АҚпараттық хат icon

АҚпараттық хат



НазваниеАҚпараттық хат
Дата02.05.2013
Размер43.88 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ «ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ



Құрметті әріптестер!


Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (СМПИ) экология - химия және география пәндері кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе 2013 жылдың сәуір айының 19 – нан 21 дейін білім және ғылым министрлігінің 21.05.2008 жылғы №282 бұйрығына сәйкес VII экологиядан оқушылардың мемлекеттік олимпиадасын өткізеді.

Кафедра бірнеше жыл бойы экология пәні бойынша қалалық, облыстық, республикалық оқушылар олимпиадаларын өткізіп жүр. 2007 жылдан бері экологиядан оқушылардың алты Республикалық олимпиадасы өткізілді, онда біздің республикамыздың барлық облыстарынан 850-ге жуық оқушылар қатысты. Қазақстанның орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларын экологиядан оқушылардың VІI Республикалық олимпиадасына қатысуға шақырамыз.

^ Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың жаратылыстық ғылымдарға танымдық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми – зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерді насихаттау, табиғатқа деген аяушылық қарым-қатынасқа негізделген, терең патриоттық сезімге тәрбиелеу сонымен қатар оқушылардың белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру.

Олимпиада республика аймақтарында экологиялық білімдер сапасы мониторингін өткізуді және тұрақты даму мақсатында орта білім модернизациясын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

^ Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:

Төрағасы: Абенов М.А. - ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі

Төраға орынбасары: Жонтаева Ж.А. - ҚР БжҒМ-нің мектепалды және орта білім беру департаментінің директоры

^ Тең төрағалары:

Бектемесов М.А. - Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Кирабаева Ш.А - Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры

Панин М.С. – СМПИ-дың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор


Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Айтпаева Ж.Ж. - Шығыс Қазақстан аймақтық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры

Алтынбекова Г.К. – Семей қаласының дене шынықтыру және спорт білім беру бөлімінің бастығы

Артамонова Е.Н. - СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының доценті, х.ғ.к.

Ахметова М.М. - Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының бастығы

Белгібаев М.Е. – СМПИ-дың экология-химия және география пәндері кафедрасының профессоры, г.ғ.д.

Жакеева Г.С. – Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі, білім бөлімінің дарынды балалармен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі

Ибраева Л.С. - СМПИ-дың жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы, экология-химия және география пәндері кафедрасының доценті, х.ғ.к.

Ильдербаев О.З. - Семей мемлекеттік медициналық университетінің молекулярлық биология кафедрасының профессоры, м.ғ.д.

Қалиева С.К. - СМПИ-дың жалпы биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., доцент

Сатаева А.Р. - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының профессор м.а., б.ғ.д.

Тазабаева К.А. - Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университетінің ақпараттық технологиялар мен экономика факультетінің деканы, б.ғ.к., доцент

Тулеугалиева С.С. – СМПИ ректоры кеңесшісі, экология-химия және география кафедрасының доценті, б.ғ.к.

^ Олимпиада төрт турда өтеді:

1-тур алдын – ала: Жеке ғылыми жобалардың жазылуы және дайындығы мектепте мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылады. Сайысқа жобалар 2013 жылдың 25 наурызына дейін жіберілуі тиіс.

2-4-турлар олимпиада жүргізу үрдісінде өтеді (2013 жылдың 20-21 сәуірде):

^ 2 - туртеориялық (тестілеу)

3 - тур – практикалық

4 - туролимпиаданың алғашқы үш турының нәтижесінде жоғары ұпай алған оқушылардың өздерінің экологиялық жобаларын қорғауы.


Олимпиада жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады (мемлекеттік білім грантын иеленуге мүмкіндік береді).

Олимпиаданың өту тәртібі, ғылыми жобаны даярлау талаптары және сайыстың бағалау критерийлері экологиядан өткізілетін VII Республикалық оқушылар олимпиадасының өткізілуі жөніндегі Ережеде жазылған (Ереже қосымша тіркеледі).

^ Олимпиаданы жүргізу тілдері: қазақ, орыс.

Экология пәні бойынша өткізілетін VII Республикалық оқушылар олимпиадасына қатысам деушілер өтінішті 2013 жылдың 23 ақпанына дейін жіберулері керек.

Тапсырыс түрі (тапсырысты мектеп директоры бекітеді):


Қатысушының аты-жөні

Облысы, ауданы

Мектебі, сыныбы

Оқытылу

тілі

Мұғалімнің

аты-жөні

Мекенжайы, телефоны,

е-mail



Іссапарлық шығынды (жолақы және мейманханада тұру) іссапарға жіберген оқу орны төлейді.

Олимпиадаға қатысушылардың келуі 2013 жылдың 19 сәуіріне дейін, кетуі 21 сәуір, сағ.1800 кейін. 2013 жылдың 10 сәуіріне дейін келетін күні, сағаты, поездың нөмірі немесе автобус рейсі жөнінде мәліметтерді жіберулері керек.

Біздің мекенжай: 071410 Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі,1, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, экология - химия және география пәндері кафедрасы.

Қосымша мәліметті мына телефондар арқылы алуларыңызға болады:

(8-7222) 77-33-58 және электрондық пошта: kecol@sgpi.kz.



Похожие:

АҚпараттық хат iconАҚпараттық хат әуезов оқулары – 11: Қазақстан білім қоғамы жолында
Конференцияның мақсаты: Техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары салаларындағы ғылыми жетістіктерді дәріптеу
АҚпараттық хат icon1 Қазынашылықтың ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар 3 Ақпараттық жүйенiң құрылымы
Республикасының барлық ресурстарының тиiмдi әсерлесуiн қамтамасыз ететiн ғылымға негiзделген ақпараттық технологиялардың көмегiмен...
АҚпараттық хат iconҒылым, халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімі АҚпараттық хат құрметті әріптестер!
Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 2013 жылдың 21-22 ақпан айында өтетін оқытушыларының ІХ жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік...
АҚпараттық хат iconОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ақпараттық хат халықаралық ғылыми онлайн-конференция Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар!
...
АҚпараттық хат iconҒылым, халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімі АҚпараттық хат құрметті әріптестер!
Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 2013 жылдың 10-12 сәуір айында өтетін жаратылыстық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық...
АҚпараттық хат iconКӘсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызу
АҚпараттық база
АҚпараттық хат iconҚАзақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ақпараттық хат құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жыл сайын «Нұрпейіс оқулары» аясында өтетін «Қалыптасқан Қазақстан және...
АҚпараттық хат iconАқпараттық хат «Қазақстан- 2050» бағдарламасын жүзеге асыру-жастардың қолында
«Қазақстан- 2050» бағдарламасын жүзеге асыру-жастардың қолында» атты студенттердің ii-ші ғылыми-практикалық конференциясы
АҚпараттық хат iconТ. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті “Экономикадағы ақпараттық жүйелер” кафедрасы
Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу”
АҚпараттық хат iconОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы кітапханалық-АҚпараттық орталығы анықтамалық – АҚпараттық БӨлім
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов