Ауылым-алтын бесігім icon

Ауылым-алтын бесігім



НазваниеАуылым-алтын бесігім
Дата18.05.2013
Размер68.72 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>
1. /Ту_ан жерд__ киес_.docxАуылым-алтын бесігім


Ауылым-алтын бесігім

Мақсаты: Жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлт жандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға дұрыс бағыт, бағдар беру; Өз ауылын қадірлеуге үйрету; Отанның отбасынан басталатынын түсіндіру, туған жердің киесі болатынын дәлелдеу.

Мұғалім: Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Сол аспанның төсінде түнде жарқырап тұрған жұлдыздар сенің көздерің секілді. Сен сол туған жердің аспанымен тыныстайсың. Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсың. Туған ел – бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шексіз қиялға өрлеп екте барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі сенің туған еліңді құрайды. Қайыргелді Ақылбекұлы Алматы мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетін 1969 жылы аяқтап, аудандық емханаға стоматолог дәрігер болып, 40 жыл бойы еңбек етті. Соңғы 15 жылдан бері аудандық емхананың меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2007 жылдан аудандық емхананың бас дәрігері. Өз еңбегінің арқасында аудан жұртшылығы алдында сый-құрметке бөленген,Р.Елебаевтың туғанына-100 жыл және ауылымыздың 80-жылдық тойына ат салысқан азаматтарымыздың бірі Қайыргелді ағамызға сөз береміз

Гүлназ: «Қазақ жері»

Пай ! Пай! Пай!Киелі неткен жер.

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер,

Ғашықтар бір -бірін өпкен жер,

Сарылып сал серіні күткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер.


Айдын: О, туған жер, кең пейіл құшағы кең.

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышты қанат қып саған қарай

Балпандай талпынып ұшамын мен.

Сенде ,тас та қастерлі, аспанда алау,

Сендей жанды тербетер дастан бар-ау.

Менің мынау өмірге құштарлығым

Сені жақсы көруден басталған-ау.

Кешірме сен жаныңды жараласам,

Бар сырымды бүкпесізсаған ашам.

Мен ел кезіп кетермін Отансыздай

Үмітіңді ақтауға жарамасам.


Ән: Абушахманова Айдана

Нұржан-жүргізуші: Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғап шақырады. Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ. Күлдір-күлдір кісінеп, айнала шапқылаған ала аяқты құлыншақ. Сәуірде бүршік атқан, қылтиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. Өзен үстінде үйіріліп ұшқан шағала. Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл, күнің қызғылт шапағатына бөленген үйлер – осының бәрі тұтас тұрған туған ел. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті.


Индира:

Туған жер – алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде.

Киелі сенің есімің

Жүреді мәңгі есімде.

Туған жер – алтын босағам,

Аттандым сенен қиялға.

Апам мен Отан қос анам

Қондырған мені ұяма.


Наурызбай:

Туған жерім думанды елім,мекенім,

Қалай десем жүректегі жетер үн.

Атам қазақ әлімсақтан білген-ау

Бір өзіңнен басқа дүнием бекерін.

Туған жерім, ұлан байтақ кең далам,

Қолтығыңда еркін өскен мен балаң.

Балаң үшін бола көрме енді алаң,

Сенің тіпті босағаң да төр маған.

О, туған жер, ата қоныс, құт мекен,

Бойымдағы жігер де сен, күш те сен.

Сүйсінбесем сенің асқақ тұлғаңа

Асқар арман жолына түспес ем.


Гүлназ-жүргізуші: Отан. Отан деген не? Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, жақындары, бірге тұратын атамекені. Біздің Отанымыз –Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді. Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала - қазаққа қымбат дала.

Жүрегім, жырым сенікі,

Кеңісті далам, кең далам.

Тудым, өстім есейдім...

Ен далам – анам, мен балаң!

Қазақ даласы шежіреге бай дала.


Салтанат:

Алтын бесік секілді,

туып өскен жер , қызмет

Ақыл, сезім, ой –сана.

Адалдық, достық, ар қызмет

Адамзатқа дүниеде

Өмір-ау десем ең қымбат.

Дархан тірлік мекенім

Бәрінен Отан сен қымбат


Ән: Хамзина Алмагүл


Гүлназ -жүргізуші: Қазақ даласы шежіреге бай дала.

Менің ойымша ауыл әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген махаббат , атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек. Ауыл - әр адамның құтты, киелі мекені.


Әлфия:

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

Қазақ жері – қас сақтай елдің жері.

Елі кедей болмаған – жері байтақ,

Едігедей, Бабырдай ердің жері.

Қазақ жері көп шеккен қасіретті.

Қазақ елі өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі текті, киелі, қасиетті.

Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Болашаққа көк тумен желбіреген

Отанымның мақтанышы біз боламыз.


Бекжан:

Достықтың шамшырағын жағып біз,

Байтақ ел боп жарқыраған жарықпыз.

Биіктетер парасаттың тұғырын

Ынтымақпыз бір мақсатты халықпыз.

Ел болған соң мәртебеге құштармыз,

Ғарышқа да көк туды алып ұшқанбыз.

Адам түгіл жатқан аң мен ұшқан құс.

Шошымасын,қолға Құран ұстаймыз.

Діні – Ислам, Құдайды алар аузына,

Мұсылманбыз, Қазақ – Қазақстанбыз!


Нұржан-жүргізуші: Атамекен-құтмекен. Күллі жер бетіндегі бар қазақтың тарихы мен тағдыры, болашағы, үміті, кіндік қаны тамған, көзін ашқанда көрген аспаны, кеудесін кере тыныстанған ауасы, тәй-тәй басқан топырағы, бал-шекердей сімірген суы, нуы мен хайуанаттары.Атамекен – киелі жеріміз бен қасиетті еліміз, адамның алтын бесігі, оның өмір сүрген ортасы, тіршілік тынысы. Атамекен – халқымыз бастан кешкен қиын кезеңдер тұсында дүниенің әр тарабына шашырап кеткен қандас бауырларымыздың жыл құстарындай қайта оралып жатқан тал бесік, ақ мекені.

Ән: «Атамекен»

Айнұр: Арыстандай айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым,

Аспандағы байрақтым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың

Қазақстан ардақтым!

Оқушылар:

Қайғы келсе жеңілмейтін,

Бақыт келсе семірмейтін.

Туған елін қадірлейтін

Біз боламыз ел ертеңі!

Нағыз кәусар оқушы,

Нағыз қайсар оқушы,

Нағыз дүлдүл оқушы,

Нағыз бұлбұл оқушы-Біз мектептің сенгені!




Похожие:

Ауылым-алтын бесігім iconТұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі
«Ауылым – алтын бесігім» деп аталатын сұхбатымызды ауылымыздың қалыптасу тарихынан бастасақ?
Ауылым-алтын бесігім iconДокументы
1. /ауылым+алтын бес_г_м.docx
Ауылым-алтын бесігім iconДокументы
1. /ауылым+алтын бес_г_м.docx
Ауылым-алтын бесігім iconАлтын күз мерекесі Жүргізуші: Құрметті, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
Сіздерді Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз, сіздерге зор денсаулық, молшылық тілей отырып, бүгінгі «Арайлы алтын күз атты»мерекелік...
Ауылым-алтын бесігім iconДокументы
1. /алтын к_з сурет/Алтын к?з/?орытынды.docx
2. /алтын...

Ауылым-алтын бесігім iconДокументы
1. /Ауылым.docx
Ауылым-алтын бесігім iconДокументы
1. /Мен__ ауылым - таза ауыл.docx
Ауылым-алтын бесігім iconДокументы
1. /__т дары_ан _асиетт_ ауылым!.doc
Ауылым-алтын бесігім iconСведения об обладателях аттестата «Алтын белгі» по Акмолинской области
Публикуем количественные данные о выпускниках 2012 года обладателях аттестата об общем среднем образовании «Алтын белгі» в разрезе...
Ауылым-алтын бесігім iconТақырыбы: «Қош бол,алтын ұям-мектебім»

Ауылым-алтын бесігім iconДокументы
1. /Алтын ?а?па.docx
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов