Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі icon

Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі



НазваниеСәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі
Дата09.05.2013
Размер228.71 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>




Қазақстан Республикасы

Индустрия және сауда министрі

міндетін атқарушысының

2009 жылғы «__» ______ № ___

бұйрығымен

бекітілді


Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау

ережесі

 

Осы Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 және 16-баптарына сәйкес әзірленді және сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, сарапшы-аудитор аттестатын немесе біліктілік аттестатын беру, ұзарту, тоқтата тұру және күшін жою тәртібін айқындайды.


^ 1. Жалпы ереже


1. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аттестаттау саласы – сарапшы-аудитордың құзыреттілігі аттестатпен расталған бір бағыт шегіндегі қызмет саласы;

2) біліктілік аттестаты – маманның тауарды шығарған елді айқындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін аттестатталғанын растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

3) сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор (бұдан әрі - сарапшы-аудитор) – Ережеде белгіленген тәртіппен аттестатталған маман;

4) сарапшы-аудиторды аттестаттау – сарапшы-аудиторлардың Ережеде белгіленген талаптарға құзыреттілігін бағалау және растау жөніндегі қызмет;

5) сарапшы-аудитордың құзыреттілігі – оның сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті маманның білімі, білігі мен дағдыларының мен жеке сапасының жиынтығы;

6) сарапшы-аудитор аттестаты – өнімнің, процесстердің, қызметтер мен менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау (бұдан әрі - сәйкестікті растау) немесе сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының (орталықтарының), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды аккредиттеу (бұдан әрі – аккредиттеу) саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін аттестатталғанын растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

7) сарапшы-аудиторға кандидат – техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) құрған аттестациялық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарауына оны сарапшы-аудитор ретінде аттестаттау үшін барлық қажетті құжатты ұсынатын маман.

2. Аттестатталған және Комиссияның ұсынысы бойынша Ережеде белгіленген біліктілік талаптарға жауап беретін мамандар сарапшы-аудиторлар бола алады.

3. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау мынадай қызмет бағыттары бойынша жүргізіледі:

1) сәйкестікті растау;

2) тауарды шығарған елді айқындау;

3) аккредиттеу.

4. Сарапшы-аудиторлар қызметінің ұсынылатын бағыттары Ереженің 1-қосымшасында берілген.


2. Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлыққа кандидаттарға

қойылатын біліктілік талаптары


5. Сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) аттестаттаудың мәлімделген саласына сәйкес келетін жоғары білімнің болуы;

2) мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде төрт жыл;

3) аттестаттаудың мәлімделген саласында жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

4) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес аттестаттаудың мәлімделген саласына теориялық оқудан өтуі;

5) аттестаттаудың мәлімделген саласында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі.

6. Тауарды шығарған елді айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа біліктілік аттестатын алу үшін мынадай біліктілік талаптар қойылады:

1) жоғары білімнің болуы;

2) кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

3) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес теориялық оқудан өтуі;

4) практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту.


^ 3. Аттестаттауды жүргізу, сарапшы-аудиторлардың аттестаттары мен біліктілік аттестаттарын беру, ұзарту, тоқтату тұру және жою тәртібі

 

7. Сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторға кандидат Комиссияға мына құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) сарапшы-аудитордың жеке карточкасы (сарапшы-аудиторға кандидаттың);

3) өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың аттестаттаудың мәлімделген саласында теориялық даярлықтан өткені туралы куәліктің көшірмесі;

5) білімі туралы дипломның көшірмесі;

6) сарапшы-аудиторлыққа кандидат жұмыс істейтін ұйымның кадрлар қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын құжаттар;

7) тағылымдамадан өткені туралы есептер (өнім мен қызметтің сәйкестігін растау – бес есеп (түрлі схемалар бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстарға қатысуды қоса алғанда), менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау – жалпы ұзақтығы кемі жиырма жұмыс күнімен төрт тағылымдама (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу және олар туралы есептер құруды қоса алғанда), аккредиттеу бойынша – төрт есеп).

8. Аккредиттеу және менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі тағылымдамалар теориялық оқыту курсы аяқталған күнінен бастап екі жылдан кешіктірілмей, басқа бағыттар бойынша – бір жыл ішінде өткізілуге тиіс.

Тағылымдамалар туралы есептерге тағылымдамадан өту кезінде тағылымдамадан өтуші өткізген практикалық жұмыс туралы құжат көшірмесі қоса беріледі (комиссия құрамына енгізілгені туралы бұйрық көшірмесі, өнім үлгілерін іріктеу актілерінің көшірмелері, тексеру бағдарламасының (жоспарының) көшірмелері, сынау хаттамасының көшірмелері, сараптама актілерінің көшірмелері).

Тағылымдама жетекшісі ретінде Қазақстан Республикасында сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы салада сарапшы-аудиторға кандидат тағылымдамадан өту бағыты бойынша екі жылдан кем емес жұмыс істейтін маман тағайындалады.

Тағылымдамадан өткізуді ұйымның шешімі (бұйрығы) негізінде, тағылымдама өткізу қарастырылған базада жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа салалары бойынша сарапшы-аудиторларды оқыту және тағылымдамадан өткізу үшін жағдай болмаған кезде, оқыту өткізу және тағылымдама жетекшісін тағайындау туралы шешімді ұйым басшысы уәкілетті органның келісімі бойынша отыз күнтізбелік күн ішінде қабылдайды. Бұл ретте сарапшы-аудиторларға кандидаттарды типтік оқыту бағдарламасы және тағылымдама бағдарламасы уәкілетті органмен келісілуі тиіс.

9. Тауарды шығарған елді айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлыққа кандидат Комиссияға мына құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3) жоғары білімі туралы диплом көшірмесі;

4) жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын оқу орталығының куәлігінің немесе сертификатын көшірмесі;

5) жеке тұлғаның тағылымдамадан өткені туралы, оның Ереженің 8-тармағында белгіленген тәртібінде тауардың шыққан елін анықтау бойынша жұмыстар жүргізуге қатысқанын растайтын он есеп көшірмесі;

6) кемінде екі жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кітапшасынан көшірме.

10. Жеке карточканың және пікір-сипаттамамен бірге тағылымдамадан өткені туралы есеп нысаны осы Ереженің 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес рәсімделеді.

11. Құжаттар жиыны тігілген және нөмірленген түрде беріледі.

12. Комиссия уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндеттерін атқарушы тұлға бекіткен Комиссия туралы ережеге сәйкес әрекет етеді.

13. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау үш кезеңмен жүргізіледі:

1) берілген құжаттардың түгелдігін тексеру;

2) Комиссияның шешім қабылдауы;

3) сарапшы-аудитор аттестатын рәсімдеу және оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізбесінде тіркеу.

Сарапшы-аудитор аттестаты және біліктілік аттестаты нысандары Ереженің 5 және 6-қосымшаларында белгіленген.

Құжаттарды қараудың және сарапшы-аудиторларды аттестаттау нәтижесі туралы уәкілетті органның шешім қабылдауының жалпы мерзімі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

Даулы мәселе туындаған жағдайда сарапшы-аудиторлыққа үміткер кандидаттар Комиссия отырысына жазбаша хабарлама жіберу жолымен шақырылады.

Мамандардың арнайы курсты игеру тәжірибесіне, біліміне, біліктілікті көтеруіне және өткен тағылымдамасына қарай маман қызметтің бір немесе бірнеше бағыты бойынша аттестатталады.

14. Кандидатты сарапшы-аудиторлыққа аттестаттау туралы шешім қабылданған жағдайда оған сарапшы-аудитор аттестаты немесе уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қойған біліктілік аттестаты беріледі.

15. Берілген сарапшы-аудитордың аттестаты немесе біліктілік аттестаты оны тіркеген күннен бастап үш жыл бойы жарамды.

16. Аттестаттаудан өтпегені туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа себебі көрсетілген қабылдамау қағазын үш жұмыс күн ішінде жібереді.

Сарапшы-аудиторлыққа аттестатталудан бас тартуға техникалық реттеу саласындағы заңнама және тауарды шығарған елді айқындау талаптарын бұзу негіз болып табылады.

Материалдарды уәкілетті органға қайта жіберу бас тарту алғаннан кейін алты айдан соң жүзеге асырылады.

17. Сарапшы-аудитордың аттестаты немесе біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі аяқталардан кемінде бір ай бұрын сарапшы-аудитор Комиссияға аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінім жібереді.

Сарапшы-аудитордың аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданылу мерзімін ұзартқан жағдайда сарапшы-аудитор уәкілетті органға мына құжаттарды тапсырады:

  1. Ереженің 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш;

  2. сарапшы-аудитордың жеке карточкасы (сарапшы-аудиторға кандидаттың);

  3. сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының көшірмесі;

4) сарапшы-аудитор біліктілігін арттыру туралы куәлік көшірмесі;

  1. Ереженің 8-қосымшасына сәйкес аттестаттаудың мәлімделген саласында сарапшы-аудитор қызметі туралы есеп.

Біліктілігін растау үшін сарапшы-аудитор мыналарды өткізуі немесе өткізуге қатысады:

өнімнің және қызметтің сәйкестігін растау бойынша – жылына кемінде бес тексеру;

менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау бойынша – жылына кемінде үш тексеру;

тауарды шығарған елді айқындау бойынша – жылына кемі бес сараптама;

аккредиттеу бойынша – жылына кемінде бес тексеру жүргізуге қатысу.

Есепке сарапшы-аудитор және сарапшы-аудитор жұмыс істейтін ұйымның басшысы қол қояды.

Біліктілікті арттыру курстары үш жылда бір реттен жиі емес жүргізілуге тиіс.

Сарапшы-аудитордың аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған кезде сарапшы-аудитордың аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі үш жылға ұзартылады. Бұл ретте сарапшы-аудиторға бұрынғы тіркеу нөмірін сақтай отырып сарапшы-аудитордың жаңа аттестаты немесе біліктілік аттестаты беріледі.

Аттестаттың немесе біліктілік аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

18. Сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені қараудың теріс нәтижесі кезінде, сондай-ақ аттестаттың қолданылу мерзімін ұзартуға құжаттарды белгіленген мерзімде тапсырмаған кезде, сарапшы-аудитор Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің сарапшы-аудиторларының мемлекеттік тізілімінен шығарылады.

Сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданылу мерзімін ұзарту бойынша бас тартуға Ереженің талаптарын бұзу негіз болып табылады.

19. Уәкілетті орган Комиссияның ұсынымы бойынша сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданылуын алты ай мерзіміне дейін тоқтата тұру туралы шешімді мынадай жағдайларда қабылдайды:

1) сарапшы-аудитордың бастамасы бойынша;

2) сарапшы-аудитордың аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі ішінде сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу саласында нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.

Осы тармақта көзделген жағдайларда, уәкілетті орган, Комиссия сарапшы-аудитор аттестатын немесе біліктілік аттестатын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күні сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданылуын тоқтата тұру туралы бұйрық шығарады және жоғарыда көрсетілген бұйрыққа қол қойылған күннен бастап сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі тоқтатылады. Бұйрықтың көшірмесі сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының тоқтатылғаны туралы хабарламамен бірге сарапшы-аудитор жұмыс істейтін ұйымға үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

20. Аттестаттың қолданылуы тоқтатылған мерзім өткеннен кейін сарапшы-аудитор Ереженің 7 немесе 9-тармақтарында көрсетілген көлемде оқу оқып, тағылымдамадан өтуі, уәкілетті органға сарапшы-аудитор курсынан өткені туралы куәліктің көшірмесін және тағылымдамадан өткені туралы есепті тапсыруы қажет.

21. Уәкілетті орган Комиссияның ұсынымы бойынша сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданылуы жойылғаны туралы шешімді мынадай жағдайларда қабылдайды:

1) сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданылуы тоқтатылған себептер қайтадан анықталған жағдайда;

2) сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданысын тоқтата тұруға негіз болып табылмайтын сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамау,

3) сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі материалдарды дайындау кезінде әдейі жаңсақ және жалған ақпарат беру;

4) сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының қолданысы тоқтатыла тұрған сарапшы-аудитордың аттестаты тоқтатыла тұрған мерзімі аяқталған сәтке Ереженің 20-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырмауы.

Осы тармақта көзделген жағдайларда уәкілетті орган сарапшы-аудитордың аттестатын немесе біліктілік аттестатын жою туралы шешім қабылдаған күні сарапшы-аудитордың аттестатын немесе біліктілік аттестатын жою және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығару туралы бұйрық шығарады. Жоғарыда аталған бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұйрықтың көшірмесі сарапшы-аудитор жұмыс істейтін ұйымға үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

22. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарылған сарапшы-аудитордың Ереженің 7 немесе 9-тармақтарының талаптарына сәйкес аттестаттауға қайтадан берген өтініші мен құжаттарының толық жинағын уәкілетті орган сарапшы-аудитордың аттестаты немесе біліктілік аттестаты жойылған сәттен бастап екі жыл өткеннен кейін қабылдайды.

23. Өтінім беруші уәкілетті орган қабылдаған шешімді аттестаттаудан бас тартуды, сарапшы-аудитордың аттестаты немесе біліктілік аттестаты қолданысы мерзімін ұзартуға бас тарту немесе сарапшы-аудитордың аттестатын немесе біліктілік аттестатын тоқтата тұру, жою туралы бұйрықтың көшірмесін алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде апелляциялық комиссияда немесе соттық тәртіпте шағымдана алады.

24. Сарапшы-аудитордың аттестаты немесе біліктілік аттестаты жоғалған жағдайда:

1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында сарапшы-аудитордың аттестатын немесе біліктілік аттестатын жарамсыз деп тану туралы мәліметті аттестаттың нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсетіп жариялау;

2) уәкілетті органға сарапшы-аудитордың аттестатын немесе біліктілік аттестатын жарамсыз деп тану туралы және аттестаттың нөмірін, берілген күнін, қолданылу мерзімін көрсетіп аттестаттың телнұсқасын беру туралы өтінішті беру және өтінімге осы тармақтың 1-тармақшасында көзделген мәліметтердің жарияланғанын растайтын құжатты қоса беру қажет.

25. Сарапшы-аудитордың аттестаты немесе біліктілік аттестаты бүлінген жағдайда уәкілетті органның мекен жайына жазбаша өтініш жібереді. Уәкілетті орган он бес күнтізбелік күн ішінде өтінімді қарайды, сарапшы-аудитордың бүлінген аттестатын жояды және аттестаттың бұрынғы нөмірін, берілген күнін, қолданылу мерзімін көрсетіп, сарапшы-аудитор аттестатының телнұсқасын береді.

26. Сарапшы-аудитор аттестатының немесе біліктілік аттестатының телнұсқасы уәкілетті органға өтініш түскен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде беріледі.

Сәйкестікті растау, тауарды шығарған

елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі

сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне

1-қосымша


 Сарапшы-аудиторлардың қызметінің ұсынылатын бағыттары:

1. Өнімнің сәйкестігін растау:

1) автокөлік құралдарының;

2) тұрмыстық химияның;

3) медициналық мақсатқа арналған бұйымдардың;

4) кабельдік;

5) жеңіл өнеркәсіптің;

6) дәрілік заттардың;

7) машина жасаудың;

8) металлургиялық;

9) минералдық тыңайтқыштардың;

10) мұнай;

11) қару (қызметтік-штаттық, азаматтық) және оларға оқ-дәрілері;

12) парфюмерлік-косметикалық;

13) пиротехникалық;

14) тамақ өнеркәсібінің;

15) радио-техникалық;

16) ауылшаруашылығы өндірісінің;

17) байланыс құралдарының;

18) телекоммуникация құралдарының;

19) программалық құралдар мен деректер қорының;

20) құрылыс материалдары мен құрастырылымдарының;

21) ағаш өңдеу тауарларының;

22) отын шикізатының;

23) химиялық;

24) электрондық;

25) электротехникалық.

2. Қызметтердің сәйкестігін растау:

1) автомай құю станцияларының және мұнай өнімдері базаларының;

2) қонақ үй;

3) қоғамдық тамақтану;

4) шаштараз;

5) автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

6) туристік және экскурсиялық;

7) химиялық тазалау.

3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау.

4. Аккредиттеу.

5. Тауарды шығарған елді айқындау.

Сәйкестікті растау, тауарды шығарған

елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі

сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне

2-қосымша


  Нысан


____________________________________________________________________

(Аттестаттау органының толық атауы)


___________________________________________________________ бойынша

(қызмет бағыты)


__________________________________________________сарапшы-аудитордан

(Т.А.ӘА., лауазымы, жұмыс орыны, мекенжайы, телефоны)


Өтініш

____________________________________________________________ бойынша

(қызмет бағыты)


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесіндегі сарапшы-аудитор аттестатының мерзімін ұзартуды сұраймын.


Қазақстан Республикасы техникалық реттеу саласындағы заңнамасымен белгілінген сарапшы-аудиторларға арналған талаптарды орындауға міндеттелемін.


Қосымша:

  1. Сарапшы-аудитордың жеке карточкасы;

  2. Сарапшы-аудитор аттестаты немесе біліктілік аттестатының көшірмесі;

  3. Сарапшы-аудитордың біліктілігін арттыру туралы куәлігінің көшірмесі;

  4. Сарапшы-аудитордың аттестаттау саласындағы мәлімделген қызметі туралы есеп



Қолы, күні


Сәйкестікті растау, тауарды шығарған

елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі

сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне

3-қосымша


^ Нысан

Сарапшы – аудитордың (сарапшы – аудиторға кандитаттың) жеке карточкасы


Фотосуретке арналған орын


______________________________________________________________

(маманды аттестаттау жүйесінің атауы)

 

_______________________________________________________________________________________________

(аттестаттау облысы)

Толтырылған күні

_______________________________________________________________


3) Жеке мәліметтері:

Тегі ________________________ Аты ____________________ Әкесінің аты _____________________________

Туған жылы _________________ Жеке куәлігінің №  __________________

Білімі _________________________________________________________

Бітірген оқу орнының атауы

______________________________________________________________

Бітірген жылы _________________ дипломның № ___________________


Дипломы бойынша мамандығы ____________________________________


Дипломы бойынша біліктілігі _____________________________________


Ғылыми дәрежесі _______________________________________________________________

_______________________________________________________________

(сарапшы-аудитордың)


20___ ж. «_____» __________ берілген № _____________ аттестат


Аттестаттаған күні _____________________________________________

Жұмыс орны ___________________________________________________


Лауазымы __________________________ телефоны __________________


Тұрғылықты мекенжайы_________________________________________


2. Өндірістік қызметі:

 

Күні

Ұйымы,

лауазымы

Негізгі міндеттемелері

басталуы

аяқталуы

 

 

 

 

 

3. Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарға қатысу:

 

Тексерілетін кәсіпорынның (ұйымның) атауы және мекен-жайы, орындалған жұмыстардың атауы

Тексеру (орындау) күні

Тексеру түрі

(жұмыс)

 

4. Біліктілікті арттыру:

 

Күні

Оқу

түрі

Мамандығы

Куәліктің №

Оқытуды өткізетін оқу орталығы

 

___________________________             ____________________________

Сарапшы-аудиторға Cарапшы-аудитордың қолы және

  кандидаттың қолы                                   қолының толық жазылуы


Сәйкестікті растау, тауарды шығарған

елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі

сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне

4-қосымша


Нысан

 

Сарапшы-аудиторға кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы

ЕСЕП № _____


_______________________________________________________________

(аттестаттау саласы)

__________________________ бойынша

_______________________________________________________________

(тағылымдамадан өтуге кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты)

_______________________________________________________________

(есеп мәтіні)

Тағылымдамадан өтуші _____________________          _____________________________________________________________

                        (қолы)                                 (аты-жөні, тегі)

 

Тағылымдама жетекшісінің пікір-сипаттамасы :

 

Бағалау саласы

Бағасы (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

Білімі:

 

Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздері

 

Негіз қалаушы нормативтік құқықтық актілер және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттар

 

Тексерілетін объектінің жұмыстары және тексерулерді, сипаттамаларды жүргізу әдістері мен рәсімдері, оларды бағалау әдістері мен тәсілдері, есептерді, қажетті құжаттарды дайындау, жұмыс нәтижелері бойынша қорытындылар


 

Білімді тәжірибеде қолдана білуі

 

Жеке басының қасиеттерін іске асыру

 

Жалпы бағалау

 


Тағылымдама жетекшісі _______________________________________________________________

_______________________________________________________________

(сарапшы-аудитор, тегі, аты, әкесінің аты, тіркеу нөмірі, аттестат нөмірі, қызмет бағыты, лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтілі)

_______________________________________________________________________________________________

(қолы, қолының толық жазылуы)

 

Ұйым басшысы

_______________________________________________________________

(қолы, қолының толық жазылуы)

М.О.

 

Ескертпе:

Есеп мәтінінде мыналар көрсетіледі:

1) сынақ ісінің өту күні, сынақ ісі өткен ұйымның атауы мен мекен-жайы (Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі тізілімінде тіркелген ұйымның аккредиттеу аттестатының нөмірі);

2) ережелер мен рәсімдерді анықтайтын қандай құжаттарға сәйкес жұмысты өткізгені;

3) құжаттар негізінде тексерілетін объектінің сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы шешім қабылдаған құжаттарды (сертификаттау рәсімінің қорытындысы, сынақ хаттамасының және басқа құжаттар нөмірі) көрсете отырып жұмыстарды өткізу тәртібі;

4) сәйкестік сертификатын (тексерілетін ұйымның атауы және мекен-жайы).

Есептерді ұсыну кезінде сынақ ісіне үміткерлікке қатысатынын растайтын құжаттар болуы қажет.


Сәйкестікті растау, тауарды шығарған

елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі

сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне

4-қосымша

 

^ Сарапшы – аудитордың қызметі туралы есеп

 

Тегі ___________________________________

Аты _________________ Әкесінің аты ______________________________

200 __ ж. «___» __________ № _______________ берілген ____________________________________________________________ аттестаты

(сарапшы – аудиторды аттестаттау бағыты)


Аттестаттау күні

Есептік кезеңі «____» __________ 200 __ж. бастап «___» _________ 200 __ ж. дейін.

 

Есептік кезеңде орындалған жұмыстар туралы мәліметтер

Есептік кезеңде орындалған жұмыстар нәтижесі

 

 

 

__________________________________________________________

(негізгі жұмыс орны)

 

__________________________________________________________

(аттестат мерзімін тоқтату туралы мәліметтер)

 

___________________________      __________________________

  (сарапшы-аудитордың қолы)              (басшының қолы)

 

М.О.

 


 

  


Сәйкестікті растау, тауарды шығарған

елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі

сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне

5-қосымша

 

Нысан


^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГЕРБІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ


МЕМСТАНДАРТ


^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ


САРАПШЫ-АУДИТОРДЫҢ


АТТЕСТАТЫ


Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің Тізілімінде 20___ жылғы № ________________ тіркелген 20__ жылдың «___» _____________ дейін жарамды.


Осы аттестат ___________________________________________________________________


________________________________________________________________________________


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің сарапшы- аудиторларға қойылатын талаптарына сәйкестігін және


________________________________________________________________________________


________________________________________________________________________________

жұмыстарын жүргізу құқығына аттестатталғанын растайды.

Аттестат Мемстандарттың сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі Комиссияның 20___ жылғы «» ___________ № _______ шешімі негізінде берілді.


М.О.

Сәйкестікті растау, тауарды шығарған

елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі

сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне

6-қосымша


Нысан


^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГЕРБІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ


МЕМСТАНДАРТ


^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ


БІЛІКТІЛІК

АТТЕСТАТЫ


Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің Тізілімінде 20___ жылғы № ________________ тіркелген 20__ жылдың «___» _____________ дейін жарамды.


Осы аттестат ___________________________________________________________________


________________________________________________________________________________


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің сарапшы- аудиторларға қойылатын талаптарына сәйкестігін және


________________________________________________________________________________


________________________________________________________________________________

жұмыстарын жүргізу құқығына аттестатталғанын растайды.

Аттестат Мемстандарттың сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі Комиссияның 20___ жылғы «» ___________ № _______ шешімі негізінде берілді.


М.О.

Сәйкестікті растау, тауарды шығарған

елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі

сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне

7-қосымша


Нысан


_____________________________________________________________ не

(аттестаттау органының толық атауы)


____________________________________ бойынша сарапшы-аудиторлыққа кандидат

(қызмет бағыты)

________________________________________________________________________________

(Аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, мекен жайы, телефоны)


Өтініш


Мені ___________________________________________________бойынша

(қызмет бағыты)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесіне сарапшы-аудитор ретінде аттестаттауыңызды сұраймын.


Сарапшы-аудиторға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген талаптарын орындауға міндеттенемін.


Қосымша:

1. Сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;

2. Білімі туралы дипломның көшірмесі;

3. Сарапшы-аудиторлыққа кандидат жұмыс істейтін ұйымның кадрлар қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттар немесе еңбек кітапшасының көшірмесі;

4. Сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың аттестаттаудың мәлімделген саласында теориялық даярлықтан өткені туралы куәліктің көшірмесі;

5. Тағылымдамадан өткені туралы есеп;

6. Сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың жеке карточкасының көшірмесі.


Қолы, күні


Сәйкестікті растау, тауарды шығарған

елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі

сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне

8-қосымша


^ Нысан

Сарапшы – аудитордың қызметі туралы есеп

 

Тегі ___________________________________

Аты _________________ Әкесінің аты ______________________________

20 __ ж. «___» __________ № _______________ берілген ____________________________________________________________ аттестаты

(сарапшы – аудиторды аттестаттау бағыты)


Аттестаттау күні

Есептік кезеңі «____» __________ 20 __ж. бастап «___» _________ 20 __ ж. дейін.

 

Есептік кезеңде орындалған жұмыстар туралы мәліметтер

Есептік кезеңде орындалған жұмыстар нәтижесі

 

 

 

__________________________________________________________

(негізгі жұмыс орны)

 

__________________________________________________________

(аттестат мерзімін тоқтату туралы мәліметтер)

 

___________________________      __________________________

  (сарапшы-аудитордың қолы)              (басшының қолы)

 

М.О.

 


 



Похожие:

Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі iconТауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының бірінші бөлімінің 11 тармақшасына сәйкес, БҰйырамын
Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі iconТауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының бірінші бөлімінің 11 тармақшасына сәйкес, БҰйырамын
Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі iconЖоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі
Сі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны...
Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
Р және Ғылым министрлігі жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының 22. 06. 2006 жылғы хаттама шешімімен...
Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
Р және Ғылым министрлігі жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының 22. 06. 2006 жылғы хаттама шешімімен...
Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі iconЖүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау
Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі iconЖоспары
Заңдылықты және қүқықтық тәртіпті күшейту, қылмыстың алдын алу жөніндегі Қіжк міндетін орындауда анықтама органының және алдын ала...
Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі icon«Деректану теориясы»
Р білім және Ғылым министрлігі 22. 06. 2006 ж. Республикалық жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының...
Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі icon«Деректану теориясы»
Р білім және Ғылым министрлігі 22. 06. 2006 ж. Республикалық жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының...
Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі iconҚазiргi кезде жарнама тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан
Жарнама дегенiмiз белгiлi тапсырыс берген демеушiнiң атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов