2011- шырша тойы icon

2011- шырша тойы



Название2011- шырша тойы
Дата05.06.2013
Размер161.67 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>

- 2011- шырша тойы

1-оқушы:-Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар

Хан патшасы сарайынан

сөйлеп тұрған мұнда бізбар!

2-оқушы: Тыңдамаған тыңдаңыздар

естімеген естіңіздер!

3-оқушы: -Хан патшасы халық үшін

Жаңа жылдық шырша өткізбекші!

Үшеуі: -Асығыңдар, тойға шақырамыз!

Осы кезде екі жақтан 3 жүргізуші келеді:

1-жүргізуші:Нурбек: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Той дабылын қағып түрған мында біз бар

2- жүргізуші: Айгерім: –Естімеген естіңіздер!

Тыңдамаған тыңдаңыздар. Жаңа жыл сауық сайран кеші басталды .

^ 3-жүргізуші: Ақбота : -Тойдан қалып қоймаңыздар!.

1-жүргізуші: Нурбек: Жаңа жылды қарсы алып, той жасаймыз жылда бір.

2-жүргізуші: Айгерім: Жарқын-жарқын ән салып, жалғасады жырға жыр

3-жүргізуші: Ақбота: Армысыздар, көрермендер!

^ 2-жүргізуші: Айгерім: Бармысыздар, ағайын.

1-жүргізуші: Нурбек: Армысыздарма ата-аналар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар.

2-жүргізуші:Айгерім: Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге жаңа жыл тек жаңа табыс, береке бірлік әкелсін дейміз!

^ 3-жүргізуші: Ақбота: 2011 – жылы еліміздегі өткізілгелі отырған 7-қысқы азияда ойындары біздің жас мемелекетіміз үшін өте мәртебелі тарихи оқиға, отандастарымызға сәттілік тілейміз!

1-жүргізуші:Нұрбек:

Ақ көңілім айналды аппақ қарға

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға

Қыс қылығы басылмай ұласады

Қуаныш көп болсын Жаңа жылға –дей келе жаңа жылдық мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі мерекелік кешіміздің салтанатты ашылуын мектебіміздің директоры Мұрат Нұтсәулеге береміз .Ду қол шапалақ. Көңілді музыка ойнап тұрады

(Осы кезде есіктің аржағынан, жіберіңдер бізді , жіберіңдер деген дауыс естіледі)

Мыстан:Дәуіржан: Қайда?

Хормен : Хан сарайына

Еркетай: Неге?

Хормен: Жаңа жылды көңілді өткізу үшін біз өзімізбен бірге достарымызды да ерте келдік.(ертегілер кейіпкерлері ортаға шығады)

Дауіржан: Бәрәкелді!

2 мыстан: Қош келдіңіздер! Әуелі сендер бізге өнерлеріңді көрсетіңдер .(бәрі бірігіп ән салу)

1-жүргізуші:Нурбек:

Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Жаңалық ізде сен

Жаңа ән, жаңа жыр

Жазып бер бізге сен!

^ 2- жүргізуші:Айгерім:

Жаңа жылды қарсы алып,

Той жасаймыз жылда бір.

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр

3- жүргізуші: Ақбота:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй,- деп әнші қызымыз Қызыл телпек пен әжесінің әнін тамашалайық.

Еліктің әні:

Осы кезде боран дыбысы, қасқырың дыбысы естіледі.

Қасқыр:Жанібек: а-у-у;а-у-у;….

Қасқыр дыбысы естілгенде қонақтар қорқып бір бұрышқа үйіледі.

1-жүргізуші:Нурбек: Ал, балалар, балалар. Бәрің бері қараңдар

,2-жүргізуші:Айгерім: Ал, балалар, балалар. Бәрің бері келіңдер

^ Аңдар орман ішіне кіріп тұрады.

3-жүргізуші: Ақбота:

Жаңа жылдық кеште,

Көтереміз көңіл біз

Түсіреміз біз еске

Ертегілер елін біз.

^ Аңдар орман ішінен біртіндеп шыға бастайды

2-жүргізуші: Айгерім:

Қасқыр, Қоян, Түлкі

Арыстан , Піл, Барыстар

Аю, Қабан, Кірпі-

Ежелгі дос, таныстар

^ 1-жүргізуші: Нурбек:

Бүгін біздің тойға

Олар түгел келіпті

Қасқыр шаппай қойға

Құшыпты Аю Елікті

2-жүргізуші:Айгерім:

Қасқыр,қоян, түлкі

Қастықты енді білмесін!

Аю қабан ,кірпі

Қол ұстасып билесін! (аңдардың биі

^ 3- жүргізуші Ақбота: Жиналған аңдар би билеп, көңіл көтеріп жатқанда, аңдар өздерің мақтай бастайды.

Ұлжан: Мен мықты арыстан

Аңдардың патшасы

Жауымның алысқан

Күл болған қаңқасы

Арыстанбек: Мен жыртқыш –Жолбарыс

Тұрағым- ну қамыс

Түн демей, күн демей

Жортамын жолда алыс

Қырағы, шапшаңмын

Қайраты асқанмын

Жалт берген жауымды

Орнында басқанмын

Қуаныш: Мен балқұмар Қорбаңбаймын

Тәтті ұрлауға қорланбаймын

Омартаны аралаймын

Аяқ- қолды жаралаймын

Балға тоймай, оралмаймын

Жәнібек: Мен көкжал Қасқырмын

Малшыны да састырдым

Аш болсам, ұлимын

Ауылды торимын

Аңшыдан қорқамын

Сайлармен жортамын

Еркегүл: Мен, түлкімін, түлкімін

Қоймасымын күлкінің

Ашық уыз аңқауды

Күлкіменнен арбаймын

Мықтымсынған мақауды

Қулығыммен алдаймын

Клоундар: Осы кезде бір бүрышта өзімен өзі тұрған бұғыға клоуындар (Патшайым, Айдана) келеді.

Патшайым: “Ана жақта аңдар өздерің мақтап әлек . Сен неге өзіңді мақтаймысың ?”

Ау, Бұғым-ау, тым ұзын

Қайда кетке мұйізің ?

Арғынбек: Қайтем оны тастадым………

Айдана: Тағы не өнер бастадың?

Арғынбек: Оның барғой себебі

Екі-ақ пұттан аспайтын,

Ешбір көрік қоспайтын

Мүйіздің не керегі?

Маған, білсең,бауырым,

Ыңғайлысы –ауыры

3-клоуын: Ал оны кім береді ?

Арғынбек: Көктемде өсер жарасып

Салмақтысы, жаңасы

Сонда сәнім келеді

^ Ақмарал: Сілеусін :

Өзің жақсы білесің

Сиырда ұзын құйырық бар,

Түлкіде ұзын құйырық бар

Әдемі, ұзын менікі

Неге шолақ сенікі

^ Сара: Айтшы, әуелі Тиінім

Сұрағыңның тұйінін

Ұзынқұйрық бұйырған

Неге қажет сиырға?

Ақмарал: шыбындарды қағуға

Сара: неге қажет түлкіге?

Ақмарал: Жұмбақ еді бұл кімге

Ізін көміп, жабуға

^ Сара: Өзіңе ше ал енді?

Ақмарал: Секіргенде, денемді

Керек жаққа бұруға

Бағыт беріп тұруға

Сара: Олай болса, Тиінім

Мен де айтайын тұйінін

Шыбын маған баттпайды

Жүнім қалың шақпайды

Жасырмаймын ізімді

Жол үстінде шаң басқан

Секірмеймін өзіңдей

Ағаштардан ағашқа

Сол себепті құйрықтың

Керегіде аз маған

^ Еркегүл: түлкі:

Ой Месім!

Кимің қайда, барма есің?

Мына шұнақ аязда

Үсіп жатқан аң азба?

Қалың сирек тікенек

Жоққой онда түк көмек

Бірер күнге шыдарсың

Қыстан қайтып шығарсың ?

Барбол:қабан:

Ойлап тұрсам қу түлкім

Орансыз-ау бұл күлкің

Өзің болсаң арықсың

Қу сүйек болып қалыпсың

Тарбиған бұл түріңмен

Халіңді әлі-ақ білерсің,

Сонда, Түлкім күлерсің.

^ Еркегүл: түлкі:Ойбай, аңғал Месім ай,

Алсайшы сен есіңе –ай

Жұмсақ, қалың түк, қылы

Ішігім бар жып жылы

Жалған айтса, оңбаймын

Бұл тұрғанда тоңбаймын.

Барбол:қабан: Сонда аязда менбе ыққан?

Дұрыс, Түкем бұны ұққан

Асты майлы терім бар

Суыққа әбден шыныққан

^ Патшайым Клоун:

Білдіңдерме , балалар,

Әркімде де амал бар

Айдана:Клоун: Тоқтаңдар ,тоқтаңдар ескі жыл қайда сонда

Р.Аманкелді : Әне өзіде келе жатыр!

Қ.Амангелді: Қош келдіңіз ескі жыл!

Б.Амангелді: Сіздің құрметіңізге ән айтылып, би биленеді жаңа жыл келгенше бізбен бірге болыңыз.

^ Ескі жыл: Айнұр:

Балаларым,балғындарым

Алғысым көп айтар менің!

Дәл осындай артығырақ

Қарсы алыңдар Қоян жылын

Жаңа Қоян жылы келеді.

Патшайым: Клоун;Алақай,алақай!

Айдана.Клоун: Жыл келеді шапқылап,

Р. Амангелді :Клоун;Қанекей қарсалайық жақсылап!

1-жүргізуші:Нурбек:

Келді міне Жаңа жыл аппақ болып,

Ән болып,жұмбақ болып,тақпақ болып.

2-жүргізуші:Айгерім:

Ауылымыздың тұсына қосып жатыр

Аяз болып,мұз болып,қатқақ болып.

3-бірге: Қонысыңыз құтты болсын Қоян жылы!

Қонарсың мектебіме ырыс болып.

Жанбота: Рахмет,балалар! Мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет! Биылғы жылы меніде қуантар деп ойлап келдім.

Өзіммен бірге тарихымды арқалай келдім.

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда мен келдім

Ақ мамыққа оранып


Өлеңде әзір ,әнде әзір

Ойында әзір, бәрі әзір

Жаңа жылға құт болып

Қоян жылы мен болам.

Ескі жыл;Өлшеусіз алда көп міндет

Өссеңде мұңсыз күнде сен

Өмірге ие болғын деп,

Өсиет айтам енді мен!

Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат!

Алдыңғы сапта боларсың;

Келер жыл саған аманат!

Сау болыңдар балалар!

Барыс жылы кетеді.

ӘН: 7-сынып оқушысы Жарқынның орындауында.(шыршаны айланып аңдар билеу)

9- сынып оқушысы Әділхан Гүлмира «Жаңа жыл» өлеңі

Клоун:Р.Амангелді: Айтқандай менің атаммен апам келген жоқпа осылай кетіп еді (жан жағына қарайды)

Айдана : Жоқ.

Патшайым: Ендеше келіп қалар

Б:Амангелді:Алақай, алақай! Аяз атамен ақша қар келеді:

Хормен: Аяз ата ,аяз ата...................

(аяз- атамен ақша қар келе жатады)

Пираттар оларды қоршап аладыда , Ақша қарды ұрлап алып кетеді.

Аяз ата:Жіберіңдер қызымды жіберіңдер

Пират:Руслан: Егер кімде кім ақша қарды құтқарып алам десе, онда біздің 3 жұмбағымызға жауап бересің. Егер Ақша қарды құтқарушы жұмбақтың жауабын дұрыс шешсе онда ақшақарды босатамыз.

(пираттар айқайлайды)


Еламан: Жұмбақ:

Орғыған қорқақ көзі қыли,

Қыспен жазда екі түрлі тон киеді

/қоян/

Шанамен зырлап жеттетін

Шаңғы коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың

/қыс/

Бұттадан бұтаға секірген

Кішкентай ғана шапшаң аң

/Тиын/

(хормен көрермендер жауабын айтады)

Пират:Нағашыбай:Қап мыналар жұмбақтыда шешті бар ендеше ақша қар

^ Клоундар ақшақарды жетектеп аяз атаға апарады.

Аяз ата: Амансыңба , ұлдарым ,

Амансыңба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің,

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп түр ау демалғым

^ Ақша қар: Ақерке:

Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата-аналар.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Қоян жыл молшылықтың мәресі

Береке, бірлік, молшылық әкелсін.

Жаңа жыл: : Рахмет, аяз ата, Ақша қар! Биылғы жылдың қызығы да молшылығыда көп.

Клоун:Айдана: Аяз ата, Жаңа жыл, ақша қар қош келдіңіздер. Сіздерді көрмеген 1 жылда сағынып қалдық ,Қане аяз ата өнеріңізді ортаға салыңыз

(аяз атамен барлығы ән айтып шыршаны айланып билеу, )


Ақерке:Ақша қар:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқаймыз баршамыз

Енжарлықты тастайық Шырша тойын бастайық (ақша қармен қыздар билеу)


1-жүргізуші:Нұрбек

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты

Аяз ата мен Ақша қарға бірге

Жүздеріңнен көркем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың

Тойларыңыз құтты болсын балалар!

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын !

^ 2-жүргізуші: айгерім: Аяз ата, ақша қар сіздер алыс жолдан шаршап келген боларсыздар .Ендеше біздің оқушылардың бүгінгі мерекіге ,сіздергі арнайы дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар!

^ 5-11 сынып оқушыларының жаңа жылдық кештікке дайындаған ән,күй билерін қабыл алыңыздар


(өнер көрсеткен оқушыларға кәмпиттер үлестіру аяз ата, ақшақар)

Аязата : балаларым сендерге көп рахмет өнерлерің үстем болсын өте өнерлі балалар екенсіңдер оқуда да үлгілі боларсыңдар . мен сендерге 1 жыл бойы сыйлықтар дайындадым енді сол сыйлықтарымды тапсырайын ( сыйлық тарату)

Аязата : Ал енді балалар менің басқада баратын жерлерім көп өздерің сияқты тағыда басқа балалар мені тағатсыздана күтіп отыр ,рұқсат болса біз ақша қармен сол балаларды құттықтап бірге тойлауға барайық.

1-жүргізуші:

Мерекеміз жаңа жыл,

Тойымда қызық думан бар.

Жаңа жыл бұл жаңа өмір, сайранда туыс туғандар.

Бақытты болып жыл сайын, осылай басты қосайық.

Ашық боп аспан әр дайым, тыныштық тойын жасайық.

Жыл айланып келгенше сау болыңыз бәріңіз

Аяз ата, ақшақарсіздерге алғысымыз көп –деп аязата мен ақша қарды шығарып салайық Қош болыңыз аяз ата ақша қар (бәрі бірге)

2-жүргізуші:

Жаңа жылдың тойында ,

Жамандық жоқ ойында.

Тойды әнмен жалғайық,

Бимен оны қостайық.

^ Клоундардың биі

Ән орындалады:

3- жүргізуші: Бүгінгі біздің кешіміздің сәнін келтіріп костюм киіп келген оқушыларды ортаға шақырамыз. Марапаттау рәсімдері.

Хормен Ән орындау

1-жүргізуші: Бүгінгі біздің мерекелік кештігіміз өз мәресіне жетті

Қанша заман өткенімен

Ескірмейтін асыл шырша

Алатаудың көктемімен

Доссың ғой сен, жасыл шырша

Өзгермейсің қыс келседе

Бояуыңды оңдырмайсың

Аяз шымшып тістесе де,

Жапырағыңды тоңдырмайсың.

2-жүргізуші: Жаңа жыл жаңа бақыт , жаңа табыстар әкелсін

3-жүргізуші: Жыл айналып келгенше сау саламатта болыңыздар.


^ Ертегіден үзінді

Автор: Ең ерте заманда аңдар жылдың басы болуға таласыпты . Сонда сиыр айтады.

Сиыр; Адам егін егсе, менімен егеді,

Сүтімді ішеді, құрт-май істейді

Жылбасы болу маған лайық. сіздермен қауышқан ұл қыздарыңыз, ән-күйден, би шашу даярлап келіпті. Қабыл алыңыздар.


Автор;Жылқы айтады

Жылқы; Мен алысты жақын қыламын

Күшімді көреді,сүтімді ішеді

қылыма шейін арқан,жіп еседі

Адамға менен пайдалы мал жоқ

Жыл ағасы мен боламын,-дейді

^ Автор;Түйе айтады

Түйе;Міне,мен сен көтере алмайтын ауырды

көтеремін.

5.Клоун;Ескі жыл қайдасың!

6.Клоун; Әне, өзіде келе жатыр

^ Нурбек: Қош келдің ескі жыл

Айгерім: Сіздің құрметіне ән айтып,

би биленуде.

Жаңа жыл келгенше бірге болыңыз

Ит жылы келеді

Ескі жыл;

Музыкалық сәлем;

^ Автор;Қой айтады.

Таңатар: Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді

Жүнімді алып киіз басады,жабағымнан киім

Тігеді,Арқан,жіп еседі

Сүтімнен құрт-май алады,шаруағаменен пайдалыларың жоқ

^ Автор; Ит айтады

Кенжебек: Мен болмасам ,сендердің көбіңді Ұрлап, не қасқыр жеп тауысар

е ді.

Автор:Тауық айтады

Ұлболсын: Мен болмасам,адамдар ерте жұмысына бармай, ұйықтап

қалар еді. Мен ертетұрып таң атты деп шақырып, хабар айтамын Кеш болса жатар мезгіл, болды деп тағы айтамын.

^ Автор: Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық айтады жиылған қауымға

Бақытгүл:Бұл таластан еш нірсе өнбес жылды қарап тұрайық

Автор: Өзгелері қарап тұрғанда түйе өзбоиына сеніп Менен бұрын кім көреді деп тышқан сөзін қостайды. Біраздан соң тышқан тұйенің өркешіне шығып тұрады. Таң алдында аңдар алға үнсіз қарап түрады. Кенет бәрінен бұрын күнді тышқан күнді көріп жыл басы болыпты

Автор: Жыл басы –тышқан. Тышқан жыл басы болған уақыттан бастап Хан сарайында жыл сайын жаңа жылдық би кеші өтіп отырды. Әрбәр жыл өз қуаныштарымен, жақсылық пен жаманшылығымен өтіп жатты.

Барлық клоуындар:

Неді біз не қарап тұрмыз Ескі жылдың келетін уақыты жақындап қалды. Ескі жылды іздеп табайық.

5 клоун: Ескі жыл….л, ау-у

6 клоун: Ескі жыл, ескіжыл

Жанбота

Ақшақар келіп паравоз ойынын ойнатады. Ит (ит балалармен бірге жүріпеді)

Шыршамызды шыр айналып өмір жүр

Біз білмейміз онда өткен сиқырды

Жүргізушілер:

Клоун: Біз тілейміз Жаңа жылдық шаттықты! Айтқандай менің апам мен атам келген жоқ па? ^ Осылай кетіп еді деп жанжағына қарайды

Нурбек: Жоқ

Айгерім: ендеше келіп қалар

4 клоун: Алақай, алақай!

5 клоун : Аяз ата мен ақшақар келеді.

^ Балалар: (хормен) Аяз ата!!!! Аяз ата!!!! Аяз ата!!!!

Автор: Осы кезде пираттар Аяз ата мен ақшақарға шабуыл жасайды . Сөитіп аяз атамен ақшақар қар патшалығына келе жатқанда, пираттар Ақшақарды ұрлап кетеді. Аяз ата пираттардың қылығына қатты ренжиді. Енді Аяз ата ақшаөарды құтқару үшін жиылған қонақтардан көмек сұрайды.

^ Хан сарайының алды шуға ұласты: сол мезетте хабаршы хабар алып келеді. Хабаршы хабар оқиды.

6 клоун:

Автор: Деген хабарды оқып жатқанда 1 пират Ақшақарды Хан сарайына алып келеді . Сонымен пираттар жұмбақты оқи бастайды.

Автор: Сонымен пираттар жасырған жұмбақтардың шешуін тауып Ақша қарды босатып алады.

Нурбек: Келеді әне, қарша қыз

Айгерім: Қарсаламыз баршамыз

Бірге: Ақша қар, ақша қар

Балалар: Ақша қар, ақша қар

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!

Кеш биге ұласады



Похожие:

2011- шырша тойы iconДокументы
1. /Наурыз тойы.docx
2011- шырша тойы iconДокументы
1. /Т_лашар тойы.docx
2011- шырша тойы iconДокументы
1. /_л_ппе тойы..docx
2011- шырша тойы iconДокументы
1. /Т_лашар тойы.docx
2011- шырша тойы iconДокументы
1. /Жасыл шырша.doc
2011- шырша тойы iconДокументы
1. /Жасыл шырша.docx
2011- шырша тойы iconДокументы
1. /Жасыл шырша жанында.doc
2011- шырша тойы iconДокументы
1. /Жасыл шырша жанында.doc
2011- шырша тойы iconДокументы
1. /Жасыл шырша - 2013.docx
2011- шырша тойы iconДокументы
1. /Жасыл шырша жанында.docx
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов