|
^ Тренинг сабақтарын жүргізгенде ескеріп отыратын бірнеше ережелер мен принциптер болады. Солардың арасынан негізгі принциптерді бөліп көрсететін болсақ:
Тренинг өткізуде принциптерді жүйелі түрде жүзеге асыру, дәстүрлі оқыту әдістерінің (лекция, семинар, көркем әдебиеттерді оқыту) сала жағынан айырмашылығымен қамтамасыз етеді, олар:
Тренингтің мақсаты:
Басқаларды қабылдау, олармен әртүрлі қатынастар жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік, ұғымдық, рольдік қатынастарға өз әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда мәдениаралық өзара тренинг жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға болады. ^
^ Ұсынылып отырған жаттығуларда адамдардың эмоциялық дүниесінің ерекшелігі, сонымен қатар эмоциясы мен сезіміне әлеуметтік және психологиялық әсерлер қарастырылады. Тренингтің көмегімен, басқаларадың көзімен қарағанда мен қандаймын, қандай болғым келетінін анықтауға болады. Сонымен бірге өзімен және адамдармен өз қатынасын қалай құру керектігін, адам қоршаған әлеммен қалай өзара әрекет жасайтынын үйренеді және өзіне деген сенімділік, рефлексия дағдысы және тұлға аралық қатынас мәдениеті дамытылады. Жаттығулар барысында адам дәл сол мезетте не сезеді немесе не ойлайды соны айту керек. Адам өзін-өзі ашпаса, өзін-өзі терең танып білуі мүмкін емес. Жаттығулар адамның тұлға ретінде дамуына және өмірде өз әлеуетін барынша көп қолдануына бағытталған. Олардың тұлғалық өсуіне ықпал етеді. Әрбір адамның өзін-өзі тануына, ойдағыдай әлеуметтік бейімделулеріне көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін, қабілеттіліктерін танып білуге жағдай жасайды. Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тануға байланысты жаттығулардың негізгі мақсаты: жаттығулардың көмегімен тұлғаның өзін-өзі түсінуі мен өзін зерттеуі және өзі туралы білімін кеңейту. Жаттығу – 1. Тақырыбы: “Тазару” (5 минут). Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін-өзі түсіну. Бұл күнделікті проблемамен жайсыздықтан құтылудың жақсы тәсілі. Жаттығуды сабақтың басында өткізген қолайлы. Топтың мүшелері жағымсыз жайларын айтып, уақытша оны ұмытады. Жұмысқа толығымен кірісулері үшін осы жаттығудан бастау маңызды. ^ 1. Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Әрбіреуі 2 минут ішінде әріптесіне өзінің проблемалары, жайсыз жайлары, сонымен бірге ойлары, сезімдері және қуаныштары жайлы әңгімелейді. 2. Біреуі сөйлеп жатқанда, екіншісі сөзді бөлмейді және айтылғандарға өз сезімін білдірмейді. Екі минуттан соң жұптар рольдерін ауыстырады. ^ Осы кезде қолыңызға себет ұстап жүрген сияқты кейпіңізбен бөлме ішінде жүресіз. Әр жұптың жанына барасыз және барлық жайсыз жайларын себетке “Салуын” сұрайсыз. Мұны әркім ишараның және ымның көмегімен жүктің ауырлығын көрсете отырып істейді. Басқалары оны көрулері және бағалаулары керек. Егер жағымсыз жайдың жүгі тым ауыр болса, онда оны себетке салмай, бірден айту керек. Барлық жағымсыз жайлар себетке “түскен” соң, сабақ соңында қатысушылардың тағы да оны қайталауларын ұсынып көріңіз. Әрине, олар оны орындағысы келсе қайталасын. Талқылау: Жағымсыз жайларды айту оңай тиді ме? Қиындығы неде болды? Қандай әсер алдың? Қазір өзіңді қалай сезінудесің? Жаттығу - 2 Тақырыбы: “Өзіне хат ”. Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну және тұлғалық даму тәсілдерін таба білу. Бұл жаттығу адамға өзі үшін ең маңызды нәрсені жасауға, өзін сүюге, оған өзіне рұқсат беруге, өзінің махаббатын сезінуге көмектеседі. ^ Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші бәрінен бір парақ пен қалам алуларын сұрайды. Нұсқау: “Қазір сіздер өздеріңізге хат жазасыздар. Сіз бұл хатты алдыңыз. Бірақ хатты алған адамдар не істейді? Хатқа жауап береді. Сондықтан қазір өздеріңіздің хаттарыңызға жауап жазатын 10 минут уақыттарыңыз бар. Өздеріңіз алған хатқа нақты жауап жазыңыздар.” Талқылау: Хат жазу оңай тиді ме? Әлде жауап жазу оңай болды ма? Жазу кезінде не туралы ойладыңыз? Өзіңізді қалай сезінудесіз? Жаттығу – 3. Тақырыбы: “Өзін-өзі бағалау” медитациясы. Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзі туралы ойын дамыту. ^ “Жүргізуші дауыстап оқиды. Өзінің жоғары бағалануына өзін сендіру үшін, қатысушылар ақырын дауыспен қайталап отырады”. Мен ол мен. Бүкіл әлемде дәл мен секілді ешкім жоқ... Маған бір нәрсесімен ұқсас бар, бірақ дәл мен секілді, ешкім жоқ. Маған тиістінің бәрі менде бар: менің денем, оған қоса, оның жасайтындары; барлық ойым мен жоспарымды қоса алғандағы менің санам; барлық бейнелерді көре алатын менің көздерім; қандай болмасын, менің сезімдерім – үрей, қанағаттану, күш түсіру, махаббат, ызалану, қуаныш. Барлық сөздерді - әдепті, мейірімді немесе дөрекі, дұрыс немесе дұрыс емес сөздерді айта алатын менің аузым; қатты немесе ақырын болатын менің даусым; басқа адамдарға немесе өзіме деген қатынасым, яғни менің барлық әрекетім. Менің барлық қиялым, менің арманым, менің барлық үмітім мен менің қорқыныштарым маған тиісті. Менің барлық жеңістерім мен жетістіктерім, менің барлық жеңілістерім мен қателерім өзіме тиісті. Осының бәрі маған тән, себебі мен оны таңдадым. Бұл бар. Бұл өзіңді сүю мен өзіңе қызығуға негіз болуға жеткілікті. Әрине, мені таң қалдыратын, менде бір нәрсе бар. Мен лайықты емес нәрселерден бас тарта аламын, өте қажет дегендерді сақтай аламын және менің өзім де жаңа бірдеңелерді аша аламын. Мен көре, ести, ойлай, сезе, сөйлей және әрекер ете аламын, яғни менде өмір сүру үшін бәрі де бар. Басқа адамдармен жақын болатындай менде бәрі бар. Мен өз әрекеттеріме жауап беремін, сондықтан мен өзімді өзгерте аламын. Талқылау: Жаттығу ұнады ма? Нені көз алдыңызға елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар? Қазір не сезіп тұрсыздар? Жаттығу – 4. Тақырыбы: “Өмірлік мақсаттар” . Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, өзі туралы ойын дамыту. Жаттығудың барысы:
Талқылау: Мақсаттарды жазу жеңіл болды ма? Нені көзіңізге елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Не қиындық туғызды? Бірінші кезекте неге назар аударылды? Қазір нені сезінудесіз? ^ Жаттығу - 1. Тақырыбы: “Танысу”. Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен танысуы. Жаттығудың барысы: Қатысушылар шеңбер құрып отырады, (нұсқау), осындай қойылым қатысушылардын өз қасиеттеріне, жеке ерешеліктеріне әр түрлі жағынан келуді ұсынады және ойдың икмділігін, тапқырлығын талап етеді. Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзінің үш қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. Сонымен бірге өмірлік кредосын айтады. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді? Жаттығу – 2. Тақырыбы: “Біз қандаймыз?”. Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлықтарымен жете танысу. ^ : Жүргізушіден үлкенірек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі жағына өзінің есімін жазады және парақты вертикаль сызықпен бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына “Плюс”, оң жағына “Минус”белгісін қоямыз. “Плюс” жазылған бөлікке, қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің, кез-келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі қанағаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, мысалы киноға бару, суда жүзу, кітап оқу т.с.с. “Минус” белгісі бар оң жаққа, әркім ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Жүргізуші әр бөлікті 10-12 минуттың ішінде кезекпен оқып шығады. Жүргізуші де өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға қатысады. Соңында, қатысушылар парақты кеуделеріне тағып алады. Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір-бірінің парақтарына жазылғандарын оқиды. Талқылау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай? Қазір көңіл-күйің қандай? Эксперименталды зерттеу бөлімінің болжамын дәлелдеу мақсатында, жоғарыда көрсетілген арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші тренингтер кешенін топта жүргізгеннен кейін, ҰЕҰБЭ сауалнамасы қайта жүргізілді. Студенттердің сауалнамаға берген жауаптарын өңдей отырып келесі нәтижеге қол жеткіздік. Кесте 3
![]() Диаграмма 2. Бұл жерде де жауап нәтижелерінің ортақ мәндерін таба отырып, диаграмма құрылды. Арттерапия элементтерін оқу процесінде қолданғанға дейінгі және арттерапия элементтері мен дамытушы-түзетуші жаттығуларды оқу процесінде қолданғаннан кейінгі топтағы өзгерістер өңделіп, алғашқы және кейінгі нәтижелер салыстырылды. Нәтижелерді өңдеп, салыстыру барысында мынадай өзгерістер байқалды. Кесте 4
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
![]() | Мазмұны Кіріспе І тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі ... | ![]() | Мазмұны Кіріспе 5 1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы Кіріспе 5 |
![]() | Мазмұны кіріспе 3 i-тарау Кіріспе 3 | ![]() | МазмұНЫ Кіріспе б |
![]() | Мазмұны кіріспе | ![]() | Мазмұны. Кіріспе |
![]() | Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері | ![]() | Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері |
![]() | Мазмұны Кіріспе І тарау. Аминдер | ![]() | Мазмұны Жоспар бет Кіріспе |