Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» icon

Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі»



НазваниеТақырыбы : «Бауырсақ ертегісі»
Дата05.03.2014
Размер64.61 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>
1. /Сыныптан тыс _с-шара .docxТақырыбы : «Бауырсақ ертегісі»

Сыныптан тыс іс-шара «Ертегілер әлемінде»

27.01.2014 ж.

Дайындағандар: бастауыш сынып мұғалімдері

Баймышева А.Ө., Смакова Ж.С., Енсебаева А.А.


Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі»

Сабақтың мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.

Білімділігі: Бауырсақ ертегісінің  қойылымын көрсету арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін  арттыру.

Дамытушылығы: оқушыларды өнерге бейімдеп, әртістік қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі: өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші , шал, кемпір, бауырсақ, қоян , қасқыр , аю, түлкі.

Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.

Қатысушылар: Автор - Смакова Жазира Сайрановна,

Кемпір - Мусипова Самал Талгатовна,

Шал – Есимов Айдос Амангельдинович,

Бауырсақ – Енсебаева Айнагуль Асылбековна,

Қоян – Баймышева Айнур Осербаевна,

Қасқыр – Абетова Динара Зейнуллинова,

Аю – Данияров Куандык Мухаметжанович,

Түлкі - Баймышева Айнур Осербаевна.


Ертегі - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.

-         жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)

-         қиял-ғажайып ертегілер

-         шыншыл ертегілер

Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.

Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады.

- Біз бүгін ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.

- Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр екен

«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:

Автор:

Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер!

Сіздер 1-2 сынып оқушыларының қиялынан туындаған « Бауырсақ»  ертегісін тамашалайсыздар.

Музыка ойнап тұр. « Ертегілер» әні.

Автор

Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

Шал

-         Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші

Кемпір

-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой

Шал

-         Әй ,кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

Автор

Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ

Жоқ, сен мені жеме, саған достарым қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.

Автор

Қоян құлағын түреді, ал балалар әнге басады: «Құлыншағым» әні Сатай Дильназ

Қоян

Бауырсақ сенің өленің жақсы, бірақ сен одан да менің тапсырмамды орында .

  • Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.

 Қоянның тапсырмасы:

-Ұн неден алынады ? (Бидайдан)

Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.)

Автор

Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса ,оның алдынан қасқыр шыға келіп:

Қасқыр

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ

- Сен мені жеме, менің достарым саған би билеп береді.

Автор

«Айгөлек» биі Сатай Дильназ, Темірбай Фаризат, Галиаскарова Аягоз, Рахимжанована Ансаған

Қасқыр

  • жоқ, бауырсақ, биін керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.

Қасқырдың тапсырмасы: Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып  алдық ,енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.

1. берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам.

Автор

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.

 

Аю

-         Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ

- Сен мені жеме, менің достарым саған тақпақ айтып береді.

Сыздыков Еламан

Темірбай Фаризат

Аю

Әй, балалар, балалар!

        Менде қызық ойын бар,

        Ал ықылас қойындар

        Кәне, тәртіп сақтайық,

        Мен берген тапсырманы,

        Бұлжытпай орындайық.

Аюдың тапсырмасы:  «Дыбыстар әлемі» ойыны оқушылар берілген дыбыстардың арасынан дауысты және дауыссызды ажыратып сөз ойлау қажет.

Автор

Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.

Түлкі

-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!

Автор

Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп,қыбырын білдірмей, бауырымен сырғып, жақындай береді.

Бауырсақ

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым,түлкі ,сенен құтылу

Қиын емес бұл маған !

Түлкі

Түлкі: оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында

Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.

 1.  Қыста ақ,

      Жазда сүр.         (қоян)

 2.Қорбаң- қорбаң етеді,

Орманда ол жүреді. (аю)

 3.Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай-шу.     (түлкі).

 

Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.

Балалар: - жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.

Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.

Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.


Автор

Әже сендерге бауырсақты аман алып қалғандарын үшін бауырсақ пісіріп қойды.

Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер,

(отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).   

Шашу шашылады.

Қорытындылау:

- Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)

-Ұн неден алынады ? (Бидайдан)

Бауырсақтың түсі қандай? Сары.

Бауысақтың пішіні қандай?  Домалақ, шеңбер.

-Ал, балалар , нан туралы мақал - мәтелдер, тыиым сөздер білесіңдер ме ? (Мақал- мәтелдер, тыйым сөздер айтады.)

- Келесі кездескенше, сау болыңдар.

















Похожие:

Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» iconДиплом жұмысы Тақырыбы
Тақырыбы: I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері
Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» iconРеферат тақырыбы

Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» iconРеферат тақырыбы

Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» iconРеферат тақырыбы

Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» iconРеферат тақырыбы

Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» iconРеферат тақырыбы

Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» iconРеферат тақырыбы

Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» iconРеферат тақырыбы

Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» iconРеферат тақырыбы

Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» iconРеферат тақырыбы

Тақырыбы : «Бауырсақ ертегісі» iconРеферат тақырыбы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов