Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты icon

Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты



НазваниеКеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты
Дата18.05.2013
Размер46.4 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>
1. /Алтын к_з кеш_.docКеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты

Кеш тақырыбы: « Арайлы алтын күз »

Мақсаты:

  • Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.

  • Инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.

  • Ұқыптылыққа, шымырда шапшаң ой жүйректілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзірі, нақыл сөздер, шар.

Кеш барысы:

1-жүргізуші: -Армысыздар,ұлағатты ұстаздар!

2- жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!

1-жүргізуші : Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

2- жүргізуші : Уа, халайық, халайық!

1-жүргізуші : Мұнда назар салайық!

2- жүргізуші : Мерекесі халықтың

1-жүргізуші : Алтын күзге арналған,

2- жүргізуші: Кешімізді бастайық!

Құттықтау сөзі мектебіміздің директоры  Шарипова Орынтай Хасенқызына беріледі. Құрметті халайық бүгінгі ертеңгілігіміз  3 бөлімнен тұрады.

І бөлім: Мерекелік ертеңгіліктің ашылу салтанаты

ІІ бөлім: Тамақ әзірлеп әкелу және оны дайындау жолын айту. Кепкен жапырақтардан аппликация жасау.

ІІІ бөлім: Күзгі жәрмеңке

1-жүргізуші

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік:

1. Нұрғалиева Айман Қаматайқызы

2. Темірбекова Алтын Өндірісқызы

3. Рахметов Мейірбек Абушахманұлы

Ән: «Асыл досым». Орындайтын: Айман

2- жүргізуші:

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Тамашадан үзінді «Бармысың, бауырым?» Маралдым, Данияр, Олжас, Әнуар.

1-жүргізуші:

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

Келтіретін әрдайым сезім күйін,

Көресіздер қызықтың неше түрін

Әншінің анықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

Қыздардың орындауында би «Шаг вперед»


1-жүргізуші: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Ойын (арқанмен) жүргізетін Данияр

2-жүргізуші: Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

Ән «Туған жер». Орындайтын: Аяжан

1-жүргізуші:

Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,

Жылауық бұлттары бар қанат көрген.

Күз келді мезгілінде арқаланып,

Күн барма байлығын ол тегін берген!?

Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ,

Кеттік те қызу істі дереу бастап

Астық жеміс, мақтасын …. –бар байлығын

Алып қалдық еңбекке айырбастап.

Тамашадан үзінді: «Крутая бабушка» Әнуар, Олжас.

2-жүргізуші:

Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі бал» сын-кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

Би де билеп, ән айтты.

Шығыс биі. Орындайтындар: қыздар тобы.

1-жүргізуші:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Ойын: «Қияр турау»

2-жүргізуші:

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені,

Ән: «Астана». Орындайтын : Камила


1-жүргізуші:

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз мерекелік дастархан мәзірі деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек болатын, олай болса, оқушыларымыз өз салаттарымен таныстырып өтсін.

Тамашадан үзінді: «Палата». Орындайтындар: Данияр, Олжас, Әнуар, Камила, Ілияс

2-жүргізуші:

О заманда қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жаныңдар

Шақырған сайыстарға бір-бірін

Өнерпаздар – дарындар

Көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін. «Үй тапсырмасы» бөлімінде қатысушыларымыз  күзгі жапырақтардан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген аппликацияларымен таныстырсын. Сүйкімді сайыскерлеріміздің қолөнерін тамашалап болсақ, әділ баға беретін әділқазылар алқасынан мерекелік дастархан мәзірінің бағасын көрсетсеңіздер екен

Қыздардың орындауында би.

1-жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Ән: «» Орындайтын:Маралдым

2-жүргізуші:

Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,

Көңілдедің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Біздерге бірлікпенен ортақтассын!


Ән: «Қазақ елі». Орындайтын : Данияр.

1-жүргізуші:

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!



Похожие:

Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты iconАлтын күз мерекесі Жүргізуші: Құрметті, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
Сіздерді Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз, сіздерге зор денсаулық, молшылық тілей отырып, бүгінгі «Арайлы алтын күз атты»мерекелік...
Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты iconАлтын күз Мақсаты
Мақсаты: Күз мезгілінің қыр- сырын жете меңгере білу; оның өзгерістерімен таныстыру, әсемдікке баулу; күзгі еңбек және табиғатты...
Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты Күз туралы және күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері жөнінде мәлімет,бере отырып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын...
Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты iconДокументы
1. /Арайлы алтын к_з-Б.Е..docx
Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты iconДокументы
1. /Арайлы алтын к_з-Б.Е..docx
Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты iconДокументы
1. /Арайлы алтын к_з-Б.Е..docx
Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Зайырлы мемлекет жайлы, 2О жыл тарихына үңіле отырып тереңірек мағлұматтар беру, оқушылардың ойын тыңдау
Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты iconУрок по казахскому языку в 6 классе Тақырыбы: Қыс Мақсаты
Мақсаты: 8 модульмен таныстыру, жаңа сөздермен таныстырып, олармен жұмыс жасау. Мәтінді оқып аудару, мазмұндау. Тіл дамыту, зат есімді...
Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға...
Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға...
Кеш тақырыбы: «Арайлы алтын күз» Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: 10 саны. 10 санын жазу Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: 1 10 саны және құрамымен таныстыру, 10 санын жазуды үйрету. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов