|
| ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БІТІРУ ЖҰМЫСЫ Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі Орындаушы, 4 курс студенті____________________________________Байгенжеева А.Ш. (қолы, күні) Ғылыми жетекші, ____________________________________Қалымбетова Э.К. (қолы, күні) Норма бақылаушы, оқытушысы ______________________________________ Баймолдина Л.О. (қолы, күні) Қорғауға жіберілді, “ __ ” _______ 2007 жыл меңгерушісі, психол. ғ. д., профессор __________________Жақыпов С.М. (қолы, күні) Алматы 2007М А З М Ұ Н Ы Кіріспе...................................................................................................................4 1 бөлім. Терроршы психологиясының теориялық негіздемелері.....................61.1. Террордан терроризмге дейін. Терроризм психологиясының негізгі ұғымдары……………………………………………………………..........…6 1.2. Терроршыда агрессивтілік пен зорлық-зомбылықтың пайда болуының табиғи және әлеуметтік факторлары...................................................14 1.3. Терроршының террорлық акт істеуінің мотивтері .........................................23 2 бөлім. Терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын эксперименттік әдістер.......................................................................28 2.1.Зерттеу ерекшеліктерінің сипаты......................................................................28 2.2. Зерттеу барысында қолданылған әдістердің сипаттамасы............................28 2.3. Эксперименттік нәтижелерді өңдеу, психологияда қолданы- латын математикалық әдістермен талдау жасау....................................................32 ^ нәтижелерін тіркеу, өңделуі.....................................................................................32 2.3.2. Розенцвейг әдістемесінің қорытындыларының өңделуі.............................38 2.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесін қорытындылау...............................42 2.4. Зерттеу бөлімі туралы соңғы сөз.......................................................................44 Қорытынды..........................................................................................................46 Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................48ҚосымшаларКІРІСПЕ2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін (бұл күні АҚШ-тың бірнеше қаласында осы мемлекет саясатына қарсы террорлық әрекеттер ұйымдастырылған болатын, осының салдарынан төрт мыңдаған адам опат болды) терроризм құбылысы біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Адамзат терроризмнің туындауы жаһандану үрдісімен байланысты екенін сезіне бастады және ары қарай “терроризм” атты құбылыстың өздерімен бірге өмір сүретініне көз жеткізді. Алдағы ондаған жылдарда бұл құбылысты жойып жібереміз деген сөздерге сену өте қиын және мүмкін емес те. Терроризм психологиясы – психологияның ең жас салаларының бірі. Бұл саланың жеке түрде ғылым болып бөлініп шығуына өзіндік үлес қосқан – жоғарыда аталған әрекеттер. Рас, 2001 жылға дейін террорлық әрекеттер жиі ұйымдастырылып тұрды және оның саяси, заңдық, экономикалық аспектілері зерттелініп, ғылыми негіздемелері жасалынды. Ал, терроризмнің психологиялық астарларын қарастыру соңғы бес жылдықта ғана қолға алына бастады. Ресейде терроризм психологиясының әлеуметтік қырларын көрсетумен Линдер И.В., Титков С.А., Витюк В.В., Эфиров С.А., Васильев В.Л. сияқты психологтар айналысса, шетелдік психология өкілдерінен психологияны әлеуметтік әсерлермен байланыстыра зерттеушілерге Поуст Дж., Александер И., Ливингстоун Н. т.б. ғалымдарды жатқызамыз [1, 42 б]. Терроршылардың психикалық ерекшеліктерін көрсетуде еңбек сіңірген авторлар қатарына ресейліктер Ольшанский Д.В., Антонян Ю.М., Марков М.М., Требин М., Алексеева Е., Коровиков А. жатқызсақ [2, 148 б], шетелдік ғалымдарға Франкл В., Беккер Э., Янсен Г., Поспишил К., Милгрем С. сияқты авторларды енгіземіз. Менің бұл мәселені бітіру жұмысыма басты зерттеуі етіп алуымның өзіндік өзектіліктері бар. Біріншіден, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың әлем мемлекеттерімен ұстап отырған саясаты арқасында Қазақстан Республикасына терроризмнің қаупі әлі төне қойған жоқ. Дегенмен, әлемде болып жатқан оқиғалар көрсеткендей терроризм құбылысы хабарландыруды керек етпейді. Республикамызда осыған байланысты әрекеттер істелінді (ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті аясында терроризмге қарсы комитет жұмыс істейді, оны ҚР ҰҚК-нің төрағасының бірінші орынбасары А.К. Божко басқарады) және терроризмнен заңдық, құқықтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыда қорғану әрекеттері істелініп жатыр. Мысалы, “Терроризмге қарсы күрес”, “Экстремизмнің алдын-алу туралы”, “Экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің Мемлекеттік Бағдарламасы” атты ҚР арнайы Заңдары бар. Осы қатарға терроризмнің психологиялық аспектлерін қоссақ, құба-құп болар еді. Екіншіден, еліміздің географиялық орналасу аймағы. Ұлан-ғайыр территориямыздың оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстанмен шектессек, батыста Каспиий теңізі арқылы Ресейдің Дағыстан, Шешенстан автономиялық мемлекеттерімен шектесеміз. Көріп отырғанымыздай, аты аталған мемлекеттердің барлығын терроризм құбылысы жайлап алған. Бұл қатарға Орта Азияда бізбен қатарласа қоныс тепкен әлемдік терроризмнің ошағы Ауғанстан мен Пәкістанды қоссақ, елімізде жасырын түрде терроршылардың мекен етіп жатқанына ешкім кепілдік бермейді. Үшіншіден, терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу терроршылармен келіссөз жүргізетін арнайы кадрлар дайындауда тиімді. Әлемнің көптеген елдерінде осындай адамдарды дайындайтын арнайы институттар бар, еліміздің Қауіпсіздік комитетінде бұл мәселе енді қолға алына бастады. Сондықтан, осындай кадрларға терроршы психологиясын білу өте маңызды. ^ - отандық психологияда аса зерттеле қоймаған терроизм мәселесінің басты әрекет етушісі террошы тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін көрсету және терроршыға тән агрессивтілік деңгейін анықтау. ^ 1) Терроризм психологиясы мен терроршының тұлғалық психологиялық ерекшеліктері туралы айтылған ресейлік және шет елдік авторлардың теорияларын талқылау; 2) Зерттеу болжамын анықтауда тиімді болатын әдістердің топтамасын жасау; 3) Зерттеу объектісі болған тұлғаларға топтастырылған әдістерді жүргізу; 4) Алынған нәтижелерді психологиялық өңдеу; 5) Психологиялық өңделген нәтижелерге психологияда қолданылатын математикалық талдау жасау; 6) Зерттеу болжамын дәлелдеу немесе жоққа шығару. |
![]() | Бітіру жұмысы Зерттеудің болжамы: Егер, студенттердің іс-әрекеті психологиялық- педагогикалық даму сай жасалса, онда болашақ мамандардың кәсіби-адами... | ![]() | Бітіру жұмысы тақырыбы: сотта прокурордың мемлекеттік айыптауды қолдауы Мемлекеттік айыптаудың субьектілері |
![]() | Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері Кіріспе Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері» деп аталады.... | ![]() | Абылай хан атындағЫ Қазақ халықаралық Қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық қатынастар факультеті Халықаралық құқық кафедрасы Бітіру жұмысы Каспий теңізі құрлықтық шельфінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері |
![]() | Бітіру жұмысы Жетісу аумағындағы бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этникалық құрамдар мен жаңа келген этникалық құрамдардың арасындағы табиғи туыстық... | ![]() | Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қарағанды «болашақ» университеті «Болашақ» университеті 2012 жылы ақпан айының 24-25-ші жұлдызында өтетін «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» тақырыбындағы Халықаралық... |
![]() | «Қызылорда кәсіпкерлері ассоциациясы» Сіздің дербес кеңесшіңіз «Іс ашуға маркетингілік тәсіл» Сіз өзіңіздің өнімге/қызметке болашақ сұраныс туралы, бәсекелестер туралы, болашақ клиенттердің мүддесі және қажеттілігі туралы неғұрлым... | ![]() | «Заң» факультетінің деканы, з.ғ,қ. Студент жазған дипломдық жұмысына пікір Дипломант жазған дипломдық жұмысы «Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері» институтының шығармашылық жұмысы болып... |
![]() | Диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту әдістемесі» Дипломант жұмысын жүйелі жазған. Әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен.... | ![]() | Жаңақоныс ауылдық кітапханасының қаңтар айына есебі Қаңтар айының 17 сі өткен «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР ның Президенті Н. А. Назарбаевтің халыққа жолдауымен танысып, оны халыққа... |