Әзірлеген: Практикант Әзімжанова Іңкәр icon

Әзірлеген: Практикант Әзімжанова Іңкәр



НазваниеӘзірлеген: Практикант Әзімжанова Іңкәр
Дата12.06.2013
Размер35.87 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>
1. /сыныптан тыс жумыс +.docxӘзірлеген: Практикант Әзімжанова Іңкәр

КВН

Жылымды негізгі мектебінде ақпанның 2-күні 5-9 сыныптар арасында КВН ойындары өтті. Қойылған талаптар: 1. Сәлемдесу; 2. Үй тапсырмасы «Кино әлемі»; 3. Сергіту сәті (сұрақ-жауап).

Оқушылар КВН-ға тегіс қатысты. Үлкен қызығушылық танытты. 5-6 сынып оқушылары «VIP» деген атпен, 7-сынып «Болашақ», 8-сынып «Жылымды жұлдыздары», 9-сынып «Ыржи-тыржи» квартеті деген атпен сынға түсті.

Қазылар алқасы әділ баға бере отыра төмендегідей қорытындыға келді:

3-орынды «Болашақ» командасы, 2-орынды «Ыржи-тыржи» квартеті, 1-орынды «VIP» командасы, бас жүлдені 8-сынып «Жылымды жұлдыздары» иеленді.

Командалар тегіс марапаттау қағазымен марапатталды. КВН ойындары барысында мұғалімдер, оқушылар, көрермендер де күлкіге қарық болды.

Әзірлеген: Практикант Әзімжанова Іңкәр


«Өмірде әнші көп, Шәмшідей әнші жоқ»

Жылымды негізгі мектебінде 25- ші қаңтар күні «Ән падишаһы- Шәмші аға» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті. Сақтағанова Арай Қосымбекқызының басшылығымен өтілген бұл тәрбие сағатында оқушылар өздеріне көптеген қызықты мағлұматтар алды.

Тәрбие сағатын әнұран орындау арқылы бастап, 3-сынып оқушылары өмірбаянын, шығармашылығын жеке- жеке айтып өтті. «Ана туралы жыр», «Бәріненде сен сұлу», «Арыс жағасында», «Өмір- өзен» әндерін 8-сынып оқушылары Жылқыбай Еділ, Наурызбекова Назгүл, Сұлтан Нариман, Күйкентай Динара орындап барлық көрермен қауымның жүректерін елжіретіп, ән әсемдігінен құлақ құрыштарын қандырды. Тәрбие сағатына қатысқан ұстаздар мен ата-аналар арасында «Кім жылдам?» ойыны ойналып, сұрақ- жауаптар алынды. Мектеп басшысы Есжанов Өміртай Кайырбекұлы «Ақ бантик» әнін шырқаса, аға тәлімгер Әзімжанова Маржангүл Жылқыбайқызы «Әнім сен едің» әнін шырқап әншілік шеберліктерімен бар қауымды таң қалдырды. «Қуаныш вальсіне» 3-4 сынып оқушылары вальс билеп, би өнеріне деген құштарлықтарын көрсете білді.

Тәрбие сағатының соңында мектеп басшысы Есжанов Өміртай Қайырбекұлы сөз сөйлеп «Өмірде әнші көп, Шәмшідей әнші жоқ» деп өз ойын ортаға салып, мектебімізде осындай іс-шаралар көбірек өткізілсін дей отыра өз тарапымнан ұйымдастырушы Сақтағанова Арай Қосымбекқызына алғысын білдірді. Жұмысыңызда жеміс, жанұяда бақыт, алдыңыздан көп білімді, өнерлі шәкірттер ұша берсін деп тілеймін.

«XXI ғасыр көшбасшысы»

Жылымды негізгі мектебінде 25 қаңтар күні 5-9 сынып білгірлері арасында XXI ғасыр көшбасшысы атты интеллектуалдық сайыс өтті. Оған 5-сыныптан Сәду Айнұр, 6-сыныптан Шаханова Мөлдір, 7-сыныптан Сәкен Жангелді, 8-сыныптан Хамитова Махаббат, 9-сыныптан Роот Елена қатысты: Негізгі сайысты өткізудегі мақсатым оқушылардың ой-өрісін, ұшқырлығы мен тапқырлығын дамытуға ықпал ету. Қазақ халқының ұлы тұлғалары, мәдениеті, ұлттық ойындары, ҚР мемлекеттік мерекелері туралы білімділік жан-жақты дамытуға ықпал ету. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру. Елбасына, Отанға суйіспеншіліктерін, мемлекеттік тілге қызығушылықтарын арттыра отыра, ұшқыр ойды дамыту, дүниетанымдық көзқарастарын дамытуға ықпал ету.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде 30 сұрақ қойылды, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан берілді. Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылды. ІІ кезеңде белгілі бір тақырыптарға байланысты кесте құрылды, 10, 20, 30, 40, 50 ұпай. Әр категория бойынша түрлі тақырыптарда сұрақтар жасырылған. 1. Мемлекеттік тіл – менің тілім, 2. Қазақ әдебиеті, 3. Ұлы отандастар, 4. Мемлекеттік мерекелер, 5. Қазақ халқының қолөнері. ІІ кезеңнен кейін де ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылды. ІІІ кезең «Ойлан тап» Бұл кезеңде оқушыларға «Көкшетау» сөзі берілді. Осы сөзден оқушылар бірнеше сөз құрады. Бір сөз бір ұпаймен бағаланады. ІІІ кезеңнен ұпайы аз тағы бір оқушы шығарылды. Соңғы 4 кезеңге Сәкен Жангелді мен Хамитова Махаббат сытылып шықты. 4 кезең «Жорға» деп аталды. Менің қолымды 2 нұсқа, әр нұсқада 10 сұрақ, әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан берілді. Ойынды ұпайы аз Жангелді бастады. Дегенмен сайыстың аты сайыс. «Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар» болып «XXI ғасыр көшбасшысы» атағын 8-сынып оқушысы Хамитова Махаббат жеңіп алды. Ойын өте тартымды әрі қызықты өтті. Көрермендер де жақсы жанкүйер бола білді.

Қазылар алқасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжебай Тұрысбекұлы және оқу ісінің меңгерушісі Қанат Сағдатқызы ерекше әділдік танытып, әділ қазы бола білді. Ол кісілер сайыскерлерге және көрермен оқушыларға өз тілектерін айтты.

Сайысқа қатысқан барлық оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Ұланбасшысы: Әзімжанова М.Ж.


Ел Тәуелсіздігінің 21 жылдық мерекесі құтты болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Білімді, дарынды, ел сүйер дарындылар көбейе берсін!

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, 24-қаңтар бастауыш сыныптар арасында интеллектуалды ойын сайыс түрінде өтті. Осы уақытқа дейін алған білімдерін оқушылар ортаға салды. 3-сыныптан Сейлхан Мейіржан, Хамитов Ильяс. 4-сыныптан Сүлейменова Ділназ, Дюсенбаев Әмір қатысып өз білімдерін сынамақ болды.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі болғангдықтан Жеңімпаз атағына ие болған оқушы 3-сынып оқушысы Хамитов Ильяс бастауыш сыныптар арасынан ХІІ-ғасыр көшбасшысы атағына ие болып, өз білімін дәлелдеді.



Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов