Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу icon

Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу



НазваниеАқшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу
Дата11.06.2013
Размер61.9 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>

Балалар музыка әуенімен безендірілген залға кіреді.


Жүргізуші: Құрметті ата -аналар, қонақтар. Біз сіздермен бір жыл бойы қызығы мен қуанышы мол ,есте қаларлықтай мерекеге толы ескі жылды шығарып салып , жаңа жылды қарсы алғалы отырмыз.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Мөлдір: Құтты болсын ағайын

Жаңа жылым тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Әділхан: Төгіліпті көк жүзінен ақшақарды

Ақ көрпеге жапты бүгін бақшаларды

Мен келдім, есіктерді ашыңдар деп

Жаңа жыл күллі әлемге жар салады.

Хасан: Жүзімде қуаныш

Әр көңілде жақсы үміт

Келе жатқан жаңа жыл

Әкелсін көп жақсылық.

Салима: Келді міне жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз

Күліп ойнап , би билеп

Ән салайық бәріміз


Мирас: Аяз беттен сүйеді

Ай барады жылыстап

Аспан жерге төгед

Ақ күмісін уыстап

Ділназ: Шыңнан сырғып түсті

Келді етекке қыс міне

Ақ қарлар ақ көбелек

Қонды үйлердің үстіне

Жүргізуші: Келіңдер,келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер.

Балалар осы мерекенің басты қонағы кімдер?Ендеше Аяз Ата мен Ақшакарды шақырайықшы.Бәріміз бірге дауыстап шақырайық.Аяз ата , Ақшақар 3рет.

(Әуенмен Ақшақар билеп келеді) Ақшақар:Сәлеметсіңдерме балалар? Біздің мереке Аяз атасыз қалай өтпек?

^ Ақшақар:Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп , ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ?

Ұлу:Балалар көмектесіңдер, Аяз атаны ұрлап алып кетті. Енді мереке болмайды. (шыршаның жанында жылап отырады.)

Жүргізуші: Кім алып кетті? Не үшін? Не істейміз,балалар?

Ұлу:Аяз атаны Мұз ханымын өз сарайына мерекені бұзу үшін алып кетті.

Жел мен боранның дыбыстарымен Мұз ханымы кіреді.

Мұз ханымы: Балалар ,бұл қандай мереке ?

Жүргізуші :Жаңа жыл мерекесі.

^ Мұз ханымы : Жаңа жыл мерекесі болмайды.Аяз ата менің сарайымда қатырып тастадым.Мен жер бетінде мәңгілік қар басқанын ,тыныштық орнағанын тілеймің.Бәріңді шеттеріңнен қатырамын сонда ғана мұз әлеміңде өз патшалығымда орнатамын.

Жүргізуші:Муз ханымы мерекенің шырқын бұзбанызшы, Аяз атамызды қайтарыныз.Бұл мерекені бірге тойласақ қайтеді .Мүмкін ән-жыр ,тақпақтар айтсақ ,мерекені бірге өткізуге шақырсақ ше?

^ Мұз ханымы: Біраз ойланып жүреді де, бір шартым бар ,егер менің көңілімді көтерсеңдер,Аяз атаны алып келемін.

Жүргізуші: Ендеше,балалар бар өнерімзді көрсетейік ,тақпақтарымызды тамашалаңыздар.

Нұрдаулет: Қар жамылды бақтарым

Қыратым да сайым да

Тағыпты қыс ақ қарын

Үкі етіп қайыңға

Азиза: Бүркеніп ақ желікті

Жарқырайды маңайым

Ойға шомған теректің

Ақ шалыпты самайып

Ева: Аңсаған қыс келді

Жауды кеп, көп ақша қар

Аппақ , ақ түске енді

Жайқалған бақшалар

Әдлет: Жаңа жыл 2

Тамаша тойымыз

Аладай2

Өседі бойымыз

Ән : Шырша

Алдияр: Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда , жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Асылхан: Өлең де әзір, ән әзір

Ойын да әзір, бәрі әзір

Кел, жаңа жыл, біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Асанәли: Аппақ қар жауа бер

Риза ғой саған ел

Боратты-ау, боранын

Қайратын қарай көр.

Ән: Ақшақар.

Жүргізуші: Мұз ханымы, көңіл- күйіңіз қалай?Ойланып болдыңыз ба? Балалар мен қонақтар бәріміз Аяз-атаны күтудеміз. Осындай мерекені көңілді өткізейікші.

^ Мұз ханымы: Балалар, қандай өнерлісіңдер. Мені кешіріңіздер, балалар менікі дұрыс емес екен, мен Аяз-атаны алып келейін.( Мұз ханымы Аяз-атаны әкелугешығып кетеді).

Жүргізуші: Балалар ендеше бәріміз Аяз-атаны шақырайықшы.

( Аяз-ата кел,кел.)

Аяз-ата: Сәлеметсіңдерме балақайлар.Келген жылымыз құт-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін баршамызға.

Сыйымызды сендерге

Ұсынуға келемін

Өнеріңді көрсетсең

Хош алып, сый беремін.

Жүргізуші: Балалар, Аяз-ата біздің шыршамыздың шамы жағылмай қалыпты ғой.

^ Аяз-ата: Қане, сиқырлы сөздерімді айтып жағайық: 1,2,3- шам жарқырай түс. – деп екі рет қайталайды.

Шырша жанады.

Ән: «Кішкентай шыршамыз»

Жүргізуші: Балалардың өлең шумақтарын тамашалаңыздар.

Дениз: Қош келдің Аяз-ата

Қарсы алайық орын беріп

Ән салыңыз бізбен бірге

Би белеңіз бізге еріп

Аяжан: Жаңа жыл жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Аппақ атамыз.

Даниял: Сақалының ұзыны-ай

Саудыраған мұзын-ай

Жарқыраған оттары

Жаңа жылдың қызығы-ай.

Ән: «Қыс туралы ән»

Ақшақар: Балалар менде осы мерекеге құр алақан келмедім, ойын ала келдім. Ойын ойнаймыз ба?

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты: Балалар пиманы киіп, шыршаны айналып жүгіріп келу, бірінші келген жеңімпаз болады. Ойын музыка әуенімен басталады солай жалғаса береді.

Жүргізуші: Балалар осы жыл қандай жыл? Ұлы жылы болды.

Ұлу: Балалар менің кететін де уақытым болды. Осы жыл Жақсы болды, реніштерің жоқ деп ойлаймын. Кездескенше сау болыңдар деп шығып кетеді.

Ән: Ақшақар.

Жүргізуші: Балалар тақпақтарын әрі қарай жалғастырады.

Нұрайым: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Бисұлтан: Ақ шанамыз зырлайды

Ақ қар оны шыңдайды

Біреу шаңғы тебеді

Құйындатып келеді.

Ерхан: Балаларда көңілді

Би билеп жүр ән салып

Жаңа жыл жаңа өмірді

Қуанышпен қарсы алып.

Сабина: Ақ көрпесін жаптыда

Аяз кенет аптыға

Айналаны үрледі

Ақ бораны буледі.

^ Аяз-ата: Балалар өнерлеріне тәнті болып отырмын, біраз ойын ойнасақ қайтеді- деп балаларды ойын шартымен таныстырады.

Ойын: «Сиқырлы мүсін»

Шарты: Балалар шеңберге тұрып, қолдарын алға созып билеп тұрады. Аяз-ата сиқырлы таяғымен тигізгенде, сиқырлы мүсінге айналады.

Жүргізуші: Балалар біз қандай жылды қарсы алғалы отырмыз. «Жылан»

Жылан: Амансыңдар ма Балалар, қонақтар ! Биыл менің жылым, бір жыл бойы сендермен бірге боламын. Менің жылымда жаңа табысқа жетуге, армандарың орындалады деген үміттемін.

Жүргізуші: Төрлетіңіз, жайғасыңыз. Балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

^ Ойын: Породия (Ата-аналармен).

Шарты: Әр түрлі ойыншықтар таңдап алу, ондағы тапсырмаларды орындау, кейіпкерлердің образын сомдап беру.

Би. Ұлпа қарлар

Жүргізуші: Аяз-ата бізге әкелген базарлығың, сыйлығың қайда? Балаларға қандай сыйлық әкелдіңіз?

Аяз-ата: Қызым сиқырлы қораптағы сыйлықтарды әкеле ғой.

Ақшақар: Аяз-ата-міне сиқырлы қорабыңыз. Балалар тосып қалды. Ашып қарағанда, шар ұшып, астында сыйлықтар болады. Аяз-ата мен Ақшақар екеуі таратып береді.

Жүргізуші: Келді тағы жаңа жылым,

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтамыз сіздерді.

Жаңа жыл құтты болсын, келесі кездескенше сау болыңыздар!

Қатысқандар: Жүргізуші, Аяз-ата, Ақшақар, Мұз ханымы,Ұлу, Жылан


Балалар шығармашылық және тәрбие орталығы


Ертеңгілік : « Қош келдің, Жаңа жыл!»


Тәрбиешілер: Абильмаженова Г.Б.

Жукенова А.Т.

Музыка жетекшісі: Кенжалина Ж.Б.


2012 ж.



Похожие:

Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу iconКіріспе
Ларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік имперализмнің пәрменді отарлау және...
Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу iconДокументы
1. /ек_ Аяз.doc
Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу iconДокументы
1. /аяз ата.doc
Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу iconДокументы
1. /Адасып кеткен _р_птер.docx
Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу iconБітіру жұмысы
Зерттеудің болжамы: Егер, студенттердің іс-әрекеті психологиялық- педагогикалық даму сай жасалса, онда болашақ мамандардың кәсіби-адами...
Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу iconКірісп е
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” атты стратегялық бағдарламасында “Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды...
Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу iconӘлеуметтік-экономикалық жаңҒырту қазақстан дамуының басты бағыты
Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды
Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу iconНормативтік құжаттармен қамтамасыз ету бойынша
Рмк бұдан әрі «Орындаушы» деп аталып, 01. 07. 2013 жылғы №87-од бұйрығы негізінде әрекет ететін Бас директордың орынбасары Н.Ә. Өтешов...
Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу iconНормативтік құжаттармен қамтамасыз ету бойынша
Рмк бұдан әрі «Орындаушы» деп аталып, 01. 07. 2013 жылғы №87-од бұйрығы негізінде әрекет ететін Бас директордың орынбасары Е. М....
Ақшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу iconПроект қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт/ Договор о государственных закупках услуг
Тапсырыс берушi деп аталатын, Сұлтанова Дана Шәкенқызы атынан, Ереженің негiзiнде әрекет ететiн, (уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов