Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары icon

Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары



НазваниеБаяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары
Дата24.06.2013
Размер43.31 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>

Троицк орта мектебi


Баяндама:

«Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары


Дайындаган: Жужжанова С.Н.

шетел тілі оқу пәнінің мугалiмi


Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.


Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді:

Танымдық бағыт бойынша:


• Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

• Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:(Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.)

• Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

• Сөз мәдениетін таныту;

• Пікірталас мәдениетін жетілдіру;

• Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту;

• Оқушылардың логикалық ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру;


Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша:

• Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту;

• Тілдік сауаттылығын арттыру;

• Оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

• Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;

• Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;

• Шығармашылық қабілеттерін дамыту;

• Қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу;

• Пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру;

Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.

Бұл қағидаларды өз оқу - әдіс , іс-тәжірибемде үнемі естен шығармай, пайдалы жақтарын көруге тырысамын.

Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:

1. Рөлдік ойындар.

2. Іскерлік ойындар.

А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары.

Ә)Өндірістік ойындар.

Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:

1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды.

2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.

Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады:фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.»деген тақырыптарда.

Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады.Олар:дайындық ойындары және шығармашылық ойындары.Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады.Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді.Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді.Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?»немесе «Мынау не?»деп сұрақ қою.Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго»ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру.Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.

Әдеттегідей ойынға оқушылар2-3 топқа бөлінеді.Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын.Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады.Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында», «XXI ғасыр көшбасшысы»ойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады.

Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін , тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталамын.

Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу.Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады.Оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар.

1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б.

2.Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).

3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдың - тақырыптық негізінде сөз ірітіледі. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.Мысалы, «оқушы, оқы, кітап»деген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады.

Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді». Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.



Похожие:

Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары iconҚазақ тілі пәнінің мұғалімі Меирбекова Назипа Нүгербекқызы 2 «Б»класс. Қазақ тілі Эпиграф «Қыс мезгілі өзінше тамаша!» Сабақтың тақырыбы
Тәрбиелік: Туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, балаларды көркемдікке тәрбиелеу
Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары iconДарынды оқушылармен жұмыс Ана тілі пәні бойынша 3-сынып Жетекшісі: Утебаева Ж. С 2013-2014 оқу жылы Ана тілі

Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары iconБастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары мазмұНЫ
Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері
Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары iconШетел тілдері педагогикалық факультеті 1-28 наурыз аралығындағы (2009-2010 оқу жылы) айлықтың жоспар-бағдарламасы
Шетел тілдері педагогикалық факультеті 1-28 наурыз аралығындағы (2009-2010 оқу жылы) айлықтың
Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары iconХалықаралық конференция: «Оқытудың кәсіптік және техникалық оқу орындарындағы инновациялық технологиялары»
«Оқытудың кәсіптік және техникалық оқу орындарындағы инновациялық технологиялары»
Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары iconХалықаралық конференция: «Оқытудың кәсіптік және техникалық оқу орындарындағы инновациялық технологиялары»
«Оқытудың кәсіптік және техникалық оқу орындарындағы инновациялық технологиялары»
Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары iconНаграда қАҒазы тегі, аты, әкесінің аты
Лауазымы, жұмыс, қызмет орны қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жаңақоныс негізгі мектебі
Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары icon7 сәуір 2012 жыл Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі
Танымал тұлға айдарының кейіпкері: орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәмелінова Фания Хикматқызы
Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары iconЖоспары
Оқу жүйесiнде дамыта оқытудың орны, педагогикалық мәнi мен маңызы, даму тенденциясы
Баяндама: «Шетел тілі» оқу пәнінің оқытудың басты мақсаттары iconТақырыбы: I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері. Ғылыми жетекшісі
«Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов