Халық санағы – өткенге шолу icon

Халық санағы – өткенге шолу



НазваниеХалық санағы – өткенге шолу
Дата11.07.2013
Размер70.73 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СТАТИСТИКА АГЕНТТІГІ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ
Хабарлама





2008 жылғы 3 маусым

№05-П-05/205


(Статистика департаментіне сілтемесімен жариялау үшін)


Халық санағы – өткенге шолу

2009 жылы республикамызда ірі статистикалық іс-шаралардың бірі – Ұлттық халық санағы өткізіледі. Халық санағы әлеуметтік-демографиялық ахуалды байқап, болжауға мүмкіндік беретін маңызды ақпарат көзі болып табылады.

Халықты санау қажеттілігі ертеде пайда болған. Біздің заманымызға дейінгі өткен жылдары Қытайда, Мысырда, көне Израильде, Парсы елінде, соңғы кездері көне Римде халықты есепке алу әр түрлі жолмен жүргізілді. Конфуций шығарған құнды кітаптардан белгілі болғандай халықты есепке алу Қытайда біздің заманымызға дейін 2 238 жыл бұрын жүргізілді. Библияда (Көне Өсиет, Моисейдің бес кітабы) Ханаан жеріне көшу кезінде Мысырда Моисеймен құлшылықтан босатылған еврейлердің саны туралы қызықты деректер берілген. Халықты есепке алу туралы басқа да мәліметтер бар.

Халықты есепке алудың мерзімді нысаны ретінде санақтың пайда болуы 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жылдары еді. Алғашқы жалпы халықтық санақ (ценз) Солтүстік-Америка Құрама Штаттарында (қазір АҚШ) жүргізілді. Ол 1790 жылғы тамыз айында басталып, 1792 жылы аяқталды. Ценз Одақтық конституцияның қаулысы негізінде жүргізілді, сол конституцияда 1790 жылдан бастап әрбір он жылда осындай іс-шаралардың өткізілуі қарастырылған. Цензді өткізудің осындай тәртібі АҚШ-та әлі күнге дейін сақталған.

Қазақстан аумағында тұрақты және ортақ статистикалық қызметтің пайда болуы, соның ішінде халықты мерзімді есепке алу XVIII ғасырдың екінші жартыжылдығына, яғни Қазақстанның Ресей империясы құрамына мүше болу кезеңіне жатады.

Ресей империясының алғашқы және бірегей жалпы халықтық санағы 1897 жылғы 9 ақпанда (жаңадан 28 қаңтар) өтті. Оның негізі сол кездегі ғылыми принциптері болды, ал оны ұйымдастыру және бағдарламаның маңызды бөлігінің негізі атақты ғалым-саяхатшы Семенов Тянь-Шанскийдің жобасы болды.

Санақ бірыңғай бағдарлама және жалпы нұсқаулық бойынша барлық елде дайындықпен өткізілді, сондай-ақ бір мерзімде (1897 жылғы 9 ақпан) халықтың нақты, тұрақты және заңды (тіркелген) саны есепке алынды. Санақ бағдарламасы келесі сұрақтардан тұрады: жынысы, жасы, неке жағдайы, тегі немесе атағы, туған жері, тіркелу орны, тұрақты мекенжайы, діні, ана тілі, сауаттылығы, шұғылданатын ісі, дене бітімінің кемтарлығы немесе ақыл-ойының кемістігі.

Санақ материалдары толық қамтылды және 100 томға дейін жетті. Бірнеше том Қазақстан халқына арналды.

1897 жылғы Ресей империясының жалпы халық санағының мәліметтері негізінде Н.В. Алексеенко, Г.К. Кронгард және Ф.Н. Базанованың деректері бойынша Қазақстан аумағында үш ең ірі этникалық топ белгіленді. Олар қазақтар – 74-78%, орыстар – 10-3% және украиндар – 1-2%.

Ресей империясында 3745 мың қазақ, 1927 жылы Қазақстан шекарасында 3392 мың қазақ тұрып жатты. 1911 жылы қазақтардың үлес салмағы 60%-ға кеміді, ал орыстар болса барлық халықтың 19,6%-ын құрады. 1914 жылы қазақтардың үлес салмағы 58,5%-ды, орыстар 29,6%-ды құрады.

Бірінші жалпы кеңестік халық санағы 1920 жылғы 28 тамызда жүргізілді.

1926 жылғы Жалпы одақтық санақ толық қамтылды. 1926 жылғы санақтың дайындық кезеңіндегі жауапты істердің бірі санақ карталары мен құралдарын дайындау болды. Ең басты міндет географиялық, сызба-нұсқалы және өзге карталарды жинау және жасау, сонымен қатар карталардағы елді мекендерді белгілеу болды.

Кезекті халық санағы 1937 жылдың қаңтарында өтті. Осы санақтың бағдарламасы, сондай-ақ оның нәтижесі Сталинді және оның қасындағы адамдарды қанағаттандырмады. Санақ материалдары жарияланым үшін өңделмеді, сол себептен мұрағатта сақталып жатты.

1937 жылғы жалпы одақтық санақ бір күнде өтті. Нақты айтқанда түнде қаңтардың 5-інен, қаңтардың 6-сы аралығында өтті. Бұл тарихта алғашқы біркүндік санақ еді.

1939 жылғы 17 қаңтарға жағдай бойынша тағы да КСРО халық санағы өткізілді.

1959 жылғы қаңтарда бірінші соғыстан кейінгі санақ өткізілді. Осы кезеңде демографтардың жаңа ұрпағы ғылым әлемінде орын алды. Санақ кезінде халықтың сол сәтте орналасқан мекемедегі санағын (түнде 1959 жылдың 14-нен 15 қаңтары), бұл санақ бойынша олардың мекемеде уақытша немесе тұрақты өмір сүргендігі есепке алынбады.

1970 жылдың қаңтарында Бүкілодақтық халық санағы өткізілді. Бұл санақ өзінің ұйымдық, әдістемелік және баспалық параметрлерімен алдыңғы санақтардан асып түсіп, тек 1926 жылғы санақ қорытындыларымен сәйкес келді. 1970 жылғы санақ материалдары 25% тұрғындарды сұрау арқылы алынды, сол кезде бұл материалдар жоғары репрезентативтілікке ие болды.

КСРО-да – 5 298 818 қазақ, соның ішінде РСФСР – 477 820, Өзбек КСР-да – 476 310 қазақ, Қазақ КСР-да – 4 234 166 қазақ, Қырғыз КСР-да – 21 998, Тәжік КСР-да – 8 306, Түркмен КСР-да – 68 519 қазақ тұрды.

1979 жылдың 17 қаңтарында кезекті Бүкілодақтық халық санағы өтті. Халық санағы 8 күн бойы – 17-ден 24 қаңтарға дейін – жұмыс орны және қызметі бойынша емес, тұрып жатқан жері бойынша өтті. Сұралғандардың айтуынша, есепшілер, уақытша тұрып жатқандарды есепке ала отыра, тіркелімді қаңтардың 16-сынан 17-сіне дейін сағат 12-ден бастап жүргізді. Тұрақты тұрып жатқандардың ішінен уақытша болмағандар да есепке алынды.

Санақ бағдарламасы 16 сұрақтан тұрды, оның ішінде 11 сұраққа жалпы санақ қорытындысы бойынша және 5 сұраққа тұрақты тұрып жатқан халықтың 25%-ынан (іріктемелі санақ) алынды. Жалпы санаққа келесі сұрақтар енгізілді: отбасы иесіне деген қарым-қатынас, халық категориясы (бар және тұрақты халық), жынысы, жасы, неке жағдайы, ұлты, еркін білетін КСРО халықтарының ана тілі, білімі, оқуы, күнкөрісі. Іріктемелі санақ бойынша қосымша мәселелер қарастырылған: жұмыс орны, шұғылданатын ісі, қоғамдық тобы, көші-қоны, туған сәбилердің саны. Соңғы ақпарат отбасын құру, некеге тұру, туу процестерін зерттеу және болжау үшін қажет болды.

Туған сәбилердің саны, неке жағдайы және басқа деректер туралы мәліметтерге сәйкес ұлттық құрамы туралы деректер ғылыми түрде халықтың ұдайы өсуінің этникалық факторларын анықтауға мүмкіндік береді. Ана тілі бойынша халық санағының материалдарын зерттеу КСРО саясат басшыларына этникалық процесті басқару үшін, сонымен қатар орыс ұлтынан емес халықтың тілдік ассимиляцияны қоса алғанда қажет болды. Балалардың ұлтын олардың ата-аналары анықтады.

Санақ материалдарын әзірлеу кезінде іріктемелі зерттеу бойынша мәліметтер бүкіл халыққа жария етілді. Халықты толық қамту мақсатында және екі мәрте есептеуді болдырмау үшін санақтың өткізілуі туралы анықтамалар берілді.

1989 жылдың 12 қаңтарында соңғы КСРО халық санағы өткізілді. Бұл санақ адамдардың нақты тұрып жатқан жері бойынша жүргізілді. Сұрауды арнайы дайындықтан өткен есепшілер жүргізді.

1989 жылғы санақтың ұйымдастырушылары байқау бірлігін нақты белгіледі – отбасы, «туыстық» ұғымы, «бірге тұру», отбасы мүшелерінің жеке тұратындары, жалғыздар. Санақ 1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағын өткізу, сондай-ақ үй жайлардағы тізімдерді және санақ бланкілерін толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес реттемеленді. 1989 жылғы санақ қатаң паспорттық тәртіп орнаған мемлекетте жүргізілді. Бұл халықты толық қамтуға мүмкіндік берді, бірақ алынған жауаптардың тиімділігі артпады. 1989 жылғы санақ бағдарламасы, санақ әдістемесі БҰҰ-ның ұсыныстарына сәйкес келді.

Демографиялық жағдайға келетін болсақ, 1989 жылғы санақ 1979 жылғы халық санағынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Санақ парағына енгізілген 18 сұрақтың ішінен 7-і халықтың тұрғын үй жағдайына байланысты болды. Тұрғын үй жағдайын зерттеу 1926-1989 және 1999 жылдардағы халық санағының негізгі міндеті болды.

ТМД елдері тәуелсіздік алғаннан кейін БҰҰ-ның ұсыныстарына сәйкес 2000 жылғы санақ циклі шеңберінде алғаш рет ұлттық санақ өткізілді.

Кеңес дәуірінен кейінгі кезеңде осы санақ процесінің бірден бір бастамшысы Қазақстан болды. 1999 жылғы 25 ақпаннан 4 наурызға дейінгі кезеңде алғашқы халықтың ұлттық санағы өткізілді. Санаққа 80 мыңнан аса адам қатысты. Санақты тиісті деңгейде жүргізу және де сапалы нәтижеге қол жеткізу мақсатында статистика органдарымен жергілікті атқарушы органдарының тұрақты көмегінің арқасында үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді: санақ бағдарламасы әзірленді, санақ формулярларының 30 млн астам данасы және басқа да көмекші құралдар жасалды; он мыңнан аса санақ кадрлары іріктеліп оқытылды; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы санақтың мақсаты мен міндеттері, санақты өткізу тәртібі мен мерзімі халыққа кеңінен жария етілді.

Республиканың әртүрлі ұйымдарының ғылыми және тәжірибелік жұмыскерлерімен келісілген және мақұлданған 1999 жылғы халық санағының бағдарламасы 23 сұрақтан тұрды, соның ішінде 18-і демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы сұрақтар және 5 сұрақ халықтың тұрғын үй жағдайы туралы (жеке меншіктегі немесе жалға алынған үйлер мен пәтерлер, олардың әл-ауқаты жайлы) болды. Осы халық санағы бағдарламасының кеңес дәуіріндегі осыған ұқсас халық санағынан айырмашылығы онда адамның еңбек мәртебесі (жұмыс беруші, жалдамалы жұмыскер немесе жұмыссыз адам, жұмыс немесе жұмыстың жоқтығы), күнкөріс көзі туралы алынған жауаптардың жаңа сипаттамасы, мемлекеттік (қазақ тілі) тілді білу дәрежесі, көші-қон процесі, бірге тұрып жатқан тұлғалардың саны туралы жаңа көрсеткіштер сияқты мәселелер қарастырылған. Санақ бағдарламасына енгізілген көші-қон мәселесі соңғы он жылдары халықтың қозғалысын қарастырады.

Байқау бірлігінің әдіснамасы өзгерді, бұл 1999 жылғы халық санағының ерекшелігі болды. БҰҰ-ның ұсынысы бойынша байқау бірлігі ретінде отбасы емес, ал үй шаруашылығы орын алды. 1999 жылғы халық санағы бағдарламасының барлық сұрақтары (соның ішінде тұрғын үй жағдайы) жауап алынған адамдарға қойылды.

2009 жылы халық санағын өткізуге дайындық шараларын өткізу барысында, ағымдағы жылдың ақпан – наурыз айларында Оңтүстік-Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында пилоттық халық санағы өткізілді. Оның материалдары қазіргі уақытта қорытындылануда.


Павлодар облысы

статистика басқармасының

баспасөз қызметі

53-30-86, 55-82-00




Похожие:

Халық санағы – өткенге шолу icon3-6 І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесіндегі ролі
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері
Халық санағы – өткенге шолу iconХалық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылым
Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өңдірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын...
Халық санағы – өткенге шолу iconХалық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала
Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өңдірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын...
Халық санағы – өткенге шолу iconМазмұны Кіріспе І – Тарау; Әдебиеттерге шолу

Халық санағы – өткенге шолу iconДокументы
1. /к_тапханалы_ шолу.docx
Халық санағы – өткенге шолу iconІ бөлім. Дүние жүзі елдеріне аймақтық шолу (60 сағат)
Германия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Халық санағы – өткенге шолу iconҚазақстан республикасы статистика агенттігі павлодар облысының статистика басқармасы
Республикасында кезекті Халықтың ұлттық санағы өтеді. Оның алдындағы санақ 1999 жылы өтті. Осы уақыт ішінде мемлекетіміздің қоғамдық-саяси...
Халық санағы – өткенге шолу iconМазмұны Кіріспе І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру

Халық санағы – өткенге шолу icon4 I. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір мәселелері
Халықтық педагогика туралы ілім
Халық санағы – өткенге шолу icon4-15 Қазақ зиялылары қызметін зерттеудегі Халық Ағарту Комиссариатының құжаттары дерек көзі ретінде

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов