Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы»
Дата02.05.2013
Размер75.84 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.07.2012 15:48:57


Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 235 Қаулысы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 18) тармақшасына және 53-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Жоғары оку орнының үздік оқытушысы» атағын беру бағыттары және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары бекітілсін.

2. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 872 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 33,455-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

^ К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылға 17 ақпандағы

235 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары және берілген мемлекеттік гранттың

жұмсалу бағыттары

 

 

^ 1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.

2. Қағидалар меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - жоо) оқытушыларына оларды көтермелеу және қолдау мақсатында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын (бұдан әрі - атақ) беру және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары тәртібін айқындайды.

3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік грант — «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсында (бұдан әрі - Конкурс) жеңіп шыққан жоо-ның оқытушысына осы Қағидаларда белгіленген нормалар сақталған кезде өтеусіз берілетін ақшалай сыйақы;

2) республикалық конкурстық комиссия - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия);

3) Конкурстың қатысушысы - Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын осы Қағидаларға сәйкес ұсынған жоо-ның штаттағы оқытушысы.

4. Атақтың иегеріне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.

5. Атақ бір адамға келесі бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

 

 

2. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру тәртібі

 

6. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру Конкурсына мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

1) жоо-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;

2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық стажы барлар.

7. Конкурс жыл сайын екі кезеңде өткізіледі:

1) І кезең - жоо-ның ішінде, ол ағымдағы жылдың қазанында өткізіледі.

Конкурсты жоо-ның ішінде өткізу тәртібін жоо дербес айқындайды, бұл ретте білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жыл ішіндегі сапалық және сандық көрсеткіштер негізге алынады.

Жоо-ның ішкі конкурсы нәтижелері бойынша 50 штаттық оқытушыға 1 үміткерден аспайтын есеппен ғылыми кеңестің шешімімен Конкурстың II кезеңіне қатысуға ұсынылатын жоо-ның үздік оқытушылары айқындалады. Оқытушылардың штаттық саны 50 адамға жетпейтін жоо-да 1 үміткер айқындалады.

2) II кезең - республикалық, ол ағымдағы жылдың желтоқсанында

өткізіледі.

Конкурстың республикалық кезеңін Комиссия өткізеді, білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы оның төрағасы (бұдан әрі - Комиссия төрағасы) болып табылады.

8. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, баска да мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлері арасынан, жетекші ғалымдар мен мамандар, сондай-ақ саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылады.

Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы тиіс (19-дан аспайды). Комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.

9. Комиссияның дербес құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.

10. Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс туралы ақпарат жарияланған, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап ол жарияланған деп саналады.

11. Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылғы қарашада үміткерлер білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша өтінім, сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер, жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

2) жоо ғылыми кеңесінің ұсынымы;

3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

4) жеке куәліктің көшірмесі;

5) карточкалық базадағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама.

12. Конкурсқа ұсынылған құжаттар жетекші ғалымдар, жоо-лардың профессор-оқытушылар құрамының арасынан құрылған сараптама тобы жүзеге асыратын сараптаудан өтеді.

Сараптама тобының дербес құрамы және Конкурсқа ұсынылған құжаттарға сараптау жүргізу мерзімі білім беру саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітіледі. Бұл ретте сараптама тобының дербес құрамы Комиссия құрамымен сәйкес болмауы тиіс.

Сараптама тобы конкурсқа ұсынылған әрбір құжат бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес қорытынды береді.

13. Конкурсқа қатысушы дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда, сараптама тобы оны қатысушылардың тізімінен шығару туралы ұсынысты жазбаша негіздемемен Комиссияға ұсынады.

14. Сараптама тобының қорытындысы хаттамамен рәсімделеді және қарау үшін Комиссияға беріледі, бұл ретте сараптама тобының әрбір мүшесі ерекше пікірге құқылы.

15. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру туралы Комиссияның шешімі қатысқан мүшелердің жай көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.

16. Конкурстың қорытындылары Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында конкурстың қорытындысы шыққаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жарияланады, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

17. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

 

 

3. Берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары

 

18. Атақ иегері берілген мемлекеттік грантты мынадай бағыттар бойынша жұмсайды: ғылыми зерттеулер жүргізу, шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтар мен зертханаларда тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, біліктілігін арттыру.

19. Берілген мемлекеттік грант атақ иегерінің ағымдағы шотына бір уақытта аударылады.

20. Есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтарында атақ иегері білім беру саласындағы уәкілетті органға жылдық жұмыс жоспар-кестесіне сәйкес берілген мемлекеттік гранттың жұмсалуы туралы есеп ұсынады. Есепке растайтын құжаттар қоса беріледі.

21. Атақ иегері:

1) жылдық жұмыс жоспар-кестесінде көзделген іс-шараларды орындамаған;

2) атақты бергеннен кейін жыл ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шыққан жағдайларда берілген мемлекеттік грантты толық көлемде қайтарады.

22. Егер атақ иегерінің жылдық жұмыс жоспар-кестесінде көзделген іс-шараларды орындамауына:

1) атақ иегерінің қайтыс болуы;

2) атақ иегерінің еңбекке қабілеттілігін жоғалтуы негіз болған жағдайда берілген мемлекеттік грант қайтарылмайды.

 

 

 

 

 



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №108 Қаулысы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығына 1-қосымша
Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 Бұйрығы «Білім туралы»
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125
Р бжҒМ 2010 жылғы 1 қарашада №506, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қарашада 2010 г. №6640 тіркелген, Қр...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» iconЖүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» iconЖоғары кәсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім
Білім туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуіші мен Техникалық
Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 27 маусымдағы №303 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» icon«Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» iconҚазақстан тарихы кафедрасының 2009 жылғы қыркүйектің 7 жұлдызындағы (№1 Хаттама) отырысында талқыланып, оқу процессінде пайдалануға ұсынылды. Кафедра меңгерушісі, профессор А. Күзембайұлы Тарих және өнер факультетінің әдістемелік бюросы
Оның негізіне 2005 жылғы мамырдың 5 жұлдызындағы 289 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен бектілген...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов