Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты icon

Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты



НазваниеҒасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты
Дата12.06.2013
Размер94.25 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>
1. /Сыныптан тыс ж?мыс.docҒасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты

Сыныптан тыс жұмыс

Күні: 15.04.11

Сынып: 10

Оқушы саны: 6

Ғасыр індеттері

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды зиянды әрекеттерден аулақ болуға, адамгершілікке тәрбиелеу. Ішімдіктің, темекі мен есірткінің қауіпті зардабы туралы білім беру. Отбасы және отбасылық қарым-қатынастардың маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылардың ой-санасын оята отырып, өзін-өзі бағалауға, тәрбиелеуге баулу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікір таластыра білуге, өз пікірін дәлелдеуге дағдыландыру.

Көрнекілік:

1. Буклет.

2. Плакаттар.

3. Қоғамды салаларға бөлетін белгілер.

4. Қанатты сөздер: «Арақ – атаңнан қалған ас емес», «Анаша шегушілер өзін-өзі өлтірушілер», «Ғасыр індетіне қарсы күресейік бауырлар», т.б.

Өткізілу түрі: Аралас сабақ (кіші дебат, рөлдік сөз сайысы, шығармашылық).

Тәрбие сағатының өткізілу жоспары


Р/с

Мазмұны

Уақыты

Жауапты

1.

Ұйымдастыру (сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру)

1 минут

Мұғалім

2.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

1 минут

Мұғалім

3.

Ғасыр індеттерімен танысу

2 минут

Оқушылар

4.

Сен білесің бе?

3 минут

Мұғалім

5.

Ғасыр індеттерінің іс-әрекеттері туралы қоғам не дейді? (мамандар пікірі)

10 минут

Оқушылар

6.

Плакат қорғау (тапсырма)

4 минут

Ғаббасова А

Дауренбекова Ж

7.

Көрініс «Ажалыңа асықпа, айналайын»

7 минут

Оқушылар

8.

Пікір сайыс «Жастар арасында нашақордың көп болу себебі»

6 минут

Оқушылар

9.

Қорытындылау

2 минут

Мұғалім

10.

Слайд-шоу

4 минут

Мұғалім


II. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол - әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу. Ал зиянды әрекет дегеніміз: қазіргі таңда етек алған заманымыздың келесі дерттері – шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД ауруы. Енді ортаға осы індеттерді шақырайық.

III.

1.Арақ. (Ғаббасова Айдана) Мен арақпын. Менің қоғамға пайдалы жақтарым да бар. Мысалы, мені өндіруші «Бахус» ашық акционерлік қоғамы қоғам мүшелерін, яғни 1023 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Көптеген шаруашылықтар арақ-шарап жасауға керекті шикізаттарды даярлаумен айналысуда. Мен мемлекеттің қазынасына миллиондаған пайда түсірудемін.

2.Темекі. (Қазбекова Асемгүл) Мен де әріптесім сияқты көптеген адамдарға жұмыс берудемін. Мемлекет мені шығаратын өндіріс орындарының көлемін көбейтуге және түрлендіріп шығаруға мүдделі болып отыр. Сонымен қатар арақ пен темекіні теледидар, баспасөз арқылы жарнамалаудан белгілі бір адамдар пайда көріп отыр.

3.Есірткі. (Камидуллинов Бексұлтан) Анашаны адамзат ертеден қазірге дейін адам бойындағы кейбір дерттерге қарсы шипа ретінде қолдануда. Мен де белгілі бір мемлекеттің, адамдар тобының баю көздерінің бірімін. Адамзат тарихында анашаны ұлттық төлем құралы (валюта) ретінде қолданғаны мәлім.

4.СПИД-ВИЧ ауруы. (Дауренбекова Жадыра) Менің жұқпалы вирус екенім де, ХХ-ХХІ ғасырлардың басты дерті де екенім рас. Бірақ мен өздігімнен тарамаймын. Мені тарататын адамдар.


IV. Ал, енді сен білесің бе? (мұғалім)

1. Шылым шегуден жылына қаншама адам өледі? (2,5 млн.)

2. Әрбір шылым адам өмірін қанша уақытқа қысқартады? (12 мин.)

3. Шылым шегетіндердің қанша пайызы өкпе ауруына шалдыққан? (80%)

4. Қазақстанда СПИД-ВИЧ пен қанша адам ауырады? (2009ж. 1 х. мәлімет бойынша 405 мың – ВИЧ, 87 мың - СПИД)

5. Ақмола облысында ВИЧ – пен қаншама адам ауырады? (59 адам)

6. Анашаны ең көп қолданатын қандай топ, қанша пайыз? (жұмыссыздар - 75%)


V. (мұғалім)

Ал, балалар алдымызда тұрған ғасыр індеттерінен жәбір көруші – қоғам!

Ендеше осылардың іс-әрекеті туралы қоғам саласы не айтар екен?

Эколог. (Жақсылықова Аяулым) Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы, темекіде никотиннен улы заттар шаң, күйе болады. Олар ауамен араласып, ең алдымен, ағзаға зиян келтіреді, екіншіден, атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту, ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде. Тіпті темекі өсетін алқаптарда темекі топырақты құнарсыздандарады. Басқа өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіреді.

Демограф. (Қазбеков Абай) Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы ауруының кері әсері тиюде. Қаншама адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көптеген отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде.

Психолог. (Ғаббасова Айдана) Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, не сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғары сынып оқушылары өздерін үлкен адамбыз деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай адамдар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айырылады.

Тарихшы. (Камидуллинов Бексұлтан) Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сақтауға тиым салудан нәтиже шықпағандығын білеміз. Мысалы, 1914 ж. Ресейде, 1917ж. АҚШ-та спиртті ішімдіктерді өңдеуге, сатуға тиым салынған еді. Нәтижесінде спирттік өнімдерді өндіру, сату, баюдың бір жолына айналды. КСРО-да мұндай жағдай ХХғ. 80ж. ІІ жартысында орын алды. Нәтижесінде сапасы төмен түрлі қоспалардан тұратын арақ өнімдері пайда болды.

Дәрігер. (Дауренбекова Жадыра) Шылым шегу – зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ауызға, жоғары тыныс жолдарына өтіп, сілекейлі қабықша мен өкпе көпіршіктерінің бетіне қонады. Сілекеймен бірге жұтылып, асқазанға барады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиян ең улы никотиннен басқа екі жүздей химиялық зат кездеседі. Бұлар – сірке қышқылы, эфир майы, көмір қышқылы, аммиак, висмут, т.б. Шылым шегетін адамнан шекпейтін адамды оңай айыруға болады. Бет келбеті қан – сөлсіз, әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, өз жасына қарағанда үлкен көрінеді, тісі бұзылады, терісінің созылғыштық қасиеті кемиді. Шылым шегетіндерде әрбір шылым шеккен сайын, тамырлардың 30 минут тартылатындығы байқалады. Бұл жүректің атқаратын жұмысын күшейтеді. Көп күш түскеннен кейін жүрек тез қажиды. Шылым шегуден созылмалы гастрит пен асқазан аурулары пайда болады. Бауыр мен бүйректің жұмысы бұзылады. Шылым шегетіндердің өмірлері шылым шекпейтіндермен салыстырғанда 6-12 ж. қысқарады, стенокордия, инфаркт сияқты ауруларға шалдығады. Никотин айналадағыларды да уландырады. Көптеген химиялық қосылыстар адам ағзасында рак ауруын тудырады. Бұлар бензпирин, цолони, қара май, висмут, никотин мидағы қан тамырларын тарылтады, миға қоректік заттар мен оттегінің келуі азяды, жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды. Түсті ажырату қабілеті төмендейді.

Никотин - өсімдіктен алынатын у. Таза күйінде никотин түссіз, майша сұйықтық, жағымсыз иісі бар. Суда, спиртте, эфирде, жылуда ериді. Адамға бір тамшы никотин берсе сеспей қатады. (Қазбекова Асемгүл)

Алкоголь – адамды уландыратын зат. Ол әр түрлі химиялық қосылыстардан тұрады. Егер мөлшерден көп пайдаланса, онда ол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшелеріне, миға, адамның жүйке жүйесіне әсер етеді. Көз алдында түрлі көріністер пайда болады. Көп мөлшерде пайдаланса адам өліп кетуі мүмкін. СПИДпен ауырған адам көп дегенде 6 жыл өмір сүре алады. (Камидуллинов Бексұлтан)

VI. Плакат қорғау.


VII. Көрініс: «Ажалыңа асықпа, айналайын».

Бала – Қазбеков Абай

Анасы – Жақсылықова Аяулым

Есірткі таратушы - Ғаббасова Айдана

Бала. Апа, кешір мені. Кешір. Мен осындай күйге ұшырадым. Білесіз бе, мен... – нашақормын. Мен үшін бұл дүниенің қызығы жоқ. Атып келе жатқан таңға қарап қуана алмаймын. Адамша сөйлеп, адамша күле алмаймын, апа – а!... Мен үшін өмірдің ... бар қызығы – анаша, анаша тауып берші, апа. Мені аясаң, мені балам десең, анаша тауып берші апа....(жылайды).

Анасы. Құлыным-ай, құлыным… Қалай тап болдың бұл бәлеге. Анаша дегенің – көрісіп келген ажал еді ғой. Соны біле тұра… сорлы балам… ажалмен ойнағаның не болғаның. Өміріңнің бар қызығынан, қуанышынан айырып сені қасіретінің қара құрдымына батырған қаныпезер кім? Сені осыншама сорлатқан қай тас жүрек?

Есірткі таратушы. Ол қаныпезер кім еді? – деймісің. Ол мен… мен. Мына менмін. Не істейсің маған, байғұс?

Ана. Сен бе едің? Сен бе едің, жүзіқара. Құлынымды адамдық жолдан тайдыратындай не істеп еді ол саған? Не жазығы бар еді?

Есірткі таратушы. Рас, оның маған еш жазығы жоқ. Сенің балаңда, ұзында өшім, қысқада – кегім жоқ. Бірақ… Қазір дүниені ақша билеген заман… Оны өзің де жақсы білесің. Ақша, ақша, ақша!... Балаң сияқтылар болмаса, сол ақшаны мен қайдан аламын. Кім береді маған оны.

Ана. Ақша, ақша дейсің! Ақшаңдап қалғыр, қай заманда адамнан ақша қымбат болып еді. Ақшаның жолында құрбандыққа шалынардай не күнәсі бар еді, құлынымның.

Есірткі таратушы. Күнәсі не деймісің? Күнәсі - әлсіздігі. Балаң «жоқ» деген сөзді айта алмайды, екен. «Жоқ» деген сөзді айтуды үйретпепсің балаңа. Маған да керегі – сондай адамдар.

Мен оны, балаңды айтамын, дискотекада қармаққа іліктірдім. Қасында үріп ауызға салғандай әп-әдемі қыз бар екен. Мен оған экстази ұсындым. Ақша сұрағам жоқ. Тегін бердім. Әуелі ол алғысы келмей, қашқақтап еді. Мен «Е-е сені жігіт пе десем, аузынан ана сүті кетпеген сарыауыз балапан екенсің ғой», - деп едім, ол менің қолымды қайтара алмады. «Жоқ, керек емес» деп айта алмады. «Жоқ» деген сөзді үзілді-кесілді айта алмауы сенің балаңның түбіне жетті.

Ана. Экстази бердім деймісің... Ол немене тағы да?

Есірткі таратушы. Экстази деген – есірткінің осындай жас балаларға арналған түрі. Оны қабылдаған бала шаршағанын, қарнының ашқанын, шөлдегенін білмейді. Таңды таңға ұрып, билей береді, билей береді...

Ана. Құлынымның мойнына тұзақты ең алдымен осылай салдым десеңші... Жүзіқара!

Есірткі таратушы. Иә, балаңның мойнына алғашқы тұзақ осылай салынды. Кейін сол тұзақтың ұшын тарта бердім, тарта бердім. Балаң осылайша менің құлақкесті құлыма айналды. Құлға айналғаны емей немене, есірткіге үйренгені соншалық, айналшықтап қасымнан шықпайтын болды. Мен енді одан ақша сұрадым. Ол есірткіден ақша аямайтын. Бірте-бірте ол есірткінің ең күшті түрлеріне ауыз салды. Тамырына шприц сұғып барып, жаны жай табатын болды. Ол үшін көп ақша керек еді. Ақша!

Балаң енді өзінің үйіне ұры болып түсті. Үйіндегі қымбат, бағалы заттардың бәрін сатты.

Міне көрдің бе, балаңның түбіне өзінің көрсеқызарлығы, әуесқойлығы жетті. «Жоқ! Болмайды» деген сөзді айта алмайтын табансыздығы жетті түбіне.

Ана. Жоғал! Жоғал, қарабет! Жоғал, жүзіқара! Сен ажал әкелуші, ұрпаққа өлім себуші нағылетсің. Мен жалғызымды сенің қандықол шеңгеліңе тастай алмаймын. Жоғал!

Есірткі таратушы. Ей, бейшара әйел! Сенікі құр далбаса. Көрдің бе, ана баланың халін. Өлгелі тұр ғой. Оған қазір керегі – анаша, оған дәл қазір анасынан да анаша қымбат. Сен оған анаша бере алмайсың. Ал мен... берем. Тегін берем.

Бала. Тегін дейсің бе? Тегін бе?

Есірткі таратушы. Анаша керек пе саған?

Бала. Иә, керек. Өліп барам. Берші. Өлтірмейін, десең берші.

Есірткі таратушы. Егер анаша алғың келсе, тас кенедей жабысқан шешеңді әрі алып кет. (Шешесін итеріп жібереді).

VIII. Есірткі таратушы. Ал енді өздерің көргендей «Жастар арасында нашақордың көп болу себебі неде деп ойлайсыңдар» (пікір сайыс).


IX. Қорытындылау. (мұғалім)

Сабағымызды қорытындылай келе СПИД ауруынан, темекі тартудан, есірткіні, арақты пайдаланудан қоғам қаншама зиян шегетінін білдік. Осылардан түйетініміз қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі адамдардың өзі. Осындай жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзім, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек: «Арақ атаңнан қалған ас емес» деп халық нақылында айтылса, Жүсіп Баласағұн шарап туралы «Шарап деген білім мен ақылға жау, шараптың шатағы сор мен дау» деген. Бүгін сабақтан көптеген тың деректер алдыңдар деп ойлаймын. Және осы дүниежүзінің көкейкесті мәселесі болып отырған темекі, ішімдік, есірткі және СПИД ауруысыз табиғатымыздың қандай керемет екенін есімізге түсірейік. Алланың бізге сыйға берген табиғатын ластамай, болашағымызды ойлайық! Осыған арнап, сіздерге қысқа слайд-шоуды ұсынамын.

X. Слайд-шоу. (мұғалім)



Похожие:

Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Қорықтар. Қорытынды сабақ Сабақтың мақсаты
Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған орданы табиғаттағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу
Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты iconXxi ғасыр көшбасшысы 1 жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «ххі-ғасыр көшбасшысы»
Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «ххі-ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастакуға...
Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты iconСауалнама Мақсаты
Мақсаты: мектеп оқушыларының салауатты өмір сүруге, жағымсыз қылықтарға деген көзқарасын анықтау
Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты iconБаскетбол ойыны Мақсаты мен міндеттері Мақсаты
Жарысты басқару Ақадыр орта мектебінің директоры бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі
Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты icon«Елбасы мұраты-ел бақыты, гүлденген Қазақстан» Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларға егеменді Қазақстанның азаматы екендігін түсіндіру, ата-бабаларының қалдырған даналық өсиеттерін оқып үйренуге...
Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты iconҚатыгездікпен қараудан қорғау құқығы Мақсаты
Мақсаты: түрлі зорлық-зомбылық көрсету және дұрыс жауапкершілікті жасау қауіпсіз іс-әрекет және туралы ойлануға мүмкіндік беру
Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Зайырлы мемлекет жайлы, 2О жыл тарихына үңіле отырып тереңірек мағлұматтар беру, оқушылардың ойын тыңдау
Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты iconУрок по казахскому языку в 6 классе Тақырыбы: Қыс Мақсаты
Мақсаты: 8 модульмен таныстыру, жаңа сөздермен таныстырып, олармен жұмыс жасау. Мәтінді оқып аудару, мазмұндау. Тіл дамыту, зат есімді...
Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты iconАлтын күз Мақсаты
Мақсаты: Күз мезгілінің қыр- сырын жете меңгере білу; оның өзгерістерімен таныстыру, әсемдікке баулу; күзгі еңбек және табиғатты...
Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты iconСабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға...
Ғасыр індеттері Тәрбиелік мақсаты iconСабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов