|
Тренинг «Ұстаздың тұлғалық өсуі» Қалманбаева С.Д. - әдіскер
Барлық қатысушыларға мұқият өзінің оң жағындағы адамға қарау ұсынылады. Қарап болғаннан кейін ол адамды қандай жануарға ұқсататынын айтады.
Мектеп – оқушы, мұғалім, сабақ Ана-бала, бесік,тамақ Кітап-парақтар, әріптер,оқу Бейбітшілік – Ұрыс – Туыс – Дос – Әже- Шкаф- Қыз – Ұл – Телефон – Теледидар – Компьютер – Газет – Домбыра – Бөлме – Үстел – Мейірім – Түн –
Барлық қатысушыларға төмендегідей мазмұндағы карточкалар таратылады. Олар карточкада жазылған сөйлемдерді жалғастырады. Маған ұмыту қиын болса да мен... Кей кездері мен ... Мен .... қатты ұялам Кей кездері менің қасымдағы адамдар... Маған ... , мен қатты қуанам Мен...сенемін Мен ... ешкімге айтпаймын Мен ... қатты қиналам Адамдардың... маған ұнамайды Мен өз қызметімде ... ұнатамын Менің достарым көбіне ... Мен қонаққа барарда ... Мен өзгелердің ... ұнатпаймын Бөтен ортада мен ... Таныс емес адаммен мен... Жағымсыз жағдай туындай қалса ... Адамдардың қызмет бабымен өскенін көргенде ... Менің жұмысымның ұнамайтын бір жері бар, ол ... Мен айналамдағы адамдардың ... қалаймын Менің ең асыл арманым... Менің мінезімнің ... маған ұнамайды Мен қонақ шақырғанда ...
Сіздер барлықтарыңыз «Күлбикеш» ертегісін білесіздер. Төменде көрсетілген көріністердің қайсысы сізге көбірек ұнайды.
Шешімі: Егер, сіз бірінші көріністі таңдасаңыз, онда сіз өзімшіл және өзіңізді жоғары санайтын адам болғаныңыз. Сіз өзіңізді өзгелерден артық санайсыз.Айналадағы адамдарға жылы шырай танытуды үйреніңіз. Басқаларға жоғарыдан қараудан сақтаныңыз. Егер, сіз екінші көріністі таңдаған болсаңыз, онда сіз өз бетіңізбен шешім қабылдай алмайтын, жауапкершілікті мойнына ала алмайтын адам болғаныңыз. Сіз шын өмірде сиқыршы періштелердің болмайтынын ұмытып кеткен боларсыз. Егер, сіз үшінші көріністі таңдаған болсаңыз, онда бұл сіздің өзгелерге қаншалықты тәуелді екеніңізді көрсетеді. Сіз өзіңізден кейін көптеген жауапсыз проблемаларды қалдырып жүретін адамысыз. Қиыншылықтардан құтылу үшін өз проблемаларыңызды өзгелерге арту дұрыс емес, ерте ме кеш пе бәрін өзіңізге шешуге тура келеді. Егер, сіз төртінші көріністі таңдасаңыз, онда сіздің өмірден күтетініңіз – тұрақты жұмыс, уақытында берілетін еңбекақы, бала және отбасы. Бірақ, сіз өзіңізді өзгелерден ерекшелендіретін көптеген қасиеттеріңізді көрмейсіз немесе олар туралы ұмытып кеткен сияқтысыз.
Сіз мұражайда жүрсіз, кенет сіздің қасыңызға бейтаныс бір адам келді, төмендегі сөздердің қайсысын сізге айтты.
Шешімі: Сіздің берген жауабыңыз, сіздің адамды бірінші рет көрген кездегі қылығыңызды көрсетеді. Егер сіз бірінші сөзді таңдасаңыз. Сіздің жылы шырайыңыз бен достық қарым-қатынасыңыз сізді бірінші көріп тұрған адамдардың барлығында жақсы сезім оятады, бірақ олар сізді салмақты емес деп ойлап қалуы мүмкін. Егер сіз екінші сөзді таңдасаңыз. Сізді әңгімеге тартпас бұрын сіз олардың мінезін тексеріп аласыз, ал өзгелер болса сізді өзіне сенімсіз, шешім қабылдай алмайды деп ойлап қалады да сізге деген көзқарасын өзгертеді. Егер бұлай болатын болса сіз өзгелермен қарым-қатынас орната алмайсыз. Егер сіз үшінші сөзді таңдасаңыз. Сізді білетіндердің жартысында сіз туралы жақсы ой қалыптасқан, бірақ екінші жартысы сізді біртүрлі деп санайды. Бірінші көрген кезде адамдар сізді өзгелер түсінбейтін бір ішкі әлемде өмір сүретін адам деп ойлайды. Бірақ сізді өзгелердің сіз туралы ойы толғандырмайды. Жалпы айтқанда сізді жақсы және жаман деп түсінуге болады. Егер сіз төртінші сөзді таңдасаңыз. Сіз адамды алғашқы рет көргенде оның ойында сіз туралы жақсы ой қалыптасуы үшін барлық әдістерді пайдаланасыз. Сіз үшін өзгелердің көзінде жақсы көріну аса маңызды және сол үшін сіз тіпті шамадан тыс әрекеттер жасайсыз. Бұл үшін көп күш жұмсаған сайын, бәрі керісінше болып шығады. Басқалар сізді ерекше, талантты деп ойлауы үшін асыра сілтеудің қажеті жоқ, неғұрлым қарапйым болсаңыз өзгелер сізді қабылдайды.
Қағазға бір дөңгелек салыңыздар және оның жан-жағына қанша сыйса, сонша үшбұрыштар мен тіктөртбұрыштар салыңыз. Шешімі: Дөңгелек бұл - сіз, үшбұрыштар бұл – жұмыс немесе оқу, тіктөртбұрыш бұл – қоғам мен заң. Егер, дөңгелек өте үлкен болса, онда сіз өзіңізге үлкен мән бересіз, әрине егер сіз өзіңізге объективті, жақсы баға бере алатын болсаңыз бұл жақсы. Бірақ кейбір жағдайда бұл сіздің өмірдегі өз орныңыз туралы бұрыс көзқарасыңызды білдіреді. Ал егер, дөңгелек өте кішкентай болса, онда сіз өзіңізді сондай төмен , тіпті айналадағылар сізді басып кететіндей жаман сезінесіз. Үшбұрыштар мен тіктөртбұрыштардың сізді басып кетуіне жол бермеңіз. Үшбұрыштардың саны мен көлемі сіздің жұмысыңызды білдіреді. Егер олар көп болса, онда сіз үшін жұмысыңыз әрқашан бірінші орында, оған көп мән бересіз. Сонымен қатар сіздің жұмысыңызға көңіліңіз толады. Үшбұрыштардың көп болуы сіздің бір уақытта бірнеше жұмыспен айналыса алатыныңызды білдіреді. Байқаңыз өз күшіңізді шамадан тыс пайдаланып, шаршап қалмаңыз. Тіктөртбұрыштар бұл сіздің қоршаған ортаға деген сезіміңізді білдіреді. Тіктөртбұрыштардың үлкен болуы болуы сіздің қоршаған орта мен ондағы адамдардың көңілінен шығудан және сол бір ережелерге бағынудан өзіңізді жаман сезінетіндігіңізді білдіреді, ал тіктөртбұрыштардың көп болуы сізді ержелердің көп болуы сізді шарашататынын, қалыпты жағдайдан шығаратынын білдіреді. Егер сіздің суретіңізде салған фигуралар бір-бірімен қиылысып жатса, онда бұл үш бағытта (сіз, жұмыс, басқа адамдар) сіздің өміріңізде үйлесім тапқан, ал егер бір-бірімен қиылыспаса, онда сіздің өміріңізде адами қарым-қатынас, өзара байланыс жетіспейді. 5 тест. «Балық аулау» Сіз өзіңіздің балық аулауға барғаныңызды елестетіңіз. Сіздің қармағыңызға бір балық ілінді. Балықты алып шықпақ болып жатқанда балық қатты шайқалып, сіздің денеңіздің бір бөлігіне қатты соғылды. Қай бөлігіне тиді? Шешімі: Егер сіз бетіңізге деп ойласаңыз, демек сіздің өз түріңізге көңіліңіз толмайды.Мүмкін бетіңізге безеулер шығып, алғашқы әжімдер пайда болған шығар. Егер сіз ішіңіз десеңіз, онда сіз арықтауды ойлағаныңыз. Егер сіз төменгі жағыңызға тиді деп ойласаңыз, онда сізді қандай да бір сезімдер мазалап жүр. 6 тест. «Мен жек көретін адам» Өмірде түрлі жағдайлар болады. Кейде шексіз қуансаңыз, кейде қатты қапаланасыз. Қуанышыңызға да, ренішіңізге де біреулер себеп болып жатады. Естеріңізге түсіріңіздер сізді қатты ренжіткен адам. Оның ренжіткенін әлі күнге дейін ұмыталмай жүрген болсаңыздар, сол кісінің атын жазып, оған айтқыңыз келген сөздердін бәрін жазыңыздар. (қатысушылардың жазғанын тосу) Жазып болғаннан кейін, жаңағы кісіден осы айтқандырыңыз үшін кешірім сұрап жазыңыздар, оны кешіргеніңізді және жақсы көретініңді жазу керек. (қатысушылардың жазғанын тосу) Жұмыс аяқталғаннан кейін жаңағы парақты ұсақтап жыртып тастау керек. Мүмкін болса жағып жіберу. Қорытынды: «Әуен суреті». Қатысушыларға әуен ырғағымен бүгінгі тренингтегі көңіл-күйлерін бейнелеу ұсынылады. Суреттерден көрме ұйымдастырылады. |