Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы icon

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы



НазваниеАқмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы
Дата18.05.2013
Размер161.65 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>
1. /Семинарда?ы ашы? саба?.docАқмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы.

Сабақтың тақырыбы:

Рота бойынша тәуліктік нарядтың тағайындалуы, құрамы және қарулануы

Сабақтың мақсаты: Рота бойынша тәуліктік нарядтың тағайындалуы, құрамы және қарулануы туралы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың меңгерген білімдерін топтастырып дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мәні: оқушыларды елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға, қырағылыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ- жауап .

Сабақтың көрнекілігі: Стенд, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Қорытынды

Ү.Үйге тапсырма

ҮІ. Бағалау.

І. Сынып басшысының оқушыларды сапқа тұрғызуы, баяндауы:

Оқытушының сәлемдесуі мен оған оқушылардың жауап беруі;

Оқушылардың сырт пішінін тексеру;

Оқушыларды оқу орындарына орналастыру.

ІІ.Өткен сабақ материалдарын сұрақ- жауап арқылы пысықтау

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларын кім, қай уақытта, нешінші нөмірлі Жарлығымен бекітті?

ҚР Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар?

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысында не баяндалған?

Әскери тәртіп дегеніміз не?

Әскери тәртіп нені негіздейді?

Әскери тәртіп нені міндеттейді?

Мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерге қолданылатын қандай көтермелеулер бар?

Мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерге қолданылатын қандай тәртіптік жазалар бар?









Сәйкестік тест сұрақтары




Жауабы

1.Әр түрлі санаттағы әскери қызметшілердің жалпы және лауазымдық қызмет міндеттерін олардың,бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынасты,бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін,әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез-құлқын анықтайды.




А)Тәртіптік

жарғы

2.Әскери тәртіптілік мәні,армиядағы белгіленген оның негізгі талаптары, реті,көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері,бастықтар мен командирлердің тәртіптік құқықтары баяндалады.Сондай-ақ ол әскери қызметшілерден келіп түскен арыз- шағымдарды,ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін,оларды жүзеге асырудағы командирлердің міндеттерін де қарастырады.




Ә) Саптық

жарғы

3.Гарнизондық және қарауылдық қызметті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді.Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары,әскердің қатысуымен гарнизондық және басқа да шараларды өткізу тәртібі айқындалады.




Б)Ішкі қызмет

жарғысы

4.Әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін,саптық байқау өткізу ретін,сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін,сондай-ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.




В) Гарнизондық,

қарауылдық

қызметтер

жарғысы
Тест жауабы:


1

2

3

4

Б

А

В

Ә


III. Жаңа сабақ.

Тәуліктік наряд әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің (бөлімшенің) жеке құрамын, қару- жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй- жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға сондай –ақ осы жарғыда белгіленген тәуліктік наряд қызметі бойынша басқа да міндеттерді орындауға арналған.

Тәуліктік нарядтың құрамы оқу кезеңіне бөлім бойынша бұйрықта жарияланады.

Бөлімнің тәуліктік нарядының мынадай құрамы қарастырылады:

-бөлім бойынша кезекші;

-бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;

-қарауыл;

-кезекші бөлімше;

-парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер, сондай-ақ, кезекші сүйреткіштердің механик-жүргізушілері;

-кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) және медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшілер;

-бақылау- өткізу пункіті бойынша кезекші және оның көмекшілері;

-асхана бойынша кезекші және жұмысшылар;

-бөлім штабы бойынша кезекші және көмекшісі;

-кезекші белгі беруші-барабаншы;

-шабармандар;

-өрт наряды.

Бөлім бойынша бұйрықпен күнделікті тағайындалатындар:

Бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, қарауыл бастығы, парк бойынша кезекші, кезекші бөлімше, сондай-ақ тәуліктік наряд пен жұмыстарға наряд бөлінетін бөлімшелер. Қажет болған жағдайда, бөлім командирінің тәуліктік нарядтың құрамын өзгертуге құқығы бар.

Ротаның тәуліктік нарядына:

-рота бойынша кезекші;

-рота бойынша тәуліктік кезекшілер тағайындалады.

Ротадағы тәуліктік кезекшілердің ауысым санын бөлім командирі белгілейді,

Жатахана бойынша тәуліктік нарядтың құрамы, сондай –ақ олардың міндеттері ротаның тәуліктік нарядына сәйкестендіріліп белгіленеді.

Қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кейбір әскери бөлімдерде тәуліктік кезекші мен бақылау-өткізу пункіті бойынша кезекшінің көмекшісі, ротаның тәуліктік наряды мен парк бойынша тәуліктік кезекшілер жабдықталған екі оқжатары бар (оқ калтада 30 патрон)автоматтармен (карабиндермен) қарулануы мүмкін. Қаруды ұстаудың, сондай-ақ оны қолданудың тәртібі осы жарғы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Рота бойынша кезекшінің міндеттері

Рота бойынша кезекші жақсы дайындалған сержанттардан тағайындалады. Ол рота жауынгерлерін бастықтардан келген бұйрықтар және белгілерімен уақытында таныстырып, рота ішіндегі тәртіпті және күн тәртібі жоспарының тура уақытында орындалуын қадағалап, өзінің қол астында күзетуде тұрған қару- жарақтың, оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлердің жеке заттарының сақталуын, тәуліктік кезекшілердің өз міндеттерін дұрыс орындауын жауап береді.

Барлық сержанттар мен жауынгерлер рота бойынша кезекшінің бұйрықтарын орындауға тиісті

Рота бойынша тәуліктік кезекшілердің міндеттері:

Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде тұрған қару –жарақтың, тапаншалар тұрған шкафтардың (жәшіктердің), оқ дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.

Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.

Ол:

-рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз үй-жайдан шықпауға, қару-жарақты сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;

-басқа рота жауынгерлерін осы үй-жайға кіргізбеуге, сондай-ақ рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз казармадан қару-жарақты, оқ-дәрілерді, мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге;

-ротадағы барлық оқиғалар туралы, жарғыларда белгіленген рота әскери қызметшілері арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылық, байқалған ақаулар және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;

-жеке құрамды таңертеңгі тұру уақыты кезінде, сондай-ақ дабыл немесе өрт болған жағдайда түнде оятуға, күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен беруге;

-үй-жайларындағы тазалық пен тәртіпті қадағалауға және әскери қызметшілердің оларды сақтауын талап етуге;

-әскери қызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;

-әскери қызметшілердің темекі шегуді, аяқ киім мен киімдерін тазалауды осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;

-ротаға тікелей бастықтары-рота командирінен бастап; одан жоғары бастықтары, бөлім бойынша кезекші келген кезде: «Тіктел» деп пәрмен беруге, ротаға басқа ротаның офицерлері келгенде, сондай- ақ басқа ротаның әскери қызметшілері келген кезде кезекшіні «Рота бойынша кезекші мұнда кел» шақыруға тиісті.

Кезекті тәуліктік кезекшілерге отыруға, жарақтарын алып қоюға, киімнің түймесін ағытуға тыйым салынады.

Бос ауысым тәуліктік кезекшісі рота үй-жайларындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда кетпеуге, рота жауынгерлері арасындағы қарым-қатынас жарғыда белгіленген ережерерді бұзған жағдайда оларды тәртіпке шақыру шараларын қолдануға көмектесуге, рота бойынша кезекшінің орнына қалғанда оның міндеттерін орындауға тиісті.

Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің қайда жүргенін әрқашан білуге тиісті.

Тәуліктік күзеттің қызмет өткеруіне арналған бөлмені жабдықтау, қажетті құжаттардың тізбесі

Рота бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшінің қызмет өткеруіне арналған орында:

-белгі қабылдайтын және бөлімшелерге хабарлайтын техникалық құралдар;

-байланыс құралдары(телефон, селектор);

-сағаттар;

-жарықтандырудың резервтік көздері;

-тәуліктік күзет құжаттамасы жазылған стенд болуы тиіс.

Тәуліктік кезекшіде мынадай құжаттар болуы керек:

-қарсыластың жаппай жою қаруын қолдану қауіпі төнген жағдайдағы нұсқау;

-күн тәртібі;

-телефон станцияларының және лауазымды адамдарды шақыру белгілерінің кестесі;

-өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқау;

-құжаттар мен мүліктердің тізбесі;

-кезекшілікті қабылдап алу және тапсыру кітабы;

-ҚР ҚК жарғылар жиынтығы.

Рота бойынша кезекшіде(тәуліктік кезекшіде):

-кезекші беретін үлгілік пәрмендер мен белгілердің тізбесі;

-ротаның казармадан тыс тұратын әскери қызметшілердің мекен жайлары, телефон мен шақыру тәсілдері және шабармандар жазылған тізімі;

-таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларына арналған киім үлгілері;

-аумақты тазарту үшін ротаға бекітілген учаскесінің сызбасы;

-қару жарақтар мен оқ дәрілерді беру, науқастарды, сейілдемеге шыққандарды тіркеу кітабы;-дабыл бола қалған жағдайлардағы жолдама қағаздарымен бірге ұрыс машиналарының от алдыру құлыптары мен люктерінің мөрленген жәшіктегі кілттерінің жиынтығы болуы тиіс.

IV.Қортынды

Тест тапсырмалары
1.Ротаның тәуліктік наряды неше жауынгерден тағайындалады:
А) 5 Ә)3 Б) 4
2. Әскери анттың ҚР-ы Президентінің жарлығымен бекітілген уақыты?
А) 25 тамыз 1992 жыл Ә) 8 мамыр 1992 жыл

Б) 11 желтоқсан 1992 жыл
3. ҚР ҚК – ін басқаратын орталық орган:
А) бас штаб Ә) Қорғаныс министрлігі Б) Әскери бөлім

4. ҚР ҚК-нің әскери жарлығы:
А) Ішкі қызмет жарғысы. Саптық жарғы. Гарнизондық қызметтерінің жарғысы. Қарауылдық қызметтердің жарғысы.
Ә) Ішкі қызмет жарғысы. Тәртіптік жарғы. Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы.
Б) Ішкі қызмет жарғысы. Тәртіптік жарғы. Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Саптық жарғы.
5. ҚР ҚК-нің Жарғылары Президент жарлығымен қашан енгізілді:
А) 18 шілде 1996 жыл Ә) 1 қараша 1996 жыл Б) 27 қараша 1998 жыл
6. Қатардағы сарбаздар мен матростар үшін әскери атақтары бойынша кімдер бастықтар болып табылады?
А) ҚР-ның маршалы, армия генаралы, адмирал, генерал, аға және кіші офицерлер, өзімен бір әскери бөлімдегі прапорщиктер мен мичмандар, сержанттар мен старшиналар.
Ә)ҚР-ның маршалы, генералдар, адмиралдар, аға және кіші офицерлер, пропарщиктер мен мичмандар, өзімен бір әскери бөлімдегі сержанттар мен старшиналар.
Б) ҚР-ның маршалы, генералдар, адмиралдар, аға және кіші офицерлер.
7. Қатардағы сарбаздардың тікелей бастығы:
А) бөлімше бастығы Ә) взвод командирі Б) рота командирі.

Жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

Ә

А

Ә

Б

Б

А

А



Оқушыларға рота кезекшісі мен тәуліктік кезекшілерінің міндеттерін сарамандық жұмыс арқылы орындату.

V. Үйге тапсырма

АӘД оқулықтың §5 ҚР ҚК гарнизондық және қарауылдық қызметінің жарғысы.

Рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы және қарулануы.

Рота бойынша кезекшінің міндеттері.

Тәуліктік күзеттің қызмет өткеруіне арналған бөлмені жабдықтау, қажетті құжаттардың тізбесі.

88-92 бетке дейін оқып келу.

VI. Бағалау

Оқушылармен қоштасу.


Тест тапсырмалары
1. Ротаның үй-жайдағы тәуліктік наряды неше жауынгерден

тағайындалады:
А) 5 Ә)3 Б) 4
2. Әскери анттың Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген уақыты?
А) 25 тамыз 1992 жыл Ә) 8 мамыр 1992 жыл

Б) 11 желтоқсан 1992 жыл
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін басқаратын орталық орган:
А) бас штаб Ә) Қорғаныс министрлігі Б) Әскери бөлім

4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери

жарғыларын ата:
А) Ішкі қызмет жарғысы.Саптық жарғы. Гарнизондық қызметтерінің

жарғысы. Қарауылдық қызметтердің жарғысы.
Ә) Ішкі қызмет жарғысы. Тәртіптік жарғы. Гарнизондық және

қарауылдық қызметтерінің жарғысы.
Б) Ішкі қызмет жарғысы. Тәртіптік жарғы. Гарнизондық және

қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Саптық жарғы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары

Президент Жарлығымен қашан бекітілді:
А) 18 шілде 1996 жыл Ә) 1 қараша 1996 жыл

Б) 27 қараша 1998 жыл
6. Қатардағы сарбаздар мен матростар үшін әскери

атақтары бойынша кімдер бастықтар болып табылады?
А) ҚР-ның маршалы, армия генаралы, адмирал, генерал, аға және

кіші офицерлер, өзімен бір әскери бөлімдегі прапорщиктер мен

мичмандар, сержанттар мен старшиналар.
Ә)ҚР-ның маршалы, генералдар, адмиралдар, аға және кіші

офицерлер, прапорщиктер мен мичмандар, өзімен бір әскери

бөлімдегі сержанттар мен старшиналар.
Б) ҚР-ның маршалы, генералдар, адмиралдар, аға және кіші

офицерлер.
7. Қатардағы сарбаздың тікелей бастығы:
А) бөлімше бастығы Ә) взвод командирі Б) рота командирі.


Оқушының жауабы:


сұрақ


1


2


3



4


5


6


7

жауап
























Сәйкестік тест








Сұрақ




Жауабы

1.Әр түрлі санаттағы әскери қызметшілердің жалпы және лауазымдық қызмет міндеттерін олардың,бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынасты,бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін,әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез-құлқын анықтайды.




А)Тәртіптік

жарғы

2.Әскери тәртіптілік мәні,армиядағы белгіленген оның негізгі талаптары, реті,көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері,бастықтар мен командирлердің тәртіптік құқықтары баяндалады.Сондай-ақ ол әскери қызметшілерден келіп түскен арыз- шағымдарды,ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін,оларды жүзеге асырудағы командирлердің міндеттерін де қарастырады.




Ә) Саптық

жарғы

3.Гарнизондық және қарауылдық қызметті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді.Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары,әскердің қатысуымен гарнизондық және басқа да шараларды өткізу тәртібі айқындалады.




Б)Ішкі қызмет

жарғысы

4.Әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін,саптық байқау өткізу ретін,сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін,сондай-ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.




В) Гарнизондық,

қарауылдық

қызметтер

жарғысы



Оқушының жауабы:



1


2


3


4















10 сынып оқушыларының сұрақтар мен тестілерге

жауаптарының бағалануы




Тегі,аты,

әкесі

өткен тақырып

сұрақтары

жауабы

Сәйкес-

тік тест

жауабы

Жаңа

сабақты

бекіту

тестісі

Тәуліктік

наряд

міндетін

практик.

орынд.

Жалпы баға



1

Темірбекова

Нұргүл
















2

Әзімжанов

Еркеш
















3

Қайратов

Амангелді
















4

Ерғалина

Балжан
















5

Жұмағұлова

Алтынай
















6

Рамазанова

Айнұр
















7

Құланова

Дина
















8

Байдошев

Мырзабек


















Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы,

Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебі





Алғашқы Әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы

Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген

ашық сабағы


тақырыбы: Рота бойынша тәуліктік нарядтың тағайындалуы,

құрамы және қарулануы


Казгородок ОМ

2011 жыл



Похожие:

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы iconАқмола облысы, Аршалы ауданы, Сары-Оба орта мектебі Қазақ тілі пәні мұғалімі – Сейдуллаева Г. Т. Тіл декадасына арналған «Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысы. Мақсаты
...
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы iconАқмола облысы Зеренді ауданы Троицк орта мектебі Баяндама: Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі
Ағылшын тілі сабағында әрбір оқұшының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы...
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы Зеренді ауданы
Республикасының мемлекеттік ән ұранын орындауға рұқсат етіңіздер. (Ән ұран орындалады)
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы iconҚолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны
Ақпаратты технологиялардың география пәнін оқытудағы атқаратын ролін анықтайтын кесте
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы iconҚазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті тарих факультетінің тарих кафедрасының доценті т.ғ. к. Утебалиев Ж. Е., доцент...
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы iconҚазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті тарих факультетінің тарих кафедрасының доценті т.ғ. к. Утебалиев Ж. Е., доцент...
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы iconИслам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы
Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі Халат Самархан
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы iconБастауышым-бастамам, білім жолын бастаған Ақмола облысы Зеренді ауданы Баратай негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы Мақсаты
...
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің Шымкент институты Тарих факультеті
Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы iconДокументы
1. /А_мола облысы Шортанды ауданы.docx
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушы Садуақасов Алтай Нөгербекұлының облыстық семинарда өткізген ашық сабағы iconДокументы
1. /А_мола облысы Шортанды ауданы.docx
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов