|
![]() Сынып сағаты Тақырыбы:Ана тілін ардақтайық Мақсаты:Оқушылардың еліне,ұлтына,тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге,тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету,тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту. Көрнекілік:ұлағатты сөздер,ақын-жазушылардың портреті,кітап бұрышы. Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі. Мұңалім:Біздің Отанымыз байтақ та бай ел.Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Әр халықтың өз ана тілі бар.Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп,бойға тарайды.Тәлім-тәрбие тілден басталады. Олай болса,тіл-бөбектің үні,тіл-ананың ілдиі,тіл-бесік жыры.Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар. Тіл туралы өлендер және ұлағатты сөзде оқылады. Туған тілім-тірлігімнің айғағы Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім,мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. Қазақ тілім – саялаған нұр бағым, Қазақ тілім-ана тілім,ардағым. Сен арқылы жетіп жатыр өмірге Жан сырларым,тілегім, бар арманым. Тілім менің, Осы тілде шежірем,жырым менің Асан қайғы арманы,Қорқыт күйі, Тағдырыммен тамырлас мұным менің. Тілім менің, Жауға айбарым,ұраным,туым менің. Найзасымен тең ұстап ана тілді Намысымды қрғады Сырым менің. ІІ.Негізгі бөлім Мұғалім:Сөз өнерін қай халық болмасын жоғары бағалаған.Ақындық табиғаттың туа бітті сый болса,шешендік жүре бітті қасиеті екені де ертеден ұғынықты болған.Көптеген зерттеушілер қазақ халқының шешендік өнерін жоғары бағалаған.Жер дауы, жесір дауы тәрізді шешімі қиын тұста айыр көмей,жез таңдай,шешендер билік айтып,бітім тапқан.Сондықтан да қазақ өмірінде шешендіктің әлеуметтік салмағы ауыр болды., Қазақ елінің шешендері деп кімдерді айтуға болады? Төле бидің ұрпақтарына айтқан өсиетін тындап көрейік. Жаңбыр жаумаса-жер жетім Басшысы болмаса –ел жетім. Ұқпаса айтқан –сөз жетім. Өгізді өрге салма,қанатың талар, Наданға қөзінді салма,сағын сынар. Досына өтірік айтпа,сенімің кетер. Дұшпанға сырынды ашпа,түбіне жетер. Жақыным деп жаманның малы үшін Жақсының жағасынан алма,өрісің тарылар. Мұғалім:Қай халықтың тарихына үнілсеңіз де өнер алды саналатын қызыл тілге,шешендік өнерге байланысты небір керемет асыл сөздер табасын Келесі кезекті бізде, бойымыздағы осы асыл қасиетті отраға салайық Елнұрдың өлені. Тілдің негізгі қызметтері;Кісі білімді тіл арқылы алады,мәдениетті,өнерді,ғылымды,техниканы тіл арқылы үйренеді.Сондықтан тіл байлықтарын түгел меңгердім,мен білмейтін еш нәрсе жоқ деп ешкім айталмайды.олай болса «Мақал жауап» атты ойын ойнайық.Мен сендерге әр түрлі сұрақ қоямын,сендер мақалмен жауап бересіндер:
Мұғалім:Адам тәлім-тәрбиесіз,өнер-білімсіз,іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес.Сондықтан еліміздің ертеңі,азаматы болар ұрпақ ойларын білейік.(шығармалар оқылады) Проблемалық сұрақ қою: Қазір елімізде тіл мәселесі қандай жағдайда? Ана сүтімен дарыған тілді ұрпақтан ұрпаққа қалай жеткізуге болады? Қорытынды:Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын,өзінің атамекенін қалай білуімен өлшенбек.Ананың ақ сүтімен жарыған адам қашанда отаншыл,ұлтжанды болмақ.Әркімнің өз тіліне деген құрметтіөз анасына,өз ұлтына,өз Отанына деген құрмет деп білу керек. |
![]() | Сынып сағаты Тақырыбы: «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан!» Міндеті: -отанымыз туралы білімдерін кеңейту, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу,өз ойын ортаға салу | ![]() | Қараөзек бастауыш мектебі. Президенттің Тұңғыш Күніне арналған іс-шаралар есебі Республикасының тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының тақырыбы: «Мақтанышым-елбасым».... |
![]() | Сабақ жоспары (интерактивті тақтада, экологияландырылған) Сынып: 6в Пән: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы ... | ![]() | Диплом жұмысы Тақырыбы Тақырыбы: I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері |
![]() | Дарынды оқушылармен жұмыс Ана тілі пәні бойынша 3-сынып Жетекшісі: Утебаева Ж. С 2013-2014 оқу жылы Ана тілі | ![]() | Барысы: Мұғалім «Қазақстан Республикасының рәміздері және Президентіміздің оқуы» тақырыптарға сынып сағаты |
![]() | Сынып сағаты Мақсаты Білімділік – Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын... | ![]() | Сынып сағаты Мақсаты Білімділік – Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын... |
![]() | • Ағылшын тілін көп деңгейлі оқыту: деңгейлер А1-А2, В1-В2, С1-С2 Көптілді білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету, ағылшын тілін оқыту әдісі бойынша халықаралық ткт тестін тапсыру, ағылшын... | ![]() | Диплом жұмысы Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану ( Ана тілі... |
![]() | Документы 1. /ана. 3-сынып. (2).doc |