Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі icon

Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі



НазваниеАқмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі
Дата28.05.2013
Размер79.68 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>
1. /А_мола облысы Шортанды ауданы.docxАқмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі



Ақмола облысы Шортанды ауданы
Жолымбет №2 орта мектебі



КЕРЕЙ БАЙМҰРАТ
4-сынып

Тақырыбы: мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Бағыты: қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруты
Секция: әдебиет
Жетекшісі: Хыдырхан Майра, бастауыш сынып мұғалімі

2011-2012 оқу жылы


Зерттеу мақсатым:

мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу;

қолданыс аясын анықтау;

өзара айырмашылықтарына көз жеткізу; халқымыздың баға жетпес асыл мұрасын оқушылар арасында дәріптеу.

Зерттеудің міндетті:

мақал-мәтелдердің ерекшеліктеріне талдау жасау,

қолданыс қызметін саралау;

мақал-мәтелдердің ұлттық танымдық қызметін ашу.


Зерттеудің

жүйелеу, әдебиеттерге талдау жасау, әр кезеңде айтылған мақал-мәтелдерге баға бере салыстыру, сипаттау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы:

тәрбиелік мәні зор, оқушы біздерге азамат болып қалыптасуымызға әсер беретін мақал-мәтелдерді санаға тоқу, өз сыныптастарымның және таныстарыма насихаттау, өсіп-өну жолыма басты қағида ету.

Зерттеудің обьектісі:

мақал-мәтелдің адамзатқа берері мол-қазына екені.

әдісі:


Мақал дегеніміз не?

Адамның ойын жарыққа шығаратын күшті құрал тіл. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал.Сол рухани байлығымыздын бірі халық ауыз әдебиеті.Ауыз әдебиеті халқымыздың асыл да мол мұрасы,қымбат қазынасы.

Мақал-мәтелдер-ғасырлар шежіресі,ауыз әдебиетінің бір түрі.Мақал-мәтелдер – халықтың ғасырлар бойы іс-тәжірибесінен, өмір тәжірибесінен қорытып, сан алуан құбылыстарға баға беріліп,ереже, өмір заңы түрінде тұжырымдалған аталы сөз халықтың ой түйіні.

Мақал-мәтелдер дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.Мазмұнының тереңдік жағынан шағын жанрлардың ішіндегі шоқтығы биігі де осы-мақал- мәтел.

Мақал-сөз атасы. Мақал-мәтелдің өзара айырмашылығы бар.

Мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады. Ал, мәтелде бар мағына ашық емес, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ.

Мақалдар тіпті жазу пайда болмаған кездің өзінде пайда болды.Олардың пайда болуының себептері алуан түрлі.Ешкімде дәл қай кезде қандай себеппен айтылғанын дөп басып айта алмайды. Мақал-тұрмыс айнасы. Көптеген мақалдар өзін тудырған тарихи өткінші оқиғалармен жоғалып отырса, ал жүйесі жағынан мығым кейбір мақалдар тек өзінің тууына себеп болған тарихи жағдайға байланысты мағынасын жоғалтып, заманға сай ауыспалы мағынаға ие болу арқылы мазмұны жағынан жаңғырып отырады.

«Сөздің көркі- мақал” дегендей мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да ,ұтымды жеткізуге болады. Мақал-мәтелде басы артық сөз болмайды. Мақал-мәтел- сөз мәйегі. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Негізінен мақал –мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделіп жасалады. Ел ішіндегі мақалдар түгел жиналса, бір мың ғана емес, әлденеше мыңға кетері анық. Зерттеу кезіндегі іздену жұмыс барысында мақал-мәтелдердің толық жинақталып, бір басылым болып шықпағанын байқадым.Әр кітапта бытырап жүр.Мақал-мәтелдердің тақырыбы әр алуан.


Негізгі тақырыбын былай топтастырдым:


Еңбек пен

ерлік

Достық пен қастық




Мақал мәтелдерді тақырыпқа топтау

Отан туған жер туралы

Ақыл мен өнер білім



Ынтымақ пен бірлік


Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні

Қазіргі жаһандану заманында өскелең ұрпақты сана-сезімі, ақыл-ойы қазақи ұлттық құндылықтарды жоғары бағалайтын, бар асылды бойына сіңірген саналы ұрпақ етіп тәрбиелеуде мақал-мәтелдің алар орны ерекше. Әр бір мақалды оқи отырып оның мағынасын түсініп, өмір жолына бағыт алып, кез келген әрекетке қорытынды жасап,саралай білуде даналардан шыққан асыл сөздің пайдасы тиері сөзсіз.Ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді мақтан етіп, қаймағы бұзылмаған қалпында ұрпақтан - ұрпаққа қалдырумызға мақал-мәтелдегі ақылдың пайдасы тиеді.


Отан, туған жер туралы

Отан сүйгіштікке, өз елінің патриоты болуда, елін-жерін шексіз сүйуіне отан туралы айтылған мақал-мәтелдің берері мол.

  • Отан - оттанда ыстық

  • Отан үшін отқа түс, күймейсің

  • Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.

  • Туған жер – алтын бесік.

Осы мақалдарда отансыз адам болмайтынын, отанын қорғау ер азаматтың борышы екенін , кең байтақ қазақ жерін шексіз сүюге, елінің патриоты болуға шақырады.


Ақыл мен өнер білім туралы

  • Өнер-ағып жатқан бұлақ,

Білім - жанып тұрған шырақ

  • Білімді өлмес-қағазда аты қалар,

Ұста өлмес-істеген заты қалар.

  • Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

  • Оқу инемен құдық қазғандай.

Мұнда білімнің пайдасы, оқыған адамның ғылым сырын түсініп, әр нәрсеге өз көзқарасын дұрыс жағынан білдіре алатыны, оқу-білім алу жолында қажырлы еңбек ету керектігі айтылады. Ғылымға, білімге шақырады.

Еңбек пен ерлік туралы

Ердің атын еңбек шығарар.

  • Еңбек етпесең, елге өкпелеме.

Егін екпесең, жерге өкпелеме,

  • Жылай-жылай арық қазсаң

Күле-күле су ішерсің.

  • Ерлік білекте емес, жүректе.

  • Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.

  • Ер бір рет өледі,

Ез мың рет өледі.

Еңбексүйгіштікке, төзімділікке, ерлікке, намысқойлыққа тәрбиелейді.


Ынтымақ пен бірлік туралы

  • Ырыс алды-ынтымақ.

  • Бірлік болмай, тірлік болмас.

  • Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

  • Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

  • Татулық- табылмас бақыт.

  • Бірігіп көтерген жүк жеңіл.

Даналардан шыққан осы бір мақалдардың мағынасы біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы Елбасымыздың көреген саясатының арқасында 20 жылда жеткен жетістіктерінің нәтижесіндей. Жастарды бірін-бірі қолдауға, татулыққа, бірлікке тәрбиелейді.


Достық пен қастық туралы

  • Жақсылық жар басында,

Жамандық жастық астында.

  • Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі.

Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі.

  • Күлме досқа, келер басқа.

  • Дос болсаң, берік бол, досыңа серік бол.

Бұл мақалдардан жақсылық биік ұғым екенін, жамандық шалыс бассаң болды аяқ астынан жабысатынын ұғасың.Адам баласы өзіне жақсылық жасаған адамға жақсылық істеуге үйір, ал жамандық жасаған адамға жақсылық істеу үлкен жүрек, пейілдің кеңдігі,түсінігінің молдығын көрсетеді. Барлық адамға тән қасиет емес. Адам баласы осы соңғы пікірді ұстанса қоғам мейірімді болар еді.


Кері тәрбиелік мәні бар мақалдар

Мақал-мәтелдердің бәрін ой елегінен өткізбей қолдана беруге болмайды. Дана Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде былай деген: -“Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар”- дей келе, “Жарлы болсаң, арлы болма” “Қалауын тапса қар жанады”, “Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ”, “Атың шықпаса, жер өрте”, “Алтын көрсе, періште жолдан таяды”, ” Ата – анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті ” сынды мақалдардың ешқандай тәрбиелік мәні жоқ екенін, ата-анасын малға айырбастау, құдайға дұшпандық, азқындық екенін , жер өртеп шығарған аттың қандай абыройы барын сынай келе, осындай білместікпен айтылған сөздерден сақ болуды ескертеді.

Мақал-мәтелдерді зерттеу кезінде осы мағыналас мақалдар кездесті . Мысалы: Өнерлі бала – әрлі бала,

Өнерсіз бала – сорлы бала.

Баланың бәрі өнерлі болу мүмкін емес ғой. Сонда сорлы болғаны ма?


Қорытынды

Сонымен ғылыми жобамды қорытындылай келе, баға жетпес асыл қазынамыз ауыз әдебиетінің бір тармағы мақал-мәтелдер сараланып, талқыланды.

Зерттеудің басты мақсаты мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу болғандықтан әр мақалға өзімше түсінік бердім.

Осы жолда көп іздендім көркем әдебиеттерді, газет-журналдарды қарадым. Қазіргі заман талабына сай ғаламтор желісін пайдаланып, мектеп және ауылымыздың орталық кітапханасынан мәліметтер жинадым.Өз сыныптастарымның бір жыл бойы жинаған ”Мақал-мәтелдер жинағы”дәптерлерімен де жұмыс жасадым.Сыныптастарыма алғысымды айтамын. Ғалым зертеушілердің еңбектерімен танысып, ондағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәніне талдаулар жүргіздім. Өз туған атамнан (ауылымыздың ұйытқысы көнекөз, аузы дуалы қария Шайбас) мақал-мәтелдер үйреніп, мағынасын аштым. “Ақылды қария-ағып жатқан дария” деген мақал менің атама арнап айтылған-ау, шамасы -деп ойладым.

Зерттеу жұмысы, берілген тақырыптың өзегіне жетіп, оқушыларға халқымыздың асыл мұрасы, сөз мәйегі – мақал-мәтелдің сан қыры ашылып, үлгі өнеге болады деп сенемін. Бұл еңбегім Тәуелсіздіктің 20 жылдығына кішкентай болса да қосқан үлесім.


Сөз мәйегі

Болат Үсенбаев

Жерінтіп жаманнан,

Жақсыны үлгі еткен.

Талапты адамға

Өмірді үйреткен.

Ақылдың кеніндей

Асыл ой сандығы

Мақалды ерінбей

Жаттаймын әр күні

Биікке өрлеуге

Аталы сөз – үлгі.

Мақалсыз көркеуде

Санаймын өзімді.

Мақал мен мәтелдер –

Ақыл-ой мәйегі.

Мақал мен мәтелдер –

Даналық әлемі.

Өлмейтін даналық

Қалдырды бабамыз.

Мақалдан нәр алып,

Ашылды санамыз.

Мақал да, мәтел де

Өмірден туады.

Күн болып жаһанға

Шашырар шуағы.


Пікір


Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні деген тақырыпқа жазылған ғылыми жоба жас ұрпақтың ақыл-ойын, сөйлеу тілінің тапқырлығына, ойдың ұтымдылығына үлкен үлесін қосары даусыз.

Баймұрат ұсынылған тақырыптар ішінен осы тақырыпқа қызығушылық танытты. Өзі ізденіп, сыныптастарымен біріге отырып жұмыс жасады. Көбінесе мақал-мәтелдер әр оқулықта, әдеби кітаптарда бытыраңқы берілген, осыған байланысты оқушы жинақтау, тақырыпқа топтастыру, тәрбиелік мағынасын ашу бағытында үлкен жұмыс атқарды. Жұмыста өзінің іс әрекетін шығармашылық сипатта, менің берген нұсқауыма сай өз денгейінде орындады. Әлі де іздену, ақпарат көздері, әдеби оқулықтармен жұмыс істей білу дағдысын дамыту, тәрбиелік мәнін жан-жақты аша түсу қажет.


02122011083.jpg


Мақал – мәтелдер жинағымалышка!1589.jpgмалышка!1587.jpg


02122011078.jpg

02122011076.jpgфото0127.jpg



Похожие:

Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі iconАқмола облысы, Аршалы ауданы, Сары-Оба орта мектебі Қазақ тілі пәні мұғалімі – Сейдуллаева Г. Т. Тіл декадасына арналған «Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысы. Мақсаты
...
Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі iconАқмола облысы Зеренді ауданы Троицк орта мектебі Баяндама: Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі
Ағылшын тілі сабағында әрбір оқұшының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы...
Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі iconДокументы
1. /А_мола облысы Шортанды ауданы.docx
Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі iconБастауышым-бастамам, білім жолын бастаған Ақмола облысы Зеренді ауданы Баратай негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы Мақсаты
...
Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы Зеренді ауданы
Республикасының мемлекеттік ән ұранын орындауға рұқсат етіңіздер. (Ән ұран орындалады)
Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі iconКіріспе 3 1 тарау. Туризи – табиғатты тану 7
Тарау. ОҢТҮстік қазақстан облысы, ТӨлеби ауданы, жаңажол елді мекенінде; Өткізілген туристік экологиялық жарыс 15
Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі icon«Каменка орта мектебі» мм-де 2011-2012 оқу жылының 07. 02-нан бастап 10. 02-ды қоса

Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі iconТұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі
«Ауылым – алтын бесігім» деп аталатын сұхбатымызды ауылымыздың қалыптасу тарихынан бастасақ?
Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебі iconНововладимиров орта мектебі Нововладимировская средняя школа 2012-2013 оқу жылы 2012-2013 учебный год

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов