|
Тақырыбы: «Ас атасы – нан!» Мақсаты: Білімділік: нанды қастерлей білуге, нан туралы мақал айтуға үйрету. Тәрбиелік: балаларды еңбексүйігіштікке баулу, шаруақор болуға тәрбиелеу. Дамытушылық: балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту. Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: нан, бауырсақ, мақал-мәтелдер. Сабақтың барысы: Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін тобымызда ашық тәрбие сабағын өткіземіз. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнап түсті даламыз. Қайырлы таң, балалар, Қайырлы таң, апайлар, Сәлем, сәлем, сәлем!!! ![]() Балалар, біз бәріміз нанды білеміз. Нансыз өмір жоқ. Дастарханда бәрі болып, нан болмаса оның сәні болмайды. Қазір нан туралы балалар өздері білетін тақпақтар айтып береді. Зарина: Нанда өмірдің дәмі бар, Нанда адамның ары бар, Ярослав: Нан – өмірдің арқауы, Нансыз өмірдің қандай сәні бар? Богдан: Нан, нан, нан, қымбатсың сен алтыннан. Алуа: Нан анасы – бидаймын, Елге астық сыйлаймын. Дәнің төмен піскенде, Қауызыма сыймаймын. Амир: Дастарханда шашылып, Жатты аппақ бауырсақ, ![]() Жарайсыңдар, балалар! Енді осы нан дастарханға қалай келеді? Сол жайында айтамыз. Мұнда көп адам еңбек етеді. Көктемде жерге бидай себіледі. Жаз айы оны баптап күтеді. Күзде егінді орады, орылған бидай қоймаға барады. Қоймадан диірменге барады. Диірменде тартып ұн жасайды, ұннан нан пісіріледі. Міне, нан осылай келеді. Ал қазір «Бауырсақ» ертегіні тамашалаймыз. ![]() «Бауырсақ ертегісі» Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Кемпірі солай істейді, қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді:
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады: Мен бауырсақ, бауырсақ, ![]() Мен атайдан қаштым, Мен әжейден қаштым, Қоян, сенен да қашам! – деп, бауырсақ алға қарай домалап кетті. Бауырсақ орман ішінде зымырап келе жатса, қарсы алдынан қасқыр шыға келеді: -Бауырсақ» Бауырсақ! Мен сені жеп қоям! - Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем. Бауырсақ әндете жөнеледі: Мен бауырсақ, бауырсақ, Мен атайдан қаштым, Мен әжейден қаштым, Мен қояннан қаштым, Қасқыр, сенен де қашам! – деп, бауырсақ алға қарай домалап кетті. Бауырсақ орман ішінде зымырап келе жатса, қарсы алдынан түлкі шыға келеді:
Бауырсақ әндете жөнеледі: Мен бауырсақ, бауырсақ, Мен атайдан қаштым, Мен әжейден қаштым, Мен қояннан қаштым, Мен қасқырдан қаштым, Түлкі сенен де қашам!
Бауырсақ өлеңін мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына шығады.
Жақсы, балалар, рахмет сендерге. Балалар, мында қараңдаршы, ол не? Бұл сандық. Қане, ашайық, ішінде не бар? – Мұнда нан туралы тыйым сөздер жазылған екен. Қане, бірге айтайық. ![]() Нанды лақтыруға болмайды. Нанды бір қолымен үзуге болмайды. Нанды аяқпен басуға болмайды. Міне, балалар, естідіңдер ғой. Енді біз нанды Қастерлей білеміз: «Ас атасы - нан» деп бекерге айтпаған. Қане, бәріміз бірге нан туралы өлеңдер айтайық. Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар, Теріп алып, қастерлеп, Тоғайларға тастаңдар. ![]() |
![]() | Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты Білімділік – салауатты өмір салтын насихаттау барысында тазалық сақтауға, зиянды | ![]() | 9 сынып Сабақтың тақырыбы Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің еркін түсуі, еркін түсу үдеуі туралы негізгі... |
![]() | Документы 1. /ас атасы нан.doc | ![]() | Документы 1. /ас атасы нан.doc |
![]() | Сынып сағаты Мақсаты Білімділік – Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын... | ![]() | Сынып сағаты Мақсаты Білімділік – Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын... |
![]() | Сабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты Сабақтың мақсаты: Зайырлы мемлекет жайлы, 2О жыл тарихына үңіле отырып тереңірек мағлұматтар беру, оқушылардың ойын тыңдау | ![]() | Урок по казахскому языку в 6 классе Тақырыбы: Қыс Мақсаты Мақсаты: 8 модульмен таныстыру, жаңа сөздермен таныстырып, олармен жұмыс жасау. Мәтінді оқып аудару, мазмұндау. Тіл дамыту, зат есімді... |
![]() | Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты Мақсаты: Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға... | ![]() | Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты Мақсаты: Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға... |