|
^
Ересек адамдардың ертегі терапиясына бірден дайын бола алмайтынын естен шығармау керек. Психотерапиялық ертегілерді қолдануда негізгі үш нәрсені естен шығарып алмау керек:
Психолог ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны орынды қолдана білуі қажет. Ондай болмаған жағдайда, балық идея бұрмаланып кетуі мүмкін. Психотерапиялық ертегілерді айтып беру, бұл, клиент пен терапевт арасындағы “арақашықтықты” жақындатады.Осыған орай ертегі терапиясын жүргізуші терапевттен ашық-жарқындылық пен шынайы келбет танытуы талап етіледі. Ертегі терапиясының құрамды бөліктерінің біріне – ойын арқылы терапия жүргізу жатады. Осыған жете тоқталып кетер болсақ, көптеген ғасырлар бойы әдебиеттанушылар, фольклоршылар, психологтар және педагогтар ойынның ұлы құпиялы жақтарын ашып-білуге ұмтылуда. Солардың еңбектері мен зерттеу жұмыстарының арқасында Біріккен Ұлттар Ұйымы ойынды баланың әмбебап және ажырамас бөлігі мен меншігі деп жариялады. Ойын халықтық педагогиканың басты ережелерінің бірі болып табылады. Ол баланы болашақ өмірге дайындаудың негізгі әдіс-тәсілдерінің бірі болып табылады. Ойын баланың рухани жан дүниесін байытады және өмірдің құндылығын түсіндіреді. Өмірде жасалып отыратын әртүрлі іс-әрекеттерге көзқарасын қалыптастырады. Ойын терапиясы - бала мен ересек адам арасындағы біріккен іс-әрекет түрі болып табылады. Осы іс-әрекеттер арқылы адамның ішкі “Мені” құрылып, нығаяды. Сонымен қатар, адамның қазіргі өмір сүріп отырған уақыты мен болашақ өмірінің моделі құрылады. Бұл ойында берілген өмірдің маңызды бір жағдайын ойнап, бастан кешірумен тығыз байланысты болады. Ойын терапиясының ертегімен жүргізілетін негізгі бір түрінде ертегі оқылады немесе өсиет-нама ретінде айтылып беріледі. Ертегі формасындағы ойын баланың ойынға белсенділігін арттырады. ^
Ертегіге негізделген ғажайып ойындар адамның әлсіз және күшті жақтарын ашып, көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз жақтарының себептерін анықтайды. ^ Біздің зерттеу жұмысымыздың эксперименталды бөлімінің мақсаты - оқу процесіне арт-терапия элементтерін енгізуге дейінгі және оқу процесіне арттерапия элементтерін ендіргеннен кейінгі студенттердің “Өзін-өзі тануы”, жеке қасиеттерінің сапалық өзгешеліктерінің нәтижелерін салыстыру болды. Зерттеудің болжамы: Инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапияны оқыту процесінде тиімді және орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады. Зерттеудің обьектісі: Зерттеуге М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң “Педагогика және психология” мамандығының төртінші курс студенттері қатысты. Зерттеудің пәні: оқыту процесіндегі арттерапия элементтері. Зерттеудің мерзімі: «қыркүйек»_2006 ж._- «мамыр»_2007 ж._ Зерттеудің әдістемелері: арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші жаттығулар, ҰЕҰБЭ тұлғалық сауалнамасы. Әрбір студенттің оқу процеснде жетістікке жетуіне көптеген факторлар әсер етеді. Солардың ішінен сабаққа дайындалу, сабақты өз бетінше оқу, өзін-өзі бақылауы мен өзін-өзі бағалауы, өзінің танымдық іс-әрекетінің жеке ерекшеліктерін меңгере алуы, өзінің жұмыс уақытын дұрыс жоспарлай білуі, эстетикалық сезімі, ұжымшылдығы, ұйымдастырушылығы, еңбексүйгіштігі, білуге құштарлығы және т.б. бөліп көрсетуге болады. Жеке тұлғаның жоғарыда атап өткендей жекелік құрылымдық бөлімдерін анықтау мақсатында ҰЕҰБЭ (ОТКЛЭ) тұлғалақ сауалнамасын қолдандық және арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші тренингтік сабақтар жүргізуді жоспарладық. Әдістемелік зерттеудің міндеттері:
Зерттеу жұмысымыздың эксперименталды бөліміндегі құрылған болжамға сәйкес топ студенттерімен арттерапия элементтерін жүргізер алдын тұлғалық ҰЕҰБЭ сауалнамасы жүргізілді. ^ Мақсаты:Ұсынылып отырған сауалнама жеке тұлғаның негізгі жекелік- психологиялық ерекшеліктері мен негізгі жекелік бес қадір-қасиетін анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, ұжымшылдық (яғни, топқа немесе өзге бір адамдарға бағыттылық), білуге құмарлық және әсемдікке талпыну (эстетикалық өсу) деңгейлері жинақталған сұрақтар тізімімен анықталады. Бұл сұрақтар арқылы жоғарыда көрсетілген жағымды көрсеткіштердің даму дәрежесі анықталады. ^ Сізге 115 сұрақтан тұратын сауалнама бланкі мен жауап парағы беріледі. Сұрақтарды мұқият оқып шығып, “ия”, “жоқ” немесе “кейде” деп жауап беріп, оны жауап парағына белгілеңіз. Жауап берер алдын сол немесе өзге жағдайларда өзіңіздің көрсететін мінез-құлқыңызды елестетіп, объективті тұрғыда жауап беруге тырысыңыз, сауалнамада тексеру немесе өтірік жауап шкаласы да бар. ^ сауалнама нәтижесін стандартталған саулнама кілтіне салып өңдейміз (қосымша Ә2 қараңыз). Осы нәтижелерді толыққанды өңдеу барысында олардың орта мәні шығарылып, диаграмма құрылды. Кесте 2
![]() Диаграмма 1. Арттерапия әдістерін оқыту процесінде қолданудың ерекшеліктері және жүргізілетін сабақтар тақырыбы: Біз өзін-өзі тану курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сай арт-терапия элементтері бар психодиагностикалық жаттығулардан тұратын бағдарлама жасадық. Бұл курс 19 арттерапия әдістерін және түзетуші-дамытушы тренингтер қатарын қамтиды. Әр тақырыпқа бірнеше арт-терапиялық жаттығулар қарастырылған. Оның құрамына суреттермен, коллажбен, ертегілермен, тренинг ойындарымен жұмыс жасау кіреді. (қосымша А қараңыз). ^ Жағымсыз психологиялық қысымнан арылту; Өзіндік “Меніне” және өзін-өзі бағалауда оң көзқарасын қалыптастыру. Жұмыстың міндеттері:
Сабақтың жүргізілу орны: қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған топқа жайлы бөлме; ^ аптасына бір рет. Эксперимент жүргізу барысында қолданылған арттерапия элементтері мен тренингтерге және жалпы жұмыс барысына сипаттама беру 1-сабақ. “Көңіл-күйді саламыз” 1. Танысу. Бұл жаттығудың негізгі міндеті – адам ешқандай сөзді пайдаланбай-ақ, тек қана сурет арқылы өзін топқа таныстыру. Немесе шеңбер жасай отырып танысу ритуалын бастау. Мұнда әртүрлі ойын элементтерін пайдалануға болады. ^ атты графикалық тапсырма. Мұнда жүргізуші арттерапияға қатысушы студенттерге бағыт-бағдар, нұсқау бере отырып, атмосфераға ендіреді. Оларға өздеріңмен өздерің бола отырып, өздеріңді күнмін деп санаңдар дейді. Егерде сендердің көңіл-күйлерің қуанышты болса сәулелер қуанышты, ал көңілсіз болсаңдар – көңілсіз сәулелер шашырайды. Енді көңілсіз, таңқалушы, қуанышты, ашулы сәулелері шашырап тұрған күн саламыз. Бұл тапсырма қатысушыларды кейінгі шығармашылық іс-әрекетке бағыттайды, белгісіздіктің әсерінен болатын психологиялық қысымнан арылтады. Содан кейін жүргізуші әрбір автордың туындысына комментарий береді. ^ атты диагностикалық тапсырма. Мұнда әрбір қатысушы адам силуэтін салып, оның көңіл-күйін білдіретін бояу түстерімен безендіреді. Осы арқылы біз қатысушылармен әңгіме-дүкен құруға ақпарат жинаймыз. ^ 1. Бұл сабақта адамдардың сезімдері мен көңіл-күйлері, “қамығу” туралы әңгіме жүргізіледі. Адамда қай кездері қамығу болады? Қамығу дегеніміз не? деген сұрақтар қойылып, қамығып тұрған адамның суретін салу ұсынылады. Көптеген суреттердің арасынан қамығып тұрған адамның суретін алып, оның себебін талқылайық. ^ Студенттерге қамығып тұрған бір нәрсенің суретін салу ұсынылады. Олар салған суреттерін көрсетіп, түсіндіріп өтеді және оған тиісті сұрақтар пайдаланылады. Бұл олардың жағымсыз сезімдерін сыртқа шығаруға мүмкіндік береді. ^ тапсырмасы. Мұнда әрбір қатысушы бөлмедегі жабырқаулы болып көрініп тұрған затты іздеп табады. Олардың мына зат жабырқаулы деген пікірлері әртүрлі болады. Әркімнің өзіндік жеке пікірі болады. Бұл тапсырма олардың жекелік ерекшеліктерін танып білуге көмектеседі. ^ “Шеңбер ішіндегі сурет”. Бұл тапсырмада қатысушыларға жабырқау тақырыбындағы мандала салу ұсынылады. Бұл сурет арттерапия сабағының соңына дейін сақталынып қойылады. Өйткені соңғы сабақта еркін тақырыпта қайтадан мандала салынып бірінші мандаламен салыстырылады. Қатысушылар өздеріне ұнаған мандаланы таңдап алады. ^ тапсырмасы. Күзгі уақытта жапырақтардың түсуі адамның көңілін жабырқаулы күйге әкеледі, ал кепкен жапырақтардың сыңғыры көптеген қуанышты сезімдер сыйлауы мүмкін. Бұл жаттығуда жүргізуші стол үстіне шығып, жапырақтарды жоғарыдан себелейді. Әрбір қатысушы түсіп келе жатқан жапырақтарды қағып алуға тырысып, қағып алған жапырақтарды өзінің басына қарай лақтырады. Ол фейерберк сезімін тудырады. Сонымен қатар қолдағы жапырақтармен сурет салуға да болады. Қағаз бетіне клей жағып, қолдағы жапырақты ұсақтап қағазға себеді. Нәтижелі картина шыққанша қайталайды. Бұл сабақта алғашқы екі жаттығу қатысушыларды белсендіреді. Ал соңғы жаттығу тыныштандырады. Арттерапия әдістері “Танысу”
“Автопортрет”
“Сурет салу және бақылау”. Бұл шығармашылық жұмысты адамның жұптасып жүзеге асыруын білдіреді. Біреуі екінші сурет салып жатқан адамды бақылап тұрады және сурет салушыға өзінде суретке қарап туындаған ойларын айтып отырады. Сурет салушы екінші адамның ойын өз қалауынша пайдаланады. Содан соң олар рольдерін ауыстырады. Ал топ болып осы жұмысты жасағанда бірінші топ бастап, екінші топқа жалғастыруға береді. Соңынан бірінші топтың ойын екінші топтың жалғастыруы қаншалықты сәтті болғанын бірінші топ талқылайды. “Интерпретация”. Әрбір қатысушы бір сезімді бейнелейді (абстрактілі-символды және нақты). Парақтың келесі бетіне қандай сезім екені белгілейді. Содан соң суреттер араластырылады. Топ мүшелерінің қатысуымен интерпретация жүргізіледі. Суреттер кезекпен алынады. Жүргізілген интерпретация парақтың келесі бетіндегі сезім белгісімен салыстырылады. “^ Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін үш сурет салыңыз.
“Жол”. Өзіңіздің таңдап алған жолмен жүріп өтіңіз.
“^ Адамдардың бойында кездесетін сізге ұнайтын жақсы және жаман жақтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін салыңыз.
“^ Өіңіздің суретіңізді парақтың ортасына салып, жан-жағына сіздің ерекшеліктеріңізді анықтайтын көрсеткіштерді жабыстырыңыз.
“Түстермен байланыс”. Әртүрлі түсініктерді әртүрлі түспен байланыстыру қажет, мысалы:
“Герб пен символ”. Сіздің жекелік ерекшеліктеріңізді көрсететін “Герб пен символ” ойлап тауып, оның суретін салыңыз. “Метамарфозалық автопортрет”. Өзіңізді бір зат немесе жануар түрінде суреттеп, бейнелеңіз. Оның фонын да салуға болады.
“^ Шамды пайдаланып, қағаз бетіне қандай да бір бейне түсіріңіз. Соңынан краскамен бояп, бір туынды шығарыңыз. Бұл оны контрастылы көрінуіне себеп болады. “Коллаж”. Журналдардан адамдардың, жануарлардың суреттерін және т.б. фигураларды қырқып алып, формат бетіне олардан композиция құрыңыз. Ондағы фигуралардың нені білдіретінін, адамдардың не ойлап тұрғанын және не істеп жатқаны туралы жазып қоюға болады. “^ Әрбір қатысушы жеке параққа бір жануардың суретін салып, оны бояп, қырқып алады. Соңынан барлық қырқылған фигуралар бір форматқа жабыстырылады. “Иллюстрация”. Келесі тақырыптың біреуіне сурет немесе коллаж жасау керек.
“Жарнама”.Өзіңе арналған аз ғана мәтіні бар жарнаманың суретін сал. Сурет салу аяқталғаннан кейін топ мүшелері бір-бірінің жарнамаларына автрдың жіберіп алған моменттері мен жекелік қасиеттерін қосып отырады. “^ Бұл әдістемеде бірінші адам 2 минут аралығында сурет салады. Өзінің салған суретін екінші адамға көрсетеді. Ол көрген суретін есінде сақтай отырып, келесі параққа салады, ол үшінші адамға көрсетеді. Соңғы адамның салған суретін бірінші суретпен салыстырады. |
![]() | Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі ... | ![]() | Мазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы Кіріспе 5 |
![]() | Мазмұны кіріспе 3 i-тарау Кіріспе 3 | ![]() | МазмұНЫ Кіріспе б |
![]() | Мазмұны кіріспе | ![]() | Мазмұны. Кіріспе |
![]() | Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері | ![]() | Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері |
![]() | Мазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер | ![]() | Мазмұны Жоспар бет Кіріспе |