Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады icon

Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады



НазваниеДиплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады
страница2/8
Дата02.05.2013
Размер1.64 Mb.
ТипДиплом
скачать >>>
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі салықтар мен олардың мемлекеттік бюджет пен оның бөлу қайта бөлу функциясындағы атқаратын ролі

^ 2.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бүгінгі қолданылу ерекшеліктері.

Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында салық саясатының негізгі бағыттарының бірі мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы жаңа қатынастарды білдіретін салықтарды анықтау болып табылады. Осы салықтарға жанама салықтарды жатқызуға болады.

Мемлекеттің дамуы мен макроэкономикалық

көрсеткіштердің деңгейіне байланысты мемлекет кірістеріндегі салықтарды үлесі мен ара қатынасы өзгереді. Әлемнің барлық мемлекеттірінде фискалдық саясатты жүзеге асыруда жанама салықтар зор мәнге ие.

Жанама салықтар санатына жататын акциз салығы тұтынуға, бірақ тұтынудың ерекше түрі- жоғарғы немесе өте жоғарғы табыстары бар, болмаса адамдардың денсаулығына және қоғамға зияны бар, тәуелділікпен байланысты іс-әрекеттерге салынады. Алғашқысы ішімдік өнімдерін тұтыну, темекі тарту, құмар ойындарды ойнау көп қаражаттарды қажет етсе, екіншіден алкогольды ішімдіктерді ішу, темекі тарту адамдарға, қоғамға зияны бар.

Қосылған құнға салынатын салыққа қарағанда акциз салыстырмалы түрде салық базасының тарлығына қарамастан мемлекеттік қазынаны толтырудың тиімді қүралы болып табылады. Акцизделетін тауарларды негізінен айналасындағылардың пкірлеріне, адамгершілік нормаларына қарамастан өздерінің


зиянды әдеттерін, қызганыштарын қандай жолдармен болса да қанағаттандыруға ұмтылған адамдар қолданады.

Сонымен, акциз дегеніміз - жеке тәртіпте ерекше сұранысқа ие тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлеріне, олардың өндірісі мен алуын шектеу мақсатында мемлекеттік бюджетке қосымша табыстар әкелу үшін енгізілген жанама салық.

Акциздер акцизделетін тауарларды Қазақстан

Республикасының аумағында өндіретін, акцизделінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында импорттайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар төлейтін міндетті төлемдер.

ҚР-да акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлері

төмендегілерден түрады:

  • спирттің барлық түрлері;

  • алкоголь өнімі;

  • темекі бүйымдары;

  • құрамында темекі бар басқа да бүйымдар;

  • бекіре және қызыл балық уылдырығы;

  • алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған бұйымдар;

  • бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

  • жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен
    басқарылатын автомобильдерден басқа);

  • атыс және газ қарулары (мемлекеттік билік органдарының
    қажеттіліктері үшін алынғандардан басқа);

  • газ конденсатын қоса алғанда, шикі мүнай

  • Акцизделетін қызмет түрлері:


Қазақстан Республикасның аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және занды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады. Акциз салығының салық салу объектілері мыналар болып табылады:

  1. акциз төлеушінің өзі жасап шығарған, өндірген және ыдысқа құйылған акцизделген тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

- акцизделетін тауарларды өткізуі;

  • акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беруі;

  • алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен
    материалды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін
    тауарларды беруі;

  • жарғылық капитал жарнасы;

  • заттай ақы төлеген кезде акциздлетін тауарларды пайдалануы;

  • тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің
    құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

1 - тауар өндірушілердің жасап шығарған, өндірген және ыдысқа құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мүқтаждарына пайдалануы;

  • бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель
    отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуі;

  • тіркелген және иесі жоқ, мұрагерлік қүқығы бойынша
    мемлекетке өткен жәе мемлекет меншігіне өтеусіз берілген
    акцизделген тауарларды өткізуі;

  • ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруы;

  • лотереяларды ұйымдастыруы және өткізуі;

  • акцизделетін тауарлардың, акциз алымы маркаларының
    бүлінуі, жоғалуы.

Салық кодексі бойынша мыналарға акциз салынбауы тиіс:

^ 1) егер белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;

2) этил спиртін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі
мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі этил спирті:


  • тауар өндірушіде аталған өнімді өндіру құқығына ҚР-ның
    лицензиясы бар болған жағдайда емдік және фармацевтік
    дәрі-дәрмек әзірлеу үшін;


  • мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылса.

3) тұтынушының сиымдылығы 0.1 литрден аспайтын ыдысына
құйылған және ҚР заңдарына сәйкес дәрілік құрал ретінде
тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы
(бальзамнан) басқа өнімге.


^ Акциз ставкаларын ҚР Үкіметі тауар құнына (процентпен) адвалорлық және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгілейді.

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін. Алкоголь өнімдеріне акциз ставкасы онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты белгіленеді.

^ Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдалану мақсаттарына қарай сараланады.

Ойын бизнесі объектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін ҚР Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді. Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі объектілеріне белгіленген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік- аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.


1-кесте

Қазіргі кезде ҚР-ғы акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлеріне

қолданылатын акциз ставкалары






Атауы

Салық салу объектісі

өндірірілетін тауарларға

әкелінетін тауарларға










және құмар

арналған










ойын

акциз










бизнесіне

ставкалары










арналған













акциз ставкалары




1

2

3

4

5

1

Спирттің барлық түрлері (емдік жөне фармацевтік препараттарды дайындау үшін босатылатындардан, сондай-ақ белгіленген

Физ. көлемі

ЗООтг/литр

3 евро/1 литр




квоталардың шегінде













мемлекеттік медициналық













мекемелерге босатылатындардан басқа)










2

Ликер-арақ өнімдерін,

Физ. көлем

ЗОтг/Іл

0.3 евро/іл




күшейтілген сусындарды,










3

шырындарды, шарап, бальзам дайындау үшін босатылатын спирттің барлық түрлерінен. Арақтар жөне айрықша

Физ. көлем

40тг/1л

1.7 евро/іл

4

арақтар. Коньяктар.

Физ. көлем

20тг/1л

1.7 евро/іл

5

Шараптар

Физ. көлем

ІОтг/Іл

0.4 евро/іл

6

Шампан шараптары

Физ. келем

20тг/1л

0.4 евро/іл

7

Шарап материалдары

Физ.көлем

20тг/1л

0.4 евро/іл

8

Сыра

Физ. көлем

бтг/іл

0.2 евро/іл

9

Темекі өнімдері, қүрамында темекі бар басқа да өнімдер.

Физ. көлем

0.75 евро/1000

2 евро/1000 дана










дана
















100%

10

Бекіре және албырт балықтың уылдырығы.

Өндірілетін тауарларға-қүны,

100%











әкелінетін













тауарларға-












кедендік қүны







11

Алтыннан, платинадан

Өндірілетін

10%

10%




немесе күмістен жасалған

тауарларға-










зергерлік бүйымдар

қүны,













әкелінетін










І Г

тауарларға-













кедендік қүны







12

Қорғасын хрусталінен

Өндірілетін










жасалған бұйымдар,

тауарларға-










хрустальді жарық беретін

қүны,










аспаптары.

өкелінетін













тауарларға-













кедендік қүны







13

Бензин авиациялык,тан

Физ. көлем

2000тг/1т

31 евро/іт




басқа













Саудада жанама салықтар

Физ. көлем










«шыққан елің принципі













бойынша алынатын, ТМД-













ғамүше мемлекеттерге













экспортталатын бензиннен




0






басқа.













Дизельдік отын

Физ. көлем

-

20 евро/іт




Газ конденсатын қосқанда

Физ. көлем




0




шикі мұнай













Жеңіл автомобильдер

Кедендік қүны




10%, бірақ







немесе




0.5







двигатель




евро/см2







көлемі

0

тан кем (дв.




•'




••

көлемі 3000













см2













жоғары)




Оқпен жөне газбен

Өндірілетін




0




атылатын қару (мем-к

тауарларға-










өкімет органдарының

қүны,










мүқтаждары үшін < сатып

әкелінетін

20%







алынғаннан басқа)

тауарларға-













кедендік қүны










Ойын бизнесі (лотереядан

Қүмар ойын

10%







басқа)

бизнесінен













түсім










Лотереялар, мемлекеттіктен

Лотерея










(үлттықтан) басқа

өткізуден













түскен түсім









2- кесте

ҚР аумағында өндірілетін, безин мен авиациялықтан басқа дизель

отынымен көтерме және бөлшек сауданы жүзеге асыратын заңды

және жеке тұлғалар сататын бензин авиациялықган басқа мен

дизель отынына арналған акциз ставкалары







Төлеуші

1 тоннаға арналған акциз ставкалары (тг.)

1

Мұнай өңдеу зауыттарының (МӨЗ) өз өнімдерін бөлшек сауданы (түпкі тұтынушыға) көтерме сауданы (одан әрі қайта сату мақсатында) жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаға сатуы

Мұнай өңдеу зауыты

4500

540

2

Мұнай өңдеу зауытының өз өнімдерін операцияларды және өзара есеп айырысуларды жүргізуді қоса алғанда, өндірістің мұқтаждары үшін тұтынушы-кәсіпорынға сатуы

Мұнай өңдеу зауыты

5000

600

3

Мұнай өңдеу зауытының өз өнімдерін өз бөлшек сауда желісіне сатуы

Мұнай өңдеу зауыты

5000

600

4

Заңды және жеке тұлғалардың жанар-жағар май материалдарын бөлшек саудамен (түпкі тұтынушыға) сатуы

Жанар-жағар май материалдары мен бөлшек сауданы жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар

500

60

5

Заңды және жеке тұлғалардың жанар-жағар май материалдарын бөлшек сауда ны жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға көтерме сатуы (одан әрі қайта сату мақсатында)

Жанар-жағар май материалдары мен бөлшек сауданы жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар

0

0




Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде анықталады.

Адвалорлық акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді.

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алынып тасталынған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылым тіркелгеннен кейін ол өзгертілмеуге тиіс.

Спирттің барлық түрлеріне әртүрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады. Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын түлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді. Осы жағдай емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Нақ осы спирт бойынша емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек

өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.


Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді. Сонымен қатар бұл ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензиннен басқа), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

Акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған жағдайда акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.

Алкоголь өнімін таңбалауға арналған акциз алымының бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставка негізге алынып жүргізіледі. Маркада ыдыстың көлемі белгіленбеген жағдайда акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары бойынша акцизді есептеу акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішінде өнім құю жүргізілген ыдыстың неғұрлым үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі.

Акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда акциз төленбейді:

  1. акциз алымы маркалары төтенше жағдайлар салдарынан
    бүлінсе, жоғалса;

  2. акциз алымының бүлінген маркаларын салық органдары
    жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса.

Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алуша аталған

акцизделетін тауарларды қабыддауға және оларды одан әрі өткізу

үшін пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату шарты бойынша:

1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын

өндіруші;


салық" төлеуші өнім беруші болып табылған жағдайда, бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.

Ойын бизнесі лотереяларды қоспағанда саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар салық салу объектісі болып табылады:

  • ойын столы;

  • ақшалай үтысы бар ойын автоматы;

  • тотализатор кассасы;

  • букмекер кеңселерінің кассасы.

Лотерея үйымдастырушысының лотерея билеттерін сатуға шығаруы лотерея бойынша салық салу объектісі болып табылады. Осыған сай лотерея ұйымдастырушысы өткізуге әзірлеген лотерея билеттерінің саны сатуға шығару деп үғылады. Лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Лотерея билеттерін сатуға шығарудың әрбір шығарылымы және оның акция түріндегі көлемі лотерея билеттерін өткізу басталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей салық органдарында міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық төлеуші салық салудан босатудың негізділігін растау үшін тіркелген орны бойынша салық органына алпыс жүмыс күнінің ішінді міндетті түрде мына құжаттарды табыс етуі қажет:

1) экспортталатын акцизделетін тауарларды беруге шартты (келісім-шартты);

2) акцизделетін тауарларды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк

декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін.

Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистралдық құбыр жүйесімен немес электр берілісі желілерімен не толық емес мерзімдік декларациялау режимін қолдана отырып әкеткен жағдайда, кеден рөсімдеуін жүргізген кеден органының белгілері соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады.

3) ҚР кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері, акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистралдық кұбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен әкетілген жағдайда тауарға ілеспе қүжаттарының көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі.

4) Салық төлеушінің ҚР зандарына сәйкес ҚР-да ашылған шоттарына акцизделетін тауарлар өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем қужаттары мен банк көшірмесін табыс етуі қажет.

ҚР акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге акцизделетін тауарлар экспортталған кезде ҚР-ның кеден аумағынан экспорт режимінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде ресімделген кедендік жүк декларациясының көшірмесі қосымша табыс етіледі.

Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын акциз базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңінде белгіленген акциз ставкасын салық салынатын объектілердің санына қолдану арқылы анықталынады. Салық


(шығып қалған) объектіге акциз сомасы толық көлемде төлеп еді.

Акцизделетін тауарларды (спирттің барлық түрін және газ конденсатымен бірге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе оны ҚР кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бүдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, ҚР аумағында төленген акциз сомалары шегерілуге тиіс. Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделінетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалынады. Сонымен қатар бұл ережелер акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде, акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған жағдайда қолданылады.

Акцизделінетін тауарларға акциз операция жасалған күннен кейінгі оныншы күннен кешіктірілмей бюджетке аударылуы тиіс.

Алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні, өз өндірісінің акциздалынуға тиісті шикізатынан акцизделетін тауарлар өндірген кезде осы шикізатқа акцизделетін дайын тауарлар боцынша акциз төлеуге белгіленген мерзімде акциз төленеді.

ҚР аумағында өндірілген газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген күні төленеді.

Ойын бизнесі бойынша акциз есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей, ай сайын салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджетке аударылып отырылуы тиіс.

Лотерея үйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырушылар лтерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген күнге дейін немесе тірелген күні төлейді. Құрылымдық бөлішелері бар акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді олардың орналасқан жері бойынша салық






органдарында тіркеу есебіне қоюға және өзінің құрылымдық бөлімшелерін тіркеу есебіне қойғаны туралы өзі тіркелген жері бойынша салық органына хабарлауға міндетті. Құрылымдық бөлімше үшін төленуге тиіс акциз сомасы әр құрылымдық бөлімше бойынша жасалған құрылымдық бөлімше жөніндегі акциз есебі негізінде анықталады. Акциз есебін осы құрылымдық бөлімшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңі ішінде құрылымдық бөлімшелер жасаған операциялар ескеріледі. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелері үшін төлеуге тиіс акциз сомалары бойынша есепті - өзінің тіркелген жері бойынша салық органына және есептердің көшірмелерін құрылымдық бөлімшенің тіркелген жері бойынша салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелёр үшін акцизтөлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің есеп шотынан төлейді немесе құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.

Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

Әрбір салық кезеңі аяқталған соң, салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей, салық төлеуші өзі тіркелген жері бойынша салық органдарына декларация табыс етуге міндетті.

Қүрылымдық бөлімшелер бойынша декларация акциз бойынша есеп-қисаптар салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.


Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды ҚР кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі ретінде белгіленеді.

Адваларолық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық салынатын база импортталатын акцизделетін тауарлардың ҚР кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендік құны ретінде анықталады.

Импортталынатын тауарларға акциздер ҚР кеден зандарында кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.

Таңбалануға тиісті импортталынатын акцизделетін тауарларға акциздік алым маркаларын алган күнге дейін немесе алған күні акциз төленеді.

Жеке тұдғалардың ҚР Үкіметі бекіткен номралар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларына акциз төленбейді.

Төмендегі көрсетілген импортталынатын тауарлар түрлеріне акциз салынбайды:

- жол бойы бағытында және аралық аялдама пукттерінде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалануы үшін қажетті, сондай-ақ аварияны жою үшін шетелден сатып алынғанакцизделінетінтауарлар;


-ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін, «Еркін айналыс үшін тауарлар шығару режимін қоспағанда, ҚР кедензадарымен белгіленген кеден режимі шеңберінде акцизден босатылатын тауарлар;

-сыйымдылығы 0.1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына қүйылған және ҚР заң актілеріне сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа).

Сыраны қоспағанда спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі,
темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа да бұйымдар ҚР
Үкіметі айқындайтын тәтіппен және жағдайларда акциз алымы
таңбаларымен және есептік-бақылау таңбаларымен таңбалануға
тиіс. Ал осы акциз алымы таңбаларымен және есептік-бақылау
таңбаларымен таңбалауға акцизделетін тауарларды

дайындаушылар мен импортерлер жауапты болып табылады.

Салық органы уәкілетті мемлекетік орган белгілеген тәртіппен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін

таңбалаудың ережесін акцизделетін тауарларды дайындаушының сақтауына бақылау жасайды, сонымен қатар ол уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәтіппен акцизделетін тауарларды өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік постылар белгілейді.

Акциздерді есептеу және төлеу механизмі І36 нұсқаулықта бекітілген. Оған қоса "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заңының 4-бөлімі акциздерді есептеу және төлеу тәртібінің зандық негізі болып табылады.

Республикасында алғашқы рет 1992 жылы енгізілгеннен бері акциздерді есептеу және төлеу тәртібі көптеген өзгерістерге ұшырады. Олардың негізгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

- акцизделетін тауарлар тізбесі өзгеріске үшырады;

- импортталатын және отандық тауарлар бойынша акциздер ставкалары бірыңғайланды;

- спецификалық ставкалар теңгемен белгілене бастады (бұрын ЭКЮ-мен берілетін);

-тауарларды қайта өңдеуде акциздерді есепке алу механизмін кеңінен қолдана бастады.

Егер қосымша құнға салынатын салық тауарлардың өндірісі мен айналысының барлық сатыларында туындап төленетін болса, онда акциз өндіріс аясында ғана қызмет етеді.

Қазақстан Республикасы территориясынан шығарылатын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды, өйткені бұл жағдайда үстем пайданы өндіру үшін кеден төлемдерін алу механизмі қолданылады.

Акциз ставкасын анықтауға негіз болып өндіріс шығындарын бұйымның өзіндік құны, пайда және акциз сомасын қосатын өткізу бағасы табылады. Ставкалар, акцизді бюджетке төлеген соң бағада қалған пайда кәсіпорынға рентабельдікті қамтамасыз ете алатындай деңгейде есептелуі қажет. Осыны ескере отырып акциз ставкалары дифференциалданған.

Акциз сомасын төлеушінің өзі анықтайды. Акцизделетін

тауарларға арналған есеп құжаттарында акциз сомасы жеке жолмен бөлініп жазылады. Егер акцизделетін тауар өндірісі үшін шикізат болып Қазақстан Республикасы территориясында акциз сомасы төленген акцизделетін тауарлар болса, онда дайын

акцизделетін тауарлар бойынша төленген акциз сомасы азайтылады.

Акцизден босатылған тауарлар өндірісі үшін шикізат ретінде қолданылған тауарлар бойынша төленген акциз сомасы өзіндік құнға жатқызылмайды, ол болашақтағы төлемдер есебінен ескеріледі немесе салықтардың жалпы түсімі есебінен өтеледі.
Акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасы

территориясына енгізген жағдайда акциздер тауарларды кедендік тіркегенге дейін немесе тіркеу мезетінде төленеді. Қазақстан Республикасы территориясына енгізілетін акциздік алым маркаларымен міндетті таңбалану қарастырылған тауарлар бойынша мұндай маркаларды иемдену салық салатын айналым анықталатын ақырғы акциз сомасында ескерілетін аванстық төлем ретінде қарастырылады.

ТМД-ға мүше мемлекеттердің территориясында жасалған және осы жақтан енгізілетін акцизделетін тауарлар бойынша бюджетке төленетін акциз сомасы шыгарылған елде төленген акциз сомасына азайтылады.

Өздері өндіріп және өткізетін акцизделетін тауарларға акциз төлеуден босату 'үшін ұйымдар салық органдарына келесі құжаттар тапсырады:

- төлем құжаттары және банктен жазба қағаз;

- акцизделетін (тауарларды жеткізіп беру үшін шетелдік
әріптесімен отырған келісім- шарттың көшірмесі;

  • шығаруға рұқсат мөрі басылған жүк кеден декларациясы;

  • жүктің шекарадан өткенін дәлелдейтін кеден органдарының
    белгілері бар кедендік немесе басқа құжаттардың көшірмесі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша жеке тұлғалар импорттаған акцизделетін тауарларға акциз салынбайды.

Акциздердің бюджетке аударылуға жататын сомасы банк төлем тапсырмасын алған күні тиісті бюджеттерге есептеледі.

Акциздерді тиісті бюджетке уақтылы аудармаса банк Заңға сәйкес жауап береді.

Акциздердің дүрыс есептелуі мен уақтылы төленуі үшін жауапкершілік салық төлеушілерге жүктеледі.Олар есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ай сайын декларация тапсыруға міндетті.

Сауда-саттық кәсіпорын бағасында акциз сомасы бар тауарларды экспорттаса, онда олардың сомасы жергілікті салық органдарымен оған қайтарылуы тиіс. Акцизді төлеушілер тек занды түлғалар емес, сонымен қатар жеке кәсіпкер тұлғалар да болғандықтан олар да акцизді заңға сәйкес есептеуге, декларация тапсыруға міндеттһ

Қызмет етуші заңмен акциз сомаларын өтеу тәртібі қарастырылған. Мүндай өтеу дайын тауарлар өндірісінде акцизделетін шикізат қолданылған жағдайда жүргізіледі. Өтеу келесі формада жүргізіледі:

  • дайын өнім бойынша төленуге тиісті акциз сомасын азайту
    есебінен дайын өнім өндірісі үшін кеткен шикізат бойынша өтем;

  • алдағы төлемдер есебінен немесе шикізат бойынша жалпы
    салықтық түсімдердің есебінен өтеу, оның құны өзіндік құнға
    жіберіледі;

  • шикізатты өндіріске беру кезеңінде акцизделмейтін тауарлардың
    өзіндік құнына жіберу;




- вино, жүзім және өнім сусындарының өндірісі үшін қолданылатын, шарап материалдары үшін қолданылатын шикізат бойынша өтем;

Ішкі өндіріс тауарлары үшін акциздер бойынша салық салынатын айналым болып тауарларлың кедендік құны табылады.

Алкоголь өнімдері және темекі бүйымдары Қазақстан территориясында өткізілетін болса, онда олар акциздердің толық алынуын қамтамасыз ету үшін және заңсыз өндірісінің алдын алу үшін міндетті маркілеуге жатады. Оған өнімді өндірушілер мен импортерлер жауапты болып табылады. Бекітілген үлгідегі акциздік алым маркаларын сату жолымен акциздер алынады, ал олардың құны акциздер бойынша аванстық төлем болып табылады және бюджетке төленетін акциздер бойынша азайтуға жатқызылады.

Ескерту: Акциз ставкалары шығу үшін елі Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше мемлекеттер болып табылатын және көрсетілген тауарлар келісім-шарттардың жасалған күніне және олар бойынша ақы төлеу фактісіне қарамастан Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға қолданылады. ТМД-ға мүше елдерде ( саудада "арналған елі" принципі бойынша жанама салықтар алынатын мемлекеттерден басқа ) шығарылатын және олардан әкелінетін, қазақстандық шикізатан жасалғандарды қоспағанда, бағасы Қазақстан Республикасында әкелінетін тауарлар үшін белгіленгенне төмен акциз ставкаларын қолдану арқылы қалыптастырылған акцизделетін тауарлар бойынша акциз ставкаларындағы айырмашылық бойынша алынады.

Аталған тәртіп "салық жөне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының заңына сай әзірленген және де Қазақстан Республикасының кеден аумағында әкелінетін, ҚР-ның аумағында сатылатын акцизделетін тауарлар акциздерінің ставкалары және ойын бизнесі туралы" ҚР-сы Үкіметінің қаулысына сай бөлшек

сауда торабында сатылатын бензин мен дизель отынына (бүдан әрі мүнай өнімдері) акциз төлеу тәртібін белгілейді.

1. Занды не жеке тұлғаладың мұнай өнімдерін бөлшек сауда торабында сатудың'акциз сомасын есептеу, аталған мұнай өнімдерінің заттай көрінісінің нақты сатылу көлемі бойынша күн сайын жүргізіледі. Заңды немесе тұлғалар акцизді төлеуді бас ұйымның тіркелген жері бойынша салық комитетіне, мұнай өнімдерін сатқаннан кейін он күннен кешіктірмей іске асырады.

  1. Егер занды нежеке тұлғалардың мұнай өнімдерін бөлшек
    саудамен іске асыратын филиалдары мен окдіауланған бөлімшелері
    (әрі қарай АМҚС) болғанда, аталған заңды тұлғалар, нақты
    сатылған көлемін ескере отырып, әрбір АМҚС бойынша акцизді
    есептеуді бөлек жүргізеді, және АМҚС орналасқан жері бойынша
    салық комитетіне салық төлейді.

  2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
    туралы" Қазақстан Республикасының заңының 139-2 бабының
    негізінде АМҚС орналасқан жердегі салық комитеті ол туралы бас
    ұйымға және салық тшіеушінің өзіне тірдселген жері бойынша
    жазбаша ескертіп, онда акциз есепке алынатын салық комитетінің
    деректемелерін көрсетеді.

АМҚС-нің есеп нөмері он үш цифрдан тұрады: алғашқы он екі нөмер заңды (жеке) тұлғаның — СТТН және бөлшек ақысы (1) — АМҚС-ның реттік нөмері 1, 2, 3 боп табылады. Заңды тұлғаның бас ұйымы акциз сомасын бюджетке аударуды тікелей өзінің есеп шоты арқылы жүргізеді немесе өз бөлімшелеріне тапсырма береді.

  1. Заңды (жеке) тұлғалар есеп беруден кейінгі айдың 15-күнінен
    кешіктірмей бас ұйым (жеке түлға) тіркелген жері бойынша салық
    комитетіне, барлық АМҚС-ның нақты сатқанын ескере отырып

бас ұйым не жеке тұлға тіркелген жердегі салық комитеті есептеу
деректерін, декларацияда көрсетілген деректермен салыстырғаннан
кейін, АМҚС бойынша акциз туралы есептеулерді мөрмен және
басшының немесе оның орнындағы түлғаның қойған қолымен
куәландырады, осыдан кейін оларды кейіннен АМҚС орналасқан
жердегі салық органдарына көрсетуі үшін заңды (жеке) түлғаға
береді де, акциздің есептелген соммасының жиынтық тізімін өзінде
қалдырады.

5Заңды тұлғалар акциз туралы есептеуді АМҚС орналасқан жер
бойынша салық комитетіне есеп беруден кейінгі айдың 15-күнінен
кешіктірмей тапсырады.

Егер заңды түлғаның бір салық комитетінің ведомствосына қарасты аумақта бірнеше АМҚС болса, Мүндай жағдайда әрбір АМҚС бойынша акциз туралы есептер жеке тапсырылады.

Мүнай өнімдерін сату туралы айналымның болмауы, салық төлеушілердің есептерді тапсыруынан босатпайды. Мүндай жағдайда есептеулердің тиісті жолдарына сызықша қойылады.

Акциз бойынша түсімдердің есебін жүргізу салық органында мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1. Бас үйым (жеке>түлға) тіркелген жердегі салық комитетінде, осы бас ұйымдағы заңды (жеке) тұлғаның мүнай өнімдерін сату жүзеге асырылған жағдайда, акциз жөніндегі түсуді есепке алу үшін жеке шотының карточкасын ашады.

2. Егер осы салық комитетінің ведомствосына қарасты аумақта, бас үйыммен қоса өзге де бөлімшелер (АМҚС) болса, онда осы АМҚС бойынша жүргізіледі. Бүл орайда жеке шот карточкасында


заңды (жеке) түлғаның өзінің СТТН және барлық АМҚС есеп нөмері көрсетілуі тиіс.

3. "Есептелінгені" бағанында бас ұйым жэне салық комитетінің ведомствасы шегіндегі аумақта орналасқан өзге де АМҚС бойынша есептесуде есептелген акциз сомасы, ал "төленген" бағанында — акциздің нақты төленген сомасы көрсетіледі.

4. Акциз сомасын есепке алу қате болған жағдайда, осы сома салық төлеушінің мәлемдеуі бойынша, АМҚС тіркелген жердегі салық комитетінің тиісті коды мен шотына ауыстырылуға жатады.

5. Есептелген және төленген соманы көрсеткен кезде жеке
шотта сальдо шығарьшады. Есеп беру кезеңінің қорытындысы
бойынша теріс сальдо пайда болған жағдайда, белгіленген
тәртіппен өсім есептеу жүргізіледі. Төленбеген салық пен өсім
сомасын бас ұйымның заңды (жеке) түлғасының шотынан

өндіріп алып, осы соманы берешек деп саналатын салық комитеті шотының есебіне алады.

Егер салық төлеушінің деректері бойынша түтастай алғанда заңды (жеке) түлғаның есеп беру кезеңінде акциз бойынша берешесі болмаса, артық төленген деп саналатын АМҚС орналасқан жері бойынша салық комитеті, салық төлеушінің өтініші бойынша, көрсетілген артық төленген соманы онда берешек деп саналатын салық комитетінің тиісті коды мен шотына аударады.

Мүндай жағдайда өсім есептелмейді.

6. АМҚС орналасқан жері бойынша салық комитетінде акцизді
есептеу жөніндегі жеке шотта осындай тәртіппен жүргізіледі.

7. Акциз сомасының есептелуі мен төленуінің дүрыстығын
бақылауды жүзеге асыруы үшін салық комитетінде міндетті түрде

әрбір АМҚС-да мұнай өнімдерінің сатылу есебін жүргізетін журнал болуы тиіс, онда бақылау - өлшеу приборларының (БӨП) көрсетуі бойынша мұнай өнімдерінің нақты сатылу көлемі көрсетіледі.

Әр айдың бірінші күні БӨП көрсеткіші бойынша нақты көлемнің, сондай-ақ акциздерді аудару мерзімі арасында алшақтық анықталған жағдайда, салық комитеті акциздер сомасын қосымша есептеуді жүргізіп, қосымша есептелген сома туралы салық төлеушіге хабарлайды.

8. АМҚС жабылған және салық төлеушілер таратылған жағдайда, заңды тұлға өзінің тіркелген жері бойынша салық комитетіне жазбаша хабарлайды.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заңның 75- бабына сәйкес акциздерді төлеушілер болып табылатын салық төлеушілерден қосылған құнға салынатын салық бойынша салық салынатын айналымды анықтаған кезде, салық салынатын айналымға акцизделетін тауар бойынша акциз сомасы енгізілмейді де, сол бойынша акцизді төлеу жөнінде міндеттеме пайда болады. Мынадай акциз ставкалары белгіленген:

  1. Заңды және жеке түлғалар жанар-жағар май материалдарын
    бөлшек саудамен өткізген кезде (соңғы түтынушыға) бір тонна
    бензин үшін акциз ставкасы 500 тенге, дизель отынына 60 тенге;

  2. Заңды және жеке түлғалар жанар-жағар май материалдарын
    бөлшек сауданы жүзеге асыратын заңды және жеке түлғаларға
    көтерме саудамен өткізген кезде:

1 тонна бензин үпін акциз ставкасы- 0 теңге, 1 тонна дизель отынына- 0 теңге.

Демек, бензинмен және дизель отынымен көтерме сауда (кейіннен қайта сату мақсаты үшін) акциз салудан босатылған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 2000 жылғы 6 сәуірдегі 308-ші бүйрығымен бекітілген «заңды және жеке тұлғаларға көтерме саудамен өткізетін бензинге (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынына белгіленген акциз ставкаларын қолданудың тәртібі туралық нұсқаулыққа сәйкес белгіленгені:

  1. 1 тонна бензин 1370 литрге сәйкес келеді.

  2. 1 тонна дизель отыны 1300 литрге сәйкес келеді.

Бөлшек саудада бензин мен дизель отынын өткізу литрмен жүзеге асырылады.

Акциз сомасын есептеу және оған бөлшек саудамен өткізілетін бензин мен дизель отынының өткізу бағасына енгізу үшін 1 литрге акциздің есептік ставкасын қолдану қажет, ал оның өзі литрмен есептелетін 1 литрикалық тоннамен мүнай өнімдері көлемі үшін белгіленген акциз ставкасының қатынасы ретінде анықталады.

Акциз ставкаларының есебі:

1. Бензин бойынша 0,37 теңге/литр (500 тг:1370л)

2. Дизель отыны бойьшша 0,05 теңге/литр (60 тг:1300л)

Акциздердің белгіленген есептік ставкалары бөлшек саудада өткізілетін дизель отынын өткізілген 1 литрінің бағасына енгізіледі. Егер сатып алушы, құнына акциз сомасы енгізілген бензинді сатып алса, онда аталған операцияны бухгалтерлік есепте көрсеткен кезде бензин құнына акциз сомасы да енгізіледі.

Мысалы: ЖШС автомай құю станциясы арқылы бензин сатумен айналысады. Жеткізіп берушіден 50 тонна бензинді (68500=50т*1370) әр литрін 24 теңге баға бойынша сатып алған, соның ішінде ҚҚС-, 4?30 теңге, 225000 теңге акциз сомасын


төлеген бензиннің әр литрін 19,7 теңге баға бойынша кіріске алған.

Бензинді 40 тонна мөлшерінде (58800 литр) әр литрін 25 теңге бойынша жарым- жартылай көтерме саудамен өткізген. Сонымен қоса, көсіпорын автомай құю станциясы арқылы 5 тоннаның (6850) әр литрін 28 теңге бағада бөлшек саудамен өткізген қалған бензинді өзіндегі жалпы- шаруашылық қажетіне пайдаланған.

Акциз өнімнен алынатын жанама салық болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген Қазақстан Республикасының аумағында импортталатын тізбесін Қазақстан Үкіметі бекіткен тауарларға, сондай-ақ ойын бизнесіне акциз салынады.

Акциз етавкаларын тауарлардың құнына немесе заттай күйіндегі нақты көлеміне шаққанда процентпен Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді және Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай ставкалар болып табылады.

Отандық өндіріс тауарлары бойынша- тауар өндірушінің акциз қосылатын бағасына немесе заттай, күйіндегі физикалық көлеміне қолданылады.

Ойын бизнесі бойынша- ойын бизнесінен түскен, төленген ұтыстар шегерілген қаражаттың сомасына қолданылады.

Импортталатын тауарлар бойынша әкелінетін акцизделетін тауарлардың кеден құнына немесе заттай күйіндегі нақты көлеміне қолданылады.

1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconДиплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады
Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттардың...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconІ тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconІ тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconІ тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconI тарау қосылған құнға салынатын салықтың теориялық негiздерi
Кез-келген мемлекетте экономиканың нарықтық жолмен дамуына, тұрақты экономиканың қалыптасуына аса маңызды рөл салыққа берiледi, салық...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconЖоспар Кіріспе 3 1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың,...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconЖоспар: Кіріспе Салық және салық салудың есебі
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі,...
Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconДиплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды

Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconДиплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды

Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Диплом жобасында зерттелетін мәселелердің тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов