Слайд №1Педагог портфолиосы icon

Слайд №1Педагог портфолиосы

Реклама:



Скачать 207.3 Kb.
НазваниеСлайд №1Педагог портфолиосы
Дата11.06.2013
Размер207.3 Kb.
ТипДокументы
источник
1. /Педагог портфолиосы туралы.docxСлайд №1Педагог портфолиосы

Слайд № 1Педагог портфолиосы

Слайд № 2 «Портфолио» термині-педагогика саласына саясат пен бизнестен келген сөз.

Портфолио (portfolio-ағылшын сөзі )-маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. «Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни адам туралы ақпарат,бизнес саласында ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіріледі.

Слайд № 3 Педагог портфолиосы жеке кәсіби жетістіктерін, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі және дамытудағы нәтижелерін, педагогтың білім беру саласына қосқан үлестерін біріктіретін жеке папкасы болып табылады.

Портфолио педагогқа тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін көрсетуге, өзінің кәсіби құзырлығын бағалауға және өз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.

Портфолио- тәрбиешінің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әртүрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.

Педагог портфолиосын жасау қайдан пайда болған?

Жауап: Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге болады.

Слайд № 4 Портфолионың негізгі мақсаты:

Педагогтың кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту. Портфолио педагогтың өз қызметіндегі әр түрлі оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.


Слайд № 5 Портфолионы жасақтау қиындықтары:

  • төмен мотивация, жұмысқа қызықпау;

  • тәжірибенің аздығы,біліктіліктің төмендігі;

  • өз жұмысын жалпылап, жүйелей алмауы;

  • рефлексиялық мәдениеттің төмен болуы.

Слайд № 6 Портфолио бағалаудың тиімді нысаны болып қана қоймай, сонымен бірге мынадай маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • Педагогтардың шығармашылығын қолдау;

  • Педагогтардың рефлексиялық әрекеті дағдыларын дамыту;

  • Кәсіби шеберліктерін қалыптастыру;

  • Өз іс-әрекетін жоспарлап, ұйымдастыру.

Слайд № 7 Педагог портфолиосын дайындау технологиясы.

  1. Педагогтарды ынталандыру: аттестатциядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз.

  2. Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы.

  3. Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында немесе мерзімді көрсету.

  4. Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі.

Педагог портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни уақыты көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио әр педагогтың немесе әдіскердің алдына қойған мақсат-міндеттері негізінде жасалады.

Педагог өз порфолиосының мазмұнымен ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі болады.

Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқау хат ретінде қолданыла береді.


Слайд № 8 Балабақша әдіскерінің функционалды міндеттерінің бірі:

  • Педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен оқытуға; (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау)

  • Педагогқа жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын жұмыс жетістіктерін талдау, марапаттау)

  • Педагог портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (педагогтың кәсіби дамуының деңгейі туралы)



Слайд № 9 Педагог портфолиосының негізгі бөлімдері.

Слайд № 10 1 бөлім: Тәрбиеші жайлы жалпы мәлімет»

*Фото

*Тегі, аты, әкесінің аты;

*диплом бойынша мамандығы;

*Жұмыс орны, арқаратын қызметі;

*Білім беру ұйымындағы еңбек өтілі;

*Алған біліктілік санаты (ай, күні)

*Педагогтың алдына қойған мақсат-міндеттері

Слайд № 11 2 бөлім: «Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері»

Бұл бөлімде тәрбиешінің түрлі саладағы жетістіктері мен жеке кәсіби даму үрдісі енгізіледі.

*Үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттар, республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдарының көшірмелері;

* Жеке куәлігінің және құжаттарының көшірмелері;

*Білімі туралы диплом көшірмесі;

*ғылыми атағы туралы дипломның көшірмесі;

*Бұрын берілген біліктілік санатының көшірмесі;

*Мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі;

Слайд № 12

3 бөлім: «Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет»

Бұл бөлімде педагогтың кәсіби әдістемелік жинақтары, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияны қолдану материалдары, әдістемелік бірлестіктегі жұмысы, кәсіби және шығармашылық байқауларға қатысуы, пәндік және әдістемелік апаталықтарға қатысуы, үздік тәрбиеші, дөңгелек үстел, семинарларды ұйымдастырып өткізуі, авторлық бағдарламалар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі, баяндама, реферат, шығармашылық есеп дайындауы, баспа материалдар.

Слайд № 13

4 бөлім: Тәрбие жұмыстары

Тәрбиешілердің шығармашылық жұмыстары, рефераттары, байқау, сайыстар, тәрбие сағаттарының сценарилері, бейнематериалдары ,үйірме бағдарламалары.

Слайд № 14

5 бөлім: «Оқу-материалдық база»

Бұл бөлімде тәрбиешінің әдістемелік үлесі: пәндер бойынша әдістемелік материалдардың тізімі, көрнекі құралдар тізімі, техникалық құралдар, компьютер, аудио, бейнематериалдары, дидактикалық материалдар тізімі.

Слайд № 15

6 бөлім: Ата-аналармен жұмыс:

Ата-аналармен жұмыс жоспары, ата-аналар жиналысының материалдары.

Слайд № 16

7 бөлім: «Пікірлер»

Бұл бөлімде балабақша басшыларының, тәрбиешілердің, ата-аналардың жазған пікірлері жинақталады.

Слайд № 17

Ал әдіскер портфолиосы 4 бөлімнен тұрады:

  1.     Құжаттар портфолиосы

2.     Жұмыс портфолиосы

3.     Жетістіктер портфолиосы

4.     Пікірлер портфолиосы


Құжаттар портфолиосы-жетістіктер портфелі.

Осы нұсқаға кірген материалдар: диплом, марапат қағазы, куәлік, сертификат және мұғалімнің жетістігін растайтын басқа да құжаттар.

Жұмыс портфолиосы- әдіскердің әртүрлі шығармашылық, жобалау, зерттеу жұмыстарының жинағы.

Осы нұсқаға кірген материалдар: үлгілер, жобалар, зерттеу жұмыстары, шығармашылық есептер, баяндамалар, кітапшалар.

Жетістіктер портфолиосы - Өзі ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Табыстары мен ынталану жолдарында жасаған материалдары.

Пікірлер портфолиосы- әріптестер,ата-аналар, мектепке даярлық тобының мұғалімдерінің, балалардың пікірлері.

Осы нұсқаға кірген материалдар: пікірлер, түйіндемелер, ұсынымхаттар және т.б.

Слайд № 18 Портфолио әдісін енгізу әр педагогтың жеке траекториялы кәсіби дамуының маниторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді.


Ақмола облысы

Зеренді селосы

«Балауса» балабақшасы







Дайындаған: Бексеитова А.М.

әдіскер


2011 жыл



Мектеп жасына дейінгі




Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтар білуі тиіс?

І. Педагогикалық білімді

Баланың даму заңдылығын және олармен қарым-қатынасқа түсу технологиясын

Баланың даму деңгейін анықтау әдістерін

Жас ерекшелігіне сай мемлекеттік стандарт талаптарын

5-6 жастаға балаларға құрылатын педагогикалық үрдісті басқару негізін білу

5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістерін білу

Дамыту және түзету жұмыстарының әдістерін білу

ІІ. Зерттеу дағдыларын

Балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту туралы ғылыми әдебиетке сүйену

Мәселені тауып, оның маңыздылығын көрсете білу, зерттеудің мақсатын, міндетін, болжамын таба білуі, эксперименттік жұмыс әдістерін және оның нәтижелерін қолдана білуі

ІІІ. Талдаушылық дағдыларды

Баланың білік дәрежесін анықтай білу

Педагогикалық ықпалдың әлсіздігінің себебін, өзінің жұмысындағы кемшіліктерді таба білу

Талдау негізінде өз қызметінің жаңа мақсаттары мен міндеттірін қоя білу

ІV. Түзету дағдыларын

Жүйелі диагностика нәтижесін ескере отырып педагогикалық үрдісті ұйымдастыра білу

әр баланың жеке білімдік бағытын жасап, жеке дамыту бағдарламасын құра білу

Баланың іс-әрекетін басқара білу

V. Диагностикалық дағдыларды

өз кіәсібін жетілдіру мен өз білімін көтеру бағдарламасын жасай білу

өз іс-тәжірибесін қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылым жетістіктерімен салыстыра білу

VI. Оқыту қызметтерін

Балалардың жыныстық ролдік айырмашылығын есепке алу

Білім беру қызметінің мақсатын, білім мазмұны мен іскерліктерін білім беру ісінің кезеңдері мен балалардың мүмкіндіктеріне, оладың даму қарқынына сәйкес нақтылау

Білім мен шеберлікті қалыптастыру кезеңдеріне, міндеттері мен мазмұнына сәйкес оқытудың формалары мен әдістерін іріктеу

Топтағы балалардың қызығушылығын басшылыққа алу

Топтағы педагогикалық үрдісті өз бетінше жобалау

VII. Тәрбие мен дамыту жұмыстарын

Балалар мен ересектер арасындағы әлеуметтік қатынасты қамтамасыз ету

Даралықты, дербестікті, жауапкершілікті, белсенділікті, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқаруын дамытатын жұмыстардың мазмұнын, формасы мен әдістерін таңдап алу

 

Нақты баланың жеке тұлғалық даму деңгейіне сәйкес педагогикалық үдірісті ұйымдастыру

VIII. Ұйымдасту-педагогикалық жұмыстарын

Педагогикалық үрдісті үш негізгі бірлікте: ұйымдастырылған оқыту, балалармен бірлескен іс-әрекет және олардың өз бетімен жасауына құра білу тәсілдерін меңгеру

Балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың фронтальді, топтық және жеке түрлерін білуі

Балалардың өз білімдері мен шеберліктерін белсенді қолдануға ынталандыратын жағдай туғызу

Барған сайын барынша күрделі міндеттер қойып, балалардың қиындықты жеңу ынтасын қолдау

ІХ. Жоспарлы-болжамды іс-әрекетті

өз жоспарын жалпы даму жоспарымен және стандарт жоспарымен байланыстыра, сәйкестендіре білу

Баланың ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс түрлерін, әдістерін және тәсілдерін қолдана білу

Ішкі және пән аралық байланысты жүзеге асыра білу

Х. Жеке қасиеттерді

Балалармен жұмыс істеу жоспарының болуы

Балаларға деген парасатты махаббат

Жұмыста қажырлылық

Танымдық дамуға деген қызығушылық

Эмоционалды тұрақтылық

Креативтілік

Эмпатияға деген қабілеттілік


Мектеп жасына дейінгі баланың

психологиялық сипаттамасының параметрлері.


І. Бала туралы жалпы мәліметтер


Аты-жөні ____________________________________________________

Туған жылы __________________

Жалпы дене дамуы ____________________________________________

Денсаулығы __________________________________________________

Жанұясының құрамы және ерекшелігі ____________________________


ІІ. Баланың жанұядағы өмірінің ерекшеліктері


1. Баланың ата-аналарының қарым-қатынасы (ата-анасының қайсысымен көбірек жүздеседі, кімді көбірек ұнатады).

2. Баланың жанұядағы іс-әрекетін ұйымдастыру (бала көбінесе немен айналысады, ойын ойнай ма, ойнаса кіммен, немен ойнайды,ойыншықтарын кім жинайды?). Бала үлкендерге көмектесе ме? Балалар бұрышы бар ма?


ІІІ. Ойын бала іс-әрекетінің негізгі түрі


1. Ойынға қатысуы. Бала қандай ойын түрін қалайды. Егер ролді болса, онда балаға қандай ойын түрі ұнайтынын көрсету: өндірістік, саяси – қоғамдық сюжеті бар тұрмыстық тақырыптағы.

2. Ойындағы атққаратын рольдері.

3. Ойындағы белсенділігі (бастаушы немесе басқа балалалрдың ойларының пасиивті орындаушысы).

4. Ойынның жалғасуы (әдейі бақылау жүргізу). Егер бала достарынан бұрын ойнауды доғарса, оның себебін байқау.

5. ойын, еңбек, оқу іс-әрекетіндегі, музыкамен айналысудағы баланың позициясын салыстыру (өзіне өзі тиімді, сенімді, сенімсіз).


ІҮ. Жеке танымдық процестерінің ерекшеліктері


1. Басқа балалармен салыстырғанда баланың танымдық психикалық процестерінің даму деңгейі (эксперименттен алынған мәліметтер негізінде).

2. Баланың тілінің даму деңгейі: онда қандай тіл басымырақ (диалогтық: әрекеттерді ойлау, келісу, бағалау, бұйыру сияқты элементтердің болуы; монологиялық: оның даму деңгейі хабарландыруды құру, әрекеттерді орындау тәсілдері бойынша ойлардың болуы). Тілдің фонетикалық жағының даму деңгейі (барлық феномендерді ойша ала ма. Сөздерде феномендерді бөле ала ма). Сөздік қоры (жоғары, орташа, төмен) өзімен жасты балалармен салыстырғанда. Сөйлемді құрастыру (дұрыс, дұрыс емес).


Ү. Мектепке дейінгі баланың қызығушылығының ерекшеліктері


Оны қызықтыраттынның барлығын тізіп шығу: музыка, көркем өнер.


ҮІ. Тәртібіне жалпы сипаттама


1. Тәртібі (бала байсалды, ұстамды немесе ұстамсыздығын көрсетеді, жеңілтек).


2. Режимді орындау (режимді қадағалайды, әдейі режимді бұзады, бөлінген уақытта ешнәрсеге үлгермейді).


3. Үлкендердің талаптарына бағынуы (ерікті түрде, талаптарды орындаудан жиі бас тартады ма және қандайлардан).


ҮІІ. Балалармен қарым-қатынасы


1. Баланың топ бойынша достарына қарым-қатынасы (ұнамды, әсерсіз, ұнатпайды).


2. балаға деген балалардың қатынасы (ұнамды, әсерсіз, ұнатпайды). Социометриялық зерттеулер мәліметтерін келтіру.


ҮІІІ. Мінезінің ерекшеліктері.


1. Айқын көрсетілген жағымды және жағымсыз мінезі (өмірге ризашылығы, тіл табысуы, бір беткейлігі, жеке бастылығы және т.б.).

2. Ренжігіш, тұйық, айтқанынан қайтпайды, ұяң және т.б.

3. Көңіл күйі (көңілді, көңілсіз, басыңқы).

4. Көңіл күйінің тұрақтылығы. Көңіл-күйінің өзгеруіне не әсер етеді?

5. өзінің жетістіктеріне және қателеріне қарым-қатынасы (ойында, еңбекте, оқуда, музыкамен айналысуда).


ІХ. Балабақшаға және тәрбиешіге қарым-қатынасы


1. Балабақшаға баруды ұната ма? Неге?

2. Тәрбиешілермен қарым-қатынасы.

3. Тәрбиші жағынан балаға әсер ету тәсілдері және оның нәтижелері.


Ата - аналардың өзін-өзі диагностикалауы


Бала көбінесе мектепке келгенде ғана алғашқы рет психологпен кездесетінін ескере келіп, қарапайым байқау мен жауаптардың нәтижесінде өзін өзі тексеруге болатын, американдық психолог Джеральдина Чейни әзірлеген сұрақтарды ұсынамыз. Ата-аналар мұны өздері де жүргізе алады.

Таным дамуын бағалау

  1. Бала негізгі ұғымдарды меңгерді ме, мысалы оң (сол), үлкен (кіші) т.б.?

  2. Жіктеудің ең жеңіл түрлерін бала түсінуге қабілетті ме, мысалы, дөңгелейтін заттар, дөңгелемейтін заттар?

  3. Қарапайым оқиғалардың соңын шеше ала ма?

  4. Бала кем дегенде үш нұсқауды есінде сақтап, орындай ала ма?

  5. Бала алфавиттің бас және кіші әріптерінің көпшілігін атай ала ма?

Баланың негізгі тәжірибесін бағалау

  1. Балаңыз сізбен бірге поштаға, жинақ кассасына, магазинге барды ма?

  2. Балаңыз кітапханада болды ма?

  3. Балаңыз ауылда, хайуанаттар паркінде, мұражайда болып көрді ме?

  4. Сіздің балаңызға үнемі кітап оқып немесе әңгімелер айтып беретін мүмкіншілігіңіз болды ма?

  5. Балаңыз бір нәрсеге аса қызығушылық байқата ма, сүйікті ісі (хобби) бар ма?

Тіл дамуын бағалау

  1. Балаңыз өзін қоршаған негізгі заттарды атай ала ма?

  2. Үлкендердің сұрағына жауап беру балаңызға оңай тие ме?

  3. Әр түрлі заттардың : щетканың, шансорғыштың, тоңазытқыштың қандай қызмет ететінін балаңыз түсіндіре ала ма?

  4. Балаңыз заттың қайда тұрғанын: үстелдің үстінде немесе үстелдің астында тұрғанын түсіндіре ала ма?

  5. Өзімен болған оқиғаны немесе әңгімені айтып беруге балаңыздың шамасы келе ме?

  6. Балаңыз сөзді анық айта ма?

  7. Грамматика тұрғысынан балаңыздың тілі дұрыс па?

  8. Жалпы әңгімеге қатысуға, үй спектаклінде ойнауға, бір жағдаятты көрсетуге балаңыздың қабілеті бар ма?

Сезімдік (эмоциональдық) даму деңгейін бағалау

  1. Балаңыз көңілді ме?

  2. Балаңызда бәрін істей алатын өзінің адамдық бейнесі қалыптасқан ба?

  3. Балаңызға қалыпты күн тәртібі өзгергенде басқа жағдайға "ауысу", жаңа мәселені шешу оңайға түсе ме?

  4. Балаңыз өз бетімен жұмыс істей ала ма, бір тапсырманы орындағанда басқа балалармен жарысқа түсуге қабілетті ме?

Қарым-қатынас жасай білуін бағалау

  1. Басқа балалармен ойынға араласа ма, өз ойыншықтарын, т.б. бере ме?

  2. Қажетті жағдайда кезек күте ала ма?

  3. Сөзін бөлмей, өзгелерді тыңдай ала ма?

Дене дамуын бағалау

  1. Балаңыз жақсы ести ме?

  2. Жақсы көреді (көру қабілеті) ме?

  3. Белгілі бір уақыт өткенше тыныш отыруға қабілеті бар ма?

  4. Қозғалыс дағдыларының координациялауы дамыған ба, мысалы, доп ойнай ала ма, секіре ала ма, баспалдақпен жоғары - төмен түсе ала ма?

  5. Баланың қызығушылығы мен сергектігі байқала ма?

  6. Балаңыз дені сау, қарны тоқ, дем алған болып көріне ме?

Көргенін айыра білуі

  1. Балаңыз ұқсас және ұқсас емес заттардың бірдей қасиеттерін таба ала ма? Мысалы, басқаларға ұқсамайтын картинаны таба ала ма?

  2. Балаңыз әріптер мен қысқа сөздерді ажырата ала ма?

Көргенін есте сақтай білуі

  1. Егер үш картинадан тұратын серияны көрсетіп, сосын біреуін алып тастап көрсетсе, біреуінің жетіспейтінін байқай ала ма?

  2. Бала өз атын және тым болмаса күнделікті өмірде кездесетін алты заттың атын біле ме?

Көргенін қабылдай алуы

  1. Баланың картиналардың сериясын дұрыс ретпен қоюға қабілеті бар ма?

  2. Сөздердің солдан оңға қарай оқылатынын біле ме?

  3. Өздігінен , біреудің көмегенсіз он бес элементтен басқатырғыш (головоломка) жасай ала ма?

  4. Балаңыз картинаны түсіндіре ала ма:негізгі ойын, байланыстарын аша ала ма?

Есту қабілетінің деңгейі

  1. Балаңыз сөздерді ұйқастыра ала ма?

  2. Әр түрлі дыбыстардан басталатын сөздерді айыра ала ма? Мысалы: қол - сол

  3. Үлкен адамдардың артынан бірнеше сөз немесе цифр қайталай ала ма?

  4. Балаңыз негізгі ойын жоғалтпай, оқиғалардың ретін сақтап, әңгімелеп бере ала ма?

Кітапқа көзқарасын бағалау

  1. Балаңызда кітапты өзі көргісі келетін ойы бола ма?

  2. Дауыстап оқып бергенде зейін қойып, ынтамен тындай ма?

  3. Сөздер туралы сұрақтар қоя ма?


Ал енді, балаңызды мектепке дайындығын өзіңіз тексеріп көріңіз. Ол үшін, балаңыз мектепке барғанда психолог қоятын сұрақтарға жауап беріңіз. Сіздің балаңыз мыналарды орындай ала ма:

  1. Өзіне қажетті нәрсені саусақпен көрсетіп емес, сөздердің көмегімен айта ала ма: кәмпит, куртка, балапан?

  2. Байланыстыра сөйлей ала ма, мысалы "Маған ............ көрсетші"?

  3. Оқып берген нәрсенің ойын (мағынасын) түсіне ме?

  4. Атын анық айта ала ма?

  5. Мекен жайы мен телефонын есте сақтай ма?

  6. Қарындашпен немесе бормен жаза ала ма?

  7. Құрастырылған әңгімеге сурет салып, не суреттелгенін түсіндіріп бере ала ма?

  8. Шығармашылықпен өзін көрсетуге пластилинмен, бояумен, қарындашпен жұмыс істей ала ма?

  9. Ұшы доғал қайшымен өзін жарақаттап алмай, түзу қия ала ма?

  10. Берілген нұсқауларды тыңдап, орындай ала ма?

  11. Біреумен сөйлескенде зейінмен тыңдай ала ма?

  12. Алынған тапсырманы орындау үшін, тым болмаса он минут ойлана ала ма?

  13. Оған дауыстап оқығанда немесе әңгімелегенде қуана ма?

  14. "Мен бәрін де істей алатын адаммын" дегенді дұрыс бағалай біле ме?

  15. Үлкендер тақырыпты ауыстырғанда, бейімделе ала ма?

  16. Өзін қоршаған заттарға қызығушылық таныта ма?

  17. Басқа балалармен тіл табыса ала ма?


Соңында, балаңыз екеуіңіздің қарым - қатынасыңызды бағалайтын келесі сұрақтарға шын көңіліңізбен жауап беріңіз:


  1. Балаңыз өзіңізге ұнай ма?

  2. Балаңыз сөйлегенде тыңдайсыз ба?

  3. Балаңыз сөйлеп тұрғанда, сіз оған қарайсыз ба?

  4. Балаңыздың айтып тұрғанының мәнділігін сездіруге тырысасыз ба?

  5. Баланың сөзін түзейсіз бе?

  6. Балаңызға қателік жасауға рұқсат бересіз бе?

  7. Балаңызды мақтайсыз ба? Құшақтайсыз ба?

  8. Қосылып бірге күлесіз бе?

  9. Күнде балаңызға кітап оқып беруге және әңгімелесуге көңіл бөлесіз бе?

  10. Балаңызбен қосылып әр түрлі ойындар ойнайсыз ба?

  11. Балаңыздың қызығушылығы мен әуестілігін мадақтайсыз ба?

  12. Балаңыздың тым болмаса 1 - 2 жеке кітабы бар ма?

  13. Үйде балаңыздың өзінің бұрышы бар ма?

  14. Газет, журнал,оқып, балаңызға үлгі көрсетуге тырысасыз ба?

  15. Өзіңіз оқыған кітаптың қызықты жерін балаңызбен, отбасымен талқылайсыз ба?

  16. Балаңыз ауызын ашқанша, ол үшін айтып беруге тырысасыз ба:

  17. тіс дәрігерінде;

  18. дүкенде?

  19. Балаңызбен теледидар көресіз бе?

  20. Балаңызға теледидардан көргенінің мағынасы туралы сұрақ қоясыз ба?

  21. Балаңыздың теледидар көретін мүмкіншілігіне шек қоясыз ба?

  22. Балаңыздың шектен шықпай, өз сезімін сыртқа шығару үшін, "бұлшық етін сынауға", мысалы, ойнағанда сазбалшықты қысуға, илеуге, лақтыруға мүмкіндігі бар ма?

  23. Балаңызбен серуенге шығуға тырысасыз ба?

  24. Балаңызды театрға, хаюанаттар бағына, мұражайға апарасыз ба?

Кілт: 
Әрбір "үнемі" деген жауапқа өзіңізге 4 ұпай,
"кейде" - 2 ұпай,
"ешқашан" - 0 ұпай.

Барлық ұпайларды қосыңыз. Егер қосынды
88 ұпай болса - тамаша!
44 ұпай - жаман емес.
22 ұпайдан аз болса - ойланыңыз.


Сауалдама


  1. 1.Ата –ананың аты –жөні

  2. Балаңыз сізге көп сұрақтар қоя ма? Қандай сұрақтар қояды? (табиғат, техника, өнер, адамдардың өзара қарым – қатынасы, спорт).

  3. Сіздің балаңыз қиялдағанды жақсы көре ме? Ол қандай тақырыптарда қиялдайды?

  4. Ол әңгіме, өлеңдар шығара ма? Өзінің ойлаған о йымен, алған әсерлерімен, көрген түсімен бөлісе ме?

  5. Отбасында кім балаға көп назар аударып, онымен жұмыс дасайды?

  6. Балаңызға жиі кітапоқып бересіз бе? Сіздің балаңызға қандай кітептар ұнайды?

  7. Сіз балаңыздың шығармашылық қабілеті бар деп ойлайсыз ба?

  8. Сіз өз балаңызды болашақта қалай елестеткіңіз келеді?


Сауалдама



  1.  

    1. Сіз балаңызды қандай сөздер айтып еркелетесіз?

    2. Балаңызда отбасында қандай шаралар қолданасыз?

    3. Балаңыздың жақсы көретін ойыншығы қандай?

    4. Үйіңізде балаңызды не үшін, қалай мадақтайсыз?

    5. Сіз балаңызды балабақшаға барғаннан кейін, бір жылдан соң қандай етіп көргіңіз келеді?



Әңігіме.


3 – 4 жасарларға арналған сұрақтар.


  • Сенің атың кім? Сені кім деп еркелетеді?

  • Сен қандай ойындар ойнағанды ұнатасың?

  • Сен балабақшадағы досың кім?

  • Сен ұйқы кезінде ұйықтайсың ба?

  • Жиі жылайсың ба? Сені біреулер ренжіте ме?

  • Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты түгел ішесің бе?

  • Сен біреуден немесе бір нәрседен қорқасың ба?

  • Сенің жақсы көретін ойыншығың бар ма? Қандай?

  • Саған балабақшаға келу ұнайды ма?

  • Сен балабақшаға келе жатқанда нелерді көресің? Үйге қайтқанда ше?


4 – 5 жасарларға арналған сұрақтар.

  • Сен балабақшаға келерде өзің жиналасың ба, әлде саған біреулер көмектесе ме?

  • Сенің кіммен ойнағың келеді?

  • Саған қай сабақтар ұнайды?

  • Сені біреулер ренжіте ме? Сен ше?

  • Сен басқа балаларға өз ойыншықтарыңды бересің бе? Кімге бересің? неге?

  • Балалармен төбелесіп қалатын кездерің болады ма?

  • Саған балалармен ойнаған ұнайды ма, әлде жеке ме?

  • Қатты ашуланғанда не істейсің?

  • Сен біреу ренжіткенде не істейсің?

  • Балабақшада таңертең болған ұнайды ма, әлде кешке ме?


5 – 6 жасарларға арналған сұрақтар.

  • Сен не істей аласың: оқу, жазу, санау?

  • Қалай ойлайсың, сенің мінезің қандай (жееткші сұрақатар қою: көңілді, жабырқау, бір беркей т.б.)?

  • Сен біреулерден қорқасың ба (немесе бір нәрседен)?

  • Сенің кіммен жиі ойнайсың? Неге?

  • Сенің кіммен жиі ренжісесің? Неге?

  • Саған балабақшада не ұнайды?

  • Мектепке барғың келе ме ? Неге?

  • Сен қалай ойлайцсың сенің тәрбиешің қатал ма, әлде мейірімді ме?

  • Сен нені көп армандайсың?

  • Сен кімге көп ренжисің?

6 - 7 жасарларға арналған сұрақтар.

  • Балабақшада 10 жасқа дейін болғың келе ме? Неге?

  • Қалай ойлайсың үлкен болған жақсы ма? Неге?

  • Үлкендер саған жиі ұрыса ма, әлде мақтайды ма?

  • Сен қалай ойлайсың, балалар көбенесе не үшін ренжиді?

  • Сен қалай ойлайсың, балаларға не үшін ұрысуға болмайды?

  • Неге балалр кейде алдайды?

  • Қай кезде көңіл – күйің болмайды?

  • Егер сенің ғажайып таяқшаң болса, сен барлық адамдар үшін онымен қандай ғажайыптар жасаушы едің?

  • Сен қандай адамдармен дос болмас едің?

  • Сені көбінесе не қуантады?


Егер бала әңгіме барысында мазасызданып, тепкілене бастаса, бұл – ұялшақтық. Сіз диагностика барысында баланың сөйлескісі келмеу себебін түсінесіз: невроз, тілінің дамуындағы проблемалар. Егер бала қорқыныш, үлкендермен қарым – қатынас жасаудағы проблемалар, тамақтанағысы, ұйықтағысы, ойнағысы келмеу сияқты жағдайлар кездессе, міндетті түрде тәрбиеші мен ата – анаға ескерту керек. Әңгіме барысында сізде шағын психологиялық портрет (нақтырақ айтқанда, сипаттау) қалыптасады.



Добавить документ в свой блог или на сайт


Реклама:

Похожие:

Слайд №1Педагог портфолиосы iconДокументы
1. /Педагог портфолиосы.docx

Слайд №1Педагог портфолиосы iconДокументы
1. /химия/Мозайка.doc
2. /химия/Определить валентность...

Слайд №1Педагог портфолиосы iconДокументы
1. /проект слайд.pdf

Слайд №1Педагог портфолиосы iconУрок по русскому языку в 4 классе Тема: «Изменение имён прилагательных по падежам»
Наш урок начнём с чистописания Слайд 3 Чистописание, для этого давайте вспомним

Слайд №1Педагог портфолиосы iconӘдеби подиум Көрнекі құралдар
Көрнекі құралдар: жазушының суреті, кітап көрмесі, дәйексөздер, балаларға арналған әндер, экран, слайд – презентация, электронды...

Слайд №1Педагог портфолиосы iconМақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Сыныптар: 1-4
Ойын тақтасы слайд, онда категориялар беріледі, әр категорияда ұпайға байланысты қиын және жеңіл сұрақтар беріледі

Слайд №1Педагог портфолиосы icon1 Қатысушы топ
Слайд шоу, «Денсаулық күні», «Денсаулық басты байлық», «Денсаулық сұлулық кепілі», «Мейрімділік пен имандылық», «Сұлулық құрбандықты...

Слайд №1Педагог портфолиосы iconТема: Афанасий Фет поэт прекрасного мгновенья. Слово о жизни и творчестве А. А. Фета
Цели: а) показать своеобразие поэтического мира А. Фета; особенности музыкально-поэтической речи; обучать анализу лирического текста;...

Слайд №1Педагог портфолиосы iconДо црб успенская цбс роль детских библиотек в формировании современного читателя
С каждым годом у пользователей растет востребованность в использовании мультимедийных изданий. Именно поэтому стали особенно популярны...

Слайд №1Педагог портфолиосы iconРоль детских библиотек по продвижению детского чтения
«золотой фонд», сначала детской, а потом и взрослой литературы. В настоящее время детские библиотеки предоставляют информацию пользователям,...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2013
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы