
Жоба тақырыбы: Ас атасы - нан
№4 «Ботақан» тобы Мусагулова Қ.Х. Жапарова М.Д.
Тақырыбы: «Ас атасы - нан» Тапсыру мерзімі: Қысқа мерзімді (2ай) Мақсаты: Балаларға нан, бидай, оның маңызы туралы түсінік беру. Міндеті: Нанның барлық адам үшін маңызы туралы түсініктерін бекіту. Аграном, диқаншы, комбайыншы, наубайханашы, тракторшының еңбгі туралы білімдерін жүйелеу (нан дәндерінің өсіру ретінтүсіндіру, последовательность выращивания хлебных злаков, ұннан нанды дайындау процессі) ауыл-шаруашылық техниканың маңыздылығын көрсету нанға деген қадірін, үнемдеушілігін тәрбиелеу, ауыл-шаруашылығындағы еңбектенетін адамдарға құрметін тәрбиелеу. Түрі: Ақпараттық- ізденүшілік Мәселесі: Адамдар нанды қалай өсіреді? Неге адмдар нанға құрметпен қарайды? Нанның маңызы. Ауа, күн және су кішкентай дәнді мықты бидай басына қалай айналдырады. Жобаға қатысушылар: Балалар, тәрбиешілер, ата-аналар. Күтілген нәтиже: бидайды өсіру жолдарын, бидайдан ұн үгіп және ұннан нан жасау жолдарын біледі. Жұмыс кезеңдері: I кезең: (мониторинг) Білімдерін тексеру II кезең: (дайындық) Алынған мәліметке сүйеніп балалармен жұмыс жолдарын ойластыру:    

  III кезең: (негізгі) Сабақтан тыс уақытта: Диермен, наубайханаға, дүкенге саяхат жасау Ойындарды өткізу: Ертегілерді оқып сахналау: «Бауырсақ», «Қайдан келдің бауырсақ», «Нан қайдан келеді?» Сюж ойын өткізу «Дүкенде», Тұзды қамырдан қуыршақтарға тағам жасау, Бидайдын өсуін байқау Балалар нан туралы әңгіме құрастырады Балалардың сурет жұмыстарынан, аппликацияларынан көрме ұйымдастыру С
 хема бойынша әңгіме «Нан қалай пайда болады» 
 Ата-аналармен жұмыс: Нан тағамдарынан көрме жасау Нан туралы альбом жасау Балармен саяхатқа қатысу Қамырдан балаларымен бірлесіп тағамдар жасау IV кезең: Қорытынды Ойын-сауық: «Кішкенетай наубайханашылар»  |