Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты icon

Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты



НазваниеСабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты
Дата05.06.2013
Размер45.11 Kb.
ТипДокументы
источник

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі

Мақсаты: 1. Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға жаттықтыру.Ф дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасауға үйрету.

2. Сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.

3. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Формасы: топпен жұмыс

Әдісі: ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістері, ойын, сұрақ – жауап.

^ Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сабаққа әзірлеу

б) Сәлемдесу

Үлкенге де сіз, ( Оң қолын алға созады )

Кішіге де сіз, ( Сол қолын алға созады )

Сәлем бердік сіздерге ( Екі қолын кеудеге қояды )

Құрметпенен біз. ( Бас иеді )

ә) Психологиялық дайындық жасау.

Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі отыр.

« Келгенше қонақ ұялады,

Келгеннен соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

2. Бір, екі, үш

Сынып іші тып – тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты бастаймыз.

Балалар бүгін біз сабақта мынадай ұранмен жұмыс істейміз:

Білім ал да, еңбек ет,

Дем ал, досқа бер көмек.

Отанды сүй, адал бол,

Өнегелі адам бол!

  • Балалар алдымызда қандай айтулы мереке келе жатыр?

Тәуелсіздік күні. Биыл еліміздің егемендік алғанына 19 жыл толғалы отыр. Біздің Қазақстан Республикасы егемендік алғанына аз уақыт болса да, бүкіл әлемге танылды.

Сондықтан бүгінгі сабағымызды осы мерекеге, Отанымызға арнаймыз.

  • Балалар «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

(Балалардың жауабы)

Отан деген қысқа ғана сөздің ішінде көп мағына жатыр. Соны бүгінгі сабақ барысында тапсырмалар орындау арқылы білетін боламыз.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс

Қысқа аңдар қалай дайындалады?

(Оқушылардың жауабы)

Жұмбақ: Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. ( аю )

  • Ендеше, осы аюдың уайымсыз тәтті, тыныш өмірін бізге, Отанымызға берсін ! деген тілекпен бүгінгі сабағымызда біз 2 топ боп жұмыс істейміз.

  • Әр топ өз аюының себетін құлпынайға толтыруға тырысады.

^ 3. Өткен сабақты пысықтау.

- Біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

- В дыбысы қандай дыбыс?

- Сөздің қай жерінде кездеседі?

- В дыбысы қай тілден енген дыбыс ? Мысалы келтір.

- тақпақты жатқа сұрау.

- дыбыс дегеніміз не ?

- әріп дегеніміз не ?

Шардағы буындарды оқу ( ва, во, ве, вок, ви, шах, хош )

(Әр топтың дұрыс жауабына себетіне құлпынай салып отыру).

«Отан» ағашына бір жапырақ өседі.

^ 4. Жаңа сабақ:

Сабақты «Үш торай» ертегісімен бастау.

Ағайынды үш торай болыпты. Олар – Наф – Наф, Ниф – Ниф және

Нуф – Нуф. Наф – Наф кірпіштен, Ниф – Ниф қамыстан, Нуф – Нуф бұтақтан үй салып алады.

Бір күні қасқыр Ниф – Ниф пен Нуф – Нуфтың үйін үрлегенде ұшырып жібереді. Ал Наф – Нафтың үйін қанша үрлесе де ұшыра алмайды.

  • Қасқыр қалай үрледі? Оқушылар:

  • Ф – Ф – Фу! – деп барлығы үрлей бастайды.

Үш торайдың атын бірнеше рет айтқызу.

- Қандай дыбыс естіледі ?

- «Ф» дыбысын хормен қайталату.

- «Ф» дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.

Телефонның суретін көрсету. Сөзге дыбыстық буындық талдау жасау.

  • Балалар, телефонның қандай түрлерін білесіңдер ?

^ 5. Оқулықпен жұмыс.

  • Мәтінді оқыту;

  • Сұрақтарға жауап алу;

  • Мазмұнын сұрау;

  • Мәтіннің тақырыбын ата

  • Неше сөйлемнен құралған ?

  • Тізбектеп оқыту, хормен оқыту, жеке оқыту.

Сергіту сәті: Балалар «Ф» дыбысы да орыс тілінен енген дыбыс.

Сондықтан орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. «Ф» дыбысы бар қазақ сөз жоқ болса да Қазақ ұлттық би қимылдарында «Ф» әрпіне ұқсас қимылдарды кездестіреміз. Мысалы: «Ф» әрпі неге ұқсайды ?

Орнымыздан тұрып қолымызды белімізге қойып көрейік, неге ұқсайды ?

Ендеше қазір бәріміз «Қара жорға» биін орындаймыз.

^ 6. Дәптермен жұмыс.

Жұмбақ жасыру: Арқасын тіреп жабысып,

Екі Р қабысып,

Бұл қай әріп ?

  1. Фф әрпінің жазба түрімен таныстыру.

  2. Фф әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру.

  3. Ауада жазу, бастырма әдісімен жазу, үлгіге қарап жазу.

Жұмбақ жасыру: Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды. (Фонтан)

Өңкей сығай екі тпота,

Таласып жүр бір допқа. (Футболшы)

Фонтан, футболшы сөздерін жаздырып дыбыстық, буындық талдау жасау.

^ 7. Сурет бойынша жұмыс. Оқулықтағы «Аяқкиім» туралы сурет бойынша әңгіме құрастыру.(тірек сөздерді пайдалана отырып)

  • Балалар, аяқкиімдердің қандай түрлерін білесіңдер ?

  • Аяқкиім фабрикасында жасалған аяқкиімдердің сыңарлары жоғалып кетіпті. Соларды табуға тырысайық!

  • Аяқкиімдегі буындардан сөз құрап, сыңарын табу.

^ 8. Сабақты бекіту. 1. Тапқышбектің тапсырмасын орындау.Сызба бойынша буындардан сөз құрау.


Фут ма

Фон тан

фер бол


2. «Үндемес» ойыны. Оқушыларға суреттер көрсетіледі, суреттегі заттың атын жазады. Жазған сөздерін артындағы жазлуымен тексереді.

3. «Сөз ойла, көп ойла!» ойыны. Допты лақтыра отырып «Ф» дыбысы қатысты сөздер айтқызу.

4. «Әріптер қалашығы» әріптерді өз үйлеріне орналастыру.

Қосылса 1 мен 3 – тің арасы ,

Қандай әріп қарашы. (В)

Майда бар, сайда жоқ (М)

Қойда бар, ойда жоқ (Қ)

Аң сөзінде бар, оң сөзінде жоқ (А)

9. Сабақты қорытындылау.

Қандай дыбыспен таныстық ?

  • Ф дыбысы қандай дыбыс ?

  • Сөздің қай жерінде кездеседі ?

Әр топтың жұмысын қорытындылап, қай топ өз аюына көп құлпынай жинағанын анықтау.

«Отан» дегеніміз ......(сызбаны талдау



Похожие:

Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға...
Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өтілген сандар бойынша қаншалықты деңгейде менгергендерін анықтау,сандар қатарын,санның құрамын,тура...
Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Зайырлы мемлекет жайлы, 2О жыл тарихына үңіле отырып тереңірек мағлұматтар беру, оқушылардың ойын тыңдау
Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: 10 саны. 10 санын жазу Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: 1 10 саны және құрамымен таныстыру, 10 санын жазуды үйрету. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын...
Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: «Допты әріптесіне беру» Сабақтың мақсаты: 1
Сабақтың мақсаты: Допты төменнен, жоғарыдан қабылдауды мңгерту, волейбол ойынына жаттықтыру. Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру...
Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу
Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Қорықтар. Қорытынды сабақ Сабақтың мақсаты
Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған орданы табиғаттағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан» Сабақтың мақсаты
...
Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты iconСабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыстар Сабақтың мақсаты
Ауызша,жазбашаталдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекту,оқушылрды дұрс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге іздендіре отырып нәтижеге...
Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы