Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті icon

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті



НазваниеҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
страница2/15
Дата13.07.2013
Размер3.11 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Кіріспе



Этнология – негізгі зерттеу объектісі әлем халықтары туралы тарихи пән. Оның ерекшелігі – этнологияны гуматитарлық және жаратылыстық ғылымдарға бірдей жатқызуға болады, себебі этнос тек қана әлеуметтік емес, сонымен бірге биологиялық феномен.

Курстың мақсаты - этносты, адамдардың еркі бойынша емес, табиғи-тарихи процес негізінде пайда болған әлеуметтік топтың ерекше түрі ретінде көрсету.

Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер шешіледі:

  • Этнологияның әдістері мен ұғымдық аппараты зерртеледі;

  • Әлемнің этникалық көрінісі, этностардың географикалық, антропологиялық, тілдік және шаруашылық-мәдени топтасуы зерттеледі;

  • Әлем халықтарының шығу тегі, этникалық тарихының негізгі кезеңдері зерттеледі;

  • Дәстүрлі мәдениеттің негізгі сипаттамаларын, әлемдегі этномәдени, этнодіни процестердің негізгі заңдылықтарын зерттеу.

Тарихи ғылымдардың жалпы жүйесінде этнологияға, оның жалпығылымдық ролін шектемей, жеке дербес дүниетанымдық (әдіснамалық) мағна беру керек.

Этностарды бүкіл жиынтығында зерттеп, этникалық және әлеуметтік тарихтың байланысына назар аударып, мәдениеттің бүкіл салаларындағы өзгерістерді көрсетіп, этнология жеке елдер мен халықтарды тарихи, археологиялық, экономикалық-географиялық тұрғыдан зерртеу барысына ұлттық-мәдени өзгешіліктерді сипаттауға маңызды мәлімет береді. Бұл жағдайда басқа ғылым өкілдері этнологиялық материалдарды тарихи, экономикалық-географиялық немесе басқа ой-желістерін ашуға көмектесетін қосымша мәлімет ретінде пайдаланады. Сонымен, этнология өзінің дәстүрлі мағынасында көмекші тарихи пән ретінде болып шығады. Ақырында, этнологияға әртүрлі континенттердегі болып жатқан кәзіргі саяси процестердің ең қалың ортасына, әсіресе өзінің коллизиялары мен салдарынан аса шиеленіскен ұлтаралық қатынастар мәселелеріне қатысу тән. Кәзіргі саяси процестердін этнодіни негізінде жандандырылу жағдайында объективті этникалық тарихты, мәдени интеграция мен ассимиляцияның заңдылықтарын, этникалық территориялардың мемлекеттік шекараларға сәйкестігін білудің практикалық маңыздылығы сөссіз.

Сонымен, этнология оның жалпығылыми және әлеуметтік мағнасы тұрғыдан келесі түрлерде қарастырылады::

  1. адамзат және жеке (ең алдымен өз жазуы жоқ) халықтар тарихының маңызды әдіснамалық мәселелерін жеке мәселелерін шеше алатын дүниетанымдық ғылым ретінде;

  2. адам және қоғам жөнінде басқа ғылымдарға ерекше этникалық мәлімет беретін көмекші пән ретінде;

  3. саяси маңызды білім саласы.

Этнологияны оқытудың алдында келесі жалпыгуманитарлық пәндер оқытылады: Қазақстан тарихы, Философия, Мәдениеттану. Осы пәнмен келесі жаратылыстық пәндер: Экология, Кәзіргі жаратылыстану концепциялары және профилдік пәндер: Алғашқы қоғам тарихы, Археология тікелей байланысты.

^ Күндізгі оқу бөліміндегі лекция сабақтарының календарлы-тақырыптық жоспары.


Барлығы:

лекция

семинар

Оқытушының басшылығымен өтетін студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

1.Кіріспе

1 сағат

1 сағат

1 сағат

4 ағат

2.Этнология теориясының негізі және бағыттары

2

2

2

4

3. Әлем халықтарының негігі классификациясы

1 сағат

1 сағат

1 сағат

4сағат

4. Австралия және Мұхит аралдары халықтары

1сағат

1 сағат

1 сағат

4сағат

5.Азия халықтары

2cағат

2

2

4

6.Африка халықтары

1 сағат

1 сағат

1 сағат

4сағат

7.Америка халықтары

1 сағат

1 сағат

1 сағат

4сағат

8.Еуропа халықтары

2 сағат

2 сағат

2 сағат

4сағат

9.Қазақтың этникалық тарихы

1 сағат

1 сағат

1 сағат

4сағат

10.Қазақ этнологиясы

2 сағат

2 сағат

2 сағат

5сағат

11.Этностар арасындағы қарым-қатынастар

1 сағат

1 сағат

1 сағат

4сағат

Барлығы:

15 сағат.

15 сағат.

15 сағат.

45 сағат.



Cырттай оқу бөлімі «тарих» және «құқық және экономика негізері» мамандықтарындағы лекция сабақтарының календарлы-тақырыптық жоспары.


Барлығы:

лекция

семинар

студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

1.Кіріспе

1 сағат

1 сағат




2.Этнология теориясының негізі және бағыттары

2 сағат

2 сағат

6 сағат

3. Әлем халықтарының негігі классификациясы

1 сағат

1 сағат

6 сағат

4. Австралия және Мұхит аралдары халықтары

1сағат

1 сағат

6 сағат

5.Азия халықтары

2 сағат

2 сағат

6 сағат

6.Африка халықтары

1 сағат

1 сағат

6 сағат

7.Америка халықтары

1 сағат

1 сағат

6 сағат

8.Еуропа халықтары

2 сағат

2 сағат

6 сағат

9.Қазақтың этникалық тарихы

1 сағат

1 сағат

6 сағат

10.Қазақ этнологиясы

2 сағат

2 сағат

6сағат

11.Этностар арасындағы қарым-қатынастар

2 сағат

2 сағат

6 сағат

Барлығы:

15 сағат.

15 сағат.

60 сағат.

Cырттай оқу бөліміндегі «тарих» мамандығының лекция сабақтарының календарлы-тақырыптық жоспары.


Барлығы:

лекция

семинар

студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

1.Кіріспе

1 сағат

-

7 сағат

2.Этнология теориясының негізі және бағыттары

2 сағат

-

7 сағат

3. Әлем халықтарының негігі классификациясы

1 сағат

-

7 сағат

4. Австралия және Мұхит аралдары халықтары

1сағат

1 сағат

7 сағат

5.Азия халықтары

1 сағат

1 сағат

7 сағат

6.Африка халықтары

1 сағат

1 сағат

7 сағат

7.Америка халықтары

1 сағат

1 сағат

7 сағат

8.Еуропа халықтары

1 сағат

1 сағат

7 сағат

9.Қазақтың этникалық тарихы

1 сағат

1 сағат

7 сағат

10.Қазақ этнологиясы

1 сағат

-

7 сағат

11.Этностар арасындағы қарым-қатынастар

1 сағат

-

8 сағат

Барлығы:

12сағат.

6сағат.

78 сағат.


Лекция материялдарының мазмұны

Лекция 1. Кіріспе

1. Этнология пәні және міндеттері. Этнология пәні және міндеті. Этнология қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны, этногенез этникалық тарих және этникалық процесстер. Этнос. Этнос теориясы. Этнопсихология. Этнопедагогика.

^ 2.Этнология ғылымын зерттеудің әдісі, деректері және функциялары. Жазба деректер. Мұрағаттық жинақтар. Лингвистика, археология, антропология, фольклор және т.б. деректер. Тарихи салыстырмалы әдіс, жалпы топтамалық әдіс, деректер жинау және іздеу әдістері. Зерттеудің классикалық әдістері. Теори-танымдық функция. Мәдени-тәрбиелік функция т.б.


^ Лекция 2. Этнология теориясының негізі және бағыты

1. Эволюционизм. Г.Клемм, И.Унгер, Т. Вайц. Мәдени-геграфиялық бағыт (Л.Т, Морган, Э.Тайлор и др.). Биологиялық бағыт (А.Бастиан, Т.Ахелис). Әлеуметтік бағыт (О.Конт, Э.Дюркгейм, И.Баховен). Географиялық бағыт (О.Пешель, К. и Р.Андре).

2. Диффузионизм. Ф.Ратцель, Л.Фробениус. Тарихи-мәдени бағыт (Э.Норденшельд). Мәдени шеңберлер оқуы (Ф.Гребнер, В.Шмидт). Мәдени теория ареалы (К.Уисслер, К.Кребер). Гелиолитикалық мектеп (Г.Эллиот-Смит, У.Риверс).

3. Функционализм. (Р.Турнвальд, Б.Малиновский). Теория систем. Структурализм (А.Р.Радклифф-Браун, К.Леви-Стросс, Э.Эванс-Причард).

4. Современная этнология. Француз әлеуметтік мектебі (Э.Дюркгейм, М.Мосс, М.Гране, Л.Леви-Брюль).

Америкалық мектеп(Ф.Боас, К.Уисслер, А.Кребер).

Этнопсихологиялық мектеб. Психоантропологичесая теория (А.Кардиннер). «Культурная конфигурация» (Р.Бенедикт). Ұлттық мінезді зерттеу әдісі (М.Мид).

Постмодернистская критика (П.Смитт, М. Бонд.) XX ғ. – XXI ғ басындағы этнологиядағы дағдарыс мәселесі.

^ 5. Ресей этнологияның дамуы. (К.Д. Кавелин, М.М. Ковалевский, Д.Н. Анучин). Кеңесттік этнология (В.Г.Богораз, С.П.Толстов, Ю.В.Бромлей и др.). Теория этноса Л.Гумилева.

6.Қазақстанда этнологиялық ғылымның қалыптасуы және дамуы. (Ш.Ш.Уәлиханов, А.Диваев, Ә.Х.Марғұлан, Ә.А.Масанов, Х.А.Арғынбаев, М.С.Мұқанов Ж. Артықбаев және т.б.).


Лекция 3. Әлем халықтарының негізгі класификациясы.

^ 1.Географиялық класификация. Негізгі ландшафтың немесе климаттың облыстар бойынша үлкен аудандар көлемінде этностардың қалыптасуы мен орналасуын зерттеу. (австралия, және Океания, Азия, Африка, Америка, және Европа).

^ 2.Антропологиялық класификация. Нәсілдердің қалыптасу факторлары. Негізгі нәсілдік топтар: европоидтық, негроидтық, монғолоидтық, австралоидтық. Аралас немесе ауыспалы нәсілдер. Морфологиялық және физиологиялық комбинациялардың әртүрлі популяциялардағы белгілер.

^ 3.Лингвистикалық класификация. Шығу тегі және туыстық белгілері бойынша тілдердің генелогиялық класификациясы. Тілдік семья, тілдік тамыр, тілдердің топтасуы, бөлек тілдер. Негізгі тілдік топтар.

^ 4.Шаруашылық – мәдени класификация. Алғашқы шаруашылық мәдени түр. Аңшылық, терімшілік, балық, аулау. Аңшылар ментерімшілердің кейінге қалу түрлері (жабайы). Теніздер мен мұхиттардың жағалауындағы аңшылар ментерімшілер. Солттүстік Америка мен Солтүстік Евразия солтүстік орман аудандарының аңшылары. Өзен, теңіз және мұхиттардың солтүстік жағалауындағы отырықшы балық аулаушылары. Мұзды мұхиттың жағалауында артикалық аудандарының аңшылары.

Екінші шаруашылық мәдени түрі – егіншілік және малшаруашылықтың қолдың кетпенді тропиктік, субтропиктік, таулы және ыстық белдеулердегі егіншілік (қолдық). Далалық және құрғақ тау бөктерінде, сонымен қатар, ескі және жаңа әлемнің қоныржай белдеулеріндегі, орман аудандарындағы, тұрақты белдеулеріндегі кетпенді егіншілер. Мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі және мал бағушы тайпалардың далалық зоналарда және шөлейітті Еуразия, Африка континентіндегі, тундрадағы шөлді аудандарда олардың жекелеген түрлері. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Марал шаруашылығы, бұғы шаруашылығы.

Лекция 4. Австралия және Океания халықтары.


^ 1. Австралия және Океанияның тарихи мәдени аудандастырылуы. Австралия және Тасмания, Меланезия, Микронезия, Поленезия, Австралия және Океания халықтарының этногенез мәселесі және бұл аудандардың этникалық тарихының негізгі этаптары. Авиралия мен Океанияға Европалықтардың келуі және оның нәтижесі.

^ 2.Австралия және Тасмания халықтары. Антропологиялық және тілдік ерекшелігі. Шаруашылық: терімшілік, балық аулау, материалдық мәдениет. Қоғамдық құрылыс: тайпа, фратрий, ру, локалдық топ. Дін. Тотемизм, магиялық діни сенім анемизм. Халық шығармашылығы және көркем, бейнелеу өнері. Англоавстралиялықтардың қоғамдық құрылысы мен мәдениеті.

^ 3.Меланезия халықтары. Этнолингвистикалық ерекшелік. Антропологиялық түр. Шаруашылық: қол егінділігі, өртемелі шабындық егіншілік жүйесі, балық аулау. Материалдық мәдениет. Қоғамдық құрылысы. Дәстүрлі дінинаным-сенім. Неке – отбасылық қатынастары. Фольклор, бейнелеу және музыкалық өнер.

^ 4.Полинезия халықтары. Нәсілдік түр және лингвистикалық классификация. Шаруашылық: қол егіншілігі және балық аулау. Материалдық мәдениет. Дәстүрлі қоғамдық құрылысы. Рухани мәдениет. Полинезиялық дін. Протестантизм. Бейнелеу және музыкалық өнер. Еуропалықтардың жергілікті халыққа тигізген ықпалы. Англотілдік жаңа зеландиялықтар мен маорилер.

^ 5.Микронезия халықтары. Микронезия (майда аралдар) ерекшеліктері. Тілдік класификация. Нәсілдік келбет. Егіншілік, балық аулау және аңшылық. Материалдық мәдениет. Дәстүрлі дін: аруақтарға табынушылық, ата –бабаға табынушылық, рух пен тәңірге сенім, шаманизм элементтері. Фольклор, пиктографиялық жазба. Жергілікті халықтардың қоғамдық және отбасылық өмірінің әртүрлі жақтарына еуропалық отарлаудың әсері.


Лекция 5. Азия халықтары.


^ 1.Батыс және Алдынғы азия халықтары. Этногенез, этникалық тарих және жаңа этникалық құрам. Шаруашылық: соқамен егіншілік және көшпелі мал шаруашылық(номадизм). Ирриграциялық жүйе. Меридиандық, тігінен, станционерлық көшпелі қоғам. Материалдық мәдениет. Егіншілердің қоныстануы. Көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырқшылануы. Егінші және мал шаруашылығы мен айналасушылардың тұрғын үй түрлері. Егіншілер мен малшылардың дәстүрлі ыдыс – аяқ, киім және астары. Дәстүрлі транспорттық байланыс. Отбасы. әлеуметтік қарым – қатынас. Қоғамдық қатынас. Рухани мәдениет. Халықтық шығармашылық және арабтардың халық медицинасы. Түрік халқының өнері. Иран халқының әдеби шығармашылығы. Ауғанстан халқының өнері. Дін.

^ 2.Оңтүстік Азия халықтары. Оңтүстік Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихы. Жаңа этникалық құрам. Тілдік және антропологиялық ерекшелік. Шаруашылық. Соқаның егіншілердің шаруашылық – мәдени түрі. Көшпелі және жартылай көшпелі малшылардың шаруашылық – мәдени түрі. Кетпенді егіншілердің шаруашылық – мәдени түрі. Архаикалық шаруашылық. өртемелі шабындық егіншілік. Дәстүрлі қосымша іс - әрекет түрлері: аңшылық, терімшілік және балық аулау. Үй шаруашылығы және қол өнер. Жібек, мақта мата және жүнен маталар жасау. Металургияның ежелгі дәстүрлі түрі. Темір өндеу, мыс пен қалайыны құю және теңгелеу.

^ Материалдық мәдениет. Үнді –Гангалық жағасындағы көшелік жоспардың енгізілуі. Ганга. Бенгалиядағы хуторлық қоныстану. Шри –Ланкадағы жеке қожалықтар қонысы мен ірі ауылдар қонысы. Тропикалық ормандар мен таулы аудандардағы кетпенді егіншілік жасанды суландыру. Көшпелі тұрмыс. Егіншілер, көшпелі және жабайы аңшы – терімшілердің дәстүрлі киім мен зергерлік бұйымдары. Ыдыс – аяқ, ас – ауқат. Дәстүрлі транспорттық құрал.

^ Отбасы және отбасылық қатынас. Индуистер мен мұсылмандардың патриархалдық отбасы. Отбасы – некелік қатынас. «тайпалық қоныстар». Некелік кәделер. Қоғамдық құрылыс. Касталық жүйе. Брахмандар – жрецтер, кшатрилер әскерлер, вайшилер, егіншілер, шудралар. Діни мәдениет. Ежелгі эпос Махабхарата және Рамаяна эпосы. Тетралдық көрініс. Қуыршақ театр. Музыка. Бейнелеу өнері және архитектура. Ағаш кесу. Халық медицинасы. Дін. Индуизм. Буддизм. Джайнизм. Ислам. Сикхтар діні. Христиан діні. Маздеизм (отқа табынушылар).

^ 3.Оңтүстік – шығыс Азия халықтары. Этникалық тарихы. Оңтүстік – шығыс Азия – антропогенезі ареалы. Оңтүстік Шығыс Азияның елді – мекендері, халқы, тілдері. Шаруашылығы. Кезбе аңшылар мен жинаушылар. Балық аулау. Соқамен жер иеленушілердің шаруашылық мәдени типі (жер иеленудің жартылай жыртпалы мәдени шаруашылық типі). Мал шаруашылығы. Срқамен жер жырту. Аралық шаруашылық түрлері. Үй – ішілік өндіріс: қару – жарақ, сәнді бұйымдар, ағаштан, тастан сүйектен және т.б. құрал жасау. Материалдық мәдениет. Дәстүрлі саймандар мен қару – жарақ. Үй және мекен жай. Қатардағы тұратын тұрақтануы, көшпелі, қайықтар мен ағашпен жүзуші ауыл – аймақтар, тауды мекендеушілер. Жер үстіндегі үйлер. Хижиналар. Дәстүрлі киім. Ас – тағамы. Отбасы және қоғамдық құрылысы. Рухани мәдениет. Халықтық шығармашылық. Эпостар. Музыкалық – драмалық қойылымдар. Халық ән-билері, фальклор.Халық театры. Діни наным-сенимдері.

^ 4.Шығыс Азия халықтары. Географиялық сипаттамасы. Этногинез және этникалық тарихы. Қытайдағы Цинляньган және Яншао мәдинеттері. Жапониядағы «Дземон» неолеттік мәдинет. Этнолингвистикалық сараптау. Антропологиялық құрамы. Мәдени-шаруашылық типі. Қытайдағы ионкмерлік халқының (кава, бэнлун, булан) отмандағы жинаушылары және жылы белдік аңшылары. Белгілі, өлшеулі белбеу жинаушылары мен балықшыларының түрі. Қытайдың тунгус-манчужурлық халқының тайғалық жаяу аңшылары.Қолдан немесе кетпенмен жер өңдеу. (Тайвандық гаоөшань,хайнандық ли,мчо,яо). Жер өңдеудің жүйесі. Биік таулы жерлердің қолданжер өңдеушілері (ицзу,тибеттіктер). Айдалып өңделетін жер. (Қытай, Корея, Жапония). Биік таулы аймақтардағы жерді айдайтын жер өңдеушілері (тибеттіктер, ну, дулун, ицзу) Моңғол, түрік, соның ішіндегі тунгус-манчжур халықтарының мал шаруашылығы. Орогендер мен эвенгтердің бұғы шаруашылығы. Материалдық мәдинет. Жер - үйдегі тұрғылықты өмірі. Саван үйлер. Каркастық – тобалық құрамы. Көшпелі – малшылардың жылжымалы мекені. Жалшы көшпенділер мен жер өндеушілердің тағамы. Әлеуметтік ұйым. Дәстүрлі тайпалық ұйым. Рухани мәдениет. Мифалогия. Космологиялық мифтер. Мәдени батырлар туралы аңыздар. Моңғол және түрік халықтарының батырлары туралы эпосы. Жазу дәстүрлері (ежелгі қытай иероглиф, жапондық иероглифтер және қатақан мен хираганның сөздік белгілері, ежелгі түркі руна хаттары, ұйғыр алфавиті. Дін. Буддизм. Ламанизм. Даосизм. Синтоизм. Шаманизм. Ислам.

^ 5. Орталық Азия халықтары. Этногенез жөне этникалық тарихы. Тілдік жөне антропологиялық сипаттама. Шаруашылығы: отырықшы егіншілер, көшпелі малшылар және жартылай отырықшы егінші-малшылар. Материалдық мәдениет. Көші-қон тәсілі. Тағамы. Архитектура. Кәсібі. Рухани мәдениеті. Діни наным-сенімдері. Отбасы жөне отбасылық тұрмысы.

^ 6.Сібір халықтары. Жергілікті халықтарының этногенезі мен этникалық тарихы. Этнолингвистикалық кұрамы. Материалдық және рухани мәдениеті. Діні. Отбасылық тұрмысы.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



Похожие:

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
И. Исеновтың авторлық жұмысы. Оның негізіне 2006 жылғы қыркүйектің 3 жұлдызындағы 266 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым...
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
Р. Байдалының авторлық жұмысы. Оның негізіне 2005 жылғы мамырдың 5 жұлдызындағы 289 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым...
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
Р. Байдалының авторлық жұмысы. Оның негізіне 2005 жылғы мамырдың 5 жұлдызындағы 289 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым...
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
И. Исеновтың авторлық жұмысы. Оның негізіне 2006 жылғы қыркүйектің 3 жұлдызындағы 266 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым...
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті
Р және Ғылым министрлігі жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының 22. 06. 2006 жылғы хаттама шешімімен...
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті iconКостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы «Археология»
Сол себепті де археология бүкіл әлемде тарихқа қызығушылық танытатындар үшін аса маңызды да, қажетті ғылым ретінде есептелінеді
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы
Пән бойынша қолданыстағы бағдарлама Қазақстан тарихы кафедрасының профес-соры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы құрастырған....
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті iconҚостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы
Пән бойынша қолданыстағы бағдарлама Қазақстан тарихы кафедрасының профес-соры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы құрастырған....
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы
Пәннің жұмыс бағдарламасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов