Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты icon

Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты



НазваниеЖүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты
Дата18.05.2013
Размер170.34 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>
1. /Алтын комбе Кудукагашская СШ.docxЖүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты


ФИО

Жұмыс орны

Жүргізетін пәні


Еңбек өтілі, санаты

Жоба аты

Бейсекеев Амантай

Искакович

Еңбекшілдер ауданы

Құдықағаш орта мектебі

Тарих, география

29 жыл

Жоғары санатты

Р.Елебаев атындағы мектеп мұражайы жанындағы «Алтын көмбе» клубы.



Автор: Бейсекеев Амантай Искакович

Тақырыбы: «Ауылым - менің тарихым», «Алтын көмбе» клубының жұмысы.

Жүргізетін пәні: тарих, география.

Білім беру ұйымының атауы:

Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебі

Мекен-жайы:

020700

Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Құдықағаш ауылы

Байланыс телефоны:

Үй:8 716 39 2 06 66

Сот: 8 701 179 81 47


«Отан от басынан басталады» демекші, Отан сүйгіштікке баланы жасынан баулып, әр бала Отанының тарихымен бірге өз елінің, жерінің де тарихын білу қажет деп «Алтын көмбе» клубын ұйымдастырдым. Ондағы мақсат ежелгі тарихи ауылының маңындағы жер-су аттары, ауылдың құрылу тарихы, ауыл тарихында аты аңызға айналған адамдардың өмірі туралы тың деректер жинау. Осы бағытта клуб мүшелері әжептәуір іс тындырды. Атап айтқанда, олар ауыл маңындағы жер-су аттары, бай, болыс, ақын т.б атақты адамдар жайлы біраз деректер жинап, альбом жасады. Біраз мәліметтерді аудандық, облыстық газеттерде жариялап, насихаттады.

Клубқа мүшелікке дарынды балалар ішінен әдебиет, этнография, тарихқа бейімі бар оқушылар таңдап алынды. Сабақтан тыс жүргізілетін бұл жұмыс оқушылардың туған жердің тарихын білуге деген құштарлығын арттыра түсті. Себебі, әйгілі адамдар өмірімен қатар Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен аталары, еңбек ерлері, ақын, профессор, геолог сияқты майталман мамандықтар, олардың Отанға қосқан үлестері балалардың бойында Отан алдындағы борышын сезінуге септігін тигізеді.

«Ауыл мектебі» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – ауылдық мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен тәрбие сапасын көтеру, оқушылардың шығармашылығын дамыту екені мәлім.. Ұлттық мектептің халықтық сипаты ауыл мектебінде айқын көрінеді. Өйткені, ауылда мектептің алдағы дамыту бағытын анықтауға негіз болатын халықтың мәдени – тарихи, рухани – адамгершілік дамуының үлгілері жинақталған.

Міне, «ауыл жылында» ауыл мектебінің жеке тұлғаны қалыптастыруда, елді мекендерің өзекті мәселелерін шешуде жаңа тартымды педагогикалық идеяларды қолдану, ауыл мұғалімінің әлеуметтік және кәсіптік мәртебесін көтеруге қосқан үлкен үлесі деп білеміз.


«Алтын көмбе» өлкетану мектебінің құрылымы


Жер, су аттары аататтары

Әйгілі адамдар өмірі




Алтын көмбе




Р. Елебаевтың өмірбаяны

Ауылдың құрылу тарихы



Мақсаты:

Қазақ елінің кез келген жерінде табиғат көрінісін дәл суреттейтін жер, су атаулары көп. Бірақ біз сол атауларға аса көп мән бере қоймаймыз. Осы орайда әрбір ауылға, ауданға қатысты ел мен жердің тарихы, сол жерде болған тарихи оқиғалар мен әйгілі адамдардың өмірі жайлы «ақтандақтарды» көрсету ісінде олқылықтар бар сияқты. Сол себептен мектепте «Атамекен» бағдарламасына сай «Шежіре» бағытын таңдап алып туған өлкені танушылардың басын қосатын «Алтын көмбе» клубын ұйымдастырдым. Клуб мүшелерінің алға қойған мақсаты жер – су аттары, ауыл тарихында аты аңызға айналған адамдардың өмірі туралы деректер жинау.


Жоспар:

  1. Революцияға дейінгі кезең

  2. Кеңес өкіметінің орнауы

  3. Ұлы Отан соғысы

  4. Соғыстан кейінгі кезең

  5. Жер – су аттарының аталу себебі

  6. Әйгілі адамдар өмірі

  7. Тарихи оқиғалар

Өлкетану жұмысын ұйымдастырушыларға әдістемелік көмек

Басты мақсаттары

  • Жас жетекшектерді қоршаған орта мен табиғи байлықтарға оң көздерімен қарауға тәрбиелеу

  • Әрбір сынып оқушыларының бойына табиғатпен үндестік қасиеттерін қоршаған ортаға аялы алақан мен сезіну түйсіктерін қалыптастыру

  • Әсем табиғатты бар өлкелерге саяхат жасау арқылы сұлулықты, әсемдікті, әсерлікті сезіндіру арқылы тәрбиелеу.

  • Жер тағдыры мен ел тағдырын ойлауда, атадан балаға мұра болып келе жатқан салт – дәстүрлердің тәрбиелік мәні.

  • «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» , «Судың да сұрауы бар», т.б мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні.

  • Өлкетану жұмысында Абайдың, Ыбырайдың, Шоқанның т.б шығармаларының тәрбиелік маңызы.

  • Қоршаған ортадағы заңдылықтарды , жаратылыстану пәндері арқылы алған білімді, сырттай тәжірибеден өткізе отырып көңілге орнықтыру.

  • Мектеп оқушыларын табиғат байлықтарын үнемді пайдалану ісіне белсенді түрде жұмылдыру.

  • Әрбір шәкірттің бойында, туған жерге деген махаббат сезімдерін оятып, атамекеннің табиғатын аялауға, күтіп бағуға жағдай туғызып ыстық сезім ұялату.

  • Қоршаған ортаны дұрыс пайдаланбайтын кейбір адамдар мен жекелеген ұжымдардың теріс қылықтарын дер кезінде әшкерелеуге сынып оқушыларын жұмылдыру.



Өлкетану іс-шараларының тақырыптары:

  1. «Айнала, қоршаған орта және оны дамыту» конференция

  2. Табиғат және біз тәрбие сағаты

  3. Туған өлкеге экологиялық экспедиция

  4. Сулы жер - нулы жер сұхбат

  5. Табиғат таңғажайыптары өлкетану мұражайына саяхат

  6. Жері байдың - елі бай сараптама

  7. Ауылым - атамекенім оқушылар конференциясы

  8. Арал тағдыры - ел тағдыры реферат

  9. «Заманақыр» О.Сүлейменов, Е.Мұқан ой - тартыс

  10. Әсемдік әлемінде сұхбат



Сабақтың тақырыбы: «Ауылым – менің тарихым»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге баулу, әрқашан қорғауға әзір болуға тәрбиелеу, Отан аясында туған жерді, туып өскен ауылды құрметтеп жақсы көруге оның тарихы мен шежіресін білуге, ауылдан шыққан әйгілі адамдардың өнегелі істерін үлгі тұтып Отанымыздың тұлғалы азаматы болуға баулу. Патриоттық сезімдерін ояту.

Сабаққа қолданатын көрнекіліктер: Ауылдың жоспар схемасы, 1930 жылғы ауылдың орнының суреті, ауыл тарихы анықтамалар, ауыл маңының жер-су аттары туралы альбом, әйгілі адамдар туралы газетке шыққан мақалалар мен әңгімелер, буклет.

Сабақты жүргізу әдісі: Көрнекілікпен жұмыс әңгімелесу.

Жетпіс жыл тарихы бар ауылымның

Орнаған қойнауына ну орманның

Көркімен, бірлігімен аты шыққан

Мақтаны болып келген ауданымның

Кешегі Ұлы Отан соғысында

Көрсеткен ерлік күшін қан майданда

«Жас қазақ» әніменен ұрандатқан

Сүйсінбес қандай адам Рамазанға

Рамазан Елебаев аты қалды

Ауылдың іргесінде жұрты қалды

Елімнің мақтанышы сол бір есім

Ерлікке шақырғандай ұрпақтарды

Алпыс бес жыл өтіпті бұл мектепке

Біліммен сусындатқан шәкірттерге

Жоғарғы білім алып әр салада

Еңбегі бағаланды елімізде

Солардың бір белгісі ауылымда

Ескерткіш тұрған жоқ па ортамызда

Тарихи деректерді баяндайды

Мектептің мақтанышы - мұражайда

Әр кезде қадірлейік туған жерді

Өсірген елге қорған талай ерді

Білген жөн бабалардың шежіресін

Қалатын тарих болып кейіндері.


Сәлеметсіздер ме, қадірлі ұстаздар қауымы мен оқушылар!

Өзім «Атамекен» бағдарламасы бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарыммен сіздерді таныстырып өтейін. «Атамекен» бағдарламасы бойынша «Шежіре» бағытын тандап алдым. Ол үшін өлкетанушылардың басын қосатын клуб ұйымдастырып, ынталы топ құрып, клубтың атын «Алтын көмбе» деп атадым. Клуб мүшелері өздерінің ізденімпаздығымен біраз ауқымды жұмыстар атқарды деп айтуға болады. Клубтың алға қойған мақсаты ауыл маңының жер-су аттары, ауыл тарихында аты аңызға айналған адамдардың өмірі туралы деректер жинап кейінгі буын ұрпаққа таныту және насихаттау. Ауылымыздан аттары облыс, Республикаға танымал адамдар да шыққан.

Кезінде Республикалық ақындар айтысында Жамбыл Жабаевпен қатар айтысып 2-орынды иеленген Уахит ақын. Атақты «Жас қазақ», «28 панфиловшы» т.б. әндердің авторы Рамазан Елебаев, Орталық Қазақстандағы Жәйрем кен орнын зерттеп ашуға қатысқан біздің өңірде сирек кездесетін мамандық иесі аға геолог, Лениндік сыйлықтың иегері Мағауия Биғалиев (Қазақстан Республикасы ғылыми зерттеу институтының тұңғыш президенті, академик Қаныш Сатпаевтың тікелей қол астында жұмыс атқарған) Сәкен Сейфуллинмен жолдас болған Сүлейменов Қази, ауылдың қадірменді ақсақалы молла, қажы, емшілік қасиеті бар Салық қажы, Сатыбай бай, болыс т.б туралы деректер жинадық, оның барлығына жуығы облыстық және аудандық газеттерде жарияланып, насихатталды. Осы сияқты өнерлі де білімді азаматтарды дүниеге әкеліп тәрбиелеген өңірді мақтаныш тұтамыз, әрі халыққа танытып насихаттауды өзіміздің перзенттік парызымыз деп білеміз.

Ауылдың құрылу тарихы. Үлкендердің айтуы бойынша Құдықағаш ауылы 1930 жылы құрыла бастаған екен. Ал Құдықағаш аталу себебі: алғаш келгендердің суреттеуі бойынша қырдан қараған адамға құдық сияқты көрінген дөңгелек алаңқайды ну орманды ағаштар қоршап тұрғандықтан Құдықағаш деп атап кеткен. Алғаш құрылған кезде колхозда 6 пар өгіз, 12 жылқы, 2 түйе, 200 га жер болған.

Өлең «Береке мен бірлік қонған ауылым»

Ауылым қонған Мақпал таудың бөктеріне

30-шы жылдардың сол бір салқын көктемінде

Ұжым болу саясаты өкіметтің

Алыстағы ауылдарға жеткенінде

Қарауыл, Байқошқар мен Керей келіп

Зор өкімінің күшімен қоныстанды

Тізімде бары қалмай жетіп,

Ел болды колхозды да құрып алғаш

Атанды атына сай Құдықағаш

Ортада дөңгеленіп тегіс алаң

Айнала сыңсып тұрған қалың ағаш

Сералы басқарма боп көшті бастап

Салдырды соқа ізін көше бойлап

Түрен салып алқаптарға дән егіліп

Мал жинап базды дағы салды тастап

Шашу шығып ыдырамай бір үйің

Елдік қалпын сақтап қалған ауылым

Шат күлкіге толып тұрсын әр үйің

Береке мен бірлік қонған ауылым.

«Ауылым» әні орындалады.

70 жыл теріс саясаттың құрбаны болған ақтандақтардың есімі тарихтан өз орнын алып енді қайтарылып жатыр. Соның бірі Сатыбай бай, болыс. Бай болып кісі ақысын жемеген, жалшыларының еңбекақысын еңбегінің өтеуіне қарай беріп отырған. Оның қыстауы қазіргі Кішкентай ауылы тұрған жерден басталып жаз жайлауы Мамай ауылының іргесіне дейінгі жерді алып жатқан Сатыбай бай туралы деректен үзінді.

Оқитын 1-оқушы

Қазіргі заман ағымы өзгеріп «дін апиын» дүмше молла» деп дінге қарсы күресіп келсек енді сол өшкенімізге оралып бұрынғы салт дәстүрлерімізді жаңғыртып жатырмыз. Соның ішінде азаматты имандылыққа, адалдыққа, қайырымдылыққа баулитын діннің маңызы зор. Халық дінге қайта бет бұрып жатқанда ауылымыздың молдасы болып қажы атанған Салық молда туралы әңгіме көп. Ол кісі дүниеден өтсе де аруағы күшті адам болған. Енді Салық қажы туралы ел аузынан жинаған әңгімелерді тыңдап көрейік.

«Боз інген күйі».

Есімі Республикаға, Одаққа танымал әнші сазгер Р.Елебаев 1910 жылы Құдықағаш ауылының күнбатыс жағында Өтейде туып өскен. 1941ж Мәскеудегі Луначарский атындағы театр өнер Институтының композиторлық бөлімін бітіреді. Ол музыка аспаптарының барлық түрінде ойнайтын. Марш ретінде орындалатын «Жолдастар», «Амангелді туралы ән», «Біз Отанның солдаты», «28 панфиловшылар» және т.б көптеген әндердің авторы. Біздің мектебіміз ардақты азамат Р.Елебаевтың атында. Р.Елебаев 1941 жылы соғысқа аттанып 1944 жылы 10 сәуірде Псков облысы, Новосокольники қаласы маңында қаза тапты. Майданда көрсеткен ерлігі үшін жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Әсіресе оның Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровқа арнап шығарған «Жас қазақ» әні бүкіл Одаққа мәлім болды. «Жас қазақ» әні орындалады.

Ауылымызда Қазақтың аса көрнекті ақыны, белгілі қоғам қайраткері, жазушы С.Сейфуллинмен Алматыда Сүлейменов Қази деген ағамыз біраз дәмдес болыпты. Сәкен ағамыз Көкшетаудың көркем көріністерін көп жырлаған ақын ғой. Аз күн қасында болғанда Қази ағай С.Сейфуллин туралы былай еске алады.

ІІ оқушы оқиды:

Қазақтың басқа халықтан ерекшелігі суырып салма айтыс өнері және өлең шығару болған ғой. Содай қолма қол өлең шығаратын ақын Шоти жайында еске алады. ІІІ оқушының сөзі.

«Тобылғысы - ай» Әні

Есмағанбетов Құсайын деген атамыз соғысқа кетіп бара жатқанда Ақмолаға дейін еріп барып шығарып салған қызы Тотыға арнап өлең шығарады. Тоты тәтеміз «Ардақты ана» атанған, ауылымызда үлгілі жанұя құрып отырған ана.

«Тотыжан» өлеңі - ІҮ оқушы.

Рақыжан деген Тасымның баласы соғыс кезінде немістердің қолына түсіп Сталиннің репрессиясынан сескеніп Германияда қалып неміс қызына үйленіп сонда тұрады дейді. Тасымның соғыста жүріп шығарған өлеңі: Ү оқушы.

«Ауылым» әні.

Сирек кездесетін мамандық иесі, геолог, ауылымыздың тумасы Мағауя Биғалиев Қазақстан ғылым академиясының президенті Қаныш Сәтбаевтың қол астында жұмыс істейді. Жезқазғанның ыстығына күйіп, суығына тоңып 9 жыл тынбай еңбек етіп Жәйрем кен орнын ашқан бесеудің бірі. Осы еңбегі үшін Мәскеуге арнайы шақырылып Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды. 370 метр тереңдіктен темір, қорғасын, мырыш, марганец рудалары шығады. ҮІ оқушының сөзі.

Оразбаев Хамит 50 жыл тың игеру науқаны кезінде «отызмындықтар» қатарында ауылға келіп басқарма болғанда аз уақыт ішінде көптеген игі істерді жүзеге асырып, артына елеулі із қалдырған ауылды көркейтуге атсалысқан азамат.

«Жақсының аты өлмейді» ҮІІ оқушы.

«Туған жер» ҮІІІ оқушы

«Қазағым менің» - хор


«Ауыл маңының жер – су аттары»

Құдықағаш қарағайлы – қайынды орманның саясына орналасқан ауданымыздағы колхоздастыру жылдары құрылған ауылдардың бірі. Осы ауылдың төңірегінде аты тапқырлықпен қойылған әсем жерлер көп. Ауылдың солтүстік шығыс жағында қыр үстіне шыққанда шоқыағаш алыстан қарайып, жұмбақ пішіні мен өзіне тартып тұрады. Сондықтан болу керек бұл жер ҚАРАГЕР аталып кеткен. Қарагермен қатарласып, бейне оның серігі іспеттес тағы бір төбе бар. Мұның басы керісінше тастақ, тақыр. Бұл төбенің аты – ЖЫЛАНДЫ. Атының өзі айтып тұрған тұрғандай, басында және төңірегінде жылан көп болған. Жазда төбенің басы шыны төккен сияқты күннің көзіне жалтырап, шағылысып жататын. Ал ыстықта жыландардың су іздеп жақын жердегі суларға жолмен шұбырып бара жатқанын талай көрдік. 1930 жылдары Жыландының маңына соқа салғанда жыланның ордаларын төңкеріп, қара жердің үстіне жылан қаптап кеткен күн де боған. Қарагердің ағашының ішінен білектей жуан, басы кішігірім қозының басындай жыландарды көрген кісілер болды. Қазір осы жыландар жоқтын қасы.

Қарагердің етегін ала, жалпағынан жайылып жатқан, қоңырқай тартып көрінетін қалың шілік бар. Осы Қарашілік арасынан ауыл тұрғындары жазда шөп шауып малдарына азық жинап алатын.

1930 жылы сол маңайдағы тағы бір көрікті жер Құдықшілік атанды. Себебі, ел алғаш қоныстанғанда Қарагердің ығына қонып үй сала бастаған болатын. Ал ауыз су үшін қазылған құдықтан су шықпады да, ел қазіргі тұрған жерге көшті. Су шықса ауыл аты да Құдықшілік болар ма еді, кім білсін. Ал жер аты Құдықшілік болып қалды. Ауылдың батыс жағында ертеректе ӨТЕЙ деген адамның ауылы болған, ал қазір сол ауылдың жұрты ғана қалды. Оған жақын жерде Сатыбай бай ауылының жұрты бар. Ол да бір бүгін тарихи жер ғой. Сәуле мен Құдықағаштың арасында сайды бойлап өскен ағашқа ел МОЙНАҚ деп ат берген екен. Өйткені бас пен денені қосып тұрған мойын сияқты жіңішкере келіп екі жағы жалпақ орманға ұласады.

Ал Қарагердің қарағайлы орманының батыс жағы қайың ағаштармен жалғасып жіңішке алқап болып 2-3 шақырымға созылып жатады. Жоғарыдан төмен созылып жатқандықтан болар, бұл жерді ҚАРАГЕРДІҢ салпысы деген.

Ауылда солтүстік шығыс жағында, орман шетіне таман орналасқан биік тауды ҚАРАМҰРЫН дейді. Жоғарыдан қарағанда табиғаттың өзіне тән шеберлігімен жасалған адам мұрнына ұқсас. Бірақ соңғы кезде Қарамұрын атауы көп айтылмайды.

МАҚПАЛ ТАУЫ. Таудың етегі, Байдың жайылымы болды. Оның Мақпал атты қызы өзінің әкесінің малшысына ғашық болады. Ел жайлауға көшерде байдың Өртек деген ерке де ожар баласы андып жүріп жайлауға көшіп бара жатқан малшының қарақұсынан ұрып өлтіреді. Осы зұлымдыққа шыдай алмаған, әрі сүйгенін қимаған Мақпал осы таудың басына шығып оңтүстік беткейіндегі тік жартастан құлап өлген деген аңыз – әңгіме бар. Сол себептен бұл тау махаббаттың символы іспетті Мақпал аталыпты деген дерек бар.

Құдықағаштың батыс жағында 4-5 шақырым қашықтықта төбенің етегінен ағып жатқан бұлақ бар. Оның бір ерекшелігі қыстың күні суықтарда қатпайды. Мұны Жылыбұлақ деген атынан да білуге болады. Жылыбұлаққа жақын жерде АРШАЛЫ тауы дейтін төбе бар.1930 жылдан бері екі рет өрт шалып, аршалар жанып,күйіп кетті. Қазір Аршалы деген аты ғана. Байқасақ жерге ат бергенде аталарымыз оның табиғатына , қасиетіне, тарихи бір оқиғаға байланысты қойған.

«Ауылдан шыққан әйгілі адамдар»

Ертеде Қазан төңкересінен бұрын Құдықағаш ауылы қазіргі тұрған орны аты Көкше Омбы дуанына мәлім болған Сатыбай байдың қонысы болған деседі.Құдықағаш пен Сәуленің арасындағы орман етегімен шектеліп жатқан кең жазира дала» Сатыбай жұрты» деп аталады.Атынан белгілі болып отырғандай осы алқапта ауыл болғанын байқау қиын емес. Сатыбайдың ен жайлауы қазіргі Кішкентай ауылының өзегінен Сәуле ауылына дейінгі алқапты – Мойнақ, Өтей, бір жағы Мақпал, солтүстік шығысында Қаршілік , Жыланды¸одан әрман Аталықтың арғы беткейіне дейінгі жерді алып жатты деседі.

Аты аңызға айналған Сатыбай Қазан төңкерісіне дейін Құдықағаштың маңайын билеген бай, кезінде болыс болып сайланған екен. Немере інісі Балташ екеуі Қараша, Қазкен деген ағалы – ініліден тұрған адамдар.

Көргендердің сипаттауы бойынша 40 – 45 жастар шамасында дүниеден өткен .Сұңғақ, ұзын бойлы, кең иықты, жүргенде жұрттан бойы екі қарыс жоғары болса керек.Ақмолаға базарға барғанда іздегендер оны бойына қарап тез тауып алады екен.Денесі де бойына лайық екі иығына екі кісі мінгендей, өңі қара торы, сақал – мұртты келбетті адам болған дейді. Мыңнан аса жылқысы, мыңға жуық қойы, 300 дей сиыры болған.Сатыбай алғашқы кезде орташа шаруа болған дейді. Өзі шаруақор болған соң мал азығы мен шөпті жинай берген.

Бір жылы жұт болып, Жезқазған жағынан бір байы жайылым, малға азық іздеп осы жаққа кетіпті. Сонда Сатыбай өзінің қорын бөлісіп, келген байдың малын аман алып қалады да жаз шыға ақысына 40 жылқы алады. Содан Сатыбайдың жылқысы көбейіп байыған деген сөз бар. Сатыбайдың қысқы қонысы Кішкентайдың өзегінің қырқасы, ал жаз жайлауы қазіргі Тассудың орны болған. Жылқысы көбінесе Аталықтың оңтүстік шығыс беткейінде ойпаңдау жерде жатқан. Қанша бай, болыс болса да ол өзін жоғары санап кедейлердің еңбегін жеп көрмеген әділ адам болған. Сатыбайдың жиырмадан асқан шағында керейдің Хасен деген биімен болыстыққа таласады. Осы кезде ағайындарымен Омбыдағы губернаторға арыздануға барады. Өзі сақа кісі болса керек, «бұл жігітті менің қызым көріп, сынасын дейді. Қызы Сатыбаймен сөйлескеннен кейін «мына жігіт болыс түгілі қара қазаққа хан болуға» лайық деген екен. Бірақ Хасен осы сайлауда жеңіп шығып болыс сайланған екен .Хасен дүниеден өткен соң Сатыбай болыстыққа Атығай Әлжан деген бимен таласады. Осы бәсекеде Сатыбай жеңіп, болыстыққа сайланған екен. Ол 24 – 25 жамасында болса керек.Болыс сайланған соң атақты әнші – композитор Рамазанның әкесі Елебайдан Қаршілікті бір атқа сатып алады. Осыдан кейін Сатыбаймен Балташтың арасына жік түсіп, кейбірулердің айтуы бойынша Сатыбай қызылдар жағына шығыпғ, ал Балташ басқа жаққа қоныс аударады. Ол қазіргі «Жаңатөбе» деген жерде өз адамдарымен тұрады. Ол жер бір ауылдың аумағындай терең ой болған, соның ішінде киіз үй тігіп жатқан Балташ ауылды сағынып өлең шығарады:

Өз әкем болған емес сөзге майда

Өтірік артық сөзден болмас пайда

Жылқының бар жүйрігін таңдап ұстап

Бәйге алған ұлы жиын екі айда

Аталық біздің жайлау мидай дала

Бере гөр өзің қуат хақ тағала

Етікпен су кешкендей болды заман

Күндерің нелік болар қатын бала

Басында тасты адырдың соғады жел

Арасы тау мен тасты әдемі жер

Тамақ тоқ, ұйқы қанып жүрсек дағы

Адамның өз еліндей болмайды жер.


Бұл өлең ел дүрлігіп қызылмен аққа бөлініп көбісі қайсы жағына шығарын білмей дал болған кезінде туған. Сатыбайдың кіндігінен шыққан қызы Гүлнұр апай қазір Жаңауылда тұрады. Сатыбайды Сәуле ауылының биік қарқасындағы зиратқа жерлейді.

Ұлы Отан соғысына сүбелі үлес қосқан жерлесіміз жауынгер – сазгер Рамазан Елебаев Құдықағаш ауылының күнбатыс жағындағы Қалың қарағайлы етегі Өтей деген жерде 1910 жылы өмірге келген. Домбыра, баян, балалайка т.б аспаптарда шебер ойнап ән салатын Рамазан Елебаев Мәскеудегі А.В.Лучанарский ат. Мәдениет институтының композиторлық бөлімін бітірген соң 1941 жылы майданға аттанады.Қас дұшпанмен аяусыз шайқасқан жерлесіміз 1944 жылы 10 сәуірде Псков облысының Новосокольники қаласы төңірегінде ерлікпен қаза тапты. Ол жауынгерлік қызыл жұлдыз орденімен марапатталады. Пушкин тауында жерленді. Аяулы жерлесіміздің өмірі қысқа болды. Отызыншы жылдары «Қазақ» полкінде қызмет етті, қазақ драма театрында және филармонияда қызмет етті.Сурет өнерімен де айналысты.Ол «Амангелді туралы ән», «Ана сыры» , «Біз Отанның солдаты», «28 панфиловшылар» және исі қазаққа мәлім әйгілі «Жас Қазақ» әнінің авторы.Ұрыс даласында Төлеген Тоқтаровтың ерлікпен қаза тапқаны жауынгерлер арасына аңыз болып тарайды.Бұл жағдай Рамазанды толғандырмай қоймайды, сөйтіп «Жас қазақ» әні дүниеге келді. «Жас қазақ» әні сол кезде қазақ жауынгерлерінің әнұранына айналды десек артық айтқандық болмас.

Ұлы Отан соғысынан кейін ауылымыздың шаруашылық саласын, мәдениетін жетілдіру мақсатында ауыл еңбеккерлері күрт қолға қайра алды. Әсіресе ауылдың көркеюіне зор үлесін қосқан Оразбаев Хамит туралы айтпай кетуге болмайды. Халықтың тұрмысына , сана – сезіміне елеулі өзгеріс әкелген Хамит Оразбаев абзал азамат болған. Мешітке аты алты дуанға мәлім болған Салық Қажының аты берілді. Өмірден өткеніне екі ғасырдай өтсе де аруағы күшті адамды халқы есінен шығармады. Оның аруағының күштілігі сондай , бейіттің басынан бет сыйпамай өткендерді , бей берекет сөйлегендерді талай тәубасына келтірген оқиғалар әлі де аңыз сияқты айтылады. «Ерте көктеп, ерте солған» асылдарымыздың бірі қазақтың аса көрнекті ақыны, белгілі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин. Осы асыл ағамен біздің ауылдың тұрғыны Қази деген азаматы бір күн дәмдес болған. Ол кісі 1906жылы туған адам. Сәкенмен жас кезінде кездессе керек.Кейін сол күндерін еске алғанда Қази ақсақал Сәкен ағаның адамгершілділігімен қатар, ең алдымен келбеттілігін, кербездігін суреттейтін.Сол Сәкен аға қуғын қуып жүрген кездерінде бұрыннан қасында жолдас болған достары , көбі жалт беріп, өзімізге бір пәлесі тиер деген ниетпен жоламай кетеді. Соған назаланған Сәкен аға – Шыр айналар шіркін тауық ,жемін болса қолында. Барлығы да сені танып, топырлайды жолыңда. Досыңмын деп ант береді, жем іздеген жанама .Жем таусылса жалт береді , сенерлік дос санама - депті. Адам баласы болашаққа деген үмітпен өмір сүреді. « Өтпелі кезенінің қиыншылығын» басынан өткерсе де ел іргесі сөгілмей ынтымақты өмір сүріп отырған Құдықағаштықтардың да болашаққа деген сенімі зор.

Ашқан жаңалықтар мен жұмыстың нәтижелері.

Ауылымызда кезіңде Республикалық ақындар айтысында шамамен 1930 – 1940 жылдары Жамбыл Жабаевпен қатар айтысып 2 – орынды иеленген Уахит ақын. Атақты «Жас қазақ» әнінің авторы, сазгер Рамазан Елебаев. .Орталық Қазақстандағы «Жәйрем» кен орнын ашқан Мағауия Беғалиев (Қ.Сәтпаевтың тікелей қол астында істеген).Сәкен Сейфуллинмен жолдас болған Сүлейменов Қази, емшілік қасиеті бар Салық қажы. Туралы деректер газет – журналдарға кеңінен насихатталды.


Бұл жұмыста Құдықағаш орта мектебіндегі Р.Елебаев атындағы мұражай жанынан құрылған «Алтын көмбе» клубының өлкетану жұмысын ұйымдастыру жұмысы мен «Ауылым – менің» тарихым» атты сынып сағаты ұсынылып отыр.


В этой работе разработана класный час на тему «Ауылым – менің тарихым» и работа краевеческого клуба «Алтын көмбе» при Кудукагашской средней школе им Рамазана Елебаева.



Похожие:

Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты iconГеография Пән мұғалімінің аты – жөні Асанова Карлыгаш Илиукеновна Білімі жоғары Санаты І еңбек өтілі 14 Қостанай қаласы 2011- 2012 оқу жылы Мазмұны
Бт сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы
Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты iconНарықтық экономикаға көшу кезеңінде шаруашылықтарда еңбек тәртібін күшейту, өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандату, еңбек өнімділігін арттыру үшін еңбек және еңбекақы есебінің маңызы өте зор
Жұмысшылар мен еңбекшілердің негізгі өмір сүрулерінің көздері болып еңбекақы есептелінеді
Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты iconМазмұны кіріспе нарықТЫҚ экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру негіздері
Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы...
Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты iconМазмұны кіріспе нарықТЫҚ экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру негіздері
Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы...
Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты icon1 бөлім. Еңбек ақының теориялық негізі
Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелер
Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты iconI. Еңбек ақының теориялық негізі
Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді
Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты iconНарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару
Жшс “ПолимерМеталл-Т” кәсіпорындағы еңбекті мөлшерлеу мен еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйесі
Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты icon3 І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі
Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру
Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты icon«Патриот»-атты айлық өткізілді. 9-15 сәуір аралығында «Бәрінің де есімі жадымызда сақталады атты іс –шараны мектеп кітапханашысы өткізді
Еңбек және соғыс ардагерлерінің өмір жолы, еңбек жолы және ерліктері туралы оқушылар көп мәліметтер алды
Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты iconДене шынықтыру пәні бойынша 5 сыныптың орта мерзімді жоспарлау
«Дене шынықтыру» оқу пәні мемлекеттік міндетті білім беру стандартының маңызды компоненті. Оқу бағдарламасына енгізлген жүктеме бойынша...
Жүргізетін пәні Еңбек өтілі, санаты iconНашақорлыққа қарсы тұрақтылық бойынша өткізілген іс-шаралар. 13. 12. 2102ж әңгіме(лекции)
Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізетін орындар ауылдық мектеп және медициналық пункт
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов