Қуант бізді, Жаңа жыл! icon

Қуант бізді, Жаңа жыл!



НазваниеҚуант бізді, Жаңа жыл!
Дата06.03.2014
Размер34.92 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>

« Балдырған» тобы, « Гүлдер » тобы.

Қуант бізді, Жаңа жыл!


Жүргізуші: - Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп, шат болып

Шаттық күліп тараңдар.


Алдар-Көсе: - Уа, халайық құрметті

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып

Өткізейік дүрмекті.


Бірге: - Уа, халайық той бүгін!

Бақыт, шаттық мол бүгін

Қарсы алайық Жылқы жылын

Ұзатып сап жылан жылын!


Бай: - Мұнда не болып жатыр? Не айқай шу?


Алдар-Көсе: - Оу, байеке, сіз қайдан жүрсіз ? Жол болсын! Мұнда Жаңа жылдық мереке болып жатыр.


Бай: - Менде қатынасайыншы.(кілтін іліп кету)


Алдар-Көсе: кілтті алу


Хор: «Шырша жыры»


Жүргізуші: - Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отыр?

Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Оларсыз шыршамыздың сәні келмей тұр.


Бірге: - Аяз ата Ақшақар біз сіздерді күтудеміз, тез келіңіздер.


Аяз ата: - Уа, жұртым жиналған

Көңілдерің дүр маржан

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Аяз ата, Ақшақар

Жетті жолда қиналған

Ештеңе емес барлығы

Алдымыздан гүлді арман

Мықтылығым мәлім ғой

Өтіп кеткен жылдардан

Ақшақар: - Амансыңдар ма, балалар, ата-аналар, өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын! Жылқы жылы табыс жылы, береке бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын!


Аяз ата: - Бәрі үшін бақытты да, қуанышты кезең болсын!


Ақшақар: - Мен сендермен Жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.


Аяз ата: - Ойбай жаңа жылдық мерекеге қанша бала келген? Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім би билесе, бәріне де сыйлығым бар. Ақшақар маған көмектеседі.


Жүргізуші: - Аяз ата, Ақшақар алыстан ат терлетіп келдіңіздер. Отырып дем алыңыздар. Балалардың өнерін тамашалаңыздар!


Жүргізуші: - Ал, халайық тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Думандатып би билеп

Інжу маржан шашайық!


(би: өзбекше)


Жүргізуші: - Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған


  • Енді шыршамыздың шамын жағайық.

  • Аяз ата мен Ақшақар шырша шамын жағады.


Аяз ата мен бірге ән салу, шыршаны айналып.


Жүргізуші: - Ал балалар,

біздің жаңа жылға, Аяз атаға өнерімізді көрсетейік.


( Балалардың тақпағы )


Жүргізуші: - Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Тақпақ айтып, би билеп

Жаңа жылды тойлайық.


( ұлдар биі)


Ақшақар: - Балалар, сендер қандай өнерлі балаларсыңдар! Мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешуін табыңдар?


Ақсақалды щал жылына

Бір-ақ рет келіп кетеді

Қызы менен ұлына

Сыйлық алып келеді /Аяз ата/


Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады /қар/


Терезеге қонады,

Әсем ою ояды /қырау/


Тікен, тікен тік пісте

Қысы жазы бір тісте /шырша/


Жүргізуші: - Ал балалар енді Аяз атамызды шығарып салайық.

( аяз атаны шығарып салу)


Аяз ата: - Жарайсыңдар балаларым! Мен бүгін бір қкантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жлға шығайық. Бақа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балалар, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! ( Қолдарын бұлғап шығып кетеді)


Балалар: - Сау болыңыздар!


Бай: - Жарайсыңдар, балалар, өнерлі екенсіңдер. Мен сендерге сыйлық әкелдім.

Бай: - Кітті іздейді


Алдар-Көсе: - Байеке бір өнеріңізді көрсетіңіз? ( би билейді)


Жүргізуші: - Құрметті қонақтар! Осымен Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Жылдан жылға аман сау жете беріңіздер!


Жаңа жыл- жаңа әннің тербеледі

Жаңа жыл- ақ арманның өрленуі

Жаңа жыл- бақшадағы бөбектердің

Кішкентай шәкірттердің ер жетуі.


( Бай сыйлық береді)



Похожие:

Қуант бізді, Жаңа жыл! icon2011- шырша тойы
Айгерім: Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен...
Қуант бізді, Жаңа жыл! icon1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар Ортада міне шырша бар Сылдырлаған моншағы Шыршамыздың мол шамы 2-жүргізуші
Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке болып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан...
Қуант бізді, Жаңа жыл! iconЖаңа жыл мерекесінің бағдарламасы Новый год в стране здоровья. Проводили: Прусенко Н. А байдулдаева А. Б жаңа жыл мерекесінің бағдарламасы Новый год в стране здоровья
Жүргізіші: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!
Қуант бізді, Жаңа жыл! icon«Наурызым – асыл айым»
Наурыз – жыл басы. Мұсылман халықтары наурыз айының 22-де жаңа жылды тойлаған. Парсы тілінде Наурыз «жаңа күн» деген сөзді білдіреді....
Қуант бізді, Жаңа жыл! iconАқшақар: Аяз атамыз кешігіп қалмайын деп, ертерек кеткен еді, келмеді ме ? Не істедік ? Ұлу
Жүргізуші: Құрметті ата -аналар, қонақтар. Біз сіздермен бір жыл бойы қызығы мен қуанышы мол,есте қаларлықтай мерекеге толы ескі...
Қуант бізді, Жаңа жыл! iconКөктемде Сабақтың мақсаты
Білімділік: оқушыларға жаңа тақырып бойынша жан-жақты білім беру. Жаңа сөздерді сөз тіркестері мен сөйлемдерде пайдалана білу
Қуант бізді, Жаңа жыл! iconКіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7
Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В. И. Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған...
Қуант бізді, Жаңа жыл! iconАғымдағы библиографиялық тізім (2012ж. II – жарты жылдық ) бюллетень новых поступлений текущий библиографический список
Жаңа түскен басылымдар: Ағымдағы библиографиялық тізім. 2012 жыл. II – жарты жылдық Шымкент, 2013-36c
Қуант бізді, Жаңа жыл! iconАғымдағы библиографиялық тізім (2012ж. II – жарты жылдық ) бюллетень новых поступлений текущий библиографический список
Жаңа түскен басылымдар: Ағымдағы библиографиялық тізім. 2012 жыл. II – жарты жылдық Шымкент, 2013-36c
Қуант бізді, Жаңа жыл! iconАғымдағы библиографиялық тізім (2012ж. II – жарты жылдық ) бюллетень новых поступлений текущий библиографический список
Жаңа түскен басылымдар: Ағымдағы библиографиялық тізім. 2012 жыл. II – жарты жылдық Шымкент, 2013-36c
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов