Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты icon

Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты



НазваниеСабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты
Дата05.06.2013
Размер33.96 Kb.
ТипДокументы
источник



Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл.

Сабақтың мақсаты: Зайырлы мемлекет жайлы , 2О жыл тарихына үңіле отырып тереңірек мағлұматтар беру, оқушылардың ойын тыңдау.

Ата Заң туралы түсіндіру.

Азаматтың құқығы мен міндеттерін білуге, жеке тұлға ретінде қылыптаса білуге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы: * Ұйымдастыру кезеңі

* Кіріспе


* Сәлемдесу. Оқу жылының басталуымен құттықтау.

* Балалар біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?(оқушылардың пікірлерін тыңдау) Тақтаға назар аударайық: Әр бір тәуелсіз мемлекеттің өзіне сай нышандары болады. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Сондай-ақ елбасы , жер аумағы болады.

- Оқушылар елтаңба мен тудағы бейнелер бойынша олардың мағынасын айтады. Авторларын тақтадағы портреттер арқылы таныстыру.

- 4 маусым мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілген.

Әнұран жайлы айта отырып, авторларымен таныстыру.

-Қане ендеше бәріміз бірге, мақтанышпен әнұранымызды орындайық...



  • Тақтадағы елбасының нақыл сөздерін оқушыларға кезекпен оқыта отырып, олардың мағынасын ашу.



  • Қазақстан елі біздің Отанымыз, тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің басты заңын қабылдап, егемендігін әлемге паш етті. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Ата Заңы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Араға екі жыл салып, 1995 жылдың 30 тамызында еліміздің жаңа Конституциясы қолданысқа енді. Ал, 1998 жылдың 7 қазанында Ата Заңымыздың 1 бабына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Ата Заңымыздың ең 1-ші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық , зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - делінген. Конституциямыздың әр бабында адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі. Ата Заңда:

  • биліктің бастауы - халық,

  • мемлекеттік тіл – қазақ тілі, деген жолдар бар.

Әділеттің ақ жолы осыдан бастау алады. Оны білу – борыш, орындау – абырой, өмір қызығы ету – құрмет.

  • Еліміздегі барлық халықтар Ата заңымыз - Конституцияға бағынады. Заң дегеніміз - ереже. Адам өмірге келген сәттен бастап , мемлекет оның өмірін қауіптен қорғай отырып, бостандық пен міндет ететін ережелерді топтайды. Яғни, біз бірде міндетті болсақ , бірде құқылы боламыз. Ол Конституция баптарында жазылады. Мысалы:



15 бап: Әркім өмір сүруге құқылы.

16 бап: Әр адамның жеке юостандығына құқы бар.

24 бап,1 бөлім: Әр адамның мамандық таңдау мен жұмыс істеуіне құқы бар .

24 бап, 4 бөлім: Әр адамның демалуына құқы бар .

28 бап: Қазақстан Республикасының әр азаматы денсаулығын қорғауға құқылы.


30 бап: Азаматтар тегін орта білім алуға құқылы. Орта білім міндетті. 34 бап: Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған ережені сақтап, қастерлей білуге міндетті.

36 бап: Қазақстан Республикасын қорғау қасиетті парыз және міндет.

38 бап: Қазақстан Республикасының әрбір азаматына табиғатты қорғау, ұқыпты қарау, табиғат байлықтарын ысырап етпеу міндеті жүктеледі.



  • Біздің тіліміз - ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.



  • Балалар, Отанымыз осынау 20 жыл Тәуелсіздікте қандай жетістіктерден көрінді, несімен ерекшеленді, даму деңгейі қандай?

*Астана туралы айту.

*Өзгерістер туралы пікірлер тыңдау.

*Халықтар достығы туралы әңгімелеу.

*Азияда жайлы айту.



  • Бабаларымыз өткен дәуірлерде Европа елдерін желден жүйрік сәйгүлікпен аралап, көзсіз ерліктің нақты үлгісін паш еткенін білеміз. Батырлық рухтың лайықты жалғасына бүгін де куәміз. Қазақстанның 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым – Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етуімен тағы да жер жаһанды дүр еткізді. Халықаралық ұйым 1975 жылы 1 тамызда Финляндия астанасы Хельсинки қаласында құрылған. Ендігі жерде әлем елдері Қазақстанды, оның президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевті танып қана қоймай , үлгі етеді. Европадағы Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы биыл Нұрсұлтан Әбішұлы белгілеп берген ұрандармен жұмыс атқарады.

  • Бұл еліміз үшін үлкен мәртебе.

Қорытынды: - Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақты тиянақтау.

  • Білімді , парасатты, патриот азамат болуларыңа тілектеспіз. Оқу жылын жаңа белсенділікпен бастайық, назарларыңызға рахмет!!!



Похожие:

Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: 10 саны. 10 санын жазу Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: 1 10 саны және құрамымен таныстыру, 10 санын жазуды үйрету. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын...
Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өтілген сандар бойынша қаншалықты деңгейде менгергендерін анықтау,сандар қатарын,санның құрамын,тура...
Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: «Допты әріптесіне беру» Сабақтың мақсаты: 1
Сабақтың мақсаты: Допты төменнен, жоғарыдан қабылдауды мңгерту, волейбол ойынына жаттықтыру. Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру...
Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Қорықтар. Қорытынды сабақ Сабақтың мақсаты
Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған орданы табиғаттағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан» Сабақтың мақсаты
...
Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыстар Сабақтың мақсаты
Ауызша,жазбашаталдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекту,оқушылрды дұрс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге іздендіре отырып нәтижеге...
Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа...
Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты iconCынып озаты Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларды білімді,жан-жақты болуға үйрету. Жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді,дарынды,озық...
Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі»
Сабақтың мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып бала сезімін кеңейтіп тілін ұштастырып жол ережесін жасына сай меңгерту....
Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Отаным – Қазақстан. Картамен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Отан деген ұғымның кең көлемді екенін, оны балалардың қалай түсінетінін тексере отырып, «отан» деген «отбасы» ұғымынан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы