Жұмыстың мақсаты icon

Жұмыстың мақсаты



НазваниеЖұмыстың мақсаты
страница1/6
Дата03.05.2013
Размер1.14 Mb.
ТипРеферат
скачать >>>
  1   2   3   4   5   6




РЕФЕРАТ


Зерттеу еңбегі Қазақстан тарихындағы бетбұрысты тарихи кезең 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жай-жапсарына соның ішінде Қазақстанның территориясының жиналақталуы мәселесіне арналған.

Республика өміріндегі бұл бетбұрыс жағдай Қазақстанның құрамына бұған дейін Түркістан АКСР-ы құрамында болған Сырдария және Жетісу облыстарының түпкілікті өтуіне байланысты болды. Осы оқиғалардың тарихи табиғатын тану, сондағы ұлт қайраткерлері тұлғаларына жан-жақты назар аудару, олар көрсеткен саяси және рухани жігердің жемісті нәтижесін ғылыми тұрғыдан тани білу қажет.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстандағы қосылудағы тарихи шындықты қалпына келтіру. Зерттеудің осынау мақсатына байланысты алға мынандай міндеттер қойылды:

- тақырыпқа байланысты дерек көздерін айқындау, жинастыру және оларды талдап, зерделеу;

- қазақтардың атамекенінде кеңес өкіметі орнығу барысындағы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің бағыттары мен белестерін анықтау;

- қазақтың шынайы мемлекеттігі үшін күрестің алғы шебінде болған қайраткерлердің мақсатты қызметі, теориялық пайымдау деңгейі мен бағыттарын талдауға алу;

- Қазақстанда ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жеңіліс табуы мен ұлттық мемлекеттікті қалыптастыру идеясының жүзеге аспау себебін зерттеп ашу;

- Түркістан Республикасының қарамағында 1924 жылға дейін қалып қойған Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қайта қосылуын зерделеу.

қойылған мәселелерді жан-жақты зерттеу.

Зерттеуде диалектикалық, логикалық, салыстырмалы, талдау және топтау әдістері қолданылды. Ізденуші көптеген тарихи, ғылыми еңбектерді, зерттеулерді, мұрағат құжаттарын ҚР Президенті Назарбаевтың еңбектерін өз жұмысында кеңінен пайдаланды.

^ Зерттеудің ғылыми жаңалығы мұнда келтірілген деректердің бір бөлігі алғаш рет пайдаланылып отыр.

Еңбектің практикалық маңызы оның материалдарының студенттердің және оқытушылардың еңбектерінде пайдаланылуы мүмкіндігінде.

Магистрлік дисертация кіріспеден, 5 тараудан, қорытындыдан, қысқарған атаулардан, пайдаланылған әдебиттерден тұрады. Еңбектің жалпы көлемі 72 бетті құрайды.


МАЗМҰНЫ


^ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР...........................................................................5


КІРІСПЕ....................................................................................................................15


I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ.............................................24


ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ Жетісу^ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ .......................................................................................................27


ІІІ ТАРАУ. Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуының тарихи жағдайы............................51


^ IV Тарау. 1924 жылғы Қазақ революциялық комитеттің Сырдария және Жетісу облыстарын Қазақстанға қосу әрекеттері............................................................................................................60


^ V Тарау. Кеңес дәуірі кезінде ұлттық мемлекеттік межелеуден кейінгі Қазақстан шекарасындағы кейбір өзгерістер............................................................................................................67


Қорытынды........................................................................................................69


Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................72


^ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР


1. КСРО-Кеңес Социалистік Республикалар Одағы

2. БОАК-Бүкілресей Орталық Атқару Комитеті

3. БК(б)П-Бүкілодақтық коммунистік (большевиктік) партия

4. РК(б)П-Ресей коммунистік (большевиктік) партия

5. БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы

6. ЕурАзЭЫ- Еуразия Экономикалық Ынтымақтастығы

7. ЕО /ЕС/ - Еуропалық Одақ

8. КОКП ОК- Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті

9. Кирревком - Қырғыз /Қазақ/ революциялық комитеті

10. Киробком - Қырғыз /Қазақ/ облыстық комитеті

11. Қазақ КСР-Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

12. Қазақ АКСР-Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы

13. ҚРОММ-Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты

14. ҚазОАК-Қазақ Орталық Атқару Комитеті

15. ҚР - Қазақстан Республикасы

16. ҚОАК-Қырғыз (Қазақ) Орталық Атқару Комитеті

17. ҚХР - Қытай Халық Республикасы

18. ҚКОК - Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті

19. ҚРПМ-Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты

20. РКФСР-Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасы

21. РФ - Ресей Федерациясы

22. Сибревком - Сібір революциялық комитеті

23. СІМ-Сыртқы істер министрлігі

24. ТОАК-Түркістан Орталық Атқару Комитеті

25. ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

26. ҰҚК-Ұлттық қауіпсіздік комитеті

27. ҰҚШ-Ұжымдық қауіпсіздік шарты

28. ҰҚШҰ-Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы

39. ШЫҰ-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

40. ӨзКСР-Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасы

41. ТАКСР-Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы

42. ТүркХКК-Түркістан Халық Комисарлары Кеңесі

43. Түркімен КСР-Түркімен Кеңестік Социалистік Республикасы

44. РК(б)П Ортаазбюросы-РК(б)П Орта Азия Бюросы.


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Магистрлік зерттеу еңбегі Қазақстан тарихындағы бетбұрысты тарихи кезең 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жай-жапсарына соның ішінде Қазақстанның территориясының жиналақталуы мәселесіне арналған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің тарихының қалыптасуына ерекше назар аударып келеді. [1]. 1924-1925 жылдарғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу және Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстан құрамына бірігуі, еліміздің даму тарихындағы үлкен бетбұрыс кезең болды.

Республика өміріндегі бұл бетбұрыстың табиғатын тану, сондағы ұлт қайраткерлері тұлғаларына жан-жақты назар аудару, олар көрсеткен саяси және рухани жігердің жемісті нәтиже бермеу себептерін ашу-қазіргі таңдағы тәуелсіздік талаптары тұрғысынан теориялық және практикалық маңызы зор міндет болып табылады. Кезінде қалыптасып келе жатқан мемлекеттіктің бірден қуыршақ сипат алуы бүгінде қайталануына жол беруге болмайтын кемшілік. Оның себептерін ғылыми тұрғыда талдауға алу жөн.

Алайда бұл маңызды мәселе ғылыми әдебиетте әзірге арнайы қарала қойған жоқ. Ал кеңестік кезеңде ол бұрмаланып түсіндірліп келді. Сондықтан оны ақтаңдақтардан тазартып, сол күрделі бет бұрыс кезеңді объективті түрде зерттеу қажет. Бұл мемлекеттігіміздің бүгінгі ахуалын барлап, ертеңгі келбетін ғылыми дәйектеп айқындауға мүмкіндік әпереді.Сондай-ақ "ұлттық саяси өміріміздің балаң дәуірінде ұлттық мемлекетті орнықтыруға атсалысқан нақты кімдер, ағымдар, саяси тұлғаларды, олардың басым және осал жақтарын талдауға алудың тағылымдық мәні зор.Ұлттық мемлекеттік үшін күрес кезеңдерін ғылыми тұрғыдан жаңғыртып, бүгінгі күн биігінен пайымдаудың тәуелсіздік мұраттарына қызмет етері сөзсіз.Еліміздің өткенін терең де жан-жақты зерттеген жұмыстар қоғамдық сананы байытуға, дүниетанымда елеулі сапалық өзгерістер жасауға, ұлттық идеология іргетасын қалауға, еліміздегі ұлтаралық қатынастар үйлесімін нығайта түсуге мол үлес қосады.Зерттеу тақырыбының өзектілігі міне осында.

^ Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмысты жазудағы мақсат: Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; БК(б)П құрып қойған қатаң да қасаң шектеулер ішінде әрекет еткен республика басқарушы элитасының осы уақытқа дейін "ақтаңдақ" боп жабық жатқан қызметін көрсету; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, тарихи шындықты қалпына келтіру арқылы бүгінгі ұлттық мемлекеттігіміз сабақтасатын тамырларды және аталған кезеңнің қазіргі тәуелсіздік дәуіріне қызмет ететін тағлымды тұстарын айқындау.Зерттеудің осынау мақсатына байланысты алға мынандай міндеттер қойылды:

- тақырыпқа байланысты дерек көздерін айқындау, жинастыру және оларды талдап, зерделеу;

- қазақтардың атамекеніңде кеңес өкіметі орнығу барысындағы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің бағыттары мен белестерін анықтау;

- қазақтың шынайы мемлекеттігі үшін күрестің алғы шебінде болған қайраткерлердің мақсатты қызметі, теориялық пайымдау деңгейі мен бағыттарын талдауға алу;

- коммунистік партия органдарының қазақ жеріндегі саяси процестерді қадағалап басқару тәсілдерін, партияның Қазақстанға байланысты ұстанғаны саясатының мазмұнын сараптау;

- Қазақстанда ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жеңіліс табуы мен ұлттық мемлекеттікті қалыптастыру идеясының жүзеге аспау себебін зерттеп ашу;

- Түркістан Республикасының қарамағында 1924 жылға дейін қалып қойған Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қайта қосылуын зерделеу,

қойылған мәселелерді жан-жақты зерттеу.

Қазақстан саяси басшылығының ұлттық мемлекеттік үшін күресінің жөн-жобасын, ерекшеліктерін, оның өркендеу және жеңілу сырын айқындауға мүмкіндік береді. Өз ретінде мұндай мазмұндағы жұмыс ұлттық мемлекеттік мәселелерін тура түсінуге, ұлтаралық қатынастардың күрделі түйіндерін әділ шешуге септігін тигізбек.

^ Зерттеудің тарихнамасы. Орта Азия республикаларының ұлттық-территориялық жіктелуі мәселесін Қазақстан ғалымдары егжей-тегжейлі болмаса да, лениндік методология тұрғысынан біршама қарады. Бұл мәселені, қазақ мемлекеттігінің одан әрі нығая түсуі тұрғысынан,тұңғыш рет А.Нүсіпбеков бірден-бір, тиянақты да арнайы қарастырғантын. Ол Орта Азиядағы межелеуді Қазақстан тарихының сол кезгі өзекті проблемаларының бірі болған тақырып - жер-суды жиыстыру мәселесімен ұштастырды. Қазақ жер-суының бірігуі коммунистік партияның жетекшілігі арқасында, тек кеңестік құрылыс жағдайында жүзеге асқанын деректі құжаттар негізінде көрсетуді мақсат етті. Сөйтіп, жұмысында ұлттық-мемлекеттік межелену материалдарынан мол дерек келтірді. Орта Азияның ұлттық белгілер бойынша жіктелгенге дейінгі және жаңа мемлекеттік құрылымдар құрылғаннан кейінгі картасын берді. Қазақ жерінің бірігуінің мақызына тоқталды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің соңындағы Қазақ АКСР-інің жетістіктерін көрсетті. Ғалым өзінің осы "Қазақ жерлерінің Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында бірігуі" атты еңбегін 1953 ж. жария еткен еді [2]. Оның бұл жұмысы 70-80-жж. жарық көрген "Қазақ ССР тарихы" көп томдығының 4-томындағы [3] қазақ жерлерінің қосылуына арналған тарауларын жазуда негізгі деректік бұлақ болды.

Қазақстандағы кеңестік мемлекеттің қалыптасуы және бастапқы кезеңдегі даму мәселелерін әр жылдарда Т.Елеуов, А.С.Елагин, С.Бейсембаев,С.М.Кенжебаев, басқа да ғалымдар талдады [4].

Бұл еңбектер, әрине, маркстік-лениндік методология тұрғысынан жазылды. Сондықтан да бұл зерттеулерде Қазақстандағы кеңестік мемлекеттің орнығуы таптық негізде жүзеге асырылғаны дәріптеледі.

Қазақ кеңес республикасының қалыптасуын тарихшылармен қатар заңгерлер біраз зерттеді. Ғ.С.Сапарғалиевтің 40-жж. жарық көрген "Қазақ Кеңестік мемлекеттігінің пайда болуы" деген жұмысы осы мәселені заң ғылымы тарапынан зерттеген тұңғыш монография [5]. 50-жж. Т.Тайманов Мәскеуден "Кеңес мемлекеттігінің Қазақстанда дамуы" деп аталған кітабын шығарды. Қысқаша тарихи-заңдық-құқтық [историко-юридический] очерк деген жанрлық анықтамамен жарияланған. Бұл жұмысты ұлттық - қуаттық межелеу мәселесіне байланысты қабылданған шешімдермен олар, "комиссияға кіріп алған қазақ ұлтшылдарының" ұлттық жіктеу кезіндегі "анық авантюралық сипаттағы" әрекеті, олардың "Алтайдан Еділге дейін, Бұхар даласынан Сібірге дейін жайылған ұлы қазақстанның құрылуын", сонымен қатар, "қазақ жері емес" аумақтардың өзін Қазақстанға қосуды" талап еткені,"Бұхарада қазақ автономиялық облыстарын құруға тырысқаны" жайында сыни деректер бар. Ондай әрекеттердің баршасы, автордың ойынша, ұлттық-мемлекеттік межелеуге, Орта Азия мен Қазақстан халықтары арасында дұрыс қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіру үшін алашордалықтар тарапынан жасалғанды. Және, әрине, қазақ халқының мүддесіне жауап бермейтін [6]. Осы кезеңде Ғ.С.Сапарғалиев, 60-жж. басында С.С.Сартаев, 70-жж.С.З.Зиманов, басқа да заңгер-ғалымдар Қазақстандағы Кеңестік ұлттық мемлекеттік мәселелеріне әр қырынан талдау жасады [7].

Бұл еңбектер, қасаң идеологиялық және саяси құрсау шегінде ор-ындалғанымен, қазақтың кеңестік мемлекеттігінің негізі қалай қаланғаны, компартияның қамқоршылық рөлі, қазақ мемлекеттігін құрудың қандай кезеңдерде жүзеге асырылғаны, батыстағы, солтүстіктегі және шығыстағы шекаралардың белгіленуі, жапсарлас губерниялармен екі арадағы мәселелердің қайтіп шешілгені, шаруашылық саясаты, мәдени құрылыс мәселелері, орталықтағы және көрші облыстардағы өкілдіктер мен олардың жұмысы, орталықтың өлкедегі кадр саясаты, жергілікті кеңестердің нығаюы мен Алашорданың құлауынан құнды мәліметтер береді.

Қазақстандағы кеңестік мемлекеттіктің табиғатын түсінуге Кеңес Одағындағы ұлттық мемлекеттікті зерттеген ресейлік К.Д.Коркмасова, белоруссиялық А.И.Коваленко, мәскеуліктер Д.Л.Златопольский мен О.И.Чистаков, грузиялық В.Н.Мерквилидзе, тәжікстандық С.А.Раджабов, басқа да ғалымдардың жұмыстары бар. Қайта құру саясаты жарияланған шақта С.З.Зиманов пен И.К.Рейтор "Кеңестік ұлттық - мемлекеттік құрылыстың теориялық мәселелері" деген еңбегін жариялады. Бұл жұмыста Ұлттық мемлекеттіктің кеңес халқының мемлекеттік бірлігін нығайту рухында, өмірдің бар саласын интернационалдандыру жолымен құрылғандығы сараланады. Ал идеологиялық құрсаудан босанған шақта С.З.Зиманов Кеңестік Ұлттық мемлекеттіктің табиғатын мейлінше ашып талдады. Ол өзінің "КСРО-дағы ав-тономияландырудың теориясы мен практикасы" деген еңбегінде одақтың империялық ұмтылыстары, ұлттардың өз тағдырын өзі айқындауы мәселесінде жол берілген аса терең бұрмалаулар КСРО тағдырында апатты рөл атқарғанын дәлелді түрде айтты. Лениннің "қамшы мен тәтті нан" саясатын қатаң үйлестіріп жүргізу жағындағы саясаткер болғанын дәлелдеді. Коммунистік партияның ұлттық мемлекетке көзқарасы мен өз нұсқасын өмірге енгізу тәжірибесі қалай жүзеге асырыла бастағаны татар коммунисі Мирсат Сұлтанғалиевтің қайғылы тағдырынан айқын танылатынын зерттеуші Б.Сұлтанбеков ашып көрсетті. Кеңес Одағындағы ұлттық-мемлекеттік құрылыстың асаң шектеулермен жүргізілгенін, түрлі бұрмалау, жазалаулармен астасып отырғанын, кеңес өкіметінің пайда болуын, тарихы мен ыдырауын Р.Конквест, М.Олкотт, А.Каппелер секілді шетелдік ғалымдар да зерттеді [8].

Қазақ саяси басшылығының ұлттық мемлекелтік түрін орнықтыру жолындағы ізденістері мен қызметі өзінің маңыздылығына байланысты арнайы қарастыруға лайық болса да, өкінішке қарай, осы уақытқа дейін ғылыми тұрғыдан талдауға алынған жоқ. Жоғарыда аталған ғалымдардың іргелі де сүбелі жұмыстарында зерттеу кезеңіне қатысты аса маңызды деректер ғылыми түрде жүйеленгенмен, олар биліктегі партияның тоталитарлық қыспағында, партиялық-таптық мүддені күштеп жазылғандықтан да, толық мәніндегі тарихи объективтілік принципіне жауап бермейтін.

Ұлттық Ғылым академиясының академигі М.Қ.Козыбаевтың, ҰҒА корреспоңдент-мүшелері К.Н.Нүрпейісовтің, М.Х.Асылбековтың, ғылым докторлары, профессорлар М.Қ.Қойгелдиевтің, Т.О.Омарбековтың, ғылым кандидаты Қ.С.Алдажұмановтың басқа да ғалымдар мен зерттеушілердің жаңаша көзқараспен жазылған еңбектері тарих ғылымына жаңғырған беттер мен жолдар ұсынды [9], олар Қазақстанның өткен белестерін, әсіресе, тақырыбымызға тікелей қатысы бар XX ғ. 20-30-жж. оқиғаларды жаңғыртып, бұрынғы бұрмалаулардан аршыды. Жалпы, қайта құру мен тәуелсіздік жылдары жұмыс тақырыбын ашуға жәрдемдесетін зерттеулер көбейді. Бұл қатарда, республика партия ұйымдарында 20-жж. жүргізілген идеялық-саяси жұмысты әлі де тоталитарлық пайымдау шырмауында, бұрмалаудан арылмаған ахуалда талдағанмен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институты қызметкерлерінің (В.К.Григорьев, Н.Р.Джагфаров, В.П.Осипов) еңбегі де бар [10].

90-жж. басында М.Қ.Қойгелдиев пен Т.О.Омарбеков қазақ интел-лигенциясының қатал тағдыры мен голощекиндік геноцидті арқау еткен ғылыми еңбегін жарыққа шығарды [11]. Бұл еңбек қазақ саяси элитасының ел тағдырымен тығыз байланысты ізденістері мен қызметі, жеңісі мен ұтылысы, большевизм туғызған қасірет жайынан құнды мағлұматтар береді. Кейінгі жылдары осы сипаттағы басқа да зерттеулер дүниеге келді. Олардың ішінде Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеудің Қазақстан тарихына қатысты, біздің тақырыбымызға жақын әрі елеулі тұстары өзбек зертеушісі Р.Я.Раджапов мен тәжік қаламгері Н.Табаров еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен жариялылық жылдарынан бері, соның ішінде тәуелсіздік дәуірінде өмірге келген еңбектерде де біз нысанаға алған проблема арнайы зерттелмеді. Сондықтан да олар мәселенің тақырыпта белгіленген мерзімдік ауқымдағы қойылысы мен практикасына жанжақты ғылыми талдау жүргізуге, сөйтіп, диссертация тақырыбын мейлінше объективті тексеріс жасау арқылы ашып-түзуге жетімсіздік ететін. Бұл жәйт аталған тақырыппен арнайы зерттеу жүргізудік кажеттігі мен маңыздылығын арттыра түседі.

Диссертацияның деректік негізі. Жұмыстың зерттемелік негізін құрайтын дерек көздері былай жүйеленді: 1. мұрағаттарда сақтаулы іс жүргізу құжаттары; 2. өз уақытында ресми басып шығарылған хаттамалар мен қарарлар; 3. құжаттар жинақтары; 4. мерзімді баспасөз; 5. мемлекет басшыларының, большевик-зерттеушілер мен ұлт қайраткерлерінің еңбектері; 6. эмиграциялық әдебиет.

Дерек көздерінің екінші тобын жеке басылымдар түрінде жарық көрген Қазақстан Кеңестері 5-Құрылтайының хаттамасы, Қазобком сессияларының материалдары, БК(б)П Қазақ Өлкекомының өлкелік ұйымының 5-конференциясына берген есебі, Қазөлкекомның З-Пленунумындағы ішкіпартиялык мәселелер, БК(б)П Қазақ Өлкелік Бақылау комиссиясының есебі, сондай-ақ Түркістандағы РК(б)П мұсылман бюросы конференцияларының хаттамалары, ұлт қызметкерлерімен өткізілген маслихаттардың есептері құрайды [12].

Үшінші топтағы маңызды деректер бұлағының бірі - "БК(б)П-ның қазақстандық ұйымы оның конференциялары мен пленумдарының шешімдерінде, Қазақстан туралы аса маңызды жалпыпартиялық құжаттар қоса тіркелген" деп аталатын, 1920-1925 жылдарды қамтып, 1931 ж. шығарылған құжаттар жинағы. Мұнда кейінгі осындай жинақтардың ешқайсысына енгізілмеген, зерттеуіміздің тақырыбына тікелей байланысы бар, Орта Азиядағы ұлттық межелеуге орай Қазобком пленумы қабылдаған қарардың толық мәтіні бар. Ол ғылыми айналымға тұңғыш мәрте енгізіліп отыр. Сондай-ақ ҚКП ОК жанындағы партия тарихы институты әр жылдарда әзірлеген Қазақстан Компартиясы съездері мен конференциялары шешімдері мен түрлі тақырыптық құжаттардың басын қосқан жинақтар да осы топта [13].

Төртінші топқа жіктелген мерзімді баспасөзден - ұлттық-мемлекеттік межеленуге байланысты маңызды дерек көзі ретінде Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің органы "Туркестанская правда" газеті, қазақстандық тыныс-тіршілікті әр қырынан сипаттайтын мәліметтер бұлағы ретінде пайдаланылды.

Бұрынғы Сырдария облысының көптеген материалдары кезінде қазіргі Оңтүстік Қазақстан облыстық мұрағатына берілген екен. Бұл құжаттар да зерттеу жұмысымызда пайдаланылды. Мұрағат құжаттарынан басқа мерзімдік басылымдарға сүйендік.

Әсіресе 1920-1924 жылдарғы "Туркестанская правда" газетінің материалдары көп пайдаланылды. Бұл газет Түркістан Компартиясы Орталық Комитеті, ВСЦПС, Туркбюросы, Түркістан Орталық Атқару Комитетінің және Сырдария облыстық партия комитетінің органы болып есептелген. Газет материалдары зерттеуге байланысты мәселелерді жалпы тұрғыда ашып беруге негіз бола алады. Себебі газет тақырыпқа байланысты мәселелерді күнделікті жазып отырған. Газет бетінде Түркістан Республикасының басшылары, басқа да тұлғалар Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық-мемлекеттік межелеуге байланысты мәселелер жөнінде үнемі материалдар жариялап тұрған.

Зерттеу үшін Қазақ обкомының және ҚазОАК-тың органы болып табылған "Советская степь" газетінің де материалдарының маңызы үлкен болды. Бірақ сол кездегі Қазақстанның астанасы Орынборда шығып тұрған бұл газет қаланың Түркістаннан тым шалғай жатуына байланысты мәселені жүйелі түрде ашпаған десе болады. Осы тұрғыдан "Советская степь" газетінің біздің зерттеуге қатысты материалдары "Туркестанская правда" газетіне қарағанда тым сирек.

Сонымен қатар еңбекте басқа да баспасөз органдарының материалдары пайдаланылды. Олардың аттары еңбектегі сілтемелерде көрсетілген. Еңбекті жазу барысында мынандай жинақтар: "Сборник законов СССР", "Собрание узаконений и распоряжений Правительства РСФСР" , Түркістан Республикасының және Қазақ АКСР-нің заңдарының жинақтары пайдаланылды.

Зерттеу жұмысына тартылған дерек көздерінің бесінші ретпен жүйеленген келесі бір маңызды тобы большевиктер практикасында теориялық қағидалары басшылыққа алынған К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, И.В.Сталин еңбектерінен және революциялык өзгерістердің нақты көріністерін қарастырған Г.Сафаров, Т.Рұсқұлов, М.Тынышпаев, С.Қожанов, С.Садуақасов, С.Аспандияров, басқа да қайраткерлер мен зерттеушілердің жұмыстарынан тұрады [14]. Олар зерттеліп отырған кезеңнің тынысы мен рухын заманның өз кейіпкерлері көмегімен тануға мүмкіндік берді.

Дерек көздерінің алтыншы топқа бөлінген тағы бір елеулі қатары -маңыздылығы жағынан орны ерекше, ғылыми айналымға тартудың мүмкіндігі тәуелсіздік жылдары ғана туған эмиграциялық әдебиет. Бұл орайда біз бірінші кезекте большевизм саясаты мен практикасын қабылдай алмай, шетелге асып кеткен, сонда орыс эмиграциясының мерзімдік басылымдарына қатысу, өз ұлттық басылымдарын шығару арқылы кеңес өкіметінің бітіспес оппоненттері болған Қоқан (Түркістан) және Башқұрт автономиялары үкіметтерінің бұрынғы басшылары Мұстафа Шоқай меи Зәки Валиди жұмыстарын атаймыз.

Зерттеуге олардың мұраларымен қатар басқа да, естеліктер пайдаланды [15]. Кеңестік идеология ауқымында жазылған еңбектерді сыни көзқараспен қайта қарауға, сөйтіп, тарихи-салыстырмалылық тәсілмен тиісті пайымдар қорытып түзуге - шартты түрде осылай топтастырылған дерек көздері кеңінен қатыстырылды.

^ Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Жұмыста қарастырылмақ уақыттық ауқым 1924-1926 жылдармен шектелген. Зерттелуге алынып отырған осынау мерзім шегі Қазақстан өміріндегі ірі тарихи бетбұрысымен ерекшеленген кезеңді қамтиды. 1924 жылы Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу кезеңінде қазақ халқы мен оның басқарушы элитасының ұлттық мемлекеттік үшін күресі жаңа сипат алды, жаңа мазмұнға ие болды. Межелеуге қатысқан тұлғалар керегесі кеңейген Қазақстанның белсенді қайраткерлері болды. Сондай-ақ бұл жылдар, әсіресе 1925 ж. сәуірдегі Қазақстан Кеңестерінің бесінші съезі, кеңестік билік ауқымында мүмкін болған ұлттық мемлекеттік үшін күрестің ең биігіне шыққан салтанатты шағына айналды. Сонымен қатар, көп ұзамай-ақ, РК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің 1926 ж. қарашада өткен 3-пленумы республиканың басқарушы элитасындағы ұлттық-мемлекеттік мүдде үшін батыл күрес жүргізетін көрнекті қайраткерлерге ойсырата соққы берді. Бұл - ұлт мәселесін пайымдау кілті орталықтың тоталитарлық билігі қолына біржолата көшкенін, Қазақстанның саяси басшылығындағы қазақ элитасының ұлттық мемлекеттік үшін күресінің жеңілгенін көрсететін саяси оқиға болатын. Кеңестік жүйе ауқымындағы қазақтың ұлттық мемлекеттігі үшін күрес табиғатын зерттеудің жоғарыда көрсетілген хронологиялық шегі осындай пайымдармен белгіленді.

^ Зерттеудің методологиялық негізі. Зерттеу жұмысы жан-жақты тексерілген, обьективті ғылыми жүйелілік негізінде орындалды. Тарих материалдарын бағалауда қоғамның даму шындығының тарихи және логикалық қисындарын әділ сараптау жолымен қорыттық. Тарих сахнасынан ығысқан билеуші партияның "маркстік-лениндік методология" атты ғылыми таным құралымен қарастырылып бағаланған оқиғаларды талдауымызға пайдаланғанда, оны анықталған дәл тарихи фактілер негізінде қайта саралап, тарихи деректерді салыстырып қарау әдісін қолдандық.Ұлттық мемлекеттік идеясына байланысты XX ғ. алғашқы ширегінде ұлт зиялылары (Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсын, М.Шоқай және т.б.) еңбектерінде айтылған теориялық тұжырымдар зерттеуде басты методологиялық принцип ретінде негізге алынды.

Осыған байланысты мына жәйтті еске сала кету ләзім. 20-жж. қайраткерлерінің тарихтағы рөлі мен орыны әлі күнге дейін жеткілікті дәрежеде, тарихи контексте, объективтілікпен зерттеліп-анықталмаған қызметтерінің тиісті бағасы беріле қоймаған Олардың кейбірінің өз істердегі қызметіне орай қалыптасқан қилы пікірлер бар. Бұларды талдап ақ-қарасын ажырату біздің жұмысымыздың міндетіне жатпайды. Сондықтан біз оларды зерттеу тақырыбымыздың талабы тұрғысынан, белгіленген уақыт кесіндісінде ғана қарастырамыз.

Қазақстан Ресей империясының отарына айналғаннан бастап, жер-су мәселесі ұлттың тұтастығын, халықтың елдігін сақтаудың ең өзекті проблемаларының біріне айналған еді. Бұл жайында XX ғ. алғашқы онжылдықтарында қилы әрекеттер жасалды. Депутат Бақытжан Қаратаев 2-мемлекеттік дума мінбесінен қазақтардың жер-су мүддесін қорғаған атақты сөзін сөйледі. Ресей конституцияшыл - демократтар партиясы орталық комитетінің мүшесі Әлихан Бөкейхановтың кадеттер қатарынан кетіп, Алаш партиясын құруға кірісуінің басты себептерінің бірі осы жер иелігін шешу мақсатынан [16]. Әкелерден мұраға қалған атамекен аумағын сақтау - қазақ халқының ұлттық экономикасын дамытып, ұлттық тұрғыда дамуының негізгі шарты еді. Сондықтан да 1917 ж. жалпықазақ Желтоқсан құрылтайы федеративті негізде ұйысуға тиіс Ресей Республикасының құрамында қазақтардың саяси және экономикалық дербестігі бар автономиясын құру қажет деп қорытқанды.

Орыс демократиясының және большевизмнің табиғатын терең тани келе, Түркістандағы (Орталық Азия аумағы) түркі халықтарының ұлттық тұтастығы үшін күресі барысында, Мұстафа Шоқай осы тұжырымды ілгері дамытты. Ол шынайы ұлттық мемлекеттікті тек тәуелсіздік жағдайында ғана құруға болады деп есептеп, эмиграцияда өткен бүкіл публицистік-қайраткерлік ғұмырын сол ойды насихаттауға арнады. Оның бұл реттегі көзқарастары "Ресейдегі ұлттық мемлекет мәселесіне орай" деген мақаласында неғұрлым айқын қорытылған. М.Шоқайдың тұжырымдауынша, КСРО «орыс» емес халықтардың мемлекеттігі мен тәуелсіздігіне жау жалғыз ғана ел... Осы елдің құрамындағы Қазақстанда ұлттық тәуелсіздік мәселесі түгел, саяси және ұлттық бостандықтың ең қарапайым нышандары туралы сөз болуы мүмкін емес. Өйткені қашан да орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отырады. Басып алынған жерде орыс билігі орнаған соң-ақ, пүшәйман халықтың жері тартып алына басталады. Британия халықтар одағы құрылымындағы басты фактордың бірі - еркін сауда байланысы болса, орыс халқының әдеті - басқалардың жерін басып алумен қоймай, оны орыстың жеріне айналдырып жіберуді көздейді. Сол себепті де осындай жолмен біріктірілген мемлекет ішінде ұлттардың ерікті түрдегі тең құқықты одағын құруға ешқандай орын қалмайды". [18] Осындай пайыммен М.Шоқай қазақ халқының ұлттық дамуын тек тәуелсіз ұлттық мемлекеттік қана қамтамасыз ете алатынын дәйектеді.

Алайда большевизм тарих сахнасында тұрғанда, М.Шоқай бағ-дарламасындағы азаттыққа жету мүмкін емес еді. Осындай жағдайда, ұлттық өркениетке сай өркендеуін қамтамасыз ететін ұлттық мемлекеттік идеяны тек сол большивизмнің өз тұғырында дамытып өмірге енгізу міндеті алға тартылды. Ал оны жүзеге асыру - Тұрар Рұсқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Садуақасов, Сейтқали Меңдешев, Темірбек Жүргенов секілді қазақ коммунистерінің үлесіне тиген-ді. Олар, маркстік-лениндік теорияны игерудегі даярлығы жеткілікті коммунистер ретінде, қарастырылған уақыттық кеңістік шегінде, қолда бар қазақ мемлекеттігінің мазмұнын осынау мұратпен байытуды қалады. Бірақ, орталықтың қасаң да бірізді тоталитарлық бағытын жүзеге асырушылар ондай ізденістерге жол бермейтін. Осылай ұлттық мемлекеттік үшін күрес туды. Уақытында ол әртүрлі ауытқушылықтар мен антипартиялық бұрмалауларға баланды да, кеңестік тарихнамада өзіне тиесілі көрініс таппады. Тарихи мәніне сай бағаланбады.

Осы жәйттерді қарастыруда - тәуелсіздік жарияланғалы бергі уақыт ішінде гуманитарлық ғылым саласындағы мәселені зерттеу теориясы мен методологиясында Қазақстанда қол жеткізілген жетістіктер ескерілді. Соның нәтижесінде, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай тұжырымдауындағы ұлттық мемлекеттіктің ұғымының дәлелдік, салыстырмалық үлгі ретінде, жаңа парадигма санатында алу жолымен, сондай-ақ, үстем идеология қысымымен бұрмаланған деректік құжаттарды жаңаша қарастыру, бұрын беймәлім болып келген деректерді ғылыми айналымға енгізу арқылы, зерттеліп отырған кезеңді мейлінше объектиівті бағамдауға талпыныс жасалды. [17]

^ Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми мәнділігі партия-кеңес дәуірінің тарихшылары соңғы кездерге дейін ашып айтпай, идеологиялық ой-долбар орайымен бұрмалап түсіндіріп келген, алайда кеңестік автономияның алғашқы жылдарындағы қоғамдық-саяси тыныс-тіршілікте маңызды орын алған құбылысқа жаңаша көзқараспен талдау жүргізуінде; қазақ саяси элитасы тарапынан еліміздің даму жолымен өзектесе жүргізілген ұлттық мемлекеттік кеңестік ауқымда іздеу және оны орнықтыруға тырысу желісін арнайы қарастыруында.

Қазақстандағы мемлекеттіктің мазмұнына байланысты, қазақ басқарушы тобының 1924-1926 жж. Орталықпен, сондай-ақ республикалық партия үкімет органдары аясында жүргізген күресі кезінде кеңестік тарихнама тұрғысынан "оңшылдық" немесе "ұлтшыл - ауытқушылық" көрінісі ретінде бағаланды. Ал шын мәнінде бұл қызмет кеңестік жүйе шеңберіндегі ұлттық мемлекеттік үшін күрестің нағыз өзі болатын. Талқыға ұсынылып отырған диссертациялық жұмыста мәселе осы тұрғыдан, яғни ұлттық мемлекеттік үшін күрес мағынасында.

Ұлттық мемлекеттік үшін күрес неге жеңіліске ұшырады? Кеңес үкіметі құрған автономиялық республиканы ұлттық мемлекетке айналдыру идеясы неге жүзеге аспай қалды? Осылай алғаш рет тұжырымдалған сауалға дисертациялық зерттеу өз тұрғысынан жауап береді; Коммунистік тоталитаризм дәуірінде зерттеуге жабық саналған, тәуелсіздік кезеңінде де қолға алынбай, соңғы уақытқа дейін ғылыми тұрғыда қайта қаралмаған саяси науқан - Орта Азияны 1924 ж. ұлттық-аумақтық жіктерге бөлшектеудің астарын, шындығын ашады;

Жұмыс Орталық Азия мен оны мекендейтін халықтар тағдырын өзара сан дәнекермен жалғасқан тұтастықта қарастырады. Осы орайда қазақ мемлекеттігінің Орта Азияда бой түзеген басқа ұлттық құрылымдармен тығыз байланыста дамытылуы қажеттігін жан-жақты дәйектеген қайраткерлер көзқарастарын ғылыми айналымға тартады. Түркістан және Қазақ республикаларының аса көрнекті қайраткері С.Қожановтың Орта Азия Федерациясын құру және Орта Азия республикалары мен Қазақстанды бір экономикалық қауымдастыққа біріктіру идеясының бүгінгі тәуелсіздік дәуірінде де өзектілігін дәйектейді.

^ Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Диссертацияның негізгі тұжырымдарын мәселеге қатысты іргелі зерттеу еңбектерін жазғанда, мәселен, "Қазақстан тарихын" оқуға пайдалануда пайдалануға болады. Кеңесік дәуірдегі ұлттық мемлекеттік үшін күрестің басқа да толық ашылмаған, яки мүлдем қозғалмаған тұстарын зерттеуге оның нәтижелері мен қорытындылары қолданыла алады. Олар, сонымен бірге, коммунистік идеологияның ұзақ жылдарғы үстемдігі қанға сіңірген құлдық психология зардаптарын жоюға, жаңа тарихи сана өрісін кеңейтуге бағытталған оқу-тәрбие жұмыстарында пайдаға асырылуы ықтимал.

Зерттеу жұмысы сондай-ақ, тәуелсіз еліміздің тарихын және 20-жылдар қайраткерлерінің көзқарастары мен іс-әрекеттерін қазіргі таң тұрғысынан, жаңаша бағамдау қызметін көрсете алады. Өткенді шынайы тану арқылы бүгінгі тәуелсізідік келбетін айқын танып, тәуелсіздіктің болашақта нығаю шарттарын дұрыс түсінуге мүмкін болмақ. Осы орайда ол ұлттық идиологияны қалыптастыру ізденістеріне де өз септігін тигізе алады.

Ресей империясы шекарасындағы Орталық Азияда [Түркістанда] тұрған түркі халық ұлтарының ішіндегі саны ең көбі қазақтар еді. Революция қарсаңыңда олардың жартысы Дала өлкесінде, екінші жартысы Орта Азияда [Түркістан генерал-губернаторлығы, Бұхара, Хиуа хандықтары аумақтарында] өмір сүрді. Түркістанда орнаған кеңес үкіметі алғашқы қадамын көшпенділер мүддесін елемеуден, іс жүзіне оларды ұлттық апатқа ұшыратқан "аштық саясатын" жүргізуден бастады.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Жұмыстың мақсаты iconДипломдың жұмыстың мақсаты – білім алушыларға тереңдете білім беру және мултимедиалық анимациялық процестерді көрсету. Дипломдық жұмыстың нысаны
Хх ғасырдың ортасында ақпаратты өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына...
Жұмыстың мақсаты iconДипломдың жұмыстың мақсаты – білім алушыларға тереңдете білім беру және мултимедиалық анимациялық процестерді көрсету. Дипломдық жұмыстың нысаны
Хх ғасырдың ортасында ақпаратты өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына...
Жұмыстың мақсаты iconЖұмыстың мақсаты мен міндеттері
Республика территориясында әліде зерттелмеген аудандар қатарына Қаржантау жотасындағы Қасқасу шатқалын жатқызуға болады. Өзіндік...
Жұмыстың мақсаты iconЖұмыстың мақсаты мен міндеттері
Республика территориясында әліде зерттелмеген аудандар қатарына Қаржантау жотасындағы Қасқасу шатқалын жатқызуға болады. Өзіндік...
Жұмыстың мақсаты iconКіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы Жұмыстың өзектілігі
Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму...
Жұмыстың мақсаты iconСауалнама Мақсаты
Мақсаты: мектеп оқушыларының салауатты өмір сүруге, жағымсыз қылықтарға деген көзқарасын анықтау
Жұмыстың мақсаты iconБаскетбол ойыны Мақсаты мен міндеттері Мақсаты
Жарысты басқару Ақадыр орта мектебінің директоры бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі
Жұмыстың мақсаты icon«Елбасы мұраты-ел бақыты, гүлденген Қазақстан» Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларға егеменді Қазақстанның азаматы екендігін түсіндіру, ата-бабаларының қалдырған даналық өсиеттерін оқып үйренуге...
Жұмыстың мақсаты iconҚатыгездікпен қараудан қорғау құқығы Мақсаты
Мақсаты: түрлі зорлық-зомбылық көрсету және дұрыс жауапкершілікті жасау қауіпсіз іс-әрекет және туралы ойлануға мүмкіндік беру
Жұмыстың мақсаты iconЖұмыстың мақсаты осы кездегі қолданылып жүрген білімді тестілеу жүйелерді зерттеу және де жасанды зердені пайдаланып, табиғи тілмен диалог арқылы сараптық жүйесінің архитектурасы мен сараптық жүйенің зерттеу прототипін құру. Ғылыми жаңалығы
Оқу үрдісінде алған білімді тексеру өте маңызды рөлге ие бола бастады. Ал, осыны жүзеге асыру үшін тестілеудің әртүрлі жүйелері қолданылынады....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы