Реклама: | Скачать 23.7 Kb.
|
![]() «Аналар асыл жандар» халықаралық әйелдер күні. Мен анамды сүйемін, Құшағына енемін. Мәпелеген анамды, Қуантсам деп келемін. Мәпелейді, әлдилейді, бағады. «Құлыным» деп құшағына алады Өзгеге де, өзіне де жауапты Барлығына қалай уақыт табады?! Жылымды негізгі мектебінде 7 наурыз күні «Аналар асыл жандар» атты мерекелік іс – шара өтті. Оған барлық ұлдар мен мектепте жұмыс атқарып жатқан ер адамдар қатысты. Іс – шара хор айтумен басталды. Мектеп басшысы Есжанов Ө.Қ барлық әйелдер қауымын 8 - наурыз мерекесімен құттықтап, еңбектерінде жеміс, жан ұяда бақыт тіледі. Мектеп оқушылары өз өнерлерін аямай көрсетті. Би билеп, ән шырқап, бастауыш сынып ұлдары өлең шумақтарын айтып, көріністер көрсетті. Мектепке арнайы күміс алқа иегерлері Мәриям апай мен Айымгүл тәте шақырылды. Мерекелік іс- шара өте тартымды, әрі қызық өтті ![]() Әзірлеген: Сақтағанова. А. Қ Әз Наурыз құтты болсын! Жылымды негізгі мектебінде «Армысың, әз Наурыз» атты наурыз думан дүрілдеп өтті. 1-4 сынып 1 стол, 5-7 сынып бір стол, 8-9 сынып 1 стол болып мерекеге үлкен дайындықпен келді. Әр стол ет асып, наурыз көже пісіріп, түрлі-түрлі ұлттық дәмдерден тұратын дастархандарын бай етіп әзірлеген. Дегенмен сайыстың аты сайыс 1 орынды бастауыш сынып столы иеленді. 2 орынды 8-9 сынып, 3 орынды 5-7 сынып еншіледі. Наурыз думан одан әрі қыза түсті. Ең әсем ән, Ең сазды күй, ең әдемі би, ең көңілді көрініс, ең мәнді тақпақ номинациялары бойынша 1-9 сынып арасында жарыс одан әрі жалғасты. Сыныптар сайысқа үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті. Бірінен бірі асып түсіп жатты. Әділ-қазылар алқасы сайланып алынған. Оларға мадақтау қағаздарын берерде көп қиыншылықтар кездесті. Дегенмен қазылар біршама әділ болуға тырысты. ![]() ![]() Ең әдемі биден 8-9 сынып қыздары озып, алға суырылып шықты. Ұлттық биді нақышына келтіріп, домбыраны жоғары ұстап, аспаптың құдіретін толық көрсете білді. Ең сазды күй номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Сұлтан Нариман жеңіске жетсе, ең әсем ән номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Жылқыбай Еділ мен 5-сынып оқушысы Бексұлтан Жандос иеленді. Көрініс өте көңілді болды. Дегенмен алға суырылып шыққан 3-5-6-8 сынып оқушылары болды. Тақпақ айтуда оза шыққан 6-сынып оқушысы Шойынбек Іңкәр болды. ![]() «Наурыз» думан сайысы өтіліп болған соң барлық белсене қатысқан оқушылар қазылар тарапынан мадақтау қағазына ие болды. Артынан көрермендер, оқушылар дастарханнан дәм татып мәре-сәре болды. Ет, наурыз көже, қымыз басқа да ұлттық тағамдарды тойып жеп, жыл бойы осылай тоқшылықта болайық деген баталар айтылды. Батаменен ел көгерер демекші үлкен апалар наурызға өздері әкелген шашуларын шашып, жақсы тілектер айтты. ![]() ![]() Спорт залда өткен мереке бөлмесі меркеге сай әсем безендірілді. Гүлдер, шарлар, Наурызға байланысты жазылған плакаттар, шаңырақ, ұлттық киімдер, аң терілері, домбыра, қамшы т.б.ілінді. Мереке өте көңілді өтті. Ақ мол болсын, наурыз құтты болсын! Ұланбасшы: Әзімжанова М.Ж. |