Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы icon

Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы



НазваниеЖүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы
страница3/14
Дата13.07.2013
Размер1.89 Mb.
ТипДокументы
скачать >>>
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
4-6-қосымшаларға сәйкес МАК жұмысы басталғанға дейін А4 форматында жеке кітапшада нөмірленіп, бумаланады және оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.

128. МАК отырысының хаттамалары әр білім алушыға жеке толтырылады. Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан ведомосы негіз болады.

129. Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушылары арасынан комиссия құрамына бекітілген МАК хатшысы толтырады

130. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жұмысын (жобасын) қорғауда анықталған білімдердің бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен МАК мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер МАК-тың бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазуға және өзі қол қоюға құқығы бар.

Хаттамада «бакалавр» академиялық дәрежесін және немесе біліктілік беру сондай-ақ студентке қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.

131. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау бағалары туралы, сондай-ақ, академиялық дәреже тағайындау және біліктілік беру немесе және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім МАК мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

132. Хаттамаға МАК-тың төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.

133. Қазақстан Республикасы «Мұрағат және мұрағат ұлттық қоры туралы» заңына сәйкес МАК-тың хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.

134. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген студент МАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсыруына немесе дипломдық жұмысты (жобаны) осы МАК-тың басқа отырысы болған күні қорғауына болады.

135. Студент қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау өткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне болады.

136. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

137. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК-сы мәжілісінің хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ___________ № _________ хаттамамен қайта қаралды _______ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған МЕК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.

138. Денсаулық жағдайы туралы МАК-ға ұсынылған құжаттар қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін қарастырылмайды.

139. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

140. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

141. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп есептелген жағдайда, МАК сол жұмысты комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға ұсынуға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік береді.  МАК-ның бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.

142. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар бір жыл өткеннен кейін, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, ЖОО басшысының атына қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.

143. Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.

144. Қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.

145. Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен белгіленеді.

146. Қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер білімі аяқталмағандығы туралы анықтама беріле отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады.

147. Қорытынды аттестаттаудан өткен және ЖОО-ның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген студентке МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі және/немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.

148. Дипломға қосымша студенттің оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттарымен қарастырылған көлемде оның барлық пәндер бойынша алған бағаларына сәйкес тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), практика мен қорытынды аттестаттау нәтижелерінің түрлері негізінде толтырылады.

Диплом қосымшасына әр оқу пәні бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

149. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

150. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған студент осы Ереженің 149-тармағында көрсетілген талаптарды орындағанына қарамастан үздік диплом алу құқығынан айырылады.

151. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы есеп жасайды және екі апта мерзім ішінде ЖОО-ның басшысына тапсырады. МАК төрағасының есебі ЖОО ғылыми кеңесінің немесе (факультет кеңесінің) отырысында талқыланады және бекітіледі.

152. Студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Ереженің 7-қосымшада келтірілген мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмыс қорғау нәтижелерін ұсынады.

153. МАК төрағасының есебіне кесте мен түсіндірме жазба кіреді.

Кестеде осы Ереженің 7-қосымшада келтірілген көрсеткіштер белгіленеді.

МАК төрағасы есебінің түсіндірме жазбасында төмендегілер көрсетіледі:

1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;

2) диплом жұмысының (жобаның) орындалу сапасы;

3) диплом жұмысын (жобасы) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сәйкестігі;

4) білім алушыларды мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудың кемшіліктері;

5) мамандар бойынша даярлау сапасына кадрлар талдау;

6) ЖОО-да мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.

154. МАК төрағасының есебіне жоғары білім бағдарламасын оқып бітірген, білім ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген ЖОО-ны бітірушілердің тізімі жалғанады.

 

 

^ 4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық

 аттестаттауды және қорытынды аттестаттауды

 жүргізу тәртібі

 

155. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың магистратура мен докторантура оқудағы жетістіктерін тексеру ЖОО немесе ғылыми ұйымдардың өздері белгілейтін бақылаудың түрлері мен аттестаттаулар арқылы жүргізіледі.

156. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау ЖОО студенттері сияқты тәртіппен жүргізіледі.

157. Магистратура мен докторантурада білім алушыларды ағымдық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбе мен кәсіптік оқу бағдарламаларына сай емтихан тапсыру және сараланған сынақтар түрлері бойынша жүргізіледі.

158. Аралық аттестаттаудың мерзімділігі мен ұзақтығы ЖОО немесе ғылыми ұйымның Ғылыми Кеңесі бекіткен академиялық күнтізбе мен мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді.

159. Емтихандар бекітілген кестеге қатысты аралық аттестаттау кезінде тапсырылады.

160. Емтихандардың кестесін құру жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімдері деканатпен бірге офис регистраторына жүктеледі.

161. Емтихан кестесін ғылыми ұйым директорының оқу ісі жөніндегі проректоры немесе орынбасары бекітеді және емтихан басталғанға дейінгі екі аптадан кешіктірілмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.

162. Емтиханға жіберу нақты пән бойынша жіберілу рейтинг бағасы анықталатын үлгерімнің ағымдық бақылау бағасының негізінде жүзеге асады.

163. Жіберілу рейтингінен оң баға ала алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Курстық жұмыс (жоба) тапсырмаған білім алушылар сол пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

164. Факультет деканы (жоғары оқу орнынан кейін білім алу бөлімінің бастығы) немесе ғылыми ұйым директорының орынбасары кей жағдайда (сырқатына, отбасы жағдайына немесе басқа да обьективті себептерге байланысты) білім алушыға жеке кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады.

Факультет деканына (ЖОО-дан кейінгі білім бөлімінің бастығы) аурулығы, сәбидің дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.

165. Осы мақсатта емтихандық сессия (аралық аттестаттау) кезеңіне ғылыми ұйымның немесе жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.

166. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі.

Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пәндердің жақындылығына байланысты екі және одан да көп пәндерден кешенді емтихан белгіленуі мүмкін.

167. ЖОО (факультет) немесе ғылыми ұйымның Ғылыми кеңесі емтиханды өткізу тәртібі мен түрін әр оқу пәні бойынша академиялық кезеңнің басталуынан бір ай бұрын белгілейді.

168. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде академиялық кезеңдегі емтиханнан алған бағасы мен ағымдық бақылаудан (жіберілу рейтинг бағасы) алған орташа баллы ескеріледі.

169. Әр пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушыларға қорытынды баға ЖОО студенттеріне қойылатын тәртіп бойынша қойылады.

170. Емтихандық ведомость барлық оқу кезеңі бойынша білім алушылар жинаған кредиттер санын есептеумен айналысатын офис регистраторға тапсырылады.

Әрі қарай офис регистратор емтихандық ведомосты сәйкес келетін факультет деканатына (институт директораты) тапсырады. Деканатта әр пәннің емтихандық ведомосы негізге ала отырып, аралық аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады.

171. Білім алушылар барлық емтихандар жұмыс жоспарына, жеке оқу жоспарына және оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырулары қажет.

172. Білім алушылар қосымша оқу түрлерінің пәндері бойынша да емтихан тапсыра алады, нәтижелері емтихан ведомосына және білім алушының жеке ведомосына жазылады.

173. «Қанағаттанарлықсыз» бағаны оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы пән бойынша оқу жұмыс жоспарында көрсетілген барлық оқу сабақ түрлеріне қайта қатысып, емтиханға жіберілу рұқсатын алып, қорытынды бақылау тапсыруы тиіс.

174. Қорытынды бақылаудан алынған қанағаттанарлық бағаны жоғарылату үшін емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Қорытынды бақылаудың оң бағаны қайта тапсыру тәртібі осы Ереженің 173-тармағына сәйкес анықталады.

175. Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтиханнан кейін (келесі күні) аппеляцияға беруге құқығы бар.

176. Пән бағдарламасын толық орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда емтихандық ведомосттағы фамилиясының тұсына «келген жоқ» белгісі қойылады.

Дәлелді себептерге байланысты келмеген жағдайда факультет деканының өкімімен емтихан тапсырудың жеке кестесі белгіленеді. Дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылып, осы Ереженің 173-тармағына сәйкес емтиханды қайта тапсырады.

177. Транскриптке студенттің барлық қорытынды бағаларымен қоса қайта тапсырылған емтихан нәтижелері де жазылады.

178. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялардың қорытындысының негізінде жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. Осы мақсатқа сәйкес көшіру балы белгіленеді.

179. Емтихан қорытындылары және емтихан сессиясы (аралық аттестация) аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстары кафедра, деканат (директорат) және жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйымдар отырыстарының талқылауына шығарылады.

180. Жоғары оқу орнынан немесе ғылыми ұйымнан шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.

181. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін осы Ереженің 51, 52 және 56-тармақтарының нормалары тиісті мемлекеттік органдармен келісіледі.

^ 5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу тәртібі

 

182. Жоғары оқу орнында немесе ғылыми ұйымда білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбесі мен мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарында қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистірлік (докторлық) диссертация қорғау түрінде өткізіледі.

183. Қорытынды аттестацияға оқу жоспары мен оқу бағдарламалары талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған магистранттар мен докторанттар жіберіледі.

184. Бітіруші курстың білім алушылар жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.

185. Магистранттар мен докторанттардан кешенді емтихан алу және магистрлік диссертацияларды талқылау үшін ЖОО немесе ғылыми ұйым Мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) құрады.

186. Білім және ғылым ұйымының басшылары 1 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға, МАК төрағасының кандидатурасын ұсынады:

магистратура мамандықтары бойынша – бітіруші мамандықтар бейініне сәйкес бейін бойынша және аталған ұйымда қызмет жасамайтын ғылыми дәрежесі бар доктор немесе ғылым кандидаты немесе PhD докторы академиялық дәрежесі бар тұлға;

докторантура мамандықтары бойынша – даярланып шығарылатын мамандардың бейініне сәйкес келетін ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, немесе бейін бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі және аталған ұйымда жұмыс істемейтіндер.

187. МАК-тың құрамына оның мүшелері құқығында:

Магистратура мамандықтары бойынша – ғылым доктор және кандидаты ғылыми дәрежесі бар және бейіні бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі бар адамдар және шығарылатын мамандар бейініне сәйкес магистр (МАК-тың құрамына бейінді магистратура үшін шығарылатын мамандар бейініне сәйкес жоғары білікті мамандар енгізілуі мүмкін) ғылым докторы және кандидаты енеді;

докторантура мамандықтары бойынша – шығарылатын бейініне сәйкес бейіні бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі бар.

188. МАК-тың сандық құрамын білім және ғылым ұйымы дербес айқындап, жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен бекітіліп 31-ші желтоқсаннан кешіктірмей 1 күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.

189. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу ЖОО немесе ғылыми ұйым бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестация басталуынан 2 апта бұрын МАК-қа тапсырылады.

190. Мамандық бойынша кешендік емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттері кіреді.

191. Кешенді емтихан келесі нысандардың біреуі бойынша өткізіледі: ауызша емтихан, жазбаша жұмыс, пәндердің оқу бағдарламасы бойынша бекітілген пәндерден тест.

192. Кешенді емтиханның бағдарламасы өткізілу нысанына және тапсырма мазмұны жоғары оқу орынмен немесе ғылыми ұйыммен осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасына сай жасалады.

193. Магистр немесе докторлық бағдарламаларды іске асыратын жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдар тесттік тапсырманы, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеудің өткізілу технологиясын өздері әзірлейді.

194. Кешенді емтихан:

магистрлік диссертацияны қорғауға дейін бір ай бұрын;

докторантуралық диссертацияны қорғауға дейін үш ай бұрын қабылданады.

195. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушы бойынша осы Ереженің 8-қосымшаға сай белгіленген нысандағы хаттамамен рәсімделеді.

МАК отырысының хаттамасын шығарушы кафедраның оқу-көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді.

196. Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама рәсімдеуге емтихандық ведомость негіз болады.

197. Алынған бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

198. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға беруге болады.

199. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

200. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісі хаттамамен ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға __________ № _______ хаттамамен қайта қаралды _____ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МАК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.

201. Кешенді емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант немесе докторант білім немесе ғылыми ұйымынан білім немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен оқудан шығарылып, тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.

202. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға магистратурада және докторантурада қорытынды аттестация кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

203. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі.  Диссертация қорғауға жіберу ЖОО немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді.

204. Диссертациялық жұмыстарды тексеру авторға және пайдаланған көздеріне сілтеме жасамай жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің магистратурасы және докторантурасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

205. Осы Ереженің 200-тармағына сәйкес тексеруден кейін диссертациялық жұмыс сараптамадан өтеді. Диссертациялық кеңес осы мақсатқа сәйкес әрбір диссертациялық жұмыс бойынша сараптамалық комиссия құрады.

206. Диссертациялық жұмыстарды қорғау диссертациялық кеңестердің отырыстарында жүзеге асырылады.

Диссертациялық кеңестер әрбір PhD магистратура немесе докторантура мамандықтары бойынша құрылады.

207. Жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның жетекшісі білім және ғылым саласындағы уәкілетті органға 1 желтоқсаннан кешіктірмей Магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасының кандидатурасын ұсынады.

208. Магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы 20 қаңтардан кешіктірілмей білім және ғылым саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

209. Төрағаның орынбасары, ғалым хатшысы және мүшелері көрсетілген Магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің құрамы жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйым жетекшісінің бұйрығымен бекітіледі және күнтізбе бойынша жыл бойы жұмыс істейді.

210. Магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің құрамына ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, PhD докторы академиялық дәрежесі бар тұлғалар немесе тиісті мамандықтар бойынша магистрлар кіреді. Осыған сәйкес, кеңестің кем дегенде үш мүшесінің шифры қорғалатын диссертациясының бейініне сәйкес келетін ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі болуы керек.

211. Магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің сандық құрамы бес адамнан кем болмауы қажет.

212. Магистрлік диссертацияның қорғалуы төмендегі жағдайда жүзеге асады:

ғылыми жетекшінің оң пікірі;

диссертация тақырыбында кемінде 1 мақала ғылыми баспада жарық көруі халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі;

шығарушы кафедраның қорғауға жіберілгені туралы шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі);

сараптама кеңесінің диссертацияны ашық түрде қорғалуына берілген ұсынысының жазбаша қорытындысы;

қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін маманның бір рецензиясы. Мұнда диссертацияның жан-жақты сипаттамасы, бағасы («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлықсыз») көрсетілген аргументті қорытындысы және сол мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау мүмкіндігі көрсетіледі.

Ғылыми жетекші немесе сараптама комиссия тарапынан «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынуға болмайды» деген қанағаттанарлықсыз қорытынды берілген жағдайда, магистрант магистрлік диссертациясын қорғау мүмкіншілігінен айырылады.

213. Сараптама комиссияның құрамы зерттеуге алынған обьект немесе пән саласы бойынша білімі бар кемінде екі маманнан құралады.

Сараптама комиссиясының құрамы ЖОО немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен диссертацияның қорғалуына бір ай бұрын бекітіледі.

Ғылыми жетекшілер мен консультанттар эксперт кеңесінің құрамына кіре алмайды.

214. Магистрлік диссертацияның қорғалу нәтижесі әрбір магистрант үшін жеке осы Ереженің
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



Похожие:

Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 Бұйрығы «Білім туралы»
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125
Р бжҒМ 2010 жылғы 1 қарашада №506, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қарашада 2010 г. №6640 тіркелген, Қр...
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша
Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және...
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуіші мен Техникалық
Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 27 маусымдағы №303 бұйрығы
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconФ. 7–006-02 ¬аза¬стан республикасы бiлiм және ғылым министрiлiгi
«Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы», Астана, 2008 жылғы 6 ақпан
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы»
Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағын беру қағидаларын және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттарын бекіту туралы
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №108 Қаулысы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын бекіту туралы
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті қашықтықтан білім беру институты Агротехнология кафедрасы Мамандығы : 050801 «Агрономия»
Азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан
Жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы iconАҚпараттық хат
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе 2013 жылдың сәуір айының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов