Хаттама № 1 Қатысқындар: 16 Қатыспағандар: 4 Күн тәртібінде 1. Жылдық тәрбие жұмысының жоспарын қарап бекіту. /ТІМ/ 2.2010-2011 оқу жылында сынып жетекшілермен, сыныптармен жүрілетін іс-шаралар жұмысын бекіту. /ТІМ/ 3. Ағымдағы мәселелер
Қаралды: мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі сөз алып, 2010-2011 оқу жылында жүргізілетін тәрбие жұмыстары бойынша саралап нақтылап әр айда қандай мұғалімнің жұмысы жоспарланғанын айтып сынып жетекшілер келсімімен бекітілді..Яғни бұл жоспарланған жұмыстар уақытылы өзгертусіз өтілуін тапсырды.Сынып жетекшілердің жыл бойы өткізетін сынып сағаттары 34 сағат сабақ болса, ашық тәрбие сабақтары 2 сабақ, осы екі жұмыстың біреуі ата-анамен, ал екіншісі оқушылармен өткізілетін болды. Жоспарланған жұмыстар талапқа сай жүйелі өткізілуін баса айтты. Сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысының циклограммасын жасап алу тапсырылды. Сынып үнемі бақылауда болу үшін апталық, айлық, тоқсандық, жылдық бақылау кестесін құратын болды. Мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі және сынып жетекшілері бірлесе отырып жыл бойы 4 отырыс жоспарланып бекітілді.. Осы бекітілген ІҮ отырыстың ІІ-ІІІ отырысына екі мұғалімге баяндаманың тақырыптары берілді. Сыныптармен жүргізілетін іс-шаралар жұмысы мұғалімдерге толық уақытымен таныстырылды. Мұнда да әр жүргізілген іс-шаралардың безендірілуі талапқа сай өтілуі жауапкершілікпен өткізулерін айтылды. Ағымдағы мәселе: Оқушылардың күнделікті тазалығы, тәртібін бір-бірімен қарым-қатынасын үнемі қадағалап отыру керектігі айтылды. Шешім: 1. Атаулы мерекелерді жоспарға анықтап кіргізу 2. Сынынқа апталық, айлық ,жылдық, тоқсандық бақылау жұмысының жоспарын құру |