Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны icon

Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны



НазваниеҚолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны
Дата01.05.2013
Размер238.31 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>

«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ № 10 ОРТА МЕКТЕБІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





География сабағында ақпаратты технологияларды

қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.


(Қостанай қаласы № 10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К.И. әдістемелік жұмыс жүйесі)


Мазмұны

Кіріспе

  1. Тақырып, мақсат, міндеттері

  2. Ақпаратты технологиялардың география пәнін оқытудағы атқаратын ролін анықтайтын кесте

  3. Ақпаратты технологияларды пайдаланудың линейлік-функциональды моделі

3.1 География сабағында оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі педагогикалық түйіні

3.1.1 Педагогикалық қызметтің әдістемелік негізі

      1. Әдістемелік жұмыс жүйесінің ұстанымдары

      2. Педагогикалық қызметтің мазмұны

  1. Мұғалімнің педагогикалық қызметінің жүзеге асырылу кезеңдері.

4.1 Диагностикалық кезеңі (2009-2010 жж.)

4.2. Болжау кезеңі (2010–2011 жж.)

    1. Ұйымдастыру кезеңі (2011–2012 жж.)

4. 4. Қортынды кезеңі (2012–2013 жж.)

  1. Қортынды.

  2. Қолданылған әдебиеттер тізімі.



Кіріспе

Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе- білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің, өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы мектеп, ал мектептің жаны мұғалім екендігі баршамызға мәлім.

А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген: «мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептің балалары көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі- білімді педагогика методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

Ұстаз –киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерден мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету ұстазға жүктелетін міндет. Білім беру ісінде ұстаз ең басты-шешуші тұлға. Ұстаздың білімдарлығы, абыройы мен беделі оның шәкіртінен көрінеді. «Шәкірттің» жақсы болмағы ұстазынан деп тегін халық айтпаған. Ұстаз ұғымының мағынасы кең, мәні терең тарихи ұғым. Әлемдік ой алыптары, кейбір ғұламалар ұстаз алдынан өткен, олар өздерінің ұстаздарына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Ұстаз мәртебесінің қаншалықты биік әрі қасиетті екендігін осыдан көруге болады.

Қай заманда да жастардың алар орны ерекше. Қазіргі ақпаратты заманның жастары да техникалық құралдарды жоғарғы меңгерген болса керек. Сондықтан білім жүйесі қоғаммен бірге дамып отырғандықтан мұғалімге қояр талаптар да өзгеріп отырады. Ол үшін: ұстаздың кәсіби өсуі, өзінің негізгі мамандығы бойынша жаңа әдіс- тәсілдіерді меңгеруі ғана емес, оны өз әрекетіне дұрыс қолдана білуі әрдайым шығармашылық ізденіс үстінде болуын қалайды. Сол себебтен өмірге еніп жатқан жаңа технологияларды игере отырып оқушыларға сапалы да саналы білім беру әр мұғалімнің көздеген мақсаттарының бірі болуы тиіс.

Қазіргі ақпаратты заман талабына сай мұғалім ақпаратты технологияларды толық меңгеруі тиіс. Ақпарат жүйелісі арқылы оқушылардың шығармашылық, ізденушілік кабілеттерін қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер туады. Ақпаратты құралдардың қолдана білуге дағдыландыру арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту қажет. Ақпаратты технологияны қолдану арқылы пәнді оқыту: оқушыларға сабақ барысында мұғалімнің жалаң сөзін тыңдап қана қоймай, көптеген мағлұматты өз көзімен көру арқылы қабылданған ақпарат есінде жақсы сақтап қалуына мүкіндік туады. Пәнді оқыту барысында мұғалімнің оқушыларға қойылатын талаптардың бірі: ақпаратты мәдени дамуы, яғни: ой- өрісінің дамуына, түрлі ақпарат көзімен жұмыс істей білу және оны оқушыларға түсінікті етіп жеткізу арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Егер де оқушының пәнге деген қызығушылығы жоғары болса ол, оқушының пән бойынша білім сапасының жоғары болуына әсер етеді. Өзімнің педагогикалық жолымда география пәнін оқытудың тиімді әдістердің іздесіруге себеп болған жағдай, ол қазіргі кездегі географияға деген көзқарастардың өзгеруі. Географияны оқыту барысында:

1. Қазіргі заман оқулықтарының шашыраңқылығы;

2. ҰТБ-да кездесетін тесттерде кездесетін олқылықтар;

3. Географиялық мәліметтердің тұрақты қалыптаспағандығы;

5. Географиялық фактілерді іріктеп, таңдау көзқарастардың олқылығының болуы менің география пәнінен оқушыларға сапалы білім беру жолдарын қарастыруды талап етті. Сондықтан қазіргі кезде білім саласында қолданылатын технологияларды қарастыра отырып, ақпаратты технологияларды қолдана отырып география сабағында оқушыларға сапалы білім беруге болатындығына көзім жетті.

^ 1. Тақырып, мақсат, міндеттері.

География сабағында оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесін шешу үшін тиімді әдіс- тәсілдерді қарастыруды талап етті. Әдіс- тәсілді таңдау- мектептің, мектеп оқушылардың ерекшеліктерінен анықталды. Жұмыс жүйесін құру барысында: оқушылардың жас ерекшелігі, деңгейі, мектептің оқу- әдістемелік, техникалық базасы ескерілді.

Әдістемелік тақырыптың негізгі түйіні-ақпаратты технологияларды қолдану арқылы география сабағында оқушылардың білім сапасын арттыру, терең білім беру болды.

География пәнін оқытудың сапасын көтеру ақпаратты технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыру болғандықтан, қолданылатын әдіс-тәсілдер қазіргі заман талабына сай оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға әсер етуі қажет. Сонымен қатар ақпаратты технология оқушының және мұғалімнің ақпараттық мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.

Бұл қазіргі ақпаратты дамыған заманда ақпаратты технологиялармен жұмыс жүргізу, болашақта ақпаратты қажеттілікпен сұранысты қанағаттандыратын жолдың бірі. Демек, ол ақпаратты құзыреттіліктің қалыптастыру деңгейіне қойылатын талаптардың жоғары болуын талап етеді.

Сондықтан менің әдістемелік тақырыбым: «Оқудың ақпаратты технологиялары арқылы оқушылардың шығармашылық шамаларын белсендіру және географиялық білім сапасын арттыру» . Оқушының дүниетанымын кеңейту, жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге бағыт беру, жол көрсету арқылы әдістемелік жұмыс тақырыбымның негізін қаладым және тақырыпты жүзеге асырудағы негізгі мақсатымды айқындадым:

Психология-педагогикалық және әдістемелік жағынан тиімді жағдай туғызу арқылы оқушылардың шығармашылық шамаларын белсендіру және географиялық білім сапасын арттыру.

Міне, алға қойған мақсатқа жетудегі бірнеше мәселелер, менің міндеттерімді құрайды.

^ Педагогикалық қызметтің міндеттері

  • Оқу-үрдісінде оқушылардың танымдылығын, белсенділігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру;

  • Оқушылардың сабақ үстінде өз көзқарастарын білдіріп, негізгі ойын даралап ала білуге дағдыландыру;

  • Терең білім бере отырып, шығармашылықтарын дамытып, оқушылар-дың дүниетанымын кеңейту ;

  • Ақпаратты технологияларды география пәнінде қолдануы жайлы мәселелер айналасында сараптама жасау арқылы білім сапасын арттыру;

  • География сабағында білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік жүйенің оқу құралдарын тексеру;

  • Оқу үрдісін жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік даярламалар құрастыру;

^ 2. Ақпаратты технологиялардың география пәнін оқытудағы атқаратын ролін анықтайтын кесте




  1. Ақпаратты технологияларды пайдаланудың линейлік-функционалды моделі


Ақпаратты технология


Мақсаты:








Психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етілуі





Әдістемелік ұйымдастырылуы











Басқару








Қортынды кезеңі


Ұйымдастыру кезеңі


Болжау кезеңі


Диагностикалық кезеңі

Ұстаз Оқушы











^ 3.1 География сабағында оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі педагогикалық түйіні.


3. 1.1 Педагогикалық қызметтің әдістемелік негізі.

Жұмыстың негізгі педагогикалық негізін : педагогикалық концепциясы, мұғалімнің педагогикалық қызметінің негізгі оъектісі ретінде қолдануы, география пәнін оқытудың теориялық зерттеулері, психологиялық зерттеулер құрайды.

Ғылыми педагогикалық зерттеулердің әдістері:

  • Құжаттарды сараптау әдісі;

  • Саралау әдісі;

  • Педагогикалық бақылау әдісі;

  • Жобалау әдісі;

  • Педагогикалық бақылау;

  • Сауалнамалау әдісі;

  • Талдау әдісі;

  • Тәжірибе тарату әдісі;

Зерттеу деректер: Ақпаратты технология мәселесі бойынша әдістемелік құралдар, философиялық, психологиялық еңбектер, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.

Ғылыми жаңашылдығы:

  • Мәселенің педагогикалық-психологиялық аспектілерін қарастыру;

  • Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудағы оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін қарастыру;

Пратикалық маңыздылығы :

  • «Қостанай –кіші Отаным»- электрондық құрал;

  • «География әлемінде» әдістемелік кешен;

  • «Әлем мемлекеттері» 11 сыныпқа арналған электронды құрал;



^ 3.1.2 Әдістемелік жұмыс жүйесінің ұстанымдары

Ақпаратты технологияның құрылымына: танымдылық, дамытушылық және білім беру аспектілері кіреді. Білім беру жүйесінің көпжақтылығын ескере отырып өзімнің әдістемік жұмыс жүйесінің ұстанымдары:

География пәнін оқыту аспектілерінің барлық жақтарын меңгеру:

География пәнін оқыту үрдісінің негізгі өлшемдері: танымдылық, ақпараттық қарым-қатынас, мақсаттылық, жаңашылдық, жағдаяттық, өзара қызметтестік болып келеді. Осының арқасында білім беру жағдайы, нақты іскерлікті, біліктілікті жоғары деңгейде дамытуға жағдай жасайды.

География пәнін өзіндік меңгеру :

Әр оқушының белгілі бір қабілеті болады. Сондықтан оқушының қабілетін анықтау мақсатында қолданатын арнайы құралдар: тест, түрлі деңгейдегі тапсырмалар, сауалнамалар арқылы анықтап, болашақта сол қабілеттерді сабақ барысында дамыту. Топтық қызметті ұйымдастыру барысында оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бірлескен топтық жұмыс жүргізу барысында әр оқушы оларда не күтілетінін түсінуі үшін, оқушыларға арнайы нұсқаулар, кеңестер беру арқылы олардың топтық жұмыс жүргізу біліктілігін дамыту .

Оқушының ойлау және өзіндік білім алу қабілетін дамыту:

Оқушыларға білім берудің барлық сатысында берілетін әр деңгейлі тапсырмалар оқушының өзіндік білім алуын қамтамасыз етеді. Оқушының танымдылық сұраныстарын қамтамасыз ете отырып, бұл тапсырмалар оқушының ойлау қабілетін оятады.

Оқушының өзіндік білім алуы, алған мағлұматты жетік меңгеруіне септігін тигізіп, өзіндік ойлау қабілеті, зейінін алған мағлұматты талдау барысында дамиды.

Денсаулық сақтау: Оқушылардың сабақ барысында арнайы жаттығулар орындауы, оқушылардың техника құралын қолдану барысында санитарлық нормалардың орындауын қадағалау, оқушылардың денсаулығына зиян келтірмеу жағдайларын қамтамасыз ету;

Беріктілік :

Көбіне жобалау әдісін оқытуды жүзеге асыру барысында маңызды мәселе және сұрақтарды қарастыру кезінде байқалады. Оқу материалының қажетті дәрежеде өңделуін қамтамасыз етеді.

Коммуникативті:оқушының мұғаліммен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, кіші топтарда жұмыс жүргізу барысында проблемалық тапсырмаларды орындау арқылы бірігіп жобалар құрасытуға жағдай жасай отырып, өзара сыйластыққа тәрбиелейді.

Көрнекілік: көрнекіліктің алуан түрлілігі: мәтіндік көрнекіліктер: оқытылатын тақырыпқа байланысты қажетті дерек көздерін сараптай білуге; Көремендік көрнекілік: мультимедиалық кешен, видео-сабақтарды қолдануға мүмкіндік жасайды;


^ 3.1.3 Педагогикалық қызметтің мазмұны

География сабағында оқушылардың білім сапасын калай көтеруге болады?

Қазіргі таңда ақпаратты технологиялардың жедел дамуы жалпы білім беру саласындағы педагогтардың білім беру үрдісін ұйымдастыру, әдіс- тәсілдерді қодану, пәннің мазмұнын оқушыларға түсінікті жеткізуге бағытталған. Жалпы қазіргі зерттеулерге сүйенсек жалпы адамның жадысында:

Естіген-1/4

Көргенінің-1/3

Естіп, көргеннің-1/2

Өзі оқып, талдап, білгенінің - ¾ бөлігін есте сақтайды. Міне осы жетістікке жетуге ақпаратты технологияның қосар үлесі мол.

Пәнді оқытуда ақпаратты технологияны қолдану:

  • Мұғалімнің ақпаратты технологияны басқару қызметіне;

  • Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын компьютермен қарым-қатынас жасау барасында арттыруға негізделген.

Ақпаратты технолгияны қолдану барасында мұғалімнің оқытушылық- басқару қызметінде:

  • Стратегиялық жоспаралу- мұғалім өзінің сабағын жоспаралау барысында оқушылардың ерекшеліктерін, қолданатын әдістерінің логикалық, психологиялық жағын ескеруі тиіс;

  • Тақырыптық- күнтізбелік жоспарлау;

  • Сабақ барысында ақпаратты техниканы қолдану барысында оқушылардың танымдылық қызметін басқару;

  • Оқушылармен –өзара тығыз қарым -қатынаста болу ( кеңес беру,

бағыттау)

География сабағында ақпаратты технологияны қолдану барысында келесі формалары жүзеге асырылады:

Жеке оқыту- Әдетте оқушылар мұғалімнің сабақ түсіндіргенін түсінбей, қолын көтеріп сұрауға ұялалды. Осындай жағдайда оқушы өзінің көмекшісі компьютердің көмегімен түсінбеген жерін қайталауға мүмкіндік алады. Компьютердің көмегімен оқушыларға:

  • Жеке тапсырмалар беру;

  • Электронды оқулықпен жеке жаңа тақырыпты меңгеруту;

  • Бақылау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді;

Гипертекстпен жұмыс- ақпаратты-ізденушілік қызмет арқылы оқушылар арнайы құжаттар, мәтін, фактілермен жұмыс жүргізу арқылы өзіндік білім алады.

^ Мультимедиалық кешен- басқа техникалық құралдарды қолдануға мүмкіндік береді. Аудио, видео, DVD . Яғни оқушы суретті көру, дыбысты есту арқылы ақпаратты жедел қабылдайды. Оқушы көрсетілген бейнефильмдер арқылы қажетті географиялық кезеңді, тұлғаны, оқиғаны елестете отырып, оларға деген түсінігі, көзқарасы қалыптасуына мүмкіндік туады.

^ Тренингтік тесттерлер- оқу материалын бекіту үшін қолдану – тестерді қолдану оқушылының танымдылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Өз жіберген қателерін түзетуге, талдауға мүмкіндік береді.

^ Веб- сайттарда жұмыс- электронды оқулықты құрастырудың тиімді жолы. Оқушыға сабақ кітаптан тыс мағлұматтарды игеруге мүмкіндік береді.

Интернет-оқушыларға қажетті мағлұматтарды сараптау арқылы іріктеуге, компьютермен, интернет жүйелісімен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастырады. Уақытты тиімді пайдалана отырып, пән бойынша түрлі мағлұматты меңгереді.

^ Жоба құрастыру – оқушылардың коммуникативті-танымдылық қызметін ұйымдастырудың бір түрі. Жоба- оқушының шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттерін дамытады. Оқушылар өзіндік жұмыс жүргізуге дағдыландырады. Сондай- ақ жобаны жұппен, топпен, сыныппен құрастыруға болады. Ол берілген тақырыптың ауқымына және мерзіміне байланысты болады.

Жоба мақсаты оқушыларға жасалған жағдайда олар:

  • Өз бетімен басқа деректер арқылы өздеріне керекті мағлұматты жинақтайды;

  • Берілген тапсырмалар бойынша өздеріне білім жинақтайды;

  • Басқа топтарда жұмыс жүргізу, қарым-қатынас жасау дағдылары дамиды;

  • Ақпарат жинақтау, зерттеу, салыстыру, бақылау, ойлау қабілеттері , біліктілігі дамиды;

  • Ойлау жүйесі қалыптасады;

Компьютердің сабақ барысында қолдану нұсқаулары:

Толық қолдану- электронды оқулықты қолдану барысында жүзеге асырылады

^ Бөліктік қолдану- мұғалім өзінің жоспарын құрастыра отыры, ақпаратты техниканы тек белгілі бір кезеңдерде қолданады.

Ақпаратты технологияны қолдану барысында оқушы:

  • Нақты ақпаратты ұғынады;

  • Оқушының зейіні ақпараттық көрнекілік, дыбыстық, бейне көріністер қарау арқылы қалыптасады;

  • Жаңа өтетін тақырыптың практикалық маңыздылығына ынталандырады;

  • Ақпаратты технологияны сабақ барысында қолдану оқушы мен мұғалімнің ақпараттық мәдениетін дамытып, информатика пәні мұғалімінің тығыз қарым-қатынастың болуын қамтамасыз етеді;



^ Педагогикалық жүйенің дамуы


Кезеңдері

Жүзеге асыру уақыты

Мақсаты

Міндеттері

Диагности-калық кезеңі


2009-2010 жж.

Мектепте ақпаратты технологияны қолдану кеңестігінің жүзеге асыру алғышарттрын құру.



  1. Қарастырылатын мәселе төңірегін зерттеу, негізгі теориялық білімді меңгеру;

  2. Мәселенің практикалық және әдістемелік жағын қарастыру;

Болжау кезеңі


2010-2011 жж.

География пәні бойынша ақпаратты технологияларды қолдануға жағдайлар жасау

  1. Педагогикалық қызметтің мазмұнын анықтау;

  2. Сабақ барысында қолданатын әдістерді негіздеу;

  3. Ақпаратты технологиялардың теориялық жағын қарастыру;

Ұйымдастыру кезеңі


2011-2012 жж.

Ақпаратты технологияны қолдану жүйесінің белгілі бір жүйеде қызметінің орындалуы.


  1. Ақпаратты технологияларды қолдану арқылы география сабағында

білім беру сапасының арттыру жолдарна сараптама жасау;

Қорытынды

кезеңі


    1. ж.

География сабағында ақпаратты технологияны жүйелі қолдану арқылы білім сапасын арттыру

1. Тақырыптың теориялық жағына түзетулер енгізу;

2.Нәтижені оқу әдістемелік құрал ретінде жинақтау;





    1. Диагностикалық кезеңі (2009-2010 жж.)

Осы кезеңде қарасытырылған зерттеулер негізінде тақырыптың өзектілігі негізделді.

^ Бірінші кезеңде- қарастырылатын мәселе төңірегіндегі еңбектер зерттелді, қазіргі замандағы теориялық, практикалық, әдістемелік жағы қарастырылды.

Әдебиетті сараптау барысында төменгі жағдайларға назар аударылды:

  • Қарастырылатын сұрақ төңірегін ғалымдар қалай түсінді;

  • Зерттелетін суъбектіге қандай анықтамалар берілді;

  • Қарастырылатын мәселенің теориялық және практикалық жағы ғылыми жүйеде қалай қарастырылған

Қызметтің мазмұны

Қортындыны ұсыну формасы

^ Есептің тыңдалу деңгейі

Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері

Педагогикалық-психология саласындағы әдебиеттермен танысу

Ақпараттық оқыту техно-логиялары жайлы әдіс-темелік оқу құралдарымен танысу

баяндама

Мектепішілік әдістемелік бірлестік отырысы

Әдебиеттерді талдау, салыстыру әдісі


География пәні бойынша электрондық оқу-әдістемелі құралдарымен танысу

«География пәні б/а электронды оқулықтармен жұмыс»

Мектепішілік әдістемелік бірлестік отырысы

Ақпараттық оқыту техно-логиялары жайлы әдістемелік оқу құралдарымен танысу




Өзіндік білім

^ Оқу үрдісін қамтамасыз ететін әдістемелік бағдарлама құрастыру

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар және сабақ жоспарларын құрастыру.

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Мектеп директорының орынбасары

Жобалау әдісі

^ Мектептің жұмыс жүйесіне қатысу

География пәні апталығына қатысу

Сабақтың жоспары

Мектепішілік ӘБ

Жобалау әдісі


«Интернет- мектеп» жобасына қатысу.

Бағдарлама,сабақ жоспарлары

Облыстық ақпа-раттық орталық.

^ Мектептің басқару жүйесіңнің құрамындағы жұмыс

Педагогикалық кеңеске «География сабағында

оқушылардың құзыреттілігің дамыту жолдары»

баяндама тезисі

Мектеп директоры, педагогикалық кеңес отырысы

Жобалау, түсінікті талдау әдісі

^ 4.2. Болжау кезеңі (2010–2011 жж.)

Екінші кезеңде зерттеуге қажетті зерттеулерді қарастыру жалғастырылды. Бұл кезеңде әдістемелік қызметтің міндеттері толық айқындалды. Бұл кезеңде қолданатын әдістер анықталып, ақапаратты технологиялар жайлы теориялық білім зерттелді. Сонымен қатар география сабағында қолданатын оқу-әдістемлік құралдар қоры толықтырылып, география пәні бойынша әдістемелік матералдар, слайд-шоу, тест, тапсырмалар түрлері жинақталды.

Қызметтің мазмұны

Қортындыны ұсыну формасы

^ Есептің тыңдалу деңгейі

Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері

Педагогикалық-психология саласындағы әдебиеттермен танысу

Қызметтің мақсат, міндетін анықтау

Әдістемелік тақырып бойынша жұмыс жоспарын құрастыру

Әдістемелік бірлестік отырысы

Жобалау және құрастыру әдісі

^ Оқу үрдісін қамтамасыз ететін әдістемелік бағдарлама құрастыру

Тақырыптық кесте, сызбалар жинақтау




Өзін- өзі бақылау

Жобалау әдісі

Тақырыптық тест материалдарын жинақтау

Тақырып бойынша тест түрлерін құрастыру

Әдістемелік бірлестік отырысы

Жинақталған материалды әдістемелік нұсқау ретінде жинақтау

«География әлемінде »-жинағы

Әдістемелік бірлестік отырысы

Әдістемелік жүйелеу

Әріптестерге жинақ-талған материал бойынша нұсқау жасау

Әдістемелік құрал

Әдістемелік бірлестік отырысы

Әдістемелік жобалау

Тақырыптық кесте, сызбалар жинақтау




Өзін- өзі бақылау

Жобалау әдісі

^ Мектептің жұмыс жүйесіне қатысу


География пәні апталығына қатысу

Сабақтың жоспары

Мектепішілік ӘБ


Баяндау әдісі

“Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары”

Баяндама “ География сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту және білім сапасын арттыру жолдары”

Алтынсарин оқуы

^ Мектептің басқару жүйесіңнің құрамындағы жұмыс

Педагогикалық кеңес: “География сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту және білім сапасын арттыру жолдары”

баяндама тезисі

Мектеп директоры, педагогикалық кеңес отырысы

Жобалау, түсінікті талдау әдісі



^ 4.3. Ұйымдастыру кезеңі (2011–2012 жж.)

Үшінші кезеңде мұғалім қолданатын әдіс- тәсілдің тиімді жақтарын қарастыра отырып, қазіргі заман технологияларының білім сапасын арттыруда қолдау тиімділігі анықталды. Оқушылардың қызметі сауалнама, сараптама жасау арқылы анықталды.


Қызметтің мазмұны

Қортындыны ұсыну формасы

^ Есептің тыңдалу деңгейі

Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері

Педагогикалық-психология саласындағы әдебиеттермен танысу


Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру

Тақырыптық шолу жасау «география сабағында жаңа технологияларды қолдану»

ӘБ отырыс

Әдебиеттерді талдау-сараптау әдісі

^ Оқу үрдісін қамтамасыз ететін әдістемелік бағдарлама құрастыру

Оқушылардың қызметін бақылау

Сауалнаманы талдау

ӘБ отырысы

Сауалнама жасау әдісі

Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдас-тыру жолдары

«Қостанай –кіші Отаным» жинағы

Әдістемелік кеңес отырысы

Жобалау әдісі

^ Озық тәжірибемен алмасу

“География сабағында ақпаратты технологияларды қолдану”

баяндама

ҚББ

Озық тәжірибені тарату


^ Мектептің басқару жүйесіңнің құрамындағы жұмыс

Әдістемелік кеңес

баяндама

Мектеп

ұжымы

Озық тәжірибе алмасу




^ 4. 4. Қортынды кезеңі (2012–2013 жж.)

Төртінші қортынды кезеңде жасалынған іс-әрекеттерді талдай отырып, түзету жұмыстарын жүргізу. Жұмыстың қортындысы ретінде әдістемелік құрал құрастырып, 11- сынып бойынша «Әлем мемлекеттері» электронды оқулығын құрастыру жоспарлануда.

Қызметтің мазмұны

Қортындыны ұсыну формасы

^ Есептің тыңдалу деңгейі

Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері

Авторлық бағдарламаны жүйелеу

Авторлық бағдарлама жинақтау.

Электронды оқулық, әдістемелік нұсқау

ӘБ отырысы


Жүйелеу әдісі


^ Мұғалімнің жұмыс жүйесімен тәжірибе алмасу

Түзету жұмысын жүргізу



11- сынып бойынша «Әлем мемлекеттері» электронды оқулығы

Озық тәжірибе мектебі

Тәжірибе алмасу

^ Мектептің жұмыс жүйесіне қатысу

Тәжірибе тарату

11- сынып бойынша «Әлем мемлекеттері» электронды оқулығы

Қаралық сараптама кеңесі

Тәжірибе алмасу

“География сабағында ақпаратты технологиялар арқылы білімі сапасын арттыру жолдары”

Мақала

Баспасөз беттері


Қортындылау және тәжірибе алмасу әдісі





  1. Қортынды.

Педагогикалық қызметтің нәтежелері.

География сабағында оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесін шешу барысында ақпаратты технологияларды қолдану болды.

Ақпаратты технология-оқушыларға сабақ кезеңдерінде білім алуды қамтамасыз ететін арнайы оқыту бағдарламасы болып келеді.

Ақпаратты технологияны оқу үрдісіне енгізу сабақтың дидактикалық мүмкіндіктерін, көрнекілігін, аудио, видео көмегі арқылы білім беру деңгейін көтереді. Оқушылардың өзіндік білім алуға мүмкіндік жасай отырып, сабақтың түрлі дәстүрлі емес формаларын ұйымдастыруға болады.

Ақпаратты технологияларды қолдану сонымен қатар оқушылардың ақпараттық, коммуникативті құзыреттілігін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Ақпаратты технологияны қолданудың артықшылығы:

Оқушыға түсетін оқу жүктемесін төмендете отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырып, зерттеумен айналысуына мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияның оқу үрдісіне енгізудің негізгі мотиві:

  • топпен, жұппен жұқмыс жүргізу мүмкіндігі;

  • жолдастарымен қарым қатынаста болу;

  • білім алу деңгейін анықтау;

  • жеке жұмыс жүргізу;

  • білімді игеру үрдісін бақылау.

  • жоғары жетістіктерге жету кепілдігі;

Білім беру негізінде ақпаратты технологиялардың беретін мүмкіндіктері:

- мультммедиалық кешен арқылы тез арада ақпаратты меңгеру, оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланыстың жылдамдығы;

- оқушылардың заман талабына сай жобалардың құруы;

- интернет арқылы алынатын ақпарат түрлерінің алуан түрлілігі;

- оқушының танымдылық қабілеттерін дамытады;

- сабақ барысында оқушының өздігінен білім алуда белсенділігі артады;

^ Ақпаратты технологиялардың білім беру үрдісінде қолданудың тиімділігі:

- ақпаратты технология оқушынының қызметін нақты жоспаралауға ұйымдастыруға, қажетті мағлұматпен қамтамасыз ету;

-Кері байланыс арқылы оқушы –өзінің іс-әрекетінің дұрыстығын анықтайды.

- Оқушының мотивациясын күшейту үшін түрлі әдіс тәсілдерді қолдану;

- білім сапасының көтерілуі;

- географиялық ақпаратты іріктеп тез арада меңгеруі;

География пәнін оқытудағы негізгі жетістіктер:

  • Оқушылардың сабақты меңгеру барысында өздерін еркін сезінуі;

  • Тапсырмаларды оқушылардың ерекшеліктеріне қарай ескерілуі;

  • Тақырыптық бақылаудың жүйелі түрде жүргізілуі;

Мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтежесі:

Ғылыми конференциялар жинағындағы мақалалар:

  1. 2008 ж. Облыстық Ыбырай Алтынсарин

педагогикалық оқулары “География сабағында

оқушылардың құзыреттілігің дамыту жолдары”

Сайыстар:

  1. 2010 ж. “Білім беру үрдісіндегі ІТ технологиялар”

қалалық -1 орын.

  1. 2011ж. Қалалық “Әдістемелік идеялар

фестивалі” Пән кабинеті 2 орын

3. 2011 ж. “Білім беру үрдісіндегі ІТ технологиялар”

“Лучший урок с использованием интерактивного

оборудования ”қалалық -1 орын.


Оқушылардың жетістіктері.

Ғылыми жоба.

  1. 2008 ж. Абдигалиева М. “Қазақстан мен

Ресейдің экономикалық қарым-қатынастары”

қалалық -4 орын.

2. 2009 ж. Камалиев А.- «Қостанай облысының

Демографиялық жағдайы»- қалалық ОҒК-3- орын,

облыс деңгейінде-2 орын

  1. 2012ж. Акалтаева Д. “Құсмұрын өңірі сыр

шертеді” аймақтық – 1 орын.

  1. 2012 ж. Утеубаева А. “Қостанай қаласының ”

сәулет ескерткіштері” қалалық 3 орын.


Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. Беспалов П.В. Компьютерная компетентность в контексте личностно ориентированного обучения.//Педагогика. – 2003. – №4. – С. 41-45.

  1. Буланова- Топоркова Педагогические технологии // Москва 2006 г.

  2. Данильчук Е.В. Методологические предпосылки и сущностные характеристики информационной культуры педагога.//Педагогика. – 2003. –№ 1. – С. 65-74.

  3. Ильина Т.А. Педагогика / Москва:Просвещение,1984 г.

  4. Полот Е.С Новые педагогические и информациионные технологии в системе образования.//Москва: Академия 2000г.

  5. Селевко Г.К Инфармационные технологии в школе. //Ярославль, 2003г.

  6. Селевко Г.К Энциклопедия образовательных технологии/ / Москва 2006 г.




  1. Моисеева М.В., Полат Е.С., Бухаркина М.Ю., Нежурина М.И. Интернет-обучение: технологии педагогического дизайна./Под ред. кандидата педагогических наук М.В. Моисеевой. – М.: Издательский дом “Камерон”, 2004. – 216 с.

  2. Ольховской Л.И., Рудаковой Д.Т., Силаевой А.Г. Золотая рыбка в “сети”. Интернет-технологии в средней школе (Практическое руководство).//Москва: Прожект Хармони, Инк., 2001. – С.168



Похожие:

Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны iconГеография Пән мұғалімінің аты – жөні Асанова Карлыгаш Илиукеновна Білімі жоғары Санаты І еңбек өтілі 14 Қостанай қаласы 2011- 2012 оқу жылы Мазмұны
Бт сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы
Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны icon«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» мм мұғалім: Асанова К. И. 2010-2011 оқу жылы Тақырыбы
Мақсаты: Дарынды оқушыларды анықтап, дарынын одан әрі шыңдау, әр түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін дамыту
Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны icon«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» мм
Мақсаты: 11«а» сынып оқушыларын Ұбт дайындау барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда беталыстарды анықтау, Ұбт тапсыруға оқушылардың...
Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны iconДипломдық жұмыстың
Жалпы білім беретін мектептерде білім сапасын арттыру, білім беру мазмұнын жетілдіру, оқыту үрдісін жаңа сапалық денгейге көтеру...
Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны iconБітіруші дипломдық жобасына (жұмысына) Пікір Жоба тақырыбы: «Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері»
Азіргі таңда психология ғылымының өзектілігі өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру оқыту мәселесін жақсарту...
Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны iconАқмола облысы, Аршалы ауданы, Сары-Оба орта мектебі Қазақ тілі пәні мұғалімі – Сейдуллаева Г. Т. Тіл декадасына арналған «Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысы. Мақсаты
...
Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны iconМiндеттердi шешудi талап етедi. Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың негізгі мақсаты
«География» оқу пәні бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалды
Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны iconАстрахан №1 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі: Өмірзақ А.Қ

Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны iconШағын және орта бизнес кәсіпорындарында исо 9001 стандартын қолдану Әдістемелік нұсқаулар Қызылорда- 2012 «Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында исо 9001 стандартын қолдану»
«Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында исо 9001 стандартын қолдану» әдістемелік нұсқаулығы Қызылорда облысының Кәсіпкерлер Қауымдастығымен...
Қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. (Қостанай қаласы №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі: Асанова К. И. әдістемелік жұмыс жүйесі) Мазмұны icon3 І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі
Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов