1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші icon

1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші



Название1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші
Дата22.06.2013
Размер38.83 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>


Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жаңа 2013 жыл» атты ертеңгілік сценариі

Ақшақарлар биі.

1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Бармысыздар замандас, бауырлар шабытты шәкірттер.

Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке , қуаныш пен мереке болып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар

Ортада міне шырша бар

Сылдырлаған моншағы

Шыршамыздың мол шамы

2-жүргізуші: Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге,

Береке ырыс келсін жерімізге.

Жылан жылын кең пейілмен қарсы алайық,

Қуаныш шашу шашсын төрімізге.

^ Би 4 сынып

2-жүргізуші: Балалар ортаға өтіп бара жатқан жыл «Ұлу жылын» шақырайық.

1-жүргізуші: Балалар Ұлу жалғыз келе жатқан жоқ, досын ертіп келе жатыр.

Қарсы алайық.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар! Мен сіздермен қош айтысып, менен кейін келетін жылға сіздерді тапсыруға келдім. Менің жылым жаман өткен жоқ, келісесіздер ме?

  • Апа, менің жылымда сіздің үйіңізде қандай жаңалықтар болды?

  • Құрметті ана, сіз менің жылыма ризасыз ба?

Биыл менің жылымда болған жаңалықтар туралы қысқаша айтып өтейін:

Олимпиададан еліміздің көк байрағы бірнеше рет көтеріліп, қазақ халқының төбесін көкке тигізді. Экспо-2017 жаңа инновациялардың дамуы туралы идеямыз іске асып, 2017 жылы 103 елдің алдында біздің Қазақстан елінің дарынды адамдары өз жұмыстарын көрсететін болып, шешім қабылданды. Осы шараға 5 миллион турист келеді . Соған арнап ел азаматтары жиналмалы киіз үйлер , түрлі роботтар ойластырып жасап жатыр. Астанада «Астана- Сити» деген қалашық салынады.

1-желтоқсан еліміздің алғашқы Президент күні мерекесі өтті . Еліміз тәуелсіздік алып, өркендеп, биік шыңдардан көрінгеніне биыл 21 жыл толды. 2012-2013 оқу жылында мектебіміздің іші-сыртын бағалай отырып, аудан көлемінен видео камера сыйға тартылды. Ол құрметті ата-аналар, ұстаздар , мектеп қызметкерлері және оқушылардың еңбектері.

Ауылымыздағы жаңалықтар:

Ауылымызда 7 отбасы құрылды. Дүниеге 3 сәби келді.

Менің жылымда еліміз тыныш болды . Мен өзіммен бірге досымды ертіп келдім. Бұл жай дос емес бұл биылғы табалдырығымызды аттағалы тұрған Жаңа Жылан жылы.

1-жүргізуші: Балалар қандай тамаша, Ұлу өзімен бірге , жаңа жылды ерте келіпті. Онда жылдарға төрден орын берейік.

Төрлетіңдер жаңа жылдар

Құшақ жая қарсы алыңдар.

Бірге тойлап жаңа жылды ,

Әсем әнмен ырғалыңдар .

Ұлу жылын ортадан шығарып саламыз

2-жүргізуші: Жаңа жыл келіпті ортамызға,

Мол дастархан сыйласын баршамызға.

Таусылмасын бақыт пен құт-береке,

Жақсы тілек тілейік баршамыңызға.

Жаңа жыл: Армысыздар ардақты қауым! Бармысыңдар бүлдіршіндер! Биыл менің жылым да да елімізде тыныштық болып ,ырыс-құтымыз азаймасын. Жаңалықтар көп болсын! Жаңалықтардың ең бастысы 2013 жылы алтын ұя мектебімізге 20 жыл толады. Ендеше балалар тұрмайық, барлығымыз шыршаны айналып, ән салайық. Той тойға ұлассын!

1-жүргізуші: Жас достар, қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың бауы берік болсын!

Жаңа жыл: Балалар сендер өнерлі екенсіңдер, енді кезекті ойынға берейік.

«Боксерлер» қолғабы.

Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.

Балалар бізге кімдер жетіспейді?

Әрине, Аяз ата мен Ақша қар.

Аяз ата мен ақша қарды шақырамыз.

1-жүргізуші: Бәріміз қосылып барлық ниетімізбен, дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық. Балалар көптен күткен Аяз атаны біз ерекеше қарсы алайық. (Шырша жағылады)

2-жүргізуші: Хош келдіңіз Аяз ата, хош келдіңіз Ақшақар!

Аяз ата: Балаларым, балғыным

Өмір гүлім шалғыным

Тілегім жыл бойғы

Сендердің денсаулығың.

Амансыңдар ма балаларым? Орман тоғайдан, үскірік аяздан сендерге зорға жеттім. Өздеріңді көргенше асықтым. Осы ауылды аралап немереміз екеуіміз жеткенше уақыт осы болды. Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, немерем екеуіміз дем алайық.

Ақниетпен нәр алған,

Сенсіз менің өлеңім

Әнге бөлеп әлемді

Ортаға мен келейін Жанель «Жаңа жыл» әнімен

«Айгөлек» шағын орталығы

Даярлық тобы ән-шашуы

Жүзімізде күлкі ойнап

Естіледі әніміз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билейміз бәріміз.

^ Би «Қызыл өрік» 1-сынып

Ән «Ойыншықтар»

2-сынып «Жаңа жыл» әні

4-сынып «Ертегілер» әні

Қуыршақ театры «Ертегілер әлемі» қойылымы

Ән

9. Аяз атаны шығарып салу

Аяз ата: Ал, енді балалар, өнерлерің тамаша екен, бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер. Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, сендер сияқты әр жерде балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Қош болыңдар, балалар. Келесі жылға дейін сабақты жақсы оқыңдар. Келесі Жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар.

Ақша қар: Сау болыңдар, балалар,

Аман-есен болыңдар.

Әр таңды қуанышпен

Қарсы алып тұрыңдар!

Қане, балалар Аяз ата мен Ақша қарды бәріміз хормен шығарып салайық.

Құрметті көрермендер осымен бүгінгі Жаңа 2013 жыл атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Бастауыш сыныптар арасындағы хор

Келесі кездескенше хош сау болыңыздар.

Жақсылықта жүздесейік.

Әрбір жанұяға береке- бірлік, шаттық-қуаныш, бақыт тілейміз.



Похожие:

1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші iconАқшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу
Жүргізуші: Құрметті ата -аналар, қонақтар. Біз сіздермен бір жыл бойы қызығы мен қуанышы мол,есте қаларлықтай мерекеге толы ескі...
1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші iconҚосымшалар
Бухгалтерлік есеп саясатының мәні және оның шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқарудағы рөлі
1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші iconҚосымшалар
Бухгалтерлік есеп саясатының мәні және оның шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқарудағы рөлі
1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші icon2 Сот қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі
Сот қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі
1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші icon2 Сот қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі
Сот қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі
1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші icon«Өмірде ана – бұлақ, ана-пана, Өмірді өркендетер ана ғана»
Аналар,қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде азаматты қуанышқа бөлеп,адам...
1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші iconБөбек – это солнце на детской лошадке қайырымдылық акциясы
Жүргізуші: Біз бақытты баламыз! Өз елімізде еш алаңсыз, кеудемізде лүпіл қаққан кішкентай жүрегімізбен еліміздің болашағына үлкен...
1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші iconЕртегілердің сиқырлы әлемі «Үштұғырлы тіл»
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Армысыздар ардақты ағайын! «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында дайындалған балалардың...
1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші iconАлтын күз мерекесі Жүргізуші: Құрметті, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
Сіздерді Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз, сіздерге зор денсаулық, молшылық тілей отырып, бүгінгі «Арайлы алтын күз атты»мерекелік...
1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші icon2011- шырша тойы
Айгерім: Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов