Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе icon

Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе



НазваниеТақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе
страница3/3
Дата05.05.2013
Размер0.7 Mb.
ТипДиплом
источник
1   2   3

^ 2.3. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, онан қаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, оларды материалды қалай меңгергені, мұғалім мен оқушылар еңбегінің барысы, нәтижесі және оған қалай жеткені белгісіз болады. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке деген ықыласы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын, балалардың алған білімдері, дағдысы мен шеберліктері есепке алынып отырылсын. Оның мынадай жолдарын көрсетуге болады: 1) бір сабақтың негізінде бағалау; 2) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; 3) бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

Оқушылардың білімін бір сабақтың негізінде бағалаушы оқушының қандай сұрауларға, қалай жауап бергенін және қандай жұмыстарды орындағанын есепке алып отырады. Сабақтың соңында бірнеше оқушыға бүкіл сабақ бойы істеген жұмыстарының (еңбегінің) негізінде баға қояды және неге олай баға қойғанын бүкіл сыныпқа хабарлайды (дәлелдейді). Мұндай жағдайда мұғалім сабақ бойы кез келген оқушыдан сұрай алмайды: кімдерді бағалау керектігін, қандай сұраулар қоятынын, қандай жұмыстар жасайтынын алдын ала жоспарлап алады. Сабақта сұраулар бүкіл сыныпқа қойылып, дағдыландыру, жаттығу жұмыстарына барлық оқушылар қатыстырыла тұрса да, мұғалім білімін, дағдысын, шеберлігін есепке алатын оқушыны іштей байқап, сұрағанда көбіне соларды тұрғызады. Мысалы, II класта оқушыларға деформаланған мәтін ұсынылып, ондағы сөйлемдерді тауып, соңына нүкте қою керектігі тапсырылды дейік. Оқушылар иапсырманы орындап болған соң, мұғалім олардан сөйлем жөнінде не білетіндерін сұрайды: 3 – 4 оқушыдан сұрағанына жауап алады, 1) аяқталған ойды білдіреді, 2) сөйлем өзара байланысты сөздерден құралады, 3) сөйлемнен соң нүкте қойылады, 4) әрбір жаңа сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Сол оқушылар өздіктерінен мысалдар келтіреді, талдайды. Мұғалім олардың сөйлем жөніндегі түсініктерін, дәлелдемелерін байқайды. Осыдан соң берілген тапсырманы бүкіл сыныптың қалай орындағаны жалпы тексеріледі. Бұл үшін жекелеген оқушылар орнынан тұрғызылып, нүкте қойған, бас әріппен жазған әр сөйлемді оқиды. Алдыңғы сұралған 3 – 4 оқушыны тақтаға шығарып, олардың дәптерлерін тексереді; қажет болса, тақтаға сөз, сөйлем, сөз тіркесі жаздырылады. Балаларды бағалау үшін мұғалім бір сабақ бойы осылайша материал жинайды.

Сабақ соңында бірер сұраққа жауап берген бірнеше бала және жаттығуды орындаған балалардың еңбектері де атаусыз қалмайды. Олардың қай сабақта қандай сұрауға жауап бергенін, қандай жұмысты орындағанын ескеріп жүріп, бірнеше сабақтағы еңбектері қорытылып бағаланады. Бұл үшін мұғалім өзінің арнаулы дәптеріне (балаларға көрсетпей), әр сабақтан кейін қажетті мәліметтерді жазып жүреді. Балалардың әрбір жауабы, әрбір еңбегі ескерілетініне көзі жетсе, әр сабақта өз білетіндерін көрсетуге тырысады, белсенділіктері артады.

Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін үйге берілген тапсырманы орындауларына, жазбаша бақылау жұмыстарының нәтижесіне немесе сабақтың әр кезеңінде (әсіресе жаңа сабақты түсіндіру я бекіту кезінде) бір күрделілеу сұраққа дұрыс, толық анық жауап беруіне қарай бағалауға да болады. Оқушының белсенділігін көтеруге, тапқырлығын арттыруға және өздігінен ойлай білуін күшейтуге бұл әдістің де пайдасы зор.

Мектеп тәжірибесінде балалардың білімдерін және емле дағдыларын тексеру бірге жүргізіледі. Мысалы, балалар диктант жазса, ол оқушылардың грамматикадан белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін тексеруге де, емле, жазу дағдысын, шеберлігін тексеруге де арналады. Оқушылар ондағы сөздерді, сөйлемдерді талдайды, шартты белгілермен көрсетеді, керекті сөздерді теріп жазады, схемаға түсіреді т.с.с. Мұнда грамматикалық талдауға берілетін тапсырмалар көп болмауға тиіс (2 – 3-тен аспасын). Бақылау жұмысы дұрыс көрсеткіш беру үшін, оны ұйымдастыру және өткізу барысында кейбір шарттар орындалуы қажет:

  1. Орфографиялық бақылау жұмысы белгілі бір тақырып аяқталып, оқушылырда жазу дағдылары қалыптасқаннан кейін жүргізіледі. Егер мұндай алғышарт болмаса бақылау жұмысын кейінге қалдыра тұрған жөн.

  2. Балалардың жазғандарын қарағанда тек соңғы өтілген тақырыптар бойынша берілген білімдер ғана емес, сонымен қатар бұрын берілген білімдер де қамтыла тексеріледі.

  3. Бақылау жұмысына әдетте мәтін немесе жеке сөйлемдер алынады. Әр сыныпқа белгілі мөлшерде сөз саны есептеп беріледі.

  4. Бір түрлі орфограмманың бірнеше қайталанып келуінің (бір бақылау жұмысының ішінде) қажеті жоқ.

  5. Бақылау жұмысында ең соңғы оқылған тақырыпқа 2 – 6 объект, ал бұрын оқылғандарға екі объектіден келтірілген жеткілікті.

  6. Бірдей орфограммада кездесетін сөздерді варианттармен берген тиімді.

  7. Мұғалім бақылау диктантының мәтінін тұтас оқып шығады, ондағы түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіреді, сонан соң жеке сөйлемдерді оқиды, онан әрі мұғалім сөйлемді тағы бөліп оқып жаздырады. Әр сөйлем қайта тұтас оқылады, бұл кезде оқушылар жазғандарын тексеріп шығады. Ең соңында мәтін тұтас, жай, бір рет оқылады, балалар оған ілесіп отырып, жазғандарын тексереді. Оқушыларға жұмыстарын жөндеуге қосымша уақыт берілмейді. Мұғалім жазғандарын жинап алады.

  8. Оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын және шеберліктерін тексеру мақсатында өтілген материалдардың негізгі мәселелері жайлы қосымша тапсырмалар беріледі. Мысалы, грамматикалық тұлғаларды табу, сөз таптарына ажырату, септіктерді қою т.с.

Сабақта оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап қайтарып қоюы жеткіліксіз, олар сұрақты өздері де дұрыс қоя білуге дағдылануға тиіс. Сұрақ қоюға үйретуді қайталау сабақтарында жүргізген дұрыс.

Сонымен, оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін белгілі бір жүйемен есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.


^ 2.4. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары

Мұғалім грамматика мен емледен оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін есепке ала отырып, олардың жақсы және олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін сыныптағы анағұрлым білімі нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп, жазып жүреді. Сөйтіп, мұғалім оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қадағалап, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар береді1.

Оқушылар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыс жасайды. Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ғана емес, сонымен

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы, А, 1991.

қатар өздерінің қателерін жою үшін өздіктерінен жұмыс жасауға да үйренуге тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім сыныппен жұмыс жасау кезінде немесе бір оқушыдан сабақ сұрау кезінде керекті сөзді жазғызады, қалай жазылып тұрғанын талдатады. Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады.

Біраз уақыт өткеннен кейін (тоқсан аяғында, жарты жылдықтың аяғында) оқушылардың жұмыстарына толық талдау жасайды. Кейбір

оқушыларға тән қателері теріп жазады, осының нәтижесінде әрбір оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі жөнінде тұтас карта жасалады. Мұғалім балалардың қате жіберу мотивін анықтайды: 1) оқушы ережені білмегендіктен (кезінде түсінбеген немесе ұмытып қалған) жіберген бе? 2) ережені біледі, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған, яғни ережені жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған. 3) ережелерді араластырып шатастырады. 4) жазып отырғанының мағынасына (не жазып отырғанының өзіне түсінбейді) түсінбей, зейін қоймай, механикалық түрде әрекет етеді. 5) кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да, өзін-өзі бақылай алмайды. 6) асығыс, ұқыпсыз орындау салдарынан қатені байқамайды т.с.с. – себептерін анықтағаннан кейін соған сәйкес, қосымша жұмыс ұйымдастырады.

Оқушылардың жұмыстарында кеткен қателіктерді түзету жолдары да алуан түрлі. Қателерді қай кезде түзету керек? Егер жұмыс шағын болса, сол табанда түзету керек. Мысалы, ескерту, түсіндірме диктанттары, көшіріп жазу жаттығуларын сол сабақтың үстінде-ақ түзетуге болады. Ал бақылау диктанты, мазмұндама, шығармадағы қателер соңынан түзетіледі. Қате түзетуде жазу жұмыстарына талдау жасаудың пайдасы зор. Талдау барысында мұғалім балаларға әуелі дәптерлерін таратып бермейді, өйткені олар өз дәптерлеріне қарап алаң болады да, мұғалімді тыңдамайды, ұжымдық жұмысқа қатыспайды.

Жұмыс осы оқушылардың көпшілігіне тән қателерден басталады. Мұғалім өзі (немесе тақтаға шақырылған оқушы) балардың көбі қате жіберген сөзді немесе сөйлемді тақтаға жазады, оны қалай жазу керектігі, неге олай жазатынымыз анықталады, ережесі еске түсіріледі. Мұндай жалпы сыныпқа тән қателер онша көп болмайды, сондықтан оларды талдауға бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса, оқушылар ол сөзге сөйлем құрап, дәптерлеріне жазып алады.

Екінші сабақта жеке оқушылардың жіберген қателіктері талданады. Осы мақсатпен балалардың дәптерлері таратылып беріледі. Олар мұғалімнің түзеткен қателіктерін табады, оны жұмыстың соңғы жағына теріп, көшіреді, қосып сөйлем құрастырады т.б. Қатемен жұмыс тек бақылау диктантына байланысты ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар басқа сабақта да жүргізіледі.

Балалардың жұмыстарындағы қателерді мұғалім түрлі жолдармен түзетеді: 1) қате жазылған сөз сызылып, үстінгі жағына сөздің дұрысы тұтас жазылады; 2) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады; 3) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады, тұсына ескерту жазылады (керекті әріптің я сөздің дұрысы немесе соны еске түсірерліктей сөз көрсетіледі, немесе тиісті сұрау қойылады, кітаптан тиісті параграф ережесі көрсетіледі т.б.); 4) қате әріптің астын сызып қояды, ешқандай ескерту берілмейді.

Бұл көрсетілген жағдайлардың қайсысын қалай қолдану: 1) сыныптың ерекшелігіне байланысты (I-II сыныптарда айқынырақ түзетулер қолданылады, III –IV сыныптарда күрделірек әдістер қолданған мақұл (3-4 әдістер), 2) оқушылардың дайындық дәрежесіне байланысты. Мысалы, жақсы оқитын оқушы қате жіберсе, оның қатесінің асты сызылып қана қойылады, ал нашар оқитын оқушылардың қателерін түрлі әдіспен түзету керек (кейде қалай түзету керектігіне нұсқау көрсетсе, кейде дұрысын жазады). Мүмкіндігіне қарай, қателерді түзетуге оқушылардың өздерін қатыстыру керек. Мұғалім қате жазылған сөздердің дұрысын, тіпті болмаса, мәтінді түгел балаларға қайта көшіртеді. Мұнда қате жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі өте пайдалы.

Оқушылар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда динамикалық стеротип орнайды да, одан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан олардың қателерін есепке алып, бір қатені екінші рет қайта жібермеу үшін, дереу алдын ала шаралар қолданылады. Оқушыларды қате жазудан сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескертіп, көрсетіп жаздыру, жазылу ережесі оқылмаған сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран кездессе, ондай сөздерді тақтадан немесе оқулықтан қарап жазуға дағдыландыру керек. Мұғалім оқушылардың жазуларын тексеріп, қателерін түзетіп болғаннан кейін, әр оқушының жұмысына баға қояды. Бүкіл сыныпқа берілген тапсырманың үстіне жеке оқушыға арнаулы тапсырмалар береді (мысалы, ережені пысықта, сөйлем құрастыр, белгілі бір жаттығуды орында т.б.). Бастауыш сыныптарда да әсіресе сауаттылық жағын қамтитын бір баға қойылады. Ал мазмұндама мен шығармада тек орфографиялық қателер ғана емес, сонымен қатар пунктуациялық қателер, сөз қолданудағы сөздерді байланыстырудағы, жоспардағы, сөйлем құрудағы, мәтіндегі қателер де, тіпті жазу жұмысының көлемі де есептеледі.

Оқушылардың жазғандары, айтқандары орфографиялық жағынан сауатты, стилистикалық жағынан дұрыс болуға тиіс. Оқушылар мұғалімнің сөзіне еліктейді. Ендеше мектептегі мұғалімдердің өзі сауатты сөйлеулері керек, тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазғандары әдемі, қатесіз болғаны жөн.

Қорыта айтқанда: 1. Сауатты жазуға үйренуде мүғалім оқушылардың ережені түсінбей, құрғақ жаттауына жол бермеуі керек, сол ережені меңгертудің әдіс-тәсілдерін іздестіруі керек. Оқушылар өтілген ережелерге өз бетінше мысал келтіре алып, оны оған ұқсас басқа жағдайларда пайдалана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасады. ¤йткені тіл дамыту – қашанда ой дамыту. Сауатты жазуға үйрену үшін оқушы аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларын іске асыруы керек.

  1. Сауатты жазуға үйретуде мұғалім мынадай жұмыстарды жүргізеді: сөздің не сөйлемнің мағынасын түсіндіріп барып оны оқушыларға жаздырады; сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға машықтандырады; түбірлес сөздерді табу, сөз тіркестер арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру; дыбыстық талдау жасау, сөздік жұмысын жүргізу; сауатты жазу дағдысын қалыптастыру т.б.

3. Жазуға байланысты жүргізілетін жаттығулар көруге, естуге және орфографиялық тапсырмалар бойынша жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері: грамматикалық-орфографиялық талдау, көшіру түрлері: механикалық көшіру, есте ұстау арқылы көшіру, еркін көшіру; грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру; бақылап көшіру; диктант жүргізу, оның түрлері: ескерту диктанты, іріктеу диктанты, түсіндіру диктанты, шығармашылық диктант, ерікті диктант, бақылау диктанты.

4. Оқушылардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру жұмысы 4 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде материал мұғалімнің көмегімен тақтада талданады, ереже бойынша жазылған сөздер табылады, бұл дағдыны бекітудің алғашқы сатысы. Екінші кезеңде дайын мәтін беріліп, оқушылар ережеге сай келетіндерін табады. Бұл кезеңде көптеген жаттығулар жүргізіледі және бұл кезең – орфограмманы білу кезеңі деп аталады. Үшінші кезең – орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда оқушылармен грамматика – орфография тапсырмалар, түрлі көшіру, шығармашылық жұмыстар, диктанттар жүргізіледі. Келесі кезең – қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі. Бұл кезеңде жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу, диктанттар жазу жұмыстары жүргізіліп, өтілген ережелер бойынша дағдылар толық қалыптасады.

5. Оқушылардың орфографиялық не пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керек және оқушылардың іздегенін ойы- есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.

6. Оқушылардың білімін бағалауда бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмыстарына мынадай талаптар қойылады: бір тақырып аяқталғаннан кейін бақылау жұмысы жүргізіледі; тек соңғы ереже ғана емес, бұрыңғы өтілген ережелер де қамтылады; бақылауға мәтін не жеке сөйлемдер алынады.

7. Сабақта оқушылар қойылған сұраққа жауап қайтарып қана қоймай, өздері де дұрыс сұрақ қоюға үйренеді. Оқушылардың білімін, дағдысы мен икемділіктерін есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.

8. Оқушы мұғалімнің жетекшілігімен өздерінің қателерін жою үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді. Бақылау жұмысынан кейін мұғалім оқушылардың жіберген қателіктерінен толық талдау жасайды. Әр оқушыға тән қателер теріп жазылады, осының нәтижесінде әр оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі анықталады. Мұғалім қате себептерін анықтап, қосымша жұмыс ұйымдастырады.

9. Бастауыш мектептегі ана тілі пәні жоғары сыныптарда өтілетін қазақ тілі пәнінің дайындық сатысы, оның мақсаты – балаларға оқу, жаза білу дағдысын меңгерту, тілін дамыту, сауатты жазуға үйрету, ана тілін, әдебиетке деген сүйіспеншілігін, білімге деген құштарлығын қалыптастыру.


Қорытынды

«Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету» тақырыбында жазылған диплом жұмысы бойынша мынадай қорытынды жасадық:

1. Бастауыш сыныпта жазу жұмыстарының мақсаты оқушыларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Балалардың жазу қимылдары автоматтанғаннан кейін сауатты жазуға үйрету міндеті басталады.

2. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып, жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте заңға айналдырады.

3. Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім жазуға берілетін материалды алдын-ала таңдайды. Дұрыс жазу үлгілерін тақтаға, дәптерге көрсетеді. Балалардың дәптерлерін күн сайын тексеріп, түзету жолдарын көрсетеді. Айына бір рет бақылау жұмысын жүргізеді.

4. Жазуға үйрету үшін мұғалім: сөздің мағынасын анықтайды; айтылуына, жазылуына, грамматикалық формасына көңіл аударады; жіберілген қатемен жұмыс жүргізеді; сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізеді; грамматикалық жаттығуларды сөздік – орфографиялық жаттығулармен алмастырып отырады.

5. Сауат ашу кезеңі орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский негізін қалаған дыбыстың талдау-жинақтау әдісімен жүргізеді. Бұл кезеңде талдау, жинақтау, бірінбірі ауыстырып, бірін-бірі толықтырып отырады. Тек осы екі әдісті ұштастыру арқылы ғана сауат ашу жұмысын ойдағыдай жүргізуге болады. Талдау-жинақтауда мынадай жұмыстар жүргізіледі: кез-келген дыбыстарды сөз ішінен бөліп алу; дыбыстың артикуляциясын байқату; сөздің аяғындағы не басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу; айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру; т.б. үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін түсіндіру; буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу; дыбыс алмастырып оқу.

6. Саут ашу кезеңі үшке бөлінеді: 1) әліппеге дейінгі дайындық кезеңі; 2) әліппе кезеңі; 3) әліппеден кейінгі кезең. Әр кезеңнің өз мақсаты бар: Дайындық кезеңінде оқушыларға ертегі, әңгіме оқып беріп, өлең жаттатып, сурет салдырып, қағаз, қалам ұстауға машықтандырады.

7. Сауат ашу кезеңі 4 кезеңге бөлінеді: ^ Бірінші кезеңде - дауысты дыбыстардың жуан, жіңшке болып бөлінуі, дауыссыз дыбыстардың түрлері үйретіледі. Екінші кезеңде - қысаң дауысты дыбыстармен, буынның түрлерімен танысады, сюжетті суреттеумен, кестелермен жұмыс жүргізеді. Үшінші кезеңде - жіңішке дауысты дыбыстарды дауыссыз дыбыстардан ажыратып жазуды үйретеді. Төртінші кезеңде - орыс алфивитінен енген дыбыстармен, олардың әріп таңбаларымен жұмыс жүргізу. Әліппеден кейінгі кезеңде оқушылар «Әліппе» соңында берілген материалдармен жұмыс істеп «Әліппемен қоштасу» ертеңгілікке дайындалады.

8. Сауатты жазуға үйренуде мүғалім оқушылардың ережені түсінбей, құрғақ жаттауына жол бермеуі керек, сол ережені меңгертудің әдіс-тәсілдерін іздестіруі керек. Оқушылар өтілген ережелерге өз бетінше мысал келтіре алып, оны оған ұқсас басқа жағдайларда пайдалана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасады. ¤йткені тіл дамыту – қашанда ой дамыту. Сауатты жазуға үйрену үшін оқушы аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларын іске асыруы керек.

9. Сауатты жазуға үйретуде мұғалім мынадай жұмыстарды жүргізеді: сөздің не сөйлемнің мағынасын түсіндіріп барып оны оқушыларға жаздырады; сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға машықтандырады; түбірлес сөздерді табу, сөз тіркестер арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру; дыбыстық талдау жасау, сөздік жұмысын жүргізу; сауатты жазу дағдысын қалыптастыру т.б.

10. Жазуға байланысты жүргізілетін жаттығулар көруге, естуге және орфографиялық тапсырмалар бойынша жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері: грамматикалық-орфографиялық талдау, көшіру түрлері: механикалық көшіру, есте ұстау арқылы көшіру, еркін көшіру; грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру; бақылап көшіру; диктант жүргізу, оның түрлері: ескерту диктанты, іріктеу диктанты, түсіндіру диктанты, шығармашылық диктант, ерікті диктант, бақылау диктанты.

11. Оқушылардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру жұмысы 4 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде материал мұғалімнің көмегімен тақтада талданады, ереже бойынша жазылған сөздер табылады, бұл дағдыны бекітудің алғашқы сатысы. Екінші кезеңде дайын мәтін беріліп, оқушылар ережеге сай келетіндерін табады. Бұл кезеңде көптеген жаттығулар жүргізіледі және бұл кезең – орфограмманы білу кезеңі деп аталады. Үшінші кезең – орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда оқушылармен грамматика – орфография тапсырмалар, түрлі көшіру, шығармашылық жұмыстар, диктанттар жүргізіледі. Келесі кезең – қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі. Бұл кезеңде жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу, диктанттар жазу жұмыстары жүргізіліп, өтілген ережелер бойынша дағдылар толық қалыптасады.

12. Оқушылардың орфографиялық не пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керек және оқушылардың іздегенін ойы- есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.

13. Оқушылардың білімін бағалауда бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмыстарына мынадай талаптар қойылады: бір тақырып аяқталғаннан кейін бақылау жұмысы жүргізіледі; тек соңғы ереже ғана емес, бұрыңғы өтілген ережелер де қамтылады; бақылауға мәтін не жеке сөйлемдер алынады.

14. Сабақта оқушылар қойылған сұраққа жауап қайтарып қана қоймай, өздері де дұрыс сұрақ қоюға үйренеді. Оқушылардың білімін, дағдысы мен икемділіктерін есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.

15. Оқушы мұғалімнің жетекшілігімен өздерінің қателерін жою үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді. Бақылау жұмысынан кейін мұғалім оқушылардың жіберген қателіктерінен толық талдау жасайды. Әр оқушыға тән қателер теріп жазылады, осының нәтижесінде әр оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі анықталады. Мұғалім қате себептерін анықтап, қосымша жұмыс ұйымдастырады.

16. Бастауыш мектептегі ана тілі пәні жоғары сыныптарда өтілетін қазақ тілі пәнінің дайындық сатысы, оның мақсаты – балаларға оқу, жаза білу дағдысын меңгерту, тілін дамыту, сауатты жазуға үйрету, ана тілін, әдебиетке деген сүйіспеншілігін, білімге деген құштарлығын қалыптастыру.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1982

  2. Тәжібаев Т.Жалпы психология. А., 1993

  3. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері. А., 1997

  4. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері А., 1962

  5. Әуелбаев Ш. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1987

  6. Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту. А., 1985

  7. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1988

  8. Балақаев М., Әміров Р. Қазақ тілі 3 сынып (оқулық). А., 1990

  9. Молдабеков Қ. Бастауыш класта тіл дамыту. А., 1993

  10. Ысқақ Б. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстар. Ш., 2003

  11. Жұмажанова Т. Кластан тыс оқу барысында тіл дамыту. А., 1992

  12. Жазыбаев М., Нағашыбаева Ә. Бастауыш кластар үшін грамматикалық ойындар. А., 1961

  13. Ысқақ Б. Сауаттылыққа үйрету әдістемесі. А., 1997

  14. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1991

  15. Ысқақ Б. Мазмұндама жаздыру әдістемесі. А., 1992

  16. Ысқақ Б. Бастауыш сыныпта шығарма жаздыру . Ш., 2002

  17. Ысқақ Б. Диктанттар жинағы. Ш., 2005

  18. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары, А., 2000

  19. Құрманова Н.Ж., Тойбазарова Н.А., Рахатова К. Бастауыш мектепте қазақ тілін дамыта оқыту, Ақтөбе, 2006

  20. Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары, Ш., 2005

  21. Құрманова Н.Ж. Тойбазарова Н.А. Морфологияны дамыта оқытуға арналған жаттығулар жинағы. Ақтөбе, 2006

  22. Құрманова Н.Ж. Тойбазарова Н.А. Морфологияны дамыта оқыту сабақтарының жүйесі. Ақтөбе, 2006

  23. Құрманова Н.Ж. Тойбазарова Н.А. Диктанттар жинағы, Ақтөбе, 2006

  24. Уәйісова Г. Бастауыш кластарда морфологиялық ұғымдарды оқыту. А., 1994

  25. Ысқақ Б., Сманова Б. Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 4 сынып. Ш., 2005






1   2   3



Похожие:

Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе icon«бастауыш меьстепте филология пәвдерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы диплом жүмысы тақырыбы: «Бастауыш сыныпта есім сөздерді оқыту»
Рыбаков, Гоноболин, Лесбаең Битаев дэлелдегендей бала тілі алғаш рет есім сөздерді пайдалану арқылы шығады. Сол сөздер арқылы өзінің...
Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе iconКіріспе I. Грамматиканы бастауыш мектепте оқытудың өзектілігі II. Сан есімді бастауыш мектепте меңгертудің ерекшеліктері III. Жалғаулармен жұрнақтардың сан есімді өту процесіндегі маңызы IV.
Яғни, мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар арқылы ұйымдастырудың қажеттілігі туды. Оқу-тәрбие үрдісі оқушының...
Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шымкент университеті педагогика және психология кафедрасы мамандығы шымкент 2008 мазмұны кіріспе
Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды топтастыру
Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе iconМазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың теориялық негіздері
Кіші мектеп жасындағы балаларда бейнелеу өнерін оқыту арқылы эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың ерекшеліктері
Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе iconҚазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады
М. Әуезов атындағы ОҚму 0315 -«Педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі» мамандығының 4- курс ПӨ 01 4к1 тобының студенті «Бастауыш...
Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе icon«Филология пәндері бойынша ледагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»
Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін ауызша дамытудағы педегогикалық көзқарастар
Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе iconБастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы
Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұны кіріспе iconМазмұны Кіріспе І тарау. Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді рухани- адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы