Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша icon

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша



НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша
Дата02.05.2013
Размер129.25 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы «31» наурыздағы

128 бұйрығына 1-қосымша

Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор

(доцент), профессор)беру ережесі


  1. Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) берудің тәртібін анықтайды.

  2. Қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) Ғылыми кеңестерінің (бұдан әрі – Ғылыми кеңестер) кандидатуралар ұсынуы негізінде аталған ұйымдардың қызметкерлеріне береді.

  3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.

  4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін тұлғаларға:

1) диссертация қорғағаннан кейін осы ұйымдағы ғылыми және/немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі 3 (үш) жылдан кем емес үзіліссіз өтілі, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда тиісті лауазымда 2 (екі) жыл еңбек өтілі;

2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, ұсынылып отырған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт), оның ішінде:

Комитет ұсынатын басылымдарда кемінде 10 (он);

Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдардағы кемінде 2 (екі) ғылыми еңбегі;

шетелдік халықаралық конференциялардың материалдарында кемінде 2 (екі) баяндамасы.

3) монографиясы немесе Ғылыми кеңес ұсынған және соңғы 3 (үш) жылда басылған, көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған, жеке жазылған оқу құралы немесе оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы болған жағдайда беріледі.

5. Профессор ғылыми атағы доцент немесе аға ғылыми қызметкер, қауымдастырылған профессор ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін тұлғаларға:

1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін осы ұйымда ғылыми және/немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде жоғары оқу орнының профессоры лауазымында немесе ғылыми ұйымда сәйкес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз өтілі бар;

2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, ұсынылған мамандық бойынша кемінде 28 (жиырма сегіз), оның ішінде:

Комитет ұсынатын басылымдарда кемінде 20 (жиырма);

шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 5 (бес), оның ішінде Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда кемінде 3 (үш) ғылыми еңбегі;

шетелдік халықаралық конференциялардың материалдарында кемінде 3 (үш) баяндамасы;

3) диссертацияны қорғағаннан кейін және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы немесе Ғылыми кеңес ұсынған және соңғы үш жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған, жеке жазылған оқулығы немесе оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы болған жағдайда беріледі.

6. Ғылыми атақты беру кезінде кәсіби қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып:

1) офицерлер әзірлеген көлемі 6 (алты) баспа табақ оқулық немесе оқу құралы ретінде оқу процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған жедел-тактикалық (арнайы тактикалық) тапсырмалар жинағы есептеледі, халықаралық ғылыми журналдардағы ғылыми жарияланымы ретінде Комитет ұсынған журналдардағы жарияланымдар есептелуі мүмкін;

2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған Қазақстан Республикасының құрметті атақтары берілген өнер саласы қызметкерлерінің ғылыми жарияланымдары ретінде 4-тармақтың 2) тармақшасында және 5-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мөлшердегі шығармашылық еңбектері есептеледі, даярлаған тұлғалары ретінде – халықаралық конкурстардың, көрмелердің, фестивальдердің, байқаулардың, сыйлықтардың лауреаттары (дипломанттары) есептеледі;

3) «Еңбек сіңірген жаттықтырушы» атағы бар дене тәрбиесі және спорт маманы даярлаған оқушылар ретінде Азия, Еуропа чемпиондары, әлем, Азия, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері есептеледі.

7. Қолдау хатты ғылыми атақ беру туралы аттестациялық іспен бірге Комитетке тиісті кафедраның немесе құрылымдық бөлімшенің ұсынысы бойынша ЖОО-ның немесе ғылыми ұйымның Ғылыми кеңесі ұсынады.

Аттестациялық істің құжаттары мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Ғылыми атақ беру туралы аттестациялық іске мынадай материалдар кіреді:

1) ілеспе хат - материалдарды жіберу мерзімі көрсетілген Ғылыми кеңес төрағасы қол қойған ұйымның бланкісіндегі ұсынымдама;

2) еңбектер тізімі мен жарияланымдар көшірмелері;

3) ізденушінің ғылыми (шығармашылық, жаттықтырушылық) және педагогикалық қызметі көрсетілген Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді;

4) жоғары оқу орнынан кейінгі (PhD докторантура) білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы дипломдар көшірмелері;

5) жұмыс орны растаған фотосуреті бар кадр есебі бойынша жеке іс парағы;

6) еңбек кітапшасының көшірмесі;

7) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама;

8) диссертацияларын оның жетекшілігімен қорғаған және ғылыми дәрежелерін Комитет бекіткен тұлғалар дайындағанын растайтын ресми құжаттар;

9) оқулықтың (оқу құралының) түпнұсқасы;

10) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы ғылыми атақты ізденушінің тіркеу-есеп карточкасы.

8. Ғылыми атақты ізденушілердің Комитетке жіберілетін аттестациялық істерін ресімдеуге байланысты шығыстарды төлеу Ғылыми кеңестер жұмыс істейтін, Комитетке тиісті ұсыныстарды әзірлеген ұйымдар есебінен жүргізіледі.

9. Ғылыми атақ беру жөніндегі аттестациялық істер аттестациялық істің Комитетте тіркелген күнінен бастап 2 (екі) айда қаралады.

10. Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор  ғылыми атақтарын ізденушілердің аттестациялық істерінің осы Ережеге  сәйкестігі Комитеттің  консультативтік-кеңес беру органы болып табылатын Сараптау кеңесінде анықталады.

Қауымдастырылған  профессор (доцент) ғылыми атағын беру туралы  қорытындыны осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе профессор ғылыми атағын беру туралы  қорытындыны осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитет Сараптау кеңесінің қорытындысы негізінде қабылдайды және ол қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

11. Ғылыми атақ беру туралы жаңа ұсынымды Ғылыми кеңес Комитеттің осы атақты беруден бас тарту туралы шешімі шыққаннан кейін кем дегенде бір жылдан соң береді. Ізденушінің жаңадан жарияланған ғылыми жұмыстары, оқулықтары, оқу құралдарының болуы қолдау хатты қайта беру үшін шарт болып табылады.

12. Қауымдастырылған профессорларға (доцент) және профессорларға мемлекеттік үлгідегі аттестаттар беріледі.

13. Ғылыми атақтарды беру мәселелері туралы Комитеттің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) ай ішінде ізденуші Комитетке апелляция бере алады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін апелляция Комитет қарауына қабылданбайды.

14. Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру мәселелері бойынша сотқа дейінгі дауларды реттеу үшін Комитет ізденуші апелляция берген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде құрамында Комитеттің 2 (екі) өкілі және тиісті мамандық бойынша 3 (үш) ғалымы бар апелляциялық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

Комиссия құрылған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде аттестациялық істің материалдарын қарап, апелляция бойынша қорытынды дайындайды.

15. Комиссия өз қызметінде осы Ережені басшылыққа алады.

16. Апелляциялық комиссияның қорытындысы комиссия мүшелерінің көпшілік ашық дауыс беруі нәтижесінде қабылданады және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

17. Апелляциялық комиссияның қорытындысы бойынша Комитет 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде шешім қабылдайды және шағымданушыға хабарлайды.

18. Осы Ережемен реттелмейтін даулар, оның ішінде ғылыми атақтардан айыру (қалпына келтіру), апелляция беру мерзімін қалпына келтіру мәселелері сот тәртібімен шешіледі.


Ғылыми атақтар


(қауымдастырылған профессор

(доцент),профессор) беру ережесіне 1-қосымша

Үлгі


_________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.Ә.А.))

_________________________________________________________________ (мамандықтың шифры мен аты)

мамандығы бойынша ________________________________ ғылыми атағын беру туралы


АНЫҚТАМА

№ _________________ іс

_______________________________________________ бұйрығы бойынша

(ұйымның толық аты, күні, айы, жылы, нөмірі)

____________________ бастап ____________________________________

(күні, айы, жылы) (лауазымның аты)

лауазымы тағайындалды.

_____________________________________________________________

(Т.Ә.А.)

________________________________ ғылыми атағына ұсыну кезінде, мәжіліске қатысушы ______ адамнан тұратын Ғылыми кеңес, кеңес құрамына кіретін ______ адамнан: жақтап дауыс бергені ____, қарсы дауыс бергені ____, жарамсыз бюллетеньдер (немесе ашық дауыс беру кезінде қалыс қалғаны) ____.

 ____________________________________________, _____ жылы туылған

(Т.Ә.А.)

_________________________, _____________________________ азаматы

(ұлты)

______ жылдан бастап _____________________________________ ғылым докторы (кандидаты), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, _______ жылдан бастап _______________________________________ ________________________________________________________________

(мамандықтың шифры, атауы)

мамандығы бойынша доцент (профессор);

___________________________________________________________

(Қазақстан Республикасының құрметті атағы)

Ғылыми- (шығармашылық- немесе жаттықтырушылық-) педагогикалық жұмыс өтілі ________ жыл.

Диссертация қорғағаннан / қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ________ ғылыми еңбектері бар, оның ішінде Комитет ұсынатын басылымдарынан ______, Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық ғылыми журналдарда _______, шетелдік халықаралық конференциялардың материалдарында _______баяндама.

_________________________________________________________________

(атауы,басылып шыққан орны және жылы )

____________________________________________________________ монографиясы немесе білім беру процесінде пайдаланылған жеке жазылған оқу құралы / оқулығы бар, көлемі ______ баспа табақ.

Оның жетекшілігімен дайындалып, диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар немесе халықаралық және оның жетекшілігімен дайындалып, жеке ізденуші ретінде республикалық конкурстардың лауреаттары (дипломанттары) немесе бүкіләлемдік универсиадалардың, Азия, Еуропа, Әлем чемпионаттарының, Азия және Олимпиада ойындарының жеңімпаздары атанған тұлғалар саны ______.


 Диссертациялық кеңестің

төрағасы ___________________________

(Т.А.Ә.)

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы ___________________________

(Т.А.Ә.)


Мөр

Күні, айы, жылы


Ғылыми атақтар


(қауымдастырылған профессор

(доцент),профессор) беру ережесіне 2-қосымша

Үлгі

^ ҒЫЛЫМИ АТАҚТЫ ІЗДЕНУШІНІҢ (ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР (ДОЦЕНТ), ПРОФЕССОР)

ТІРКЕУ-ЕСЕП КАРТОЧКАСЫ

Тегі, аты, әкесінің аты (толық)

Туылған жылы

Азаматтығы

Ұлты

Аттестациялық істің №

Шешім қабылданған күні, айы, жылы

Шешімнің №

Ұсынымды берген ұйымның атауы

Ғылыми атаққа ізденуші

Мамандық атауы

Ғылыми атағы берілді

Аттестаттың №

Қауымдастырылған профессор (доцент)




Профессор






Ескерту:

1. Мәтін 148х105мм форматтағы тығыз ақшыл қағаздан жасалған карточкада басылады.

2. «Аттестациялық істің №» және «Ғылыми атағы берілді» деген бағандар Комитетте толтырылады.

3. Карточканың артқы жағында ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі және оның қолымен расталады.


Ғылыми атақтар


(қауымдастырылған профессор

(доцент),профессор) беру ережесіне 3-қосымша

Үлгі

___________________________________________________ бойынша

(ғылым саласы)

сараптамалық кеңестің

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы С Ы


20__ ж. «_______» _________________ № ________________ хаттама

ТЫҢДАЛДЫ:

_________________________________________________________________

____________________________________ ғылыми кеңесі ұсынған

(ұйымның атауы)

__________________________________________________________________

(ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.Ә.А.))

____________________________________________________________________________

ғылыми дәрежесі немесе құрметті атағы

қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беру туралы

№ ______________ ісі тыңдалды.


Сарапшы _________________________________________ тыңдап және

(Т.Ә.А.)

_____________________________ аттестациялық ісінің материалдарын

(Т.Ә.А.)

талқылап, сараптамалық кеңес мынаны белгіледі:

1. _____________________________________________ мамандығы бойынша

 қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ізденуші __________________________________________________________________

(Т.Ә.А.)

диссертация қорғағаннан кейін ________ ғылыми еңбектері бар, оның ішінде Комитет ұсынатын басылымдарынан ___, Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық ғылыми журналдарда _______, шетелдік халықаралық конференциялардың материалдарында _______баяндама, мынадай жаңа ғылыми нәтижелері бар

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________.

2. Білім беру процесінде пайдаланылатын көлемі ________ баспа табақ оқу құралы/монографиясын жеке жазды және жариялады

__________________________________________________________________

(аты, басылған орны және жылы)

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3. Оның жетекшілігімен дайындалып, диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар ________________________________________________

(Т.Ә.А., қорғаған және бекітілген күні, айы, жылы )

______________________________________________________________ немесе халықаралық және оның жетекшілігімен дайындалып, жеке ізденуші ретінде республикалық конкурстардың лауреаттары (дипломанттары) __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________, бүкіләлемдік универсиадалардың, Азия, Еуропа, Әлем чемпионаттарының, Азиялық және Олимпиада ойындарының жеңімпаздары атанған тұлғалар __________________________________________________________________

__________________________________________________________________.

4. Еңбек өтілі _________________________________________________

(ғылыми, ғылыми-педагогикалық, шығармашылық-педагогикалық __________________________________________________________________.

немесе жаттықтырушылық-педагогикалық жұмыс)

5. Сараптамалық кеңес ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

__________________________________________________________________.

(ұсыным береді немесе ұсыным бермейді)

Комитет _______________________________________ мамандығы бойынша

(мамандық шифры, мамандық)

______________________________________________________________

(Т.Ә.А.)

қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын берсін


Дауыс беру нәтижелері: «ЖАҚТАП» дауыс бергені ___________

                                     «ҚАРСЫ» _________________

                                    «ҚАЛЫС ҚАЛҒАНЫ» ____________


Төраға ______________________________

(Т.Ә.А.)

Ғалым хатшы ______________________________

(Т.Ә.А.)


Ғылыми атақтар

(қауымдастырылған профессор

(доцент),профессор) беру ережесіне 4-қосымша

Үлгі

___________________________________________________ бойынша

(ғылым саласы)

сараптамалық кеңестің

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы С Ы

20__ ж. «_______» _________________ № ________________ хаттама

ТЫҢДАЛДЫ:

__________________________________________________________________

____________________________________ ғылыми кеңесі ұсынған

(ұйымның атауы)

__________________________________________________________________

(ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.Ә.А. ) )

_____________________________________________________________________________

(ғылыми дәрежесі немесе құрметті атағы)

профессор ғылыми атағын беру туралы № _____________________________ ісі тыңдалды.


Сарапшы ______________________________________________ тыңдап және

(Т.Ә.А.)

_____________________________ аттестациялық ісінің материалдарын

(Т.Ә.А.)

талқылап, сараптамалық кеңес мынаны белгіледі:

1. _____________________________________________ мамандығы бойынша

 

профессор ғылыми атағын ізденуші __________________________________

(Т.Ә.А.)

қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ________ ғылыми еңбектері бар, оның ішінде Комитет ұсынатын басылымдарында________, шетелдік ғылыми басылымдарда ______, оның ішінде Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық ғылыми журналдарда_______, шетелдік халықаралық конференциялардың материалдарында ______баяндама, мынадай жаңа ғылыми нәтижелері бар

__________________________________________________________________

(аты, басылған орны мен жылы, б.т. көлемі)

__________________________________________________________________

2. Білім беру процесінде пайдаланылатын көлемі ________ баспа парақ оқулық/монографиясын жеке жазды және жариялады

__________________________________________________________________

(аты, басылған орны және жылы)

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________


3. Оның жетекшілігімен дайындалып, диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар _______________________________________________

(Т.Ә.А., қорғаған және бекітілген күні, айы, жылы )

______________________________________________________________ немесе халықаралық және оның жетекшілігімен дайындалып, жеке ізденуші ретінде республикалық конкурстардың лауреаттары (дипломанттары) __________________________________________________________________

__________________________________________________________________, бүкіләлемдік универсиадалардың, Азия, Еуропа, Әлем чемпионаттарының, Азиял және Олимпиада ойындарының жеңімпаздары атанған тұлғалар __________________________________________________________________

__________________________________________________________________.

4. Еңбек өтілі _________________________________________________

(ғылыми, ғылыми-педагогикалық, шығармашылық-педагогикалық жұмыс)


5. Сараптамалық кеңес ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

_________________________________________________________________.

(ұсыным береді немесе ұсыным бермейді)

Комитет _______________________________________ мамандығы бойынша

(мамандық шифры, мамандық)

__________________________________________________________________

(ізденушінің Т.Ә.А.)

профессор ғылыми атағын берсін


Дауыс беру нәтижелері: «ЖАҚТАП» дауыс бергені ______________

                                         «ҚАРСЫ» _________________

                                         «ҚАЛЫС ҚАЛҒАНЫ» ____________


Төраға ______________________________

(Т.Ә.А.)

Ғалым хатшы ______________________________

(Т.Ә.А.)





Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125
Р бжҒМ 2010 жылғы 1 қарашада №506, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қарашада 2010 г. №6640 тіркелген, Қр...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша iconЖүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 Бұйрығы «Білім туралы»
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша iconАҚпараттық хат
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе 2013 жылдың сәуір айының...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті қашықтықтан білім беру институты Агротехнология кафедрасы Мамандығы : 050801 «Агрономия»
Азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. О.ӘУезов атындағы оңТҮстік қазақстан
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің Шымкент институты Тарих факультеті
Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша iconҚазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуіші мен Техникалық
Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 27 маусымдағы №303 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша iconҚазақстан тарихы кафедрасының 2009 жылғы қыркүйектің 7 жұлдызындағы (№1 Хаттама) отырысында талқыланып, оқу процессінде пайдалануға ұсынылды. Кафедра меңгерушісі, профессор А. Күзембайұлы Тарих және өнер факультетінің әдістемелік бюросы
Оның негізіне 2005 жылғы мамырдың 5 жұлдызындағы 289 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен бектілген...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша iconҚазақстан тарихы кафедрасының 2009 жылғы қыркүйектің 7 жұлдызындағы (№1 Хаттама) отырысында талқыланып, оқу процессінде пайдалануға ұсынылды. Кафедра меңгерушісі, профессор А. Күзембайұлы Тарих және өнер факультетінің әдістемелік бюросы
Оның негізіне 2005 жылғы мамырдың 5 жұлдызындағы 289 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен бектілген...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов