7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің icon

7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің



Название7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің
Дата12.06.2013
Размер69.75 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>

Қойгелді орта мектебі






/7-сынып/


Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің

мұғалімі Даулет Аманбек.


2011 жыл


Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі


Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру, тақырыпты меңгерту.

ә) тәрбиелік: табиғатты аялай білуге шақыру, ынтымақ пен бірлікті, адамгершілік қасиеттерді бағалай білуге үйрету.

б) ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, шапшаңдыққа баулу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, кубизм әдісі, тест, салыстыру,өзін-өзі бағалау.

Пәнаралық байланыс: география, музыка

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жазушының портреті, Есіл өзенінің, саятшының суреттері, алты қырлы кубик.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.

2. «Менің тілегім...» /оқушылар тілегі/

3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ. Қызығушылықты ояту.

  • Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы біздер не білеміз?

  • «Есіл бойында» әңгімесінің тақырыбы не?

  • Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

  • «Есіл тасып барады» әнінің тарихын білеміз бе?


ІІІ. Кубизм әдісі.

Суреттеңіз: Есіл өлкесінің көрінісін жазушы тілімен берілген пейзаж арқылы суретте.

Салыстырыңыз: «Есіл бойында» әңгімесін Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесімен салыстыр.

Қолданыңыз: «Есіл тасып барады» әнінің тарихынан әңгіме құрастырып айт.

Дәлелдеңіз: Мырзатай орындаған әндердің әсерін әңгімеге сүйене отырып әңгімеле.

Қарсы шығыңыз: Әңгіме кейіпкерлерінің «Халық әндерінің сөздері әр пікірден құралған қойыртпақ» деген пікіріне мен...

Зерттеңіз: «Есіл» өзенінің географиялық орнын зерттеңіз.


Қазақ сахнасының саңлақтарына айналған «Музарт» триосының «Есіл ағады» әнін тыңдайық.


ІҮ. Жаңа сабақ

Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» («Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді)


Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жазушының есінде қалған жалғыз адам – саятшы Ораз.

  2. Ораздың Мұқанның үй – ішіне көмек көрсетуі

  3. Ораздың аңшылығы адамгершілігі

  4. Шығармадағы көркемдегіш құралдар.


Сөздік жұмыс

Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.

Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру .

Поселке – шағын ауыл.

^ Шілік – төрт түлік мал сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.

Ителгі – Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.

Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау тауларының бөктерлерінде мекен етеді. Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.


Мәтінмен жұмыс

  • Қане, балалар, енді мәтіннен көркемдегіш құралдарды табайық.




  1. ^ Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.

Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағынішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам...


  1. ^ Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу.


Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп-түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады, да, төңіректей қалың ағаш өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.


  1. Кейіпкерлерге мінездеме




  • Сүлеймен – орта дәулетті, сараң адам.

  • Ораз – жалғыз оқты шитімен атқан мерген, қыс бүркіт, жаз қаршыға мен тұйғын салумен айналысқан құсбегі, өзінің олжасын елмен бөлісе білетін қайырымды жан.




  • Балалар, саятшылық деген не?

Саятшылық – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни қыран бүркіт асыраумен, баптаумен айналысу өнері.


  • Аңшылық туралы қандай шығармаларды білеміз?

Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін кім жатқа айтып береді.


Концептуалдық кесте


Кейіпкер

Өмірге деген

қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

^ Кейіпкерге берілетін баға














Ой толғаныс

  • Бес жолды өлең

Зат есім (кім?) – саятшы

Сын есім (қандай?) – әзілқой, жайдары

Етістік (не істеді? Не қылды? Қайтті?) – құс салды, аң аулады, сауға

берді

Синоним – құсбегі

Сөйлем құра – Саятшы Ораз есін білгелі қыс бүркіт салудан, жаз

қаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген.


  • Ойтолғау


V. Тест (сабақты бекіту)

  1. Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?

  1. Он жеті

  2. Он сегіз

  3. Он тоғыз

ІІ. “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?

  1. Мұратбек

  2. Мырзатай

  3. Бекберді

ІІІ.“Саятшы Ораз” әңгімесіндегі басты кейіпкер немен шұғылданады?

  1. Балық аулаумен

  2. Тері илеумен

  3. Құсбегілікпен

ІҮ. Ораз құс салумен қай жыл мезгілінде айналысады?

  1. Жазы-қысы

  2. Тек жазда

  3. Тек қыста

Ү. Ораз өзі аулаған аң терілерін не қылады?

  1. Сатып пайда қылады

  2. Сауғаға береді

  3. Тұрмысқа пайдаланады.

ҮІ. Сәбит Мұқановтың көлемді еңбегін белгіле.

  1. “Өмір мектебі”

  2. “Көксерек”

  3. “Саятшы Ораз”


Тесттің дұрыс жауаптары:

  • І – с

  • ІІ – в

  • ІІІ – с

  • ІҮ – а

  • Ү – в

  • ҮІ - а




Бағалау реті

«5»

«4»

«3»

5-6 жауап дұрыс болса

4 жауап дұрыс болса

3 жауап дұрыс болса


VI. Үйге тапсырма

«Саятшы Ораз» әңгімесін оқу, аңшылық туралы шығарма жазу.


VII. Бағалау

«Өзін-өзі бағалау парағы» бойынша қорытынды баға қойылады.



Похожие:

7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ тіл білімі және қазақ тілі мен әдебиеті кафедраларының ұйымдастыруымен...
7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің iconТақырыбы: I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері. Ғылыми жетекшісі
«Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің iconЭлективті курстардың каталогы Қазақ әдебиеті және қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедралары бойынша 5В020500 «Филология»
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары және біліктіліктері)
7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің iconҚазақ тілі пәнінің мұғалімі Меирбекова Назипа Нүгербекқызы 2 «Б»класс. Қазақ тілі Эпиграф «Қыс мезгілі өзінше тамаша!» Сабақтың тақырыбы
Тәрбиелік: Туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, балаларды көркемдікке тәрбиелеу
7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің icon7 сәуір 2012 жыл Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі
Танымал тұлға айдарының кейіпкері: орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәмелінова Фания Хикматқызы
7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің iconҚазақ тілі Тест 1-сынып Сөйлеу не үшін қажет?
Жуан дауысты дыбыстарды тап а а,о,ұ,ы ә ә,ө,ү,і,е б е,и,у,ю,я
7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің iconҚазақ тілі 4 «а» сынып Сабақтың тақырыбы
Білімдік: Оқушыларға қос сөздердің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы ерекшелігін түсіндіру. Сөйлем ішінен қос сөздерді таба...
7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің iconКіріспе. І тарау
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің iconКіріспе. І тарау
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің iconДиплом жұмысы Тақырыбы
Тақырыбы: I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов