«Кел,Жаңа жыл!» icon

«Кел,Жаңа жыл!»



Название«Кел,Жаңа жыл!»
Дата23.02.2014
Размер52.74 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>
1. /Кел жа_а жыл!.docx«Кел,Жаңа жыл!»

Жаңа жыл мерекесіне арналған « Кел,Жаңа жыл!» атты ертеңгілік.

Зал шарлармен,гирляндылармен ,плакаттармен безендірілген

(Үйдің суреті жасалған үйшік)

1-Жүргізуші -Айша

2-Жүргізуші -Нұрбол

Аяз ата –Толқын Мұхамеджанқызы

Ақшақар –Айжан

Әже- Болды Уахитқызы

Түлкі-Раушангүл Кенжебайқызы

Әтеш –Алмагүл Өміртайқызы

1-Жүргізуші: Даламызға,қаламызға,

Жаңа жыл кіріп келеді.

Қартыңызға,балаңызға

Жалынды сәлем береді.


2-Жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,

Таңырқанып тұрмаңыздар

Сәнді шырша шақырады

Шырша жырын жырлаңыздар

-Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің директоры Шарипова Орынтай Хасенқызына сөз беріледі.

1-Жүргізуші : Боранымен буып белді,

Жаңа жылым тағы келді

Берекесін ала келсін

Нұрға бөлеп біздің елді


2-Жүргізуші: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерд і

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.


1-Жүргізуші: Жаңа жыл,жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

2-Жүргізуші: Сұлу сәнді шыршаға

Көз тоймайды қарасаң

Сендер үшін орманнан

Жіберіпті мырза атаң

( Есіктен отын арқалаған кемпір кіреді)

-Қайдасың менің әтешім

Көмегің керек көкешім.

Әтеш : Ку-ка-ре-ку-деп әтештің киімін киген жүгіріп шығады

-Мұндамын,жүгіріп келемін

Қазір сізге көмек беремін

Отынды маған беріңіз

Төрге қарай жүріңіз

( Әже рахмет айтып үйшіктің алдына қойылған орындыққа отырады.Әндетіп түлкі кіреді де әжеге жақындап сәлем береді)

Әже: Көзім нені көріп тұр

Түлкі алдыма келіп тұр

Дала кезген түлкішек,

Айтшы, саған не керек?


Түлкі: Үйіңізге бір түн түнеп шығуға бола ма екен?

Әже : Жоқ, болмайды!

Түлкі : Маған сізді керемет мейірімді,керемет ақылды,керемет парасатты,керемет сұлу, өзі мырза деп мақтаған еді.Маған көп орынның керегі де жоқ еді.(қылмындап сызылады)

Әже: Жарайды , ана босаға жаққа жата ғой.

Жүргізуші: Түн ортасы ауған шақ.Әже қатты ұйқыға еніп қорылдап жатыр.

Түлкі:

(Тағы да әнге салады)

Орманда жүремін

Алдауды білемін

Айламды асырып

Күнімді көремін

Мен сұлу түлкімін

Жай өтпес бір күнім

Ішінде жүремін

Айғай-шу күлкінің

Ұят аз бетімде

Ұрлық бар ниетімде

Бар ойым әтештің,

Әтештің етінде,- деп әтешті ұстап алады да, қолтығына қысып қаша жөнеледі.

Әтеш: Әже....ку-ка –ре-ку

Түлкі: Тыныш, ақымақ, кемпірді оятасың

Жүргізуші: Бозарып таң да атты.Кемпір орнынан тұрды.

Әже: Әтеш неге шақырмады екен.Күн сәске түс болғанша ұйықтай беріппін-ау,- деп әтешін іздейдіӘтеш, әй, әтеш.Ой, сұмдық-ай,әлгі сұмырай түлкіден келді ме екен,а?А-у-у әтеш,әтеш...деп сыртқа жүгіріп бара жатса алдынан Аяз ата шығады.

Аяз ата: Сізге не болды,қария, таң атпай, оның үстіне қақаған қыста қайда барасыз?

Әже: (Болған оқиғаны айтып)-Түлкіні жолда көрген жоқсыз ба?-деп сұрайды

Аяз ата: Көрдім,көрдім.Әне анау жаққа.Беталысы орман.Мені балалар тосып қалған шығар.

Әже: Қап менің де қызықта болуым керек еді,амал қанша,әтешімді тауып алайын,-деп ары қарай шығып кетеді.

( Аяз ата балаларға жақындап амандасады)

Құтты болсын балалар

Келген жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз-ұлдарым

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем


Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?


Балалар: Аяз атасың.

Аяз ата. Бәрекелді таныдыңдар

Өткір екен жанарларың

Аяз ата: Ой, балалар орталарыңда менің Ақшақарым жоқ қой.Ол қайда жүр екен?( Есіктен қашқан түлкі қолтығында әтеш,қуған әже кіреді)

Аяз ата: Тоқта түлкі! Босат әтешті,әйтпесе, қатырып тастаймын деп айқайлайды. (Түлкі әтешті жібере қоймайды.Аяз ата таяғының ұшымен түлкінің басынан дың еткізіп тигізіп қатырып тастайды.Әтеш әжесіне жүгіреді)Әже түлкіні аяп ,Аяз атаның кешіруін сұрайды.

Аяз ата: Міне қызық думан басталар кез де болды,ал менің Ақшақарым әлі жоқ қой- дей бергенде түлкі жүгіріп келеді,ортаға сандықшаны қояды.

Аяз ата: Тағы бірдеме ұрлап келдің бе?

Түлкі: Жоқ орманда кезіп жүріп жолдан тауып алдым.Қарасам Аяз атаға деген хат бар екен.Сосын сізге әкелдім.

Аяз ата: Жарайсың, түлкішек.Рахмет саған,қане оқыңдаршы хатты.

( оқушылардың біреуіне оқытады)

-Аяз ата, мені боран ұшырып,осы сандыққа салып жіберді.Мен еріп кішірейіп барамын, тез құтқара көріңіз...(сандықтан қуыршақ ақшақарды көрсетеміз)

Аяз ата: Қазір,қазір. Мына мұз үйдің үстіне қойып,балалар бәрің үрлеп суық жіберіңдер,сонда Ақшақар тіріледі.

Балалар үрлегенде үйдің арғы жағынан Ох..-деп қыз Ақшақар тұрады

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме,балалар?Жаңа жылдарың құтты болсын.

1-Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақар,балалар дайындаған өнерлерін көріңіздер.(Жайғасып отырады)

1) 3- сынып қыздар тобының орындауында «Дос болайық бәріміз» әні

2) Аяз ата ,2-сынып оқушылары сіздерге арнап өлең шумақтарын дайындаған екен соны тыңдайық.

Ойын ойнату

3) Ал біз 3-сынып оқушылары «Портфель»-қойылымын дайындадық .

4)Ортаға 4-сынып оқушыларын шақырамыз.Қазіргі би.

5) Ақшақар сіз де өнерден құр алақан емес екенсіз ғой.Ақшақардың орындауында «би».

6)Ортаға 4-сынып оқушыларын шақырамыз.Аяз ата мен Ақшақарға арналған өлең шумақтарын тыңдайық.

7) Дильназдың орындауында «Тұлпарым» әні

Ойын ойнату

8) «Бала көңіл балғын шақ» әнімен ортаға Назираны шақырамыз.

(Ойын ойнатамыз, өнерімен көрінген оқушыларға сыйлық береміз)

9) «Жаңа жыл» әні хор.

1-Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақардың баратын жерлері көп екен .Олармен қоштасатын сәт те келді.(Барлығы қоштасады)

2-Жүргізуші: Келесі Жаңа жылымызда жақсылықпен кездескенше қош сау болыңыздар.



Похожие:

«Кел,Жаңа жыл!» icon2011- шырша тойы
Айгерім: Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен...
«Кел,Жаңа жыл!» icon1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші
Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке болып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан...
«Кел,Жаңа жыл!» iconҚуант бізді, Жаңа жыл!
Алдар-Көсе: Оу, байеке, сіз қайдан жүрсіз ? Жол болсын! Мұнда Жаңа жылдық мереке болып жатыр
«Кел,Жаңа жыл!» iconЖаңа жыл мерекесінің бағдарламасы Новый год в стране здоровья. Проводили: Прусенко Н. А байдулдаева А. Б жаңа жыл мерекесінің бағдарламасы Новый год в стране здоровья
Жүргізіші: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!
«Кел,Жаңа жыл!» icon«Наурызым – асыл айым»
Наурыз – жыл басы. Мұсылман халықтары наурыз айының 22-де жаңа жылды тойлаған. Парсы тілінде Наурыз «жаңа күн» деген сөзді білдіреді....
«Кел,Жаңа жыл!» iconАқшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу
Жүргізуші: Құрметті ата -аналар, қонақтар. Біз сіздермен бір жыл бойы қызығы мен қуанышы мол,есте қаларлықтай мерекеге толы ескі...
«Кел,Жаңа жыл!» iconКөктемде Сабақтың мақсаты
Білімділік: оқушыларға жаңа тақырып бойынша жан-жақты білім беру. Жаңа сөздерді сөз тіркестері мен сөйлемдерде пайдалана білу
«Кел,Жаңа жыл!» iconКіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7
Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В. И. Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған...
«Кел,Жаңа жыл!» iconАғымдағы библиографиялық тізім (2012ж. II – жарты жылдық ) бюллетень новых поступлений текущий библиографический список
Жаңа түскен басылымдар: Ағымдағы библиографиялық тізім. 2012 жыл. II – жарты жылдық Шымкент, 2013-36c
«Кел,Жаңа жыл!» iconАғымдағы библиографиялық тізім (2012ж. II – жарты жылдық ) бюллетень новых поступлений текущий библиографический список
Жаңа түскен басылымдар: Ағымдағы библиографиялық тізім. 2012 жыл. II – жарты жылдық Шымкент, 2013-36c
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов