Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту icon

Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту



НазваниеАшық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту
Дата01.07.2013
Размер298.61 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>



Егіндікөл ауданды әкімдігінің

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңақоныс негізгі мектебі


Ашық баяндама


Жаңақоныс негізгі мектебінің

«Білім беру және дамыту

жүйесінің жағдайы туралы»


Тоғанас ауылы – 2012 жыл

Білім және дамыту жүйесінің жағдайы туралы Жаңақоныс негізгі мектебі

Авторлық топ:

Бокишев Т.К- мектеп директорының міндетін атқарушы

Жунусова Г.Е.- оқу ісінің меңгерушісі

Салтанбаева З.О- тәрбие ісінің меңгерушісі

Петрова .- бухгалтер


Ашық баяндамада статистикалық мәліметтер бойынша ауылдық округтың санағы бойынша Жаңақоныс негізгі мектебі білім беру мекемесі болып негізі қаланғаннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі даму жүйесі айтылады.

Баяндаманың мақсаты - білім беру мекемелеріндегі білім мен даму жүйесінің мәселелері мен проблемаларына мінездеме беру және түйінді өзекті мәселерді айқындау. Мектептегі тәрбиелік шаралар, ондағы жеткен жетістіктеріміз жайлы айқындап, көрсетіп айту.

Бұл аналитикалық документ білім беру мекемелерінің жұмыскерлеріне,оқушылардың ата-аналарына арналады.


Мазмұны


Кіріспе..................................................................................................... 4 бет


Тарау 1. Білім беру жүйесі- әлеуметтік-экономикалық

дамудың жетекші факторы.....................................................................5 бет


Тарау 2. Білім беру ауқымы және мүмкіндігі.................................5 бет


Тарау 3. Білім беру қоры.................................................................8 бет

3.1. Кадрлармен қамтамасыз ету............................................ 8ет

3.1. Жалпы орта білім.............................................................6бет

3.3. Материалдық-техникалық қамтамасыздандыру........... 13 бет

3.4. Мектептегі асхана жағдайы............................................14бет

3.5. Қаржылай қамтамасыздандыру.....................................15бет

Тарау 4. Білім беру үдерісінің сапасы.........................................15бет

4.1. Мектептегі тәрбие жұмысы...........................................16бет


Тарау 5. Білім беру қызметінің нәтижелері..................................19 бет


Қорытынды............................................................................................21бет


Кіріспе


Кез келген қоғамның басты құндылығы-оның өскелең ұрпағы. Қазақстан президенті: «Мектеп-қоғамды өмір сүруге,оның ережелеріне бағынуға үйрете отырып өмірдің алғашқы сабақтарын береді.

Біз барлығымыз да балаларымыздың өнегелі, нақты сенім-нанымы бар тәртіпті, өз іс -әрекеттеріне жауап бере алатын азаматтар болып өсуіне күш жігерімізді жұмсаймыз.

Баяндаманың мақсаты: - Жаңақоныс негізгі мектебінің білім беру мен даму жүйесінің жағдайы, білім беру қорымен, нәтижелерімен таныстыру.

Бұл баяндама заң шығарушы және атқарушы билік орындарына, сондай-ақ білім беру мекемелеріне нақты мәліметтер алу үшін арналады. Сонымен қатар оқушылардың ата-аналарын, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарын білім беру жүйесінің жағдайы, дамуы мен нәтижелерімен таныстыруға негізделген.

Бұл баяндама кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады. Негізгі бөлім

5 бөліктен тұрады:


  1. Білім беру жүйесі-әлеуметтік – экономикалық дамудың жетекші факторы

  2. Білім беру ауқымы және мүмкіндігі

  3. Білім беру қоры

  4. Білім беру мекемесіндегі білім сапасы

  5. Білім беру қызметінің нәтижелері

Баяндамаға қосымша статистикалық мәліметтер таблица түрінде көрсетілген.


^ ТАРАУ 1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖЕТЕКШІ ФАКТОРЫ.


Қ.Р. «Білім туралы» - заңының 8 бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен іс-тәжрибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп атап көрсетілген. Қазіргі мектеп білім берудің тұлғалық – бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы – оқушыларға механикалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңістігін құру. Мектеп Тоғанас ауылында орналасқан. Мектепте биылғы оқу жылында 48 оқушы бар. Мұғалімдер саны -13 .Мектеп ғимараты жыл сайын жөндеуден өтіп тұрады.


^ ТАРАУ 2. БІЛІМ БЕРУ АУҚЫМЫ ЖӘНЕ МҮМКІНДІГІ.


Мұғалім-мектеп тірегі. Қандай мұғалім болса, мектеп те соған сай болмақ, яғни оқушылардың білім деңгейі мұғалімнің қаншалықты дайындықтан өткендігіне тікелей байланысты болады.Мектебіміздегі мұғалімдер дерлік арнайы курстардан өтіп, өз білімдерін шындап отырады.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

Жаңақоныс негізгі мектебінде 2010-2011 оқу жылында даярлық топта - 3 бала болды.

5 жастағы балалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды толық меңгерген. Арнайы оқу бағдарламасы бойынша оқытылады. Дайындық тобының арнайы курстарынан өтіп келген мұғалімдер оқытады. Оқушылар тегіс оқулықтармен қамтылған.


Кесте 1. Мектепке дейінгі бөлімнің даму динамикасы.


р/с

Атауы

2009

2010

2011

1

Даярлық топ

10

6

3


Жаңақоныс негізгі мектебінде 2011-2012оқу жылында 5-6 жастағы балалар міндетті мектепке дейінгі мектепке дейінгі дайындықпен 100%-ға дейін қамтамасыз етілді. Мектепте 3-4 жастағы балаларға арналған шағын орталық жұмыс істейді. Балалар таңертеңнен түске дейін мектепте болып, оқиды, ойнайды, демалады. Арнайы ойнайтын бөлме мебельдермен жабдықталған.

Мектепке дейінгі жастағы мүмкіндігі шектеулі балалар жоқ.


^ Жалпы орта білім


Жылдан жылға оқу мекемесінде оқушылар саны тұрақты, 2012 жылы - жалпы балалар саны- 48 оқушы болды. Бастауыш буында- 24, жоғары буында-24 оқушы.


Кесте 2. Оқушылардың сандық көрсеткіштері.


Оқу жылы

1-4 сыныптар

5-9 сыныптар

Барлығы

2009-2010

30

22

52


2010-2011

29

19

48


2011 -2012

24

24

48




^ Кесте 3. Оқушылардың сапалық көрсеткіштері.


Оқу жылы

Барлық оқушылар

Озат

Екпінді

Үлгерімі

Сапа

Үздік

куәлік

2009-2010

52

10

22

100

66

-

2010-2011

48


13

15

100

59

-

2011-2012

48

14

17

100

64

-



Кесте 4. Сынып комплектілерінің саны және ондағы оқушылар саны.



Сынып комплектісінің саны

2009-2010

2010-2011

2011-2012










1 сынып

1

8


1

6

1

5

2 сынып

1

6


1

8

1

6

3 сынып

1

8


1

6

1

8

4 сынып

1

6


1

8

1

5

5 сынып

0,5

4


0,5

6

0,5

8

6 сынып

0,5

2


0,5

4

0,5

6

7 сынып

05

5


0,5

2

0,5

4

8 сынып

0,5

5


0,5

4

0,5

2

9 сынып

1

5


1

3

1

4

Барлығы

7

49


15

47

7

48



Оқу үрдісінің білім сапасына мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны да әсер етеді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны жылдан-жылға азайып келеді.

2009-2010 оқу жылы -1,2010-2011 оқу жылы- 1 бала , 2011-2012 оқу жылы- 1 бала


Сурет 1. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны.





^ ТАРАУ 3. БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ.


3.1. Кадрлармен қамтамасыз ету


Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие

Ұстаз- мектеп жүрегі.

Бар білгенін алдындағы шәкіртінен аямай, тынымсыз еңбек ететін осы жандардың еңбегі ұшан-теңіз. Биылғы оқу жылында мектебімізде 13 мұғалім еңбек етеді. Оның ішінде 10 жоғары білімді, 3 орта мамандандырылған. Мамандардың білім деңгейлері де жыл санап көтеріліп отыр. Өз білімдерін толықтыру, көтеру мақсатында оқуға түсіп, жоғары мамандықтар алып, курстардан өтеді. Негізінен физика, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінен мұғалімдер қажет деуге болады.


Кесте 5. Мектепке дейінгі тәрбиешілердің білім деңгейі.


Көрсеткіш атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011

Барлық педагогикалық қызметкерлер саны

1

1

2

Жоғары білімді

0

0

0

Арнаулы орта білімді

1

1

2

Орта білімді

0

0

0



Мектепке дейінгі білім беруші педагогтардың жасы- 37 жасқа дейінгі-2 адам,


Кесте 6. Мектепке дейінгі тәрбиешілердің жас ерекшеліктері.


Көрсеткіш атауы

2009

2010

2011

30 жасқа дейінгі педагогтың үлесі

1

1

1

31-45 жастағы педагогтер үлесі

0

0

1

46-60 жастағы педагогтың үлесі

0

0

0

60 жастан асқан педагогтың үлесі

0

0

0


Жаңақоныс негізгі мектебінде 1 қыркүйек 2011 жылға қарасты мектепке дейінгі бөлімде 1 мұғалім жұмыс істейді. Мұғалімнің білім деңгейі орта арнаулы. 2009 жылдан бастап мектепте шағын орталық жұмыс істеп жатыр. Шағын орталықтағы балалар таңертең 9 дан бастап түскі сағат 14 ке дейін болады. Мұғалім мен тәрбиеші балаларды оқуға үйретеді, тәрбиелейді. Мұғалімдер дайындық курстарынан өткен.


Кесте 7. Мектепке дейінгі тәрбие берушілердің көрсеткіштері.


Көрсеткіш атауы

2009

2010

2011

Жоғары категориялы мұғалімдер

0

0

0

1 санатты мұғалімдер

0

0

0

2 санаты мұғалімдер

1

1

0

Санатсыз мұғалімдер

0

0

1



Сурет 2. Мектепке дейінгі мұғалімнің еңбек өтілі.





3.2. ^ Жалпы орта білім.


Жаңақоныс негізгі мектебінде 2011-2012 оқу жылында 13 мұғалім дәріс беріп отыр. Мұғалімдер саны тұрақты, өзгерген жоқ.Жоғары білімді мұғалімдер саны жыл санап өсіп келеді. Әлі де өз білімдерін көтеру мақсатында оқу орындарында оқып жүрген мұғалімдер бар.

Пән бойынша біліктіліктерін көтеру мақсатында курстардан өтіп отырады. Биылғы оқу жылында Сын тұрғысынан оқыту курсы бойынша 7 мұғалім өз біліктіліктерін көтерді. Бұл орта есеппен алғанда мұғалімдердің 54 % құрайды. 12 жылдық бағдарламасы бойынша 7 мұғалім өз біліктіліктерін көтерді. Әр мұғалім жаңа технология үрдісін қолданады.


Сурет3. Педагогиклық қызметі бойынша мұғалімдердің еңбек өтілінің көрсеткіштері.





Сурет 4. Мұғалімдердің білімдері бойынша көрсеткіш.


2011-2012 оқу жылы





.


Кесте 8. Мұғалімдердің білімдері бойынша 3 жылғы көрсеткіштері.


Көрсеткіш атауы

2010

2011 жыл

2012

Барлық педагогикалық қызметкерлер саны

11

12

13

Жоғары білімді

10

11

10

Арнаулы орта білімді

1

1

3

Аяқталмаған жоғары

0

0

0

Аяқталмаған арнаулы орта

0

0

0


Кесте 9. Мұғалімдердің еңбек өтілі бойынша көрсеткіш.



Оқу жылы

Барлығы

0-3 жыл

3-8 жыл

9-16 жыл

17-20 жыл

20-дан жоғары

2009-2010

11

1

1

7

1

1

2010-2011

12

0

2

7

2

1

2011-2012

13

1

3

3

5

1



Кесте 10. Мұғалімдердің жас ерекшеліктерінің көрсеткіштері.


Көрсеткіш атауы

2009

2010

2011

30 жасқа дейінгі педагогтың үлесі

1

1

2

31-45 жастағы педагогтер үлесі

8

9

10

46-60 жастағы педагогтың үлесі

2

1

0

60 жастан асқан педагогтың үлесі

0

1

1

Мектепте жоғары санатты педагог жоқ

І категориялы – 6 педагог, ІІ категориялы- 5 педагог, санатсыз-2 педагог.


Сурет 5. Мұғалімдердің категориясы бойынша көрсеткіші.


1-ші санат бойынша үш жылғы көрсеткіш





Сурет 6. 2-ші санат бойынша үш жылғы көрсеткіш.




2011 жылмен салыстырғанда кеткен мұғалімдер жоқ.

Мұғалімдерді толықтырылу мақсатында жаңадан жұмысқа келгендер білімін жетілдіру курстарынан өтті. Мектебіміз жас мамандармен де толықтырылып отырылады. Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында, келіп еңбек етіп жатқан мұғалімдер жоқ. 2010 жылы білімін жетілдіру курсынан 2 мұғалім , 2011 жылы білімін жетілдіру курсынан 4 мұғалім , 2012 жылы білімін жетілдіру курсынан 8 мұғалім өтті.


Сурет 7. Мұғалімдердің курстан өтуі.





3.3. Материалдық – техникалық жағдай.


Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудағы материалдық жағдай қазіргі заман

талабына сай деп айтуға болады. Өйткені мектепке даярлық топқа және шағын орталыққа арналған арнайы сынып бар.

Мұғалім мен тәрбиеші өздеріне берілген арнайы сағат бойынша жұмыс жүргізеді.


Жалпы орта білім берудегі материалдық-техникалық жағдайы жақсы.

Жаңақоныс негізгі мектебі бейімделген ғимаратта орналасқан.Мектепте

мұражай бар.Мектепте 6оқу кабинеті бар. Арнайы жабдықталған оқу кабинеттері жоқ. 1 интербелсенді тақта бар, 1биология кабинеті, 1 информатика кабинеті және 1 өзін-өзі тану кабинеті, 1 дайындық сыныбы кабинеті , 1 кітапхана бар. Кітапхана оқушыларға арналған оқулықтар мен әдеби кітаптармен толықтырылған.. Оның ішінде көпбалалы отбасының балалары бірінші кезекте қамтылады. 2011 жылмен салыстырғанда оқушылар саны тұрақты.

Оқушылар оқулықтармен толығымен қамтамасыз етілген.

Электрондық оқулықтар саны- 20%-ды құрайды.


3.4. Мектептегі асхана жағдайы


Мектепте 34орынды оқушылар тамақтанатын асхана бар. Асханада 1 аспазшы жұмыс істейді. Балалар тегіс ыстық тамақпен қамтылған.

Оның ішінде көп балалы отбасылары мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың ғана балалары тегін тамақтанады –33% құрайды. (15 оқушы).

Басқа оқушылар ақылы тамақтанады. Оқушыларға арналып ыстық тамақтан басқа бүйрекнан, майға қуырылған самса, әр – түрлі дәрумендік салаттар жасалады.

Өткен жылғымен салыстырғанда ыстық тамақпен тегін тамақтанатын оқушылар саны өсіп отыр.


Сурет 9. Тегін тамақтанатын оқушылар саны.





Компьютерлер саны-10. Бір оқушы санына шаққандағы 4,8 %

Оқу пайдалы ауданы-4,8 %. Интернет жүйесі қосылған.

Сурет 10. Мектептегі компьютерлер саны.





3.5. Қаржылай қамтамасыздандыру.


Мектептегі көпбалалы отбасы мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары тегін киіммен қамтылады. Оларға арнайы бюджеттен бөлінген қаржыға киім алынып беріледі. Мектептегі мұғалімдердің көмегімен де көмек көрсетілді.


^ ТАРАУ 4. БІЛІМ МЕКЕМЕСІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ.


Мектепке дейінгі білім беру қазақ тілінде аптасына – 5,6 сабақтан қазақ тілінде өткізіледі.

Мұғалім мен тәрбиеленушінің қатынасы-3%-ды құрайды.

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудегі даярлық топқа келетін оқушылардың саны өсуде. Тәрбиеленушілер саны жыл сайын өсіп келеді.


^ Жалпы орта білім беру.


Бастауыш мұғалімі мен оқушы арасындағы қатынас 1 қыркүйектен 2011 оқу жылында-7 %, жоғары буын мұғалімі мен оқушының қатынасы- 12 %-ды құрайды.


Кесте 13. Білім мекемесіндегі білім беру үрдісінің мінездемесі.


Көрсеткіш атауы

2010

2011

2012жыл

Бастауыш мұғалімі-оқушы қатынасы










Жоғары буын мұғалімі мен оқушы қатынасы










Бір балаға шаққандағы кітап саны

15

16

18















Сынып сағаттары, конференция, әр-түрлі конкурстар өткізіледі.Жұмыс жоспары бойынша құқық бұзушгылықтың алдын алу шараларына байланысты және патриотизмге тәрбиелеу мақсаттарында іс-шаралар жүргізілді.Мектептегі үйірме жұмысына қатысатын балалар саны 15%-ға өсті.


4.1. ^ Мектептегі тәрбие жұмысы.

Тәрбие жұмысының мақсаты: -Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол,еңбекқор,іскер, егеменді еліміздің ертеңін нұрлы етер барыс текті намысты ұрпақ тәрбиелеу.


Мектеп білім беруді іске асырмас бұрын өзінің алдына әр оқушыны төмендегі бағыттарда тәрбиелеу мақсатын қойды.

  • Адамгершілікті, адамзатқа тән құндылықтарды ұғындыру.

  • Еңбекке дайын, денесі шыныққан тұлға тәрбиелеу

  • Отан сүйгіш, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу

  • Ата – аналарды мектеп оқу – тәрбие жұмысына тарту, мектептің басқа да байланыс бағыттарын кеңейту арқылы тәрбие мәселелерін шешу.

  • Салауатты өмір салтын уағыздау.

Жеткіншектер арасында құқық бұзуға қарсы жұмыстар жүргізу.

Жұмыс жоспары бойынша құқық бұзушгылықтың алдын алу шараларына байланысты және патриотизмге тәрбиелеу мақсаттарында іс-шаралар жүргізілді. Осы және басқа да көптеген тәрбие бағыттарын іске асыру мақсатында мектеп ұжымы жыл басынан түрлі іс – шаралар өткізді.Бастауыш және орта буын «Жұлдыз» бағдарламасын басшылыққа алса, 8 – 9 сынып оқушыларын біріктіретін «Мұрагер» жастар ұйымы, өз бағдарламлары бойынша жұмыс істеді.

Осы ретте атқарылған жұмыстар:

Мәншүк Маметова атындағы пионерлер ұйымының қатарына 5 сынып оқушыларының 8баласы қабылданды. Аға тәлімгердің дайындығымен оқушылар көптен күткен пионер қатарына өтіп, зор мақтанышпен мойындарына көгілдір галстук байлады.Осы іс – шара барысында 8 – сынып оқушылары «Мұрагерлер» қатарын толықтырды. Әр сыныптың өзіндік ұраны мен төсбелгілері белгіленген. Пионерлер ұжымы да өз алдына қызықты жұмыстар атқаруда. Еліміздің тарихын, мәдениетін, ұғынып, білу мақсатында 8 – 9сынып оқушылары үшін «Мұрагер» өзін - өзі басқару ұйымы түрлі тақырыптарда ойталас, пікірталас, шығармашылық кештер, мүшайралар, конференциялар өткізеді.

Қыркүйек айында мектепішілік кезекті отырыста Президенттің көмекшілері министрлер сайланды. Қыркүйек айының соңғы апталығында Тілдер күні мерекеленді. Осыған байланысты мектепте онкүндік жоспары құрылып, гуманитарлық пән мұғалімдері онкүндік бойы сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын және ашық сабақтар өткізді.Жоспар бойынша Тілдер күніне байланысты шығармалар жазылып, аудандық басылымға берілді. «Алтын күз» мерекесіне арналған бағдарламалар, байқаулар мен жәрмеңкелер дәстүрге айналған. «Мұғалімдер күні» мерекесінде мектеп оқушылары өзін - өзі басқару күнін ұйымдастыру арқылы ұстаздық еңбектің қыр – сырына қанығады.Мамандық таңдаудың бір тарауы осы күні ашылады. Әрі қарай «Тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл», «Аналар мерекесі» де кезегімен келіп жетеді.Әр күннің өзіне тән ерекшелігі, ұмытылмас сәттері шәкірттеріміздің санасын кеңейтіп, ой - өрісін толықтырады.

Ата – бабамыздың асыл мұрасындай болып жеткен «Наурыз» мерекесін жыл сайын жаңа бағдарламалар құру арқылы жандандырып өткізуге тырысамыз.Әр сынып мерекелік дастархан жайып, салт – дәстүр көрсету, ән айтып, би билеуден бірінен - бірі асып жатады. Мектепте 5 – 8 сынып оқушыларынан құралған «Көңілділер, тапқырлар клубы» жұмыс істейді.

Халықаралық әйелдер күніне арналған сынып жетекшілер әр – түрлі тақырыпта тәрбиелік мәні бар сынып сағаттарын өткізді.Атап айтсақ: «Анам үшін мақтанам», «Ана өмірдің шуағы», «Ардақтайық ананы», «Қыз сыны», «Анамызға мың алғыс», «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған», «Ал, кәнекей қыздар», «Ана бақыты – бала бақыты» ата – аналармен сайыс сабағы, барлық сыныптар қатысқан концерт өтті.

Біздің жетістіктеріміз.

«Танцевальный Олимп» аудандық байқауға қатыстық.

Экология тақырыбынды «Табиғатты аялайық», «Адам табиғаттың төл баласы», «Табиғат досың» ашық сынып сағаттары өткізілді.

Аудандық білім бөлімі тарапынан ұсынылған: «Жомарт жүрек, мейіріміді көңіл» онкүндігінде: 1 – 4 сыныптарда суреттер байқауы, жоғары сыныптарда «Ұлы жанның киелі махаббаты» тақырыбына шығарма жазылып, 1 – 9сынып оқушыларының дайындаған жәрмеңке шарасы өтті.Жәрменкеден түскен ақшаға

мктепке қажет заттар алынды.


Мектепте мектеп медбикесі Ищанова А«АҚТҚ және ЖҚТБ дегеніміз не?», «Жұқпалы тері аурулары», «СПИД», «Миопия жайлы не білесің?» тақырыптарында тартымды әңгімелер, шаралар ұйымдастырып, сауалнамалар жүргізді.Аурудың таралуы жайында мәліметтер берді.

Нашақорлық пен наша саудасына қарсы стратегияны жүзеге асыру мақсатында мектеп қабырғасында мектеп медбикесі мен психологы бастамасымен оқушылар арасында «Нашақорлық туралы сөйлесейік», «Жан сырын айтып сырласу», «Нашар қылық, зиянды әдет, жұқпалы ауруларды болдырмау - әр азаматтың міндеті»- атты тақырыптар бойынша, «Есірткіге тәуелділік дегеніміз не?», «Есірткі адамдарға не әкелді?» деген сұрақтарға сауалнамалар жүргізіліп, пікір – сайыс, әңгіме сабақтар өткізілді.

Мектепте жүргізіліп жатқан пән апталықтарында сынып жетекшілер әр – түрлі тақырыптарда ашық тәрбие сағаттарын жүргізіп тұрады.

Оқушыларды салауатты өмір салтына бағыттау мақсатында мектепте апта бойы жүргізілетін волейбол, теннис, аяқ добы, шахмат, шашка ойындары жүргізіледі.

Сонымен, мектептегі тәрбие одан әрі дамуы, оған лайық бағыт – бағдардың оңтайлы жағын іздеп, мұғалімдерге меңгертуге байланысты. Жаңаша оқыту мен тәрбиелеуде, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбие арқылы оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын арттыру, дарынды оқушылардың қабілетін жетілдіруге баса назар аударылды. Ұстаздар қауымы өз шәкірттеріне жеке тұлға ретінде қарап, олардың қабылдауына, мінез – құлқына, бейімділігіне қарай жұмыс жүргізеді.Егеменді еліміздің болашағы дарынды ұрпақ. Сол дарынды ұрпақты қалай бағыт берсек, солай жетіледі.Бүгінгі күні өз елін сүйетін, адамгершілігі биік, ақыл – ой, парасаты терең, еңбексүйгіш жастарды тәрбиелеу негізгі мақсатымыз екенін біздің педагогикалық ұжым анық түсінеді.

Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі-білім беру мен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай жетілдіруге болады?

Жаңақоныс негізгі мектебінде тәрбие Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006 – 2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына негізделіп құрылған.

Тәрбие мәселесін көтеруді көздейтін бағдарлама мектептің алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің айқындығымен нақтылығымен жандандыра түседі.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру.

Бұл орайда ата – аналар комитетінің ролі айрықша. Мектеп жанынан құрылған ата – аналар комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің бастамасы болуда. Орта мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі біріккен іс - әрекеттерінде әр түрлі әдістер қолданылады.Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге оқушыларға ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне – тікелей әсер ету жатады.Ата – аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы мол. Көзбе – көз кездескенде ең жан ауыртатын, құпия, басқа адамдардың көзінше айта алмайтын сырларын бөлісе алады. Осындай әңгімелесуде жасөспірімдердің тәрбиесіне әсер ететін әдісті табу оңай болады. Мектебімізде биылғы оқу жылында ата – аналарға арнайы Ашық есік күнін ұйымдастырып, онда ата – аналар келіп балаларының сабақтарына қатысып, мектептегі өмірлерімен танысты.

Қазіргі мектеп қабырғасында дамып жетілген жас ұрпақ, ертеңгі ел болашағын жасаушы қайраткер. Сондықтан бала бойында өзі жайлы сыр берген болмашы жақсы нысанды одан әрі дамытып, жаман нышанды дер кезінде тоқтата білейік.

1. « Армысың алтын ұя мектебім! » -алғашқы қонырау мерекесі

« Ана тілім ардақтым ! »

« Арманы үлкен азат ел » - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мерекелік кеш

« Аялайық ананы ! » - аналар мерекесіне арналған мерекелік кеш

« Наурыз-думан » наурыз мерекесіне арналған мерекелік кеш

« Бір шаңырақ астында! » 1 мамыр күніне арналған мерекелік кеш.

  • «Көктемгі марафон » КВН фестивалі, « Жасдәурен » тобы – 3 орын

  • «Ән аға- Шәмші аға» - 1 орын – Төлеухан Аружан,Тілек Ырысдәулет,Мұқанбай Әділет т.б жүлделі орындарға ие болды.

  • «Ұшырса ұямыз,қалайша қиямыз » атты соңғы қоңырау кеші өтті



^ ТАРАУ 5. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІ.


Кесте 14. Жалпы негізгі білім бітірген оқушылар саны.


2010

2011

2012

5

3

4











Мектептегі оқушылар саны бойынша қайтадан сыныпта қалдырылғандар жоқ-0%, мектептегі оқу үлгерімі- 64 %-ды құрайды.

Білім беру нәтижесінің сапасы мемлекеттік аттестация қорытындысымен сипатталады. Жыл сайын 9 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырады.


Сурет 11. Емтихан қорытындысы бойынша үш жылғы көрсеткіш.




2012 жылы аудандық олимпиадаға 6 оқушы қатысты.

2011 жылғы түлектердің барлығы еңбек жолына орналастырылды.


Кесте 15. 9 – шы і сыныпты еңбекке орналастыру туралы мәлімет.


^ Негізгі мектепті бітіргендер

10 сыныпқа көшкендер

Орта оқу орнына түскендер

Арнаулы орта оқу орнына түскендер

Жұмысқа орналасқандар

-

-

3

-



Кесте 16. Жаңақоныс негізгі мектебін бітірген түлектердің ішінен 2011 жылы 3оқушы арнаулы оқу орнында оқып жатыр

^ Жаңақоныс негізгі мектебі түлектерінің 2011 – 2012 оқу жылында арнаулы орта білім алуға баратындығы туралы мәлімет




Аты-жөні

Қай оқу орнын бітірді

Қайда жұмысқа орналасады

Факультеті

1

Алпысов Ернар

Астана

Политехникалық колледж /грант/

механик

2

Мұқанбай Балнұр

Астана

Политехникалық колледж /грант/

финансист

3

Сағынбаева Салтанат

Астана

Пед коледж

бастауыш

4

Тілеков Еламан

Астана









ҚОРЫТЫНДЫ


Жас ұрпақ тәрбиесі- адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Адамның бүгіні де, болашағы да тәрбиелі, білімді ұрпаққа байланысты. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар абат болады» деген екен көне шығыс даналығы. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін зор еңбекті қажет ететін ауқымым кең, жауапкершілігі мол жұмыс екенін ұқтырса керек. Сондықтан да Жаңақоныс негізгі мектебінде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстар өз жалғасын таба бермек. Бірнеше жылдан бері білім сапасын арттыру міндеттері шешіліп келеді.



  • Жаңақоныс негізгі мектебінде даярлық сыныбында 3 оқушы бар.

  • 5-6 жастағы балалардың барлығы оқумен толық қамтылған.

  • Соңғы үш жыл бойынша мектеп оқушыларының саны тұрақты болды.

  • Тоғанас ауылы бойынша барлық балалар оқумен қамтылған.




  • Жыл сайын жоғары білімді мамандар саны артып келеді.

  • Педагогикалық қызметте еңбек өтілдері бойынша 9-16 жыл аралығында мұғалімдер саны артып келеді.

  • Бастауыш сыныптың барлық оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

  • Мектеп интернет жүйесіне қосылған.

  • Даярлық сыныбындағы оқушылар саны артып келеді.

  • Мектепте 20орынды шағын орталық жұмыс істейді.

  • Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді.

  • Мектептегі жұмыскерлердің саны тұрақты.

  • Жыл сайын мектепте жөндеу жасалып отырылады.

  • Мектеп айналасында көркейту- көгалдандыру жүргізіледі.

  • Мектеп кітапханасы жаңа оқулықтармен толықтырылып отырылады.

  • Мектептің жылу жүйесі де жыл сайын жөндеуден өткізіледі.

  • Материалдық-техникалық жағдай орташа деңгейде.

  • Мектепте бау-бақша бар









Похожие:

Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту iconБаяндама: Ағылшын тілің деңгейлеп оқыту
Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда әсіресе әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай білу,оқушыларға бірыңғай талап қою,дидактикалық білім мен...
Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту iconЖаңақоныс негізгі мектебінің Елбасы күніне арналған іс-шара есебі

Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту iconЖаңақоныс негізгі мектебінің бау-бақшасында 2011 – 2012 оқу жылы

Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту iconАлдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың...
Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту iconМiндеттердi шешудi талап етедi. Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың негізгі мақсаты
«География» оқу пәні бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалды
Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту iconЕріктілер қозғалысы жұмысы туралы есеп Жаңақоныс негізгі мектебі
Жаңақоныс негізгі мектебінде 2013жылғы қыркүйек айынан бастап «Еріктілер қозғалысы» атты ұйым құрылды. Жаңа оқу жылына іс-шаралар...
Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту iconЕріктілер қозғалысы жұмысы туралы есеп Жаңақоныс негізгі мектебі
Жаңақоныс негізгі мектебінде 2012жылғы қыркүйек айынан бастап «Еріктілер қозғалысы» атты ұйым құрылды. Жаңа оқу жылына іс-шаралар...
Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Ашық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту iconҚорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі кіріспе Тақырыптың өзектілігі
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов