекшісі, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Петропавл, 07-08.11.2002

52. «Тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығы». «Десятилетие независимого Казахстана». Халықаралық конференция. Секция жетекшісі, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Петропавл, 17.06.2002.

53. «Абылай хан – тарих және жаңа кезең». «Абылай хан – история и современность». Халықаралық конференция. Ұйымдастыру алқасының мүшесі, Секция жетекшісі, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Петропавл, 14.04.2006.

54. «Академик Манаш Қозыбаевтың ғылыми және тарихи мұрасының өзектілігі». «Актуальность научного и исторического наследия академика Манаша Козыбаева». Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Секция жетекшісі, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Петропавл, 17.06.2004.

55. М. Қозыбаевтың туғанына 75 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция. Секция жетекшісі, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Петропавл, 17.06.2006.

56. «Абайдың әдеби мұрасы және қазіргі заман». «Литературное наследие Абая и современность. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. 17-18.01.2006.




Похожие:

Зарқын Сыздықұлы тайшыбай 70 жаста iconДокументы
1. /0-7 жаста?ы балалар.doc
Зарқын Сыздықұлы тайшыбай 70 жаста iconДокументы
1. /Мектепке дей_нг_ балалар ?йымдарына ж_беру ?ш_нмектепке дей_нг_ (7 жас?адей_н) жаста?ы...
Зарқын Сыздықұлы тайшыбай 70 жаста iconДокументы
1. /РЕГЛАМЕНТЫ по госуслугам/3610/?ор?аншылы? ж?не ?ам?оршылы? ж?н_нде аны?тама беру электронды?...
Зарқын Сыздықұлы тайшыбай 70 жаста iconДокументы
1. /РЕГЛАМЕНТЫ по госуслугам/3610/?ор?аншылы? ж?не ?ам?оршылы? ж?н_нде аны?тама беру электронды?...
Зарқын Сыздықұлы тайшыбай 70 жаста iconДокументы
1. /Регламенты 2013/РЕГЛАМЕНТЫ по госуслугам/3610/?ор?аншылы? ж?не ?ам?оршылы? ж?н_нде аны?тама...
Зарқын Сыздықұлы тайшыбай 70 жаста iconДокументы
1. /3610/?ор?аншылы? ж?не ?ам?оршылы? ж?н_нде аны?тама беру электронды? мемлекетт_к ?ызмет...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов