Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы icon

Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы



НазваниеИслам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы
Дата24.06.2013
Размер73.56 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>



№2 қараша 2012 жыл

Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі






  1. Танымал тұлға айдарының кейіпкері: еңбек пәнінің мұғалімі Халат Самархан

  2. Мектептегі іс-шаралар

  3. Ислам!

  4. Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы

  5. Құттықтау!



Құрметті оқырман қауым! «Арай» басылымына беретін қызықты мақалаларыңыз болса хабарласыңыздар!




Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі Халат Самархан
Біздің анықтама:

Жылы: 20.10.1967

Жұлдызы:

Тағамы:

Сүйікті кітабы:

Ұстанымы:


  1. Қай жерде туып өстіңіз?

Мен 1967 жылы, қазан айының 20-шы жұлдызында

Монғолия мемлекеті, Баян-Өлгий аймағы, Сақсай ауылын-

да дүниеге келдім.

  1. Отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз?

Отбасымда 8 адам бар. Жарым, 5 ұлым, 1 қызым және

өзім. Жағдайымыз жақсы әрі бір-бірімізді сыйлап,тату-тәт-

ті өмір сүріп жатырмыз.

  1. ^ Бала күнгі арманыңыз не еді?

Бала кезімде суретші болуды қатты армандадым. Әртүрлі заттардың бейнесін қағаз бетіне түсіріп, бейнелегенді ұнататынмын. Бүгінде осы арманыма қол жеткіздім деп ойлаймын.

  1. ^ Бала кезіңізде қандай оқушы болдыңыз?

Тәртіпті, үздік, барлық достарымның арасында адал, сыйлы, үлгілі оқушы болдым.

  1. Қандай пәнді сүйіп оқыдыңыз?

Көбінесе сызу, бейнелеу, физика пәндерін сүйіп оқыдым. Әркайсысы түрлі білім нәрімен сусындатып, өз ерекшеліктерімен ұнады.

  1. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

Бос уақытымда көптеген газет-журналдармен танысып, компьютер-мен де айналысамын.

  1. Қазіргі мектеп оқушылары мен ұстаздары қандай болуы керек деп ойлайсыз?

Ол үшін тәрбиелік, сыйластық қажет. Яғни, мұғалім оқушыларды, оқушы ұстаздарды сыйлау керек деп ойлаймын.

  1. Біз білмейтін қандай өнерлеріңіз бар?

Кез-келген заттың мүсінін жасағанды ұнатамын. Әрі қазақтың ұлттық аспабы домбырада ойнаймын.

  1. Бүгінгі таңда біздің мектеп өміріне көңіліңіз тола ма?

Әрине, толады. Бірақ бұл мектепке аздаған жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әртүрлі үйірмелер ашылып, спорт зал, сахна салынса деймін.

  1. «Арай» басылымына тілеріңіз?

«Арай» басылымына ғұмырларыңыз ұзақ болсын, әрі қарай өсіп-жетіліп, дами беріңіздер дегім келеді.

^ Сұхбаттасқан: Жақсылық Гүлғайша




Мұғалімдер мерекесі!

Қазан айының жұлдызында мектебімізде ұлағатты ұстаздар күніне орай «Мұғалімдер күні» іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шара өзін-өзі басқару концерті түрінде өткізілді. 5, 7, 8-ші «А» сынып оқушылары «Шахрияр шах әмірлігі» атты көрінісімен мерекені ашты. Барлық оқушылар белсене қатысып, әсем ән мен тәтті күй шырқалды. Мың бұралған бишілеріміз де тысқары қалмады. Сондай-ақ қымбатты ұстаздарымыз да елеулі еңбектері үшін мақтау қағаздары-мен марапатталды. Осы мерекеге ат салысқан оқушыларға алғыс білдіреміз! Сонымен қатар барша ұстаздар қауымын мерекелерімен шын жүректен құттық-таймыз!

Макинка қаласында ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара аталып өтті. Оған біздің мектеп ұстаздары да қатысты. Сонда біздің ұстаздарымызға «Нұр Отан» партиясының атынан мақтау қағазы берілді. Аудан әкімі Балпан Мұрат Сағатұлының ұсынуымен мектеп директоры Тілеубаев Н.Н, және тәрбие ісінің меңгерушісі Молдабеков М.Б-на мақтау қағазы берілді.

Мектебімізге жазғы демалысты жақсы ұйымдастырғаны үшін «Жаз және балалар 2012»

1-орын берілді. Мектебімізді жеңісімен шын жүректен құттықтап, оны әрі қарай дамыта түсуге тырысамыз. Себебі, мектептің болашағы біздің қолымызда!

^ Алтын күз!

Қазан айының 12-ші жұлдызында мектебімізде «Алтын күз» мерекесі ұйымдас-тырылды. Аталмыш іс-шараға 5-10 сынып оқушылары белсене қатысты. Өткізілген іс-шараның талаптары:

- Күзгі сән (мода);

- Күзгі дастархан;

- Көрініс;

- Музыкалық нөмір (ән немесе би);

- Күзгі қабырға газеті.

Қатысушылар осы талаптардың барлығына мол жауапкершілікпен орындап шықты. Нәтижесінде 7 «А» сынып оқушылары 1-орынға ие болды. 2-орынды

6 «А» сынып оқушылары, 3-орынды 8,10 «А», 6,7 «Б» сынып оқушылары иеленді. Қабырға газеті бойынша 9,6 «А» сынып оқушылары 1-орын алды. 2-орынды 7 «А», 3-орынды 5 «А», 5,6,7 «Б» сынып оқушылары иеленді. Қатысушыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, әлі талай биіктерден көріне берсін дейміз!

Жарайсыңдар!

Қарашаның 7-інде ауданымыздың Балдырған балабақшасында «Балдырған достарын шақырады!» атты 3-10 жас аралығындағы ән байқауы өтті.Бұл сайысқа біздің мектебіміздің намысын қорғауға 3-«А» сынып оқушысы Айып Аружан және 4-«А» сынып оқушысы Серікжан Дина және 1-«А» сынып оқушысы Серікжан Нұртілеу қатысты. Сайыс 2 кезеңнен тұрды.Балаларға арналған ән және патриоттық ән орындау талабы қойылды.Сайысқа барлығы 25 бала қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша,Серікжан Нұртілеу 6-8 жас аралығында жас ерекшеліктері бойынша жүлделі 2 орынды иеленсе,екі аруымыз ынталандыру сыйлығы мен мадақтама қағаздарына ие болды.Сайыскерлерімізге әлі талай шыңнан көрініңіздер дегіміз келеді!


^ Мәлімет берген:

тәрбие ісінің меңгерушісі: Молдабеков М.Б.




Логикалық есеп

Ауыстырып көр

Менің тоғыз кітаптан тұратын энциклопедиям бар. Бір күні қарасам,

суреттегідей орындары ауысып кетіпті. Ойланып отырып үш рет екі кітаптан ұстап орын айырбастап едім, бәрі ретіне келді. Жас дос, сен де ойланып көрші?


Жұмбақтар



Жеп тоймайды, Өзі жансыз, бұл не, тегі?

Еркіне салсаң, Үйді жалғыз күзетеді.

Түк қоймайды. (Құлып)

(Өрт)

























































































































































































































Сөзжұмбақ


  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

  1. Жарқ-жұрқ етіп жанып

барады.

  1. Өліден тірі туады,

Тіріден өлі туады.

  1. Күндіз төбеге шығады,

Түнде шегеге шығады.

  1. Ұзын құйрық сауысқан,

Бір көлдің суын тауысқан.

  1. Бес ін,

Бес іннің аузы бір ін.

  1. Жылыны суытпайды,

Суықты жылытпайды.

  1. Ұстасаң, қолға ілінбес,

Қарасаң, көзге түспес

  1. Сырты жасыл қап-қатты,

Іші қызыл тәп-тәтті


Бетті дайындаған: Жақсылық Гүлғайша




Асыл мақсат – Алла тағаланы тану!

Абай былай дейді: «…Белгілі, Құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, ешбір нәрсені хикметсіз тәклиф (міндеттеу) қылмады. Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ғауам (халайық) былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ижтиhатләзім».

Абай бұл сөзді Құранға сүйеніп айтып тұрғанында шүбә жоқ. Өйткені, Құранда Алла тағала: «^ Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым («Зәрият» сүре-сі, 56-аят),-деп әмір еткен. Расында, адамзаттың жаратылу мақ-саты – Раббысын тану, Оған құлшылық ету.


Мысал

Аллаhтың сүйген құлдарының бірі достарымен көшеде кетіп бара жатып, бір кезде өзінен-өзі егіліп жылапты. Достар түкке түсінбей:

- Саған не болды? Бір жерің ауырып тұр ма? Не үшін жылай-сың? -деп сұрайды. Ол:

-Қойды отқа қақтап отырған адамды көрдіңдер ме? –дейді.

Достары:

-Иә. Онда тұрған не бер? Соған бола жылайсың ба? –дейді.

Сонда әлгі адам:

-Бұл менің есіме ерекше бір күнді түсіріп отыр. Адамдар сол кү-ні қатты қиналады.Жануарларды өлтіргеннен соң отқа күйдіреді. Олар оттың әсерін сезбейді. Ал адамдар болса тірідей отқа тас-талды!.. Адамдардың оған қалай шыдағанын ойлап, еріксіз көзіме жас келді, -деген екен.


^ Бетті дайындағандар: Жақсылық Гүлғайша,Манет Анаргүл





Ардақты да аяулы ұстаздарымыз Масалимов А.А,

Бүркітбаева Ш.Қ, Бекихан А. Скиртач В.И. сіздерді қараша айында өткен туған күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге ашық аспан, мол бақыт, қажымас қайрат, талмас қанат, еңбекте мол табыс, өмірдегі бар қуаныш пен жақсылықты тілей отырып, әрдайым жүздеріңізден нұр таймасын дегіміз келеді. Әрдайым жадырап, күліп-ойнап жүре беріңіздер!





Әдептілік - әдемілік



Үлкеннің алдын кеспе. Оған жол бер.

Киімді теріс айналдырып киме. Бас киімді теппе.

Үлкен кісімен сөйлескенде, қолыңды қалтаңа салып тұрма.

Үлкен кісімен сәлемдескенде ізетті, әдепті бол.

Кішімен кішіпейіл, ақжарқын сәлемдес.

Біреумен сөйлескенде, бетіне қадала, тақалып тұрма.

Біреудің затын өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма.


Бетті дайындаған: Жақсылық Гүлғайша



Похожие:

Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы iconМазмұны Кіріспе І
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары
Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы iconМазмұны Кіріспе І
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары
Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы iconМенің дінім-Ислам
Ш. Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының 9-сынып оқушысы Шәкіров Айболат
Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы iconПедагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Д. С. Байғожанованың ғылыми еңбектерінің тізімі Список научных трудов кандидат педагогических наук, доцента Байгожановой Д. С
Байғожанова Д. С. Мектептегі 2-ші класс оқушыларына Информатика пәнін оқыту әдістері. І. Жансүгіровтын туғанына 100 жыл толуына арналған...
Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы iconМектеп түлектеріне арналған «Куәлік тапсыру» салтанатты кешінің сценарийі Жаңақоныс негізі мектебі
Бүгін бізде қуаныш, бізде үлкен той. Біз бүгін 9 жыл бойы білім беріп ой-санамызды дамытқан адалдыққа тәрбиелеген, білімнің соқпағымен,...
Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы icon-
Современный ислам в международных отношениях
Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы icon2011 жылға арналған «Парасат» ҰҒТХ» АҚ табыстарының шоғырланған табысы
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму Стратегиясына қосымша 5
Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы iconКіріспе
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы icon«Ел Анасына арнаймын» шығармашылық конкурсын өткізу туралы ереже жалпы ереже «Ел Анасына арнаймын»
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын насихаттау және енгізу бойынша сынақ алаңдары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз...
Ислам! Мектеп оқушыларына арналған қосымшасы iconМазмұны Кіріспе
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің дидактикалық қағидаларының сипаты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов