|
![]() ![]() Өткізген: Захан Жандос Аңыз адам Сабақтың мақсаты: қазақ халқының қаһарман ұлы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 102 жыл толуына байланысты оқушыларға Бауыржан атамыздың өмір жолынан мағұлмат беру, ерліктерін, артында қалдырған өсиет сөздерін үлгі ету: оқушыларды шығармашылыққа, ізденпаздыққа баулу. Сабақтың барысы Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Ат ауыздығымен су ішіп, ер етегімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып елін, жерін қорғаған айбарлы да айбыңды, ержүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңші!... Осындай батыр болмысты, қайсар рухты, биік тұлғалардың бірі – Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, аты, аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы. Жырлаймын тұра аламын қалай мұны, Жеріме жолатпаған мұң-қайғыны, Қаһарман, жазушы, ақын, дана азамат, Бауыржан Момышұлы – ел айбыны. Биылғы жылы Бауыржан Момышұлы атамыздың туғанына 100 жыл толып отыр. Батыр атамыздың батырлық, ерлік, қаһармандық істеріне, шығармашылығына арналған «Аңыз адам» деп аталатын бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз. (Оқушыларды 3 топқа бөлінеді. Әр топтың өз аты, мақсаттары, тапсырмалары бар. Топ жетекшілері сабақ барысында өз топ оқушыларына басшылық жасап ұйымдастырып ортаға салады). 1-топ. «Ұшқан ұя». Б. Момышұлының өмірі, білім алған ордасы, еңбек жолы туралы жинаған мәліметтерін ортаға салады. Сөз: «Ұшқан ұя» тобына беріледі. 1-оқушы Елена: Б. Момышұлы 1910 жылы 24- желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы орта мектепті 1928 жылы бітіріп, еңбек жолын бастауыш мектепте мұғалім болып бастады. 1932 жылы Қызыл армия қатарына алынады. 2-оқушы Дима: Әрі қарай еңбек жолын Шымкент, Алматы қалаларында банк салаларында жалғастырады. 1936 жылы Ленинград қаласында финанс академиясы жанындағы курсты бітіріп, қайтадан Қызыл армия қатарына алынды. Взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, ал 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы жұмыстарын атқарды. 3-оқушы Андрей: Соғыс басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамынада майданға аттанады. Панфилов атындағы 28-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болды, соғыстың соңғы жылдары осы дивизияны басқарды. 4-оқушы Костя: Соғыс кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті, батырлық атақ-даңқы аңызға айналды. 1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітірді және тұрақты әскери қызмет атқарды. 5-оқушы Саша: Бауыржан атамыз соғыстағы ерен ерлігі мен жастарға патриоттық тәрбие берудегі еңбегі үшін «Қызыл Ту», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар Достығы», «1-дәрежелі Отан соғысы», 2 рет «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапаталады. 2-топ.«Ұрпаққа өсиет»тобын ортаға шақырайық. Олар Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерліктері, қаруластары туралы баяндайды. 1-оқушы Коля: Бауыржан Момышұлы батыр, ержүрек қолбасшы ғана емес, бойында жазушылық, ақындық қасиет те болған. Баукеңнің қаламынан шыққан шығармалары «Ұшқан ұя», «Офицер күнделігі», «Бір түннің тарихы». ССР-Германия соғысының үлкен шежіресі іспетті күрделі шығармасы – «Москва үшін шайқас» (1959 жыл). Мұнымен қатар «Жауынгер тұлғасы», «Майдан»т.б шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылды. 2-оқушы Денис:Бауыржан атамыздың шығарған «Ескертпе» өлеңін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Ескертпе Найзадан қолы босаса, қалам алдым, Толғанып оқиғаны көп ойладым. Тырмысып әл келгенше көргенімді, Жалтақтамай, именбей ашық жаздым. Отырсам көп ойланып, күнім жақын, Әр адам біле білмейді сөздің парқын. Ұрпаққа арнап істеген адал еңбек, Ақ ниетпен ұсындым саған халқым. Жазушы болмаған соң менің затым, Көркемді жұмыр емес жазған хатым. Салмақтайтын саналы ер табылса, Атаусыз неге қалсын менің атым. 3-оқушы Алексей: Мен Бауыржан атамыздан қалған өсиет сөздері мен баталарын жинақтап, сіздерге бірнешеуін ұсынайын. Өсиет Ақыл айтар мезгілде Мың жасаған шалдай бол. Қатал болар мезгілде Шатырлаған жайдай бол Мейірім түсер мезгілде Ағарып атқан таңдай бол Жауды бөгер кезіңде Көлденең жатқан ордай бол. 4-оқушы Саня: Бата Иә, құдайым! Тілегімді қабыл ет! Дозақтың отынан сақта, Қаңғыған оқтан сақта, Парақор соттан сақта. Халықты жеген бастықтан сақта, Ынтымақсыз туыстан сақта, Адамды қадірлемес есерден сақта, Нанды басқан кесірден сақта. Мезгілсіз келген өлімнен сақта, Ұятсыз қызыңнан сақта, Қайырымсыз жекжаттан сақта. Түнере атқан таңнан сақта, Жаңбырсыз шаңнан сақта. Еңбегіміз өнімді болсын, Қамбамыз астыққа толсын, Маңырыған мал өріске толсын. Ағаш берсең, жемісті ғып бер. Жомарт болсың, осы айтқандарымның Бәрін үйіп-төгіп бір-ақ бер! 5-оқушы Думан: Бауыржан Момышұлы ана тіліне араша бола білген. Ол сонау 1944 жылы 25-ақпанда қазақ тілінің жай-күйін мәселе етіп көтере білген. Ол Орталық Комиттеттің хатшысы М. Әбдіхалықовтың атына «Қазақ тілі туралы пікір» атты арнайы хат жазды. 6-оқушы Артем:Ол хатында «Тілсізді – айуан деген. Тілі кедей елді мәдени-етсіз, анайы, надан халық» дей келіп сол кездері қазақ тіліннің тілдік сапасының жоғалып бара жатқанын тілге тиек етіп, мүшкіл халіне күйінеді және үкімет тарапынан қолға алынбаса қазақ тілі құмға сіңген судай жоғалып кетерінің өзі ғажап емес екендігін айтқан. 7-оқушы Виктор: Бауыржан Момышұлы «Қазақ тілінен ажырап, азғын ел атанбасын, аты өшіп ұрпақтарымыз тарыдай шашырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалмасын, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-баба, тарихымызды ұмыту» деген еді. Көрініс:«Фамилиясы жоқ адам» Автор:Бауыржанның тіліне деген құрметіне ортақ жазушы Александр Бек Бауыржанның ерлігі туралы жазған «Волоколамек тас жолы» повесінде былайы суреттейді: (Ортаға әскери киім киген және қолына қалам ұстаған (бауыржан және жазушы АлександрБектің рөлінде) екі оқушы шығады). А. Бек: Аты – жөніңіз кім? Бауыржан: Бауыржан Момышұлы. А. Бек: Түсінбедім, қайталап айтыңызшы? Бауыржан: Бауыржан Момышұлы. (Жазушы қолына дәптерін алады) А. Бек:Ғафу етіңіз, фамилияңыз қалай жазылады? Бауыржан: Менің фамилиям жоқ,Атым – Бауыржан, әкем – Момыш, мен соның ұлымын, баласымын, түсіндің бе? (Екеуі сахынадан шығып кетеді) 3-топ.«Өмір дастан » тобын Бауыржан Момышұлы туралы жазылған өлеңдер, шығармалар жайлы әңгімелейді . 1-оқушы Виктория:Бауыржан атамыздың өмірі, ерлігі – бізге үлгі. Ол кісі туралы жазылған шығармаларды оқи отырып, өмірде ештеңеден қаймықпаған, әділ, бірбеткей, туған халқын шексіз сүйген адам деп танимыз. Сіздердің назарларыңызға атамызға арналған «Дара батырды, дана Бауыржанды ұмытпаймыз мәңгілік!» атты кітап көрмесін ұсынамыз. Бауыржан атамыздың өзімен бетпе-бетжүздесіп сұхбат түрінде жазылған шығарма – халық жазушысы Ә. Нұршайқовтың «Ақиқат пен аңыз» туындысы.Аты айтып тұрғандай ел арасында Бауыржан атамыздың ерлігі туралы аңыз әңгімелер өте көп. Осы шығарманы оқи отырып атамыз туралы ақиқат пен аңызға көз жеткізуге болады. 2-оқушы Света:Атамыздың келіні, этнограф жазушы Зейнеп Ахметованың жазған шығармасы – «Шуақты күндер». Бұл шығармадан ата мен келін арасындағы сыпайлық, тәлім-тәрбие, салт-дәстүр сияқты көптеген құндылықтарды білесің. 3-оқушы Ангелина: Ж. Егембердиеваның «Өмірінің өзі - дастан» шығармасы. Бауыржан атамыздың өмірінің соңғы кездеріңде бірге болған жары Жамила апамыздың естелік шығармасы. Бұл шығарманы оқи отырып атамыздың мейірімді, балаша адал мінез құлқын біліп таңқалдым. Көбіне ол кісіні қатал, тік мінезді дейді ғой. Ауруханада жатып өткізген уақыттарын, өмірінің соңғы минуттарын көзіне жас алмай оқи алмайсың. 4-оқушы Кирилл: Бауыржан атамыз туралы жазылған бұдан басқа да мынадай шығармалар бар: А.Б: «Волоколамское шоссе», «Арпалыс» (аударған Қ. Сағындықов), сонымен қатар «Қазақфильм» түсірген көркем фильм – «Ел басына күн туса» (1967 жыл). 5-оқушы Руслан : Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбайев «Қазақ қаламгерлерінің ішінде өз ұлтын Бауыржан Момышұлындай сүйген жазушы жоқ» деген болатын. Қолына 18 жасынан қалам ұстаған жазушының күнделіктері, танымал шығармалары, хаттары жинақталған 30 томдығы бауыржантанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлының басшылығымен жарық көрді. 6-оқушы Павел: Бауыржан ата «Мен нағыз жазушымын, ақынмын» деп ешқашан айтпаған. Оның шығармаларының оқиғасы өз өмірінен алынған, басынан өткен дүниелер, өз көзімен көрген оқиғалары мен араласқан адамдары. Жазушы ойдан кейіпкер шығарып әуре болмаған, араласқан адамдарының бейнесін сол қалпында қағазға түсірген. 7-оқушы Клава: Баукең өзінің жазушылық қасиетіне былайша баға берген: «Мен әскери маманмын, әдебиетке соғыстан кейін келдім. Өте шебер жазушымын деп мақтанбаймын. Бірақ шындықты айтқан, дәл берген, бір жағы мемуарист, бір жағы деректі, нақтылы нәрселерді қағазға түсіріп отыратын жазушымын». Қорытынды. Мұғалім:Міне, оқушылар,бүгінгі сынып сағатынанБауыржан атамыз туралы көптеген мәліметтер білдіңіздер. Әр қырынан танып, жан-жақты таныстыңдар. Елім деп туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де, жүз ғасыр өтсе де ел есіңде сақталары сөзсіз. Әр топ оқушылары өздеріне берілген тапсырманы орындап, сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын. Тау алыстаған сайын биіктей түседі. Қанша уақыт өтсе де Бауыржан Момышұлының есімі әр ұрпақтың санасында мәңгі қалады, бірге жасайды. Бауыржан атамыз бір өлеңінде былай деп жазды: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде», Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде. Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түпкірінен сөз келгенде. Қандай көреген адам, керемет сөз! |
![]() | Жаңақоныс ауылдық кітапханасының Қр президент күніне өткізген Іс-шаралар есебі | ![]() | 7-сынып/ Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің Көрнекілігі: интерактивті тақта, жазушының портреті, Есіл өзенінің, саятшының суреттері, алты қырлы кубик |
![]() | Внеклассное мероприятие на День Защиты детей «Мы счастливые дети!» Өткізген: Габдулина К. Г. Чижикова О. В. Сары-Оба орта мектебі Дать детям дошкольного возраста элементарные знания и представления о международном празднике “Дне защиты детей” | ![]() | Халықаралық стандарттармен бейнеленген мақсаттар мыналар Р. А. Фулки «Есеп бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы деп атаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында... |
![]() | Өткізген мектеп тәлімгері: Жанабекова Г. Б. Астрахан №1 орта мектебі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030»жлдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын азамат етіп тәрбиелеу... | ![]() | Документы 1. /Бастап?ы ?скери дайынды?/Айдос.docx 2. /Бастап?ы... |
![]() | Документы 1. /Бастап?ы ?скери дайынды?/Айдос.docx 2. /Бастап?ы... |