Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы icon

Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы



НазваниеЖүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы
страница1/14
Дата13.07.2013
Размер1.89 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау

 жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрығы

(2010.09.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.25.12. № 590 Бұйрығымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі;

2) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;

3) жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі  бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев



Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125

^ Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся

изменениями и дополнениями по состоянию на 09.07.2010 г.)

 

В соответствии с подпунктом 19 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» ПРИКАЗЫВАЮ:

1. Утвердить прилагаемые:

Подпункт 1 изложен в редакции приказа Министра образования и науки РК от 25.12.09 г. № 590 (см. стар. ред.)

1) Типовые правила текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в организациях образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования;

2) Типовые Правила проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной итоговой аттестации обучающихся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования;

3) Типовые Правила проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в высших учебных заведениях.

3. Департаменту высшего и послевузовского образования (Омирбаеву С.М.):

1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.

3. Признать утратившим силу приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 сентября 2006 года № 481 «Об утверждении Правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой государственной аттестации обучающихся в организациях образования» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4394).

4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Шамшидинову К.Н.

5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

 

 

Министр

Ж. Туймебаев



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

125 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жоғары оқу орындарында білімалушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және

қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік

ережесі

(2010.13.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жоғары оқу орындарында студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 19-тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында студенттердің үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібін анықтайды.

2. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың мемлекеттік кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.

3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) оқу жетістіктерін бағалаудың балдың рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндігін беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;

2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – студентердің білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасының сапасын бағалау және оқытудың теоретикалық курсын бітіргеннен практикадан өткеннен кейін өткізілетін рәсім.

3) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

5) транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;

6) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;

7) Офис регистратор – білім алушылардың барлық оқу жетістіктерін тіркеумен шұғылданатын және білім сапасын бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін тұлға;

8) межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

9) оқу үлгерімінің орташа бал – Таңдаған бағдарлама бойынша оқушының бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің орташа бал (Grade Point Average - GРА) – аралық аттестацияның пәндері бойынша балдық бағаның кредиттік және сандық эвивалеттік қатынасы ретінде қабылданады;

10) емтихан сессиясы - ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау кезеңі.

  

^ 2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды және аралық аттестаттауды

 өткізу тәртібі

 

4. Студенттердің оқу жетістіктерін тексеру жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандары арқылы жүзеге асырылады.

5. Студенттердің (білім алушылардың) оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша жоғары оқу орындарында білімді бақылау және бағалау бойынша мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес бағаланады, оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару осы Ереженің 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

6. Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.

7. Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің өзіндік жұмыс (бұдан әрі - СӨЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық бағамы ескеріле отырып есептеледі.

Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде қолданылады.

8.  Кешкі бөлімде оқитын студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау осы Ереженің 6-тармақшасына ұқсас жүргізіледі.

9. Сырттай бөлімде оқитын студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу-емтихан сессиялары басталғанға дейін де, сол кезеңде де жүзеге асырылады, ол академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

Бұл ретте сырттай бөлімде оқитын студент оқу-емтихан сессиялары басталғанға дейін барлық түрдегі бақылау және есептеу-графикалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды (жобаларды), сондай-ақ үй тапсырмаларының жекелеген түрлерін, СӨЖ, пәндерді оқыту бағдарламасына сәйкес межелік бақылауды тапсырады.

10. Күндізгі, кешкі және сырттай бөлімдерде оқитын студенттер біртұтас кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша пәндерді бірдей көлемде оқиды. Пәндерді оқытудың тақырыптық жоспарларында өзгешеліктер болады, ол оқудың түрлі нысандары үшін оқытушылардың студенттермен байланысты жұмыстарының түрлі көлемінде көрініс табады. Бұл ретте сырттай оқитын студенттерге оқу материалдарының 80 пайызға дейінгі көлемін өз бетінше игеруіне рұқсат етіледі.

11. Межелік бақылау бір академиялық кезең аралығында, бір оқу пәні шеңберінде кемінде екі рет өткізіледі.  Көлемі бір кредитті құрайтын оқу пәндері ерекшелік ретінде алынады, олар бойынша межелік бақылау санын ЖОО дербес айқындайды.

12. ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

13. Студенттерді аралық аттестаттау емтихан тапсыру және сараланған сынақ түрінде өткізіледі.

14. Студенттердің аралық аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу офис регистраторға жүктеледі.

15. Аралық аттестаттау нәтижесі бойынша офис регистратор студенттердің академиялық рейтингілерін құрастырады.

16. Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және пәннің барлық кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша студенттердің оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады және академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды көздейді.

17. Сараланған сынақтар студенттердің зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) ойдағыдай орындағандығын, сондай-ақ олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан өткендігін тексеру нысаны болып табылады.

Сараланған сынақтар балдық-рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және сол жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда көшіру балына есептеуде ескеріледі.

18. Емтихан сессиялары қысқы және жазғы болып бөлінеді.

ЖОО-да қабылданған академиялық кезеңге (триместр, тоқсан) байланысты аралық емтихан сессиялар да болуы мүмкін.

Оқу жылының аяғына қарай емтихан сессиясының қорытындысы негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен студенттердің келесі курсқа көшірілуі жүзеге асады.

19. Емтихан сессияларының кезеңділігі мен ұзақтылығы оқудың күндізгі нысаны үшін мамандықтың оқу жұмыс жоспары және ЖОО-ның ғылыми кеңесінде бекітілген академиялық күнтізбе бойынша анықталады.

Оқудың сырттай нысаны бойынша емтихан сессиясы және олардың кезеңдері мен саны ЖОО-ның кеңесінде бекітіледі.

20. Офис регистратор оқудың барлық нысандары үшін емтихандар кестесін тиісті факультеттің деканатымен бірлесе отырып жасайды, оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және ол студенттер мен оқытушыларға емтихан басталмастан екі апта бұрын жеткізілуі тиіс.

21. Емтиханды өткізу үшін біліктіліктері сол пәннің бейініне сәйкес келетін және, әдеттегідей сол академиялық топта (толқында) оқыту сабақтарын өткізбеген алдыңғы қатарлы профессорлар мен доценттер арасынан емтихан қабылдаушылар тағайындалады.

22. Офис регистраторының жазбаша рұқсатынсыз емтихан өткізу рәсіміне қатыспайтын тұлғалар жіберілмейді.

23. Факультет деканының (институт директорының) емтихан сессиясына жіберу туралы өкімінде студенттің аты-жөні, курсы, мамандығы және академиялық тобы көрсетіледі.

24. Емтихандық сессияға жіберуі екі кезеңнен тұрады.

1) бірінші кезеңде факультет деканының (институт директоры) жалпы шешімімен оқу ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ студенттердің сессияға жіберілуі жүзеге асырылады;

2) екінші кезеңде тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдағы және межелік бақылау қорытындысымен анықталатын рейтинг бағасы негізінде емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру әрбір студенттің тегінің қарама-қарсы тұсына қойылған тиісті белгісімен емтихан ведомосы бойынша жүзеге асырылады.

25. Аталған пән бойынша рұқсатнама рейтингісінде оң бағасы жоқ студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Курстық жұмыстарын (жобаларын) тапсырмаған студенттер тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

26. Факультет деканы (институт директоры) кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) студентке емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат бере алады.  Факультет деканына (институт ректорына) аурулығы, сәбидің дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат беріледі.

27. Сырттай бөлім студенттерінің пән бойынша емтиханға жіберілуі күндізгі бөлім студенттерінің емтиханға жіберілу тәртібі секілді жүзеге асырылады.

28. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі. Ауызша түрде бір күнде екі немесе одан көп емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді. Тест нысаны кезінде екі немесе одан да көп пәндердің бейіндік және жақындық принципін сақтай отырып, емтихан кешенді түрде өтуі де мүмкін.

29. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның (факультет) Ғылыми кеңесімен академиялық кезең басталғаннан бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

30. Емтиханға келген студенттің (білім алушылардың) қолында сынақ кітапшасы болуы тиіс.

31. Емтихан кезінде студенттер пәннің оқу бағдарламасын және емтихан қабылдаушының рұқсатымен анықтамалық әдебиетті пайдалана алады.

32. Қорытынды бақылау өткізу үшін офис регистратор тарапынан емтихан қабылдаушыға студенттердің академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингі көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді.

33. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде емтиханда алған бағасы мен академиялық кезең ішіндегі үлгерімнің ағымдық бақылаудағы бағалануының орташа балы есептеледі.

34. Емтиханда студенттің үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

Оңды баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», Д-, Д+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен студенттің сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан ведомостына ғана жазылады.

35. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң студентке оның оқу жетістіктерінің бағасы болып табылатын қорытынды баға қойылады.

36. Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингінің бағасы мен қорытынды бақылау бағалары кіреді.

Ағымдық үлгерім бақылауының бағасы (жіберілу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 60 %-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағасының кемінде 30 %-ын құрайды.

37. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып, студенттің транскрипіне жазылады.

38. Студент қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлық-сыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.

39. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Қорытынды аттестаттаудың оң бағасын қайта тапсыру осы Ереженің 43-тармағымен белгіленеді.

40. Емтихан ведомосы офис регистраторға тапсырылады, ол бүкіл оқу кезеңінде барлық білім алушылардың кредиттер санын есептеумен және жинақтаумен айналысады.

Ары қарай емтихан ведомосын офис регистратор тиісті факультет деканатына (институт директоратына) жібереді. Деканатта әрбір оқу пәнінің емтихан ведомосы негізінде аралық аттестаттау бойынша жинақ ведомосы толтырылады.

41. Оқудың барлық нысандарына бірдей пәндердің оқу бағдарламасында бекітілген жұмыс және жеке оқу жоспарына сәйкес студенттер барлық емтихандарын тапсырады.

42. Студенттер пәндердің қосымша оқу түрлері бойынша емтихан тапсыра алады, олардың тапсыру нәтижелері емтихан ведомосына, сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады (әскери дайындықтан басқасы).

43. «Қанағаттанарлықсыз» бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін студент келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.

Мұндай жағдайда студент белгіленген тәртіп бойынша оқу пәніне жазылу рәсімінен қайта өтеді.

44. Егер студент оқу бағдарламасын толық көлемде орындай отырып, емтиханға келмесе, емтихан ведомосындағы оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады. Студенттің дәлелді себептері болған жағдайда факультет деканының өкімімен оған емтихан тапсырудың жеке кестесі бекітіледі. Емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп, қайта тапсырылуы осы Ереженің
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



Похожие:

Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 Бұйрығы «Білім туралы»
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125
Р бжҒМ 2010 жылғы 1 қарашада №506, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қарашада 2010 г. №6640 тіркелген, Қр...
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша
Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және...
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуіші мен Техникалық
Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 27 маусымдағы №303 бұйрығы
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconФ. 7–006-02 ¬аза¬стан республикасы бiлiм және ғылым министрiлiгi
«Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы», Астана, 2008 жылғы 6 ақпан
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы»
Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағын беру қағидаларын және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттарын бекіту туралы
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №108 Қаулысы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын бекіту туралы
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті қашықтықтан білім беру институты Агротехнология кафедрасы Мамандығы : 050801 «Агрономия»
Азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconАҚпараттық хат
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе 2013 жылдың сәуір айының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов