Украина Украина Україна icon

Украина Украина Україна



НазваниеУкраина Украина Україна
Дата01.05.2013
Размер158.04 Kb.
ТипДокументы
скачать >>>

Украина



Украина
Україна

flag of ukraine.svg

елтаңба украина

Украина туы

^ Украина елтаңбасы

Координаттар: http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/55/wma_button2b.png/17px-wma_button2b.png49°29′00″ с. е. 30°50′00″ ш. б. / 49.483333° с. е. 30.833333° ш. б. (G) (O)49.483333, 30.833333

Әнұраны: «Ще не вмерла України ні слава, ні воля»

location ukraine europe.png

Тәуелсіздік күні

24 тамыз 1991 жыл (КСРО-дан)

Ресми тілі

украинша[1]

Астанасы

Киев

Ірі қалалары

^ Киев, Харьков, Днепропетровск, Одесса, Донецк, Запорожье, Львов,

Үкімет түрі

^ Парламенттік республика

Президенті
Премьер-министрі
ЖР төрағасы

^ Виктор Янукович (25 ақпаннан 2010)
Николай Азаров (11 наурыздан 2010)
Владимир Литвин (9 желтоқсаннан 2008 ж)

Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті

45-шы
603 628[2] км²
7

Жұрты
• Сарап (2011)
Тығыздығы


▼ 45 665 281[3] адам (28-ші)
75,84 адам/км² (90-шы)

ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2008)
  • Жан басына шаққанда


337,268 млрд[4] $ (33-ші)
7 331[4] $

ЖІӨ (номинал)
  • Қорытынды (2008)
  • Жан басына шаққанда


179,604 млрд[4] $ (32-ші)
3 995[4] $ (97-ші)

АДИ (2010)

green arrow up darker.svg0,710[5] (жоғары) (69-шы)

Валютасы

^ Украин гривнасы
(UAH,980 коды)

Интернет үйшіктері

.ua, .укр[6]

Телефон коды

+380[7]

Уақыт белдеулері

UTC +2 (жазда UTC+3)

Украина - Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет. Украинаның 24 облысы және Қырым автономиясы бар. Жер көлемі – 600 мың шаршы шақырым. 50 миллиондай халқының 74 пайызы украиндықтар. Одан басқа поляк, словак, румын, венгрлер бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, ал орыстар негізінен шығысында тұрады. Жері өте құнарлы. Бір мысал келтірейік: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс басқыншылары Украина жерінің өте құнарлы қара топырағын вагондарға тиеп, Германияға жіберіп тұрған екен! Жерінің бәрі көк жасыл алқап. Жолдарының екі беті тұтасқан көк терек.

Экономикасы

КСРО дәуірінен қалыптасқан өндіріс орындарының технологиясы озық үлгіде. Мәселен, ғарыш кемелері мен зымырандарды жасайды, су астында жүзетін сүңгуір қайықтар, мұхиттарда жүретін ірі кемелерді шығарады. Атом және энергетика саласы жақсы дамыған. Шикізат өндірісі, темір жол, автокөлік жолы саласы көп ілгері басқан. Әсіресе, ғылыми-зерттеу орталықтары дамыған. Патон атындағы институты темірді дәнекерлеу ісінде дүниежүзіне аты шыққан.

^ Ауыл шаруашылығы саласын алсақ, олар бидай егіп, астық өндіреді, мал өсіреді. Ірі қара, құс өсіру саласында озық технологияларды пайдаланады. Жалпы ет, сүт өнімімен өздерін толық қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де өз өнімдерін шығарып отыр. Олар тұрмысқа қажетті тауарларды өте көп өндіреді және оны да экспортқа шығарады.

Алуан түрлі өндіріс орындары елдің шығыс жағында орналасқан болса, батыс жағында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру өркен жайған.

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін меншікті өзгертіп, олар да нарық экономикасына көшкен. Алайда, көптеген өндіріс орындары мемлекет меншігінен шығарылғанымен, ұжымдық негізде қалып, бұрынғы жүйені сақтап қалған. Өзінің өнімін өндіруге мүмкіндігі жетпейді. Жағдайлары өте мүшкіл еді. Оның үстіне аурухана, мектеп, бала бақша, кітапхана және тұрғын үйлер, яғни, әлеуметтік саланың объектілері бұрынғы күйінде қалып қойған ғой. Коммуналдық шаруашылық саласының барлық қызметі үлкен қаражатты талап етеді. Сондықтан ол кезде елдің экономикасы тежеліп қалған екен. Украинада 1999-2000 жылдары коммуналдық реформа жасаймыз дегенде халық оған қарсы болды.

Сондай-ақ, елге шетелден келетін инвестицияның да ролі зор екені анық. Тәуелсіз 13 жылдың ішінде Украинаға 6 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция келген. Ал Қазақстан экономикасына құйылған инвестиция көлемі 30 млрд АҚШ долларын құрады! Міне, қандай айырмашылық! Қазақстанда 1993 жылдан бастап тиісті заң қабылданып, инвестиция тартуға өте қолайлы жағдай жасалды. Ал Украинада ондай заңның қабылдануы кешеуілдеп қалған. Сондықтан шетелдік инвестор келуі үшін ол өзінің салатын қаражатын кері тиісті пайдамен қайтарып алып кете ала ма, жоқ па, заң жүзінде толық сенімділігі болмаған соң, қауіптенеді. Сол секілді шағын және орта кәсіпкерлік те өз деңгейінде дами алмаған. Оның себебі кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын, жауапкершілігін айқындайтын тиісті заңдар жүйесі де жетілмеген.

Өнеркәсібі

Украина өнеркәсібінің басты саласы — отын-энергетика кешені, оның үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 1/4-іне жуығы тиесілі. Соған қарамастан бұл сала соңғы онжылдықта күшті күйзелуге ұшырады. Кеңес Одағының құрамында болған кезде Украина мұнай мен газды арзан бағамен көршілес Ресейден сатып алатын. Кейінгі жылдары елдің сыртқы экономикалық байланыстарының әлсіреуі энергияны кеп қажет ететін өнеркәсібі бар Украина үшін аса қолайсыз болып отыр. Сонымен қатар елдің өзінде бар мүһұнай мен газды өндіру көлемі де қыскарды. Мысалы, 1991 жылы Украина мұнайшылары 4,9 миллион тонн мұнай өндірсе, жылы бұл көрсеткіш тек 4,2 миллион тонн болды. Аталған кезенде табиғи газ өндірісі 24,3 миллиард м3-ден 20 млрд м3-ге дейін азайды. Украинаның сырттан сатып алатын мүнайының 85%-ы, газының 95%-ы Ресейдің үлесіне тиеді. Соңғы онжылдьщта мүнай мен газды тұтыну азайғанымен, шикізат тапшылығы айқын байкалуда. Сондықтан сырттан өкелінетін мұнай негізінде жұмыс істейтін елдегі 6 мұнай өндеу зауыты толық қуатында жұмыс істемейді.

^ Көмір өндіру көлемі де екі есеге қысқарған. Елдегі ен ірі әрі ең ежелгі (1721 жылы ашылған) Донецк алабында жоғары калориялы, кокстелетін кемір өндіріледі. Жалпы, ел бойынша көмір өндірісінде 1 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жүздеген метр тереңдікте орналасқан шахталардағы жұмысшылардың ауыр еңбегі үкімет тарапынан ұдайы әлеуметтік-экономикалық қолдауды қажет етеді.

Өндірілетін электр энергиясының 40%-ға жуығын елде жұмыс істейтін 5 АЭС береді. Сонымен қатар жергілікті көмір қорына негізделген ірі жылу электрстансылары (Углегор, Запорожье, Кривой Рог және т.б.) жұмыс істейді. Елде 1991 жылы 298 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілсе, 2007 жылы бұл көрсеткіш 192 миллиард кВт/сағ шамасында ғана болды.

ТМД елдерінің аумақтық еңбек белінісінде Украина қара металлургия саласымен көзге түседі. Бұл сала жалпы өнеркәсіп өнімінің 1/5-нен астамын береді. Украина жыл сайын 50 миллион тоннадан астам темір кенін өндіреді, оның 20 миллион тоннаға жуығы экспортқа шығарылады. Мұндағы Кривой Рог темір кені алабы езінің қоры жөнінен ТМД елдері бойынша тек Ресейдегі Курск магнит аномалиясына (КМА) ғана жол береді. Қара металлургияның байырғы орталықтары (Кривой Рог, Мариуполь, Днепропетровск, Запорожье, Донецк) кокстелетін көмір өндіретін Донецк алабына жақын орналасқан.

Украинаның байырғы маманданған саласының бірі—машина жасау өнеркәсібі. Соңғы онжылдықта өндірістік байланыстардың үзілуі, қаржының жетіспеушілігі бұл саланың да дамуын тежеп отыр. Әсіресе ауыл шаруашылығы машиналарын, соның ішінде трактор жасау 5 есеге дейін кыскарды. Өнеркәсіптік күрделі техника, электрондық есептеуіш құралдар өндірісі мүлде тоқтап қалған. Жеңіл автокөлік жасау кәсіпорындары да дағдарысқа ұшыраған. Машина жасаудың орталықтары: Харьков, Киев, Донецк, Львов, Запорожье (автомобиль жасау), Днепропетровск, Луганск (теміржол және ауыр машиналар жасау), Николаев, Керчь, Херсон (кеме жасау).

Украина өнеркәсібінің маңызды саласының бірі болып табылатын химия өнеркәсібінің дамуы, ең алдымен, шикізат көзіне байланысты болады. Бұл сала кәсіпорындары шикізат ретінде қара металлургия мен кокстеу қалдықтарын, жергілікті тұздар мен сырттан әкелінетін табиғи газ бен мұнайды пайдалана отырып, кептеген өнімдер шығарады. Әсіресе минералды тыңайтқыштар (Одесса, Винница, Горловка), күкірт қышқылы, сода, пластмасса мен химиялық талшықтар (Киев), резеңке бұйымдарын өндіру маңызды орын алады.

^ Ауыл шаруашылығы

Елдің ауыл шаруашылық құрылымында өнім көлемі жөнінен егіншілік пен мал шаруашылығы бірдей дерлік орын алады. Дегенмен соңғы жылдары мал шаруашылығының өнім көлемі қысқарып келеді.

Украинаға ауыл шаруашылығы мамандануының зоналық сипаты тән. Өсімдік шаруашылығы дәнді және техникалық дақылдарды өсіруге маманданған. Өсімдік шаруашылығының дамуына ел аумағында дала және орманды дала зоналарының басымдығы алғышарт болады. Елдегі жыртылған жерлердің жалпы ауданы — 33 миллион 291 мың га. Астықты алқаптар жалпы егістік көлемінің жартысын алып жатыр. Бидайдың түсімділігі жөнінен Украина ТМД елдері арасында жетекші орындардың бірін алады, жергілікті диқандар әр гектардан орташа есеппен алғанда, республиканың сыртқы сауда балансы теріс мәнге ие. Украина импортының құрылымында 1-орында мұнай мен газ тұр; ел сырттан түсті металдар, синтетикалық каучук, ағаш сүрегі, жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізатты да сатып алады. Экспортқа қара металл прокаты, құбырлар, ферроқорытпалар, машина жасау өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, химикаттар шығарылады.

Украинаның Қазақстанмен экономикалық байланыстары жедел қарқынмен дамып келеді. Қазақстанда 50-ден астам украиналық және бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2004 жылы Украинаның Қазақстан экспортындағы үлесі 1,4%-ды, ал импортындағы үлесі 5,7%-ды құрады. Қазақстанның 2004 жылы Украинаға экспортының жалпы көлемі шамамен 278 млн АКШ долларын құраса, 2008 жылы Украинадан 722 миллиондай АҚШ долларына әртүрлі тауарлар сатып алды.

^ Мәдениет саласы

Мәдениет саласының дамуы да айтарлықтай. Әрбір облыс, ауданның қалыптасқан өнер ұжымдары бар. Сурет салу, бейнелеу өнеріне, поэзияға құрметпен қарайтын ел.

^ Саяси жағдай

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/9a/verkhovna_rada_ukrainy.jpg/200px-verkhovna_rada_ukrainy.jpg


Украиналық Парламент (Жоғарғы рада)

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/22/government_building.jpg/200px-government_building.jpg


^ Министр кабинеті

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/94/zasccu.jpg/200px-zasccu.jpg


^ Конституциялық Сот

1999 жылы Президенттік сайлауы өтіп, елі Леонид Кучманы сайлады. Сол кезде Жоғарғы Рада төрағасынан бастап Парламенттің 14 депутаты Президент боламын деп сайысқа түсті. Ол таластың тигізген зияны да аз емес. Парламент спикері бастаған депутаттар сайлауға дейінгі бір жыл бойы ашық қарсылық білдіріп, заңдардың қабылдануына тосқауыл жасаған. Соған дейінгі 5 жыл, яғни, бір шақырылым бойы депутаттар Үкімет ұсынған заң жобаларының тек 60 пайызын ғана қабылдапты. Ең маңызды деген заңдары қабылданбаған. Ал біздің бір ұтқанымыз 1995 жылы Парламент таратылғаннан бастап келесі жоғарғы заң шығарушы орган қызметіне кіріскенге дейінгі уақытта Қазақстан Президенті өзінің заң күші бар Жарлығымен 140-тан астам заңды қабылдады. Соның арқасында заңға келіп тіреліп, тоқырап тұрған көптеген мәселелер шешімін тапты. Араға санаулы жылдар салып, нәтижесінде Қазақстан ТМД елдерімен салыстырғанда нарық экономикасы бағытында дамуы жолында алда келе жатыр. Ал заңдары дер кезінде қабылданбаған елдерде инвестиция тарауы нашар болды, кәсіпкерлік саласының дамуы артта қалды. Әйтпесе, Украина сияқты елдердің мүмкіндігі өте мол еді. Және бұрынғы қалыптасқан байланыстары үзіліп қалды. Олардың экономикасының және бір қиындық туғызатын тұсы бар, мемлекетке қажет өздерінен 12 пайыз ғана мұнай өнімі, 15 пайыз ғана газ өндіріледі. Қалғанының барлығын Ресей, Қазақстан, Түрікменстан т.б. елдерден алады. Сондықтан мұнай мен газ үшін, әсіресе, Ресейге тәуелді. Екіншіден, Ресейден Еуропаға қарай тартылған мұнай-газ құбырлары Украина жері арқылы өтеді. Оған кедергі жасаса, Ресей өз өнімдерін шығарудың басқа бағыттарын қарастырады. Сондықтан бұл мәселенің шешілуі көрші елге тікелей байланысты.

Саяси мәселені де реттеп алу керек. Қазір Украина ^ НАТО-ға, Еуропалық одаққа қарай бет бұрып отыр. Ал бергі жағында Ресей. Отын, энергетика өнімдерін, әсіресе, жанар-жағармай, газды, басқа да құрал-жабдықтардың көбін Ресейден алады. Бірлескен кәсіпорындары көп. Егер саяси мәселелері реттелмесе, тығырыққа тірелуі мүмкін

Қазақстанмен қарым-қатынасы

1999 жылдың қыркүйегінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға жасаған ресми сапары екі елдің қарым-қатынасына үлкен дем берген елеулі оқиға болды. Сол кезде мемлекетаралық келісім-шарттардың саны 60-тан асты. Соларды басшылыққа ала отырып, жүзеге асыру бағытында жұмыс істедік.

1999 жылы бірінші жарты жылдықта Қазақстан мен Украина арасындағы сауда айналымы 50 млн АҚШ долларын құраған болса, 2003 жылы тауар айналымы 800 млн долларға дейін жетті. Қазір екі елдің арасындағы тауар айналымы жылына 1 миллиард доллардан асып кетті. Бұл – кезіндегі және одан кейінгі атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Жалпы, Қазақстан мен Украина арасында мықты бір оң ниетті ізгі тілектестік байланыс бар.

Сонымен бірге біз 2001 жылы Қырымда, 2002 жылы Украинаның батысындағы 8 облысты қамту үшін Львовта Қазақстанның құрметті консульдығын ашылды. Сондай-ақ, шығыс жағындағы 5 облысқа арнап Запорожьеде, одан кейін оңтүстікте үш облысты қамтитын Одессада консульдық ашу мәселесі келісілді және дайын болды. Соның нәтижесінде ел мен елдің байланысы, экономикалық қарым-қатынасы арта түсті. Сонымен бірге Украинаның ғана емес, Молдованың да елшісі қызметін қоса атқару міндеттелгендіктен, Кишенеуде де Қазақстанның құрметті консульдығын ашылды.

Украинаға жанар-жағармай, газ керек. Қазақстанға Украина жағынан атом, энергетика, мұнай-газ саласынан, ауыл шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтар, техника түрлері қажет. Бізде өндірілмейтін тауардың көбі Украинада шығарылады. Оларда жоқ нәрсе біздерде бар. Сондықтан Біртұтас экономикалық аймақ жөніндегі келісімге қол қойылса, Ресей, Украина, Қазақстан, Беларус мемлекеттерінің аумағында осы елдердің шығарған тауарының тасымал тарифының бағасы бірдей болуы мүмкін. Мысалы, темір жолмен Атырау облысының Теңіз кенішінен Қара теңіздің жағасындағы Одесса портына дейін жеткізу үшін мұнайдың бір тоннасының бағасы 33-45 долларға дейін қымбаттайды. Мәселен, 1 тонна мұнайдың тасымалына Қазақстан жерінде 7-8 доллар, Ресейде 17-25 доллар, Украинада 9-12 доллар қосылады.

Яғни, барлық тауарлардың мемлекетаралық сыртқы сауда айналымында көлік тарифі кедергі келтіріп тұр.

Еркін сауда аймағы болғанын қалап отырған Украина жағы егер Еуроодақ пен Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруге кедергісін келтірмейтін болса, Біртұтас экономикалық аймаққа кіруге келісуі ықтимал.[8]

Похожие:

Украина Украина Україна iconРоссия и Украина на постсоветском пространстве: геополитические аспекты
Украина – ключевое звено в формировании внешнеполитической стратегии Российской Федерации
Украина Украина Україна iconИнформация о выступлении белорусских спортсменов на международных соревнованиях за 1 апреля 2013 г. Международные соревнования по гимнастике спортивной «Кубок Стеллы Захаровой». Киев (Украина). 28-31 марта. Мужчины
Международные соревнования по гимнастике спортивной «Кубок Стеллы Захаровой». Киев (Украина). 28-31 марта
Украина Украина Україна iconРадиолюбитель / Минск ит редактор
Автоматизированная система контроля рыбцеха в с. Степановка-1 (Украина, Запорожская обл.)
Украина Украина Україна iconРадиолюбитель / Минск ит редактор
Автоматизированная система контроля рыбцеха в с. Степановка-1 (Украина, Запорожская обл.)
Украина Украина Україна iconИнформация №15 о выступлении белорусских спортсменов
Чемпионат Европы по бильярдному спорту «свободная пирамида». Судак (Украина). 10-13 апреля
Украина Украина Україна iconИнформация №25 о выступлении белорусских спортсменов
Чемпионат Европы по баскетболу – отборочные матчи. Минск (Беларусь), Южный (Украина). 20, 23 июня
Украина Украина Україна iconПрограмма выступлений белорусских спортсменов на Играх ХХХ олимпиады в Лондоне
Екатерина Тимофеева вышла в 1/32 финала и 30 июля встретится с Лидией Сичениковой (Украина)
Украина Украина Україна iconПоперечно-клиновая прокатка Схема поперечно-клиновой прокатки
Беларусь, Россия, Украина, Германия, Турция, Болгария, Италия, Испания, Южная Корея, сша, Польша, Молдова, Казахстан, Индия, Чехия,...
Украина Украина Україна iconМеждународные соревнования в Республике Беларусь
Международные соревнования «Кубок Халипского» Беларусь, Сербия, Украина, Италия (женщины)
Украина Украина Україна iconИнформация о выступлении белорусских спортсменов на международных соревнованиях за 10 апреля 2013 г. Чемпионат Европы по пауэрлифтингу – троеборье. Прага (Чехия). 9-13 апреля
Чемпионат Европы по бильярдному спорту «свободная пирамида». Судак (Украина). 10-13 апреля
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2015
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы